Файл: Білім беру йымы (балабаша шаын орталы, мектепалды сыныбы).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ | |||||
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) | | ||||
Топ/сынып | Ересек топ | ||||
Тобы, топтың реттік саны, атауы | | ||||
Балалардың жасы | 4 жасар балалар | ||||
Педагогтің аты-жөні | | ||||
Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету) | 05.06. - 09.06.2023ж. | ||||
Апта күндері | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
| | | | | |
Күн тәртібі | | | | | |
Балаларды қабылдау | Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) | ||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналармен жазғы уақыттағы күн тәртібі мен киіндіру тәртібі туралы әңгімелесу. | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | "Ұйымдастырылған іс-әрекетке керек материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындаймыз". Мақсат-міндеттер: тапсырылған іске деген жауапкершілік сезімдерін дамыту, балаларды ұйымдастырылған іс-әрекетке керек материалдар мен құрал-жабдықтарды тиянақты жинауға үйрету. (еңбек дағдылары) | "Бөлме өсімдіктерін суғару". Мақсат-міндеттер: өсімдіктерге жылу мен жарықтың қажеттілігі жайлы білімдерін кеңейту, жапырағы бойынша өсімдіктердің ылғалсүйгіш, құрғақшылыққа төзімді, жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш екенін анықтау. Ұқыптылықты, өз іс-әрекетіне сенімділікті, су мен өсімдіктермен істелетін еңбек дағдыларын дамыту. Қоршаған табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін және оны аялауға тәрбиелеу. (еңбек дағдылары) | "Орындықтарды жуу". Мақсат-міндеттер: балаларды тәрбиешінің көмекшісіне көмектесуге, топ бөлмелеріндегі орындықтарды таза ұстауға, дымқыл шүберекпен сүртуді, орындарына қоюды үйрету. Еңбек дағдыларын дамыту, жұмыс жасау барысында мәдени-гигиеналық талаптарды орындау біліктіліктерін қалыптастыру. Ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. (еңбек дағдылары) | "Ойыннан кейін топты ретке келтіру". Мақсат-міндеттер: балаларда тазалыққа, тәртіпке саналы түрде ұмтылу біліктіліктерін пысықтау, ойыннан кейін ойыншықтарды жинау әдетін қалыптастыру. Жұмыс жоспарын құру, алда атқарылатын қызмет іс-әрекетіне қажет материалдарды таңдап алуды үйрету. (еңбек дағдылары) | "Ойыншықтарды реттеу". Мақсат-міндеттер: балаларды жұмыс жасау алдында алжапқыш киюге үйрету; ойыншықтарды ұстау тәртібі: жуу, кептіру, сүртіп орнына қою. Еңбекке баулу. Сумен жұмыс жасау кезіндегі зейінділікті дамыту. Өздерінің және өзгелердің еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу. (еңбек дағдылары) |
"Бұл үйде кім тұрады?" үстел үсті ойыны. Мақсат-міндеттер: балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Барысы. Тәрбиеші үйдің терезесінен отбасы мүшелерінің суреттерін көрсетеді. Балалар оларды атайды, өзінің отбасы мүшелеріне сипаттама береді. "Қане, көрсет" жаттығуы. Мақсат-міндеттер: балалардың ойлау, қабылдау, зейін, елестету, пантомималық қабілеттерін дамыту; көліктер туралы түсініктерді пысықтау; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балаларды шеңберге немесе қатарларға тұруға ұсынуға, ырғақты әуенді қосып қоюға болады. Ұшақ ұшып келеді, қане, көрсетші. (Қол екі жаққа созу, денені екі жаққа қозғалту) Машина жүріп келеді, көрсетші. (Рөлді айналдырған сынай таныту) Пароход жүзіп келеді, қане, көрсетші. (Алақанды қосып, толқын тәрізді қолды екі жаққа ирелеңдету) Мотоцикл жүріп келеді, қане, көрсетші. (Екі қолды жұдырыққа түю, қолды кезек-кезек екі жаққа бұру) Тікұшақ ұшып келеді, қане, көрсетші. (Қол екі жаққа созу, денені екі жаққа қозғалту). Велосипед жүріп келеді, көрсетші. (Рөлді айналдырған сынай таныту, денені екі жаққа теңселту ) Катер жүзіп келеді, қане, көрсетші. (Алақанды қосып, толқын тәрізді қолды екі жаққа ирелендету) Автобус жүріп келеді, көрсетші. (Рөлді айналдырған сынай таныту) (сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру) | Саусақ жаттығуы. Мақсат-міндеттер: көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын дамыту. Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуіміз. Бас бармақ – әкем, Балаң үйрек – шешем, Ортан терек – ағам. Шылдыр шүмек – мен, Кішкентай бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. (сөйлеуді дамыту, математика негіздері) "Қайсы ең ауыр?" логикалық жаттығуы. Мақсат-міндеттер: балалардың заттардың өлшемдері жайындағы түсініктерін бекіту; заттың жеңіл немесе ауыр екенін суретке қарап білуге дағдыландыру; ойлау қабілеттерін дамыту, зияткерлікке тәрбиелеу. Құралдары: заттар және олардың заттық суреттері (алма, кесе, сопақ пішінді шар, дөңгелек пішінді шар, жұмыртқа, қарбыз, лимон, доп, қияр). Педагог әуелі дөңгелек пішінге ұқсайтын, содан соң сопақшаға ұқсайтын заттарды салыстыруға ұсынады. Жауаптарын айтып болғаннан кейін балалар шынайы заттарды қолға алып, қайсы жеңіл не ауыр екендігін тексеріп табады. Жаттығуды тек екі заттан салыстырып көруге болады. Балалар заттың көлемі мен оның салмағы бірдей еместігін түсіндіреді. Педагог заттардың қасиеттеріне көңіл аудару туралы айтады. Мысалы: әуе шары жеңіл ауаға толған, қарбыз - жидектің шырыны мен тұқымдарына толған (яғни су салмақты қосады). (математика негіздері) | "Лото" үстел үсті ойыны (отбасы). Мақсат-міндеттер: балалардың зейіндерін тұрақтандыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту; заттарды топтастыруға дағдыландыру; байқампаздыққа тәрбиелеу. Әр бала отбасы мүшелерінің киімдерінің фотосуреттерін жинайды, бір атаумен біріктіреді. (сөйлеуді дамыту, танымдық дағдылар) "Біздің үйдегі көмекшілер" жаттығуы. Мақсат-міндеттер: балалардың тұрмыстық техникамен қолдану қағидалары туралы түсініктерін пысықтау; мәтінді ырғаққа сай айта жүріп, қимылдарды орындауға машықтандыру. Бізге не көмектеседі? (Екі қолдың сұқ саусақтары жоғарыны нұсқайды) Біз оны қосамыз, (Қолымыз алдыда, жұдырыққа түю, біріне түйістіру) Көрсетеді қолғабыс (Шаңсорғышпен тазалаған сыңай таныту) Кішкентай шаңсорғыш! (Қолды екі жаққа сермеу, иықты көтеру) Бізге не көмектеседі? (Екі қолдың сұқ саусақтары алдыны нұсқайды) Біз оны қосамыз, (Қолымыз алдыда, жұдырыққа түю, біріне түйістіру) Тоңазытқышты ашыңыз, (Екі қолды уқалау) Салқындап тұр асыңыз! (Қолды екі жаққа сермеу, иықты көтеру) Бізге не көмектеседі? (Екі қолдың сұқ саусақтары алдыны нұсқайды) Біз оны қосамыз, (Қолымыз алдыда, жұдырыққа түю, біріне түйістіру) Шәй ішейік шәйнектен (Қолды алдыға сермеу) Ызылдайтың жәйменен! (Қолды екі жаққа сермеу, иықты көтеру) Бізге не көмектеседі? (Екі қолдың сұқ саусақтары алдыны нұсқайды) Біз оны қосамыз, (Екі қолдың сұқ саусақтары алдыны нұсқайды) Басып қалсаң тетігін, (Екі қолдың әр саусақтарын бір-біріне тигізу) Қайнап кетер тоқ пешім! (Қолды екі жаққа сермеу, иықты көтеру) Бізге не көмектеседі? (Екі қолдың сұқ саусақтары алдыны нұсқайды) Біз оны қосамыз, (Екі қолдың сұқ саусақтары алдыны нұсқайды) Өте пысық үтігім (Алақанның сыртқы жағын бі-біріне үйкелеу) Басар киім түтігін! (Қолды екі жаққа сермеу, иықты көтеру) Аударған А. Кокенова. (сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру) | "Менің жанұям" фотосуреттерді қарастыру. Мақсат-міндеттер: байланыстырып сөйлеу қабілетін жетілдіру, сөздік қорын молайту; туыстарға деген сүйіспеншілікті арттыру. Фотосуретте бейнеленген отбасы жайлы әңгімелеу. