Файл: сабаты тиімді жоспарлау сапалы білім алуды негізгі кепілі таырыбындаы коучинг жоспары 21. 12. 2022ж Коучинг таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 70

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Үнемі іздену ғана нағыз

тұлғаны қалыптастырады»

«САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ»

тақырыбындағы коучинг жоспары

21.12.2022ж

Коучинг тақырыбы: Сабақты тиімді жоспарлау

Жалпы мақсат: Мұғалімдерге сабақты тиімді жоспарлауды үйрету

Қатысушы: топ жетекшілері мен топ мүшелері, пәні мұғалімдері

Сабақ нәтижесі:

  • Сабақты қалай жоспарлау керек екенін біледі

  • Смарт мақсат, күтілетін нәтиже, табыс критериін түсінеді

  • Күтілетін нәтиже, табыс критериін ажыратып, табысқа жетелейтін сұрақтар қоя алады

  • Коучингтен үйренгенін әріптестеріне үйретеді

  • Коучингтен үйренгенін сабақта қолданады

Сабақта қолданылатын материалдар: ресурстар,слайд
Табыс критерийлері: қарым-қатынас әдістері, топпен жұмыс істей білуді, сыни ойлап, талдап, зерттеу

Жоспары:

1.Таныстырылым ДӘІЖО Т.Топашова

2.Сабақты тиімді жоспарлау Презентация Мектеп директоры Б.Досаева

3. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері:

Л.Генжемуратова А.Ережепова

4.Топ мүшелерін бекіту

Шебер сынып "Жаңартылған білім мазмұннын тиімді әдіс -тәсілдері"

Шебер сынытың тақырыбы «Жаңартылған білім мазмұннын белсенді әдіс-тәсілдері»
Пән мұғалімдері: Базенова Д., Мамасерикова А.

Шебер сыныптың мақсаты: мұғалімдердің жаңартылған білім беру бағдарламасының идеясына көзқарастарын, рефлексивті ойлау, оқыту үдерісін жоспарлау және оның болашақ педагогикалық тәжірибе мен дағдыларды жетілдіруге ықпал ету болып табылды.

Шебер сынып жоспарының құрылымы:
• сабақ кезеңдерінің логикалық үйлесімділігі мен тұтастығын Б.Блум таксономиясының негізі.
• «Өз бетімен білім алу үйренушінің оқыту үрдісіне белсенді араласуы» деп П. Блек пен Д. Уильям атап көрсеткендей табысты сабақ оның мақсатын дұрыс түсінуінде екендігін түсіндіру.
• Түйінді идеяларды білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын өзектендір, кері байланысты жүзеге асыру үшін аналитикалық тәсілдерді түрлендіріп жүргізу.
• Т.И.Шамова, С.Н.Белова т.б. ғалымдардың бағалау критериилерін таңдауда нені бағалау және қалай бағалау керектігін негізге ала отырып, мұғалімдер бағалаудың үш (пәндік, логикалық, метатанымдық) деңгейінде тапсырманың мәнін түсіне отырып жүргізу
• .Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері арқылы білім алушылардың тапсырманы өз бетінше орындауда көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде құзыреттіліктерін жетілдіру
• . Шебер сынып құрылымында жаңартылған бағдарлама идеясының ықпалдастығы мен тәсілдерді тиімді пайдалана білу мұғалімдердің бірлесе оқуға деген қызығушылықтарын арттыру