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) Саусақ жаттығуы. "Ыдысты қалай жуамыз?". Мақсаты: көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын дамыту; балалардың қарапайым дағдыларын жетілдіру. Біз көмекші болып жүреміз, (Бас бармақтарды көрсету) Жеңімізді кезегімен түреміз. (Женді түргенге еліктеу) Қолға табақшаны алып, (Саусақтарды созып, екі алақанды, айқастыра, бірі-біріне уқалау) Уқалап, жуып береміз. Кесе - екі қос алақандай, (Саусақтарды қосып, бірыңғай бүгіп, екі қолды қырынан қосып, "тербету") Шұңғыл алтын айдай. Қолға кесені алып, (Жұдырықтармен, қолдарды алмастырып, алақан ортасына басып, айналдыру) Айналдырып, жуып береміз. Д. Ахметова. (сөйлеуді дамыту және дене шынықтыру) | "Үй құрастырамыз" құрастыру ойыны. Мақсат-міндеттер: балалардың зейінін, ойлау, елестету қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамыту; отбасына деген сүйіспеншілігін дамыту. Балалар құрылыс материалдардан түрлі үйдерді кұрастырады. Құралдары: құрылыс материалдар жинақтамасы: текшелер, кірпіштер, білеулер, призмалар. Сондай-ақ; "Лего" немесе ағаш құрастырғыш ойыншықтары. (құрастыру) "Қандай көлік қайда жүреді?" дамытушы жаттығуы. Мақсат-міндеттер: балалардың көліктер туралы ұғымдарын пысықтау, қызығушылығын арттыру; зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Құралдары: жүк машинасы, кеме, пойыз, велосипед, автобус, ұшақ, жеңіл машина т.б. Балаларға кезекпен жеке суреттер көрсетіледі: - Балалар, көрсетілген суретке қарап, көліктердің қайда жүретінін қимылмен көрсетейік: жерде жүрсе - аяқтарымызды топылдатамыз, суда жүзсе - қолымызбен суда жүзгендей қимылдар жасаймыз, аспанда ұшса - қолдарымызды қанат сияқты сермейміз. Ойынды, екі командаға бөлініп, ойнауға болады. (сөйлеуді дамыту, танымдық дағдылар) | |
Таңертеңгі жаттығу | Ояныңдар, тұрыңдар! Мұнда мойын бұрыңдар, Жаттығулар жасайық, Терезені ашайық. Таза ауа пайдалы, Қане, биге басайық. Шынықса жас денеміз, Жылдам өсе береміз. (дене шынықтыру) | ||||
Таңғы ас | Балалардың беті-қолдарын жуу, таңғы асқа отыру. Тамақтану мәдениетімен таныстыру. Қасық пен шанышқыны дұрыс қолдануды үйрету. Тамақ ішіп отырғанда сөйлемеу. Тамақтанғаннан кейін беті-қолды жуу. | ||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | "Отбасы" тақырыбында иллюстрациялық суреттерді қарастыру. Мақсат-міндеттер: балаларды, суреттерді әңгімелеу кезінде, отбасы мүшелерінің отбасыда алатын орны туралы ойлармен бөлісуге ынталандыру. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі) | "Сипатталған ғимаратты тауып ал" зейінге жаттығу. Мақсат-міндеттер: балалардың зейінін, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту. Құралдары: түрлі түсті және биіктігі түрлі үйлердің суреттері. Педагог суреттерді тізіп, біріне ауызша сипаттама береді, балалар сипатталған үйді табуға тырысады. Дұрыс тапқан бала, сол суретке тағы бір рет сипаттама береді. (сөйлеуді дамыту) | Әңгімелесу: "Мен тұратын қала (ауыл, аймақ)". Мақсат-міндеттер: балалардың сүйікті қаласының көрікті жерлері жайлы білімдерін бекіту. Оларды фотосуреттерден тануды және атауды үйрету. Байланыстырып сөйлеуді, қиялдарын сын есімдерін таңдау біліктіліктерін дамыту. (сөйлеуді дамыту, | Отбасы жайлы мақалдар-мәтелдер жаттау. Мақсат-міндеттер: балаларды әдептілікке, үлкенге құрмет көрсету қағидаларына тәрбиелеу. Жақсы ата – орман, Жақсы бала қорған. Отан - қуат, Отбасы - шуақ. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) | "Не артық?" дамытушылық ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларды заттарды шарттарда берілген белгілер бойынша жіктеуге машықтандыру; ойлау