Шебер сынып тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұннын белсенді әдіс-тәсілдері»-»
Шебер сынып мақсаты
Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы сабақты жоспарлау дағдыларын дамыту, белсенді оқыту әдіс-тәсілдерінің сабақ кезеңдерінде тиімді қолдану қажеттілігін түсіндіру
Міндеттері: -топ құра отырып қатысушылардың жеке басқару мәдениетін жетілдіру және коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
-педагогтардың кәсіби біліктілік дағдыларын шыңдай түсуге себепші болу;
-психолого-педагогикалық ғылымның жетістіктер негізінде педагогикалық қызметін болжау және талдау қажеттіліктері мен оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру дағдыларын дамыту.
Оқу нәтижелері
Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы сабақты тиімді жоспарлау оқушыларды табысқа жеткізу көзі екендігін түсінеді
Ресурстар А- 4 парақтары,стикерде жазу, интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, қалам, бағалау парақтары, түрлі-түсті қағаздар, бейнематериалдар және т.б.
Қосымша оқу Мұғалімге арналған Нұсқаулық
Білім берудегі сыни тұрғыдан ойлау (Білім беру платформасын қараңыз)
Д.Халперн Психология критического мышления (интернет ресурс)
С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс және ізденіс оқыту ретінде», (2011)
К.С.Құдайбергенова «Мектептегі іс-әрекетті зерттеу», Алматы, 2013ж.
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістері, стратегиялары. Блум таксономиясы.
1. Диалогтренер-мұғалім, мұғалім-мұғалім, топ-топ, топ-мұғалім)
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
4.Жұптық жұмыс
Кезеңдері ШЕБЕР СЫНЫП БАРЫСЫ Ресурстар

1-қадам
педагогикалық тәжірибенің презентациясы 1-тапсырма:
Ұжымдық жұмыс: «Жұбыңды тап»
Сәтті сабақты қамтамасыз ететін қағидаттарды анықтау.

Еркіндік қағидаты:
әрбір оқушының өзін таныта білуі мүмкіндігін шектемеу;
Серіктестік қағидаты:
оқу үдерісінде мұғалім мен оқушының бір—бірімен түсініп,
бірігіп әрекет жасауы, бірін—бірі қолдауы;
Сенімділік қағидаты:
оқушының табысқа жетуіне деген өзіне сенімділігі, мұғалімнің
сабақта оқушылардың жоғары жетістікке қол жеткізе алатынына сенім артуы;
Толеранттық қағидаты:
оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның өзіндік дамуына
қолайлы орта жасау;
Шыдамдылық қағидаты:
қолайсыз жағдайларды шиеленістірмей, ашуға бой бермей эмоциялық сабырлық жасау
Интертақта
Үлестірме материалдар
2-тапсырма
Бір командалық “Идеялар қоры” жасаңыздар
1-қадам Ұсынылған фотосуреттерді көріп, ой елегінен өткізіңіз.
2-қадам Жұмыс үстіндегі фотосуреттерді топ ішінде талқылаңыз
3-қадам Ұсынылған сұрақтарды негізге ала отырып, өз пікірлеріңізді жазыңыздар:
Сипаттау кезеңі:- Фотосуреттер қандай ақпаратты білдіреді?
Жеке зерттеу кезеңі: — Фотосуреттерді көргеніңізде қандай ойда және сезімде болдыңыз?
Сыни түсіністік кезеңі: -Өз тәжірибеңізден осындай сюжеттерді есіңізге түсіре аласыз ба? Қандай ұқсастық бар деп ойлайсыз?
Рефлексия кезеңі: — Мұғалімдердің тәжірибесін қалай жақсартуға болады? Белсенді сабақтардың бейне фотолары
«Екі керемет! Бір әттеген ай!» Үш шапалақ
3-тапсырма
Диалог-әңгіме Топтық жұмыс:«Үшеуі үйде, біреуі қонақта»
Мұғалімдердің тәжірибесінде тиімді сабақты ұйымдастыруда кездесетін қиындықтарды мен оны шешу жолдарын талдау
— сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы;
— сабақта уақытты тиімді қолданбау;
— проблемалық оқыту элементтерін сирек қолдану;
— сабақта АКТ тиімді қолданбау;
— барлық оқушылардың танымдық әрекетке тартылуын қамтымау;
— сабақтың және тапсырмалардың логикалық құрылымына мін бермеу;
— сабақта көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі;
— теориялық материалдың қажеттігін бағалай алмау;
— жаттығулар мен тапсырмаларды немқұрайлы таңдау;
— оқушыларды жеке орындауға арналған тапсырмалармен толық қамтымау;
— оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.
Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі – сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып сабақты белсенді әдістер қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып
табылады. Презентация дайындау
4-тапсырма
Топтық жұмыс: «Ойлан! Бөліс! Бірік» әдісі
«Тиімді сабақ» таныстырылымын дайындау
Нәтижеге бағытталған сабақтыңтабысты екенін қалай білуге болады? Ричард Дарант
«Үздік сабақтың алты белгісі» мақаласында табысты сабақты сипаттайтын келесі белгілерді
анықтайды (www.cpm.kz):
— сабақтың жақсы жоспарлануы, оқу мақсаттарының нақты белгіленуі;
— оқытудың мазмұнды, жаңалыққа толы және мақсатқа бағытталуы;
— оқушыларға сабақтың ұнауы және олардың өздерінің білім алуына қызығуы;
— оқушылардың табыс критерийлеріне қол жеткізуі;
— оқыту үшін бағалауды тиімді қолдану;
— сабақта жоғары деңгейлі ашық сұрақтарды қолдану

Түйіндеме: Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пай-
ымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің
екі жағын да қадағалай білуі тиіс.

2-қадам
Сабақ жүйесін көрсету
Бірінші мәселе: Адамның жаңаны меңгеруі оның нені білетіні және түсінетініне байланысты болады.
Сабақ СМАРТ мақсаты, Б.Блум таксономиясына негізделетініне тоқталу.
Екінші мәселе: Оқу оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.
Кездейсоқ, аралас, деңгейлі, қалаулы, қыздар-ұлдар т.б. топтаудың тиімді тәсілдерін қолдану.
«Ыстық картоп», «Аквариум», «Білім футболы», «Үштік әңгіме» тәсілдерін шағын топтарда, топараларында ұйымдастыру.
Үшінші мәселе: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.
Жаңа тақырыппен танысу: «Миға шабуыл», «10 сұрақ», «Таныстырылым», «Жобалау» тәсілдері.
Төртінші мәселе: Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын құруға, оны қорғауға және сынақтан өткізуге уақыт беріңіз.
«Топтық жұмыс», «таныстырылымдар» дайындау, «саралап оқыту» тәсілдері
Бесінші мәселе: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.
«Коммуникативтік тәсіл», «Жүйелі-әрекеттік»
Алтыншы мәселе: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.
Жетінші мәселе: Мұғалімдер оқушылардың өз идеялары туралы рефлексия жасап, оларды ойластыруды ынталандыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс.
«Ашық сауалдар», «білім алушылар қоғамдастығы»
Сегізінші мәселе: қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек Таныстырылым:«Тиімді сабақ кезеңдерінің үйлесімділігі»


3-қадам
Иминациялықойын
Модельдеу Ұжымдық жұмыс: Интерактивтік тақтада «Домино» сабақ кезеңдерін анықтау Интер. тақта
Үштік жұмыс:«Тыңдайтын үшбұрыш» әдісі
Белгілі бір тақырып бойынша оқытуды жетілдіру мақсатында сабақ жоспарын құру Сабақты жоспарлау

Топтық жұмыс: Топаралық талқыға салып, ортаға ұсыну
Рөлдік ойын:
Оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша жоғарғы, орташа және төменгі деңгейдегі жетістіктерді көрсетуінің үш мысалын анықтау.

5-қадам
Рефлексия Топтық талқылау:
Жасалған жұмыстары бойынша КӘМТ (Күш, Әлсіздік, Мүмкіндік, Тәуекел) талдау жасау Қатысушылар КӘМТ талдау жасау арқылы туралы пікір алмасады. Табысты жұмыс ережесі

Қабырғадағы алма ағашына бүгінгі көңіл-күйлерін бағалау
Кері байланыс: «Аралдар»
(топта бүгінгі танымдық бағыттағы тапсырмаларды меңгеріде қай аралда екенін анықтау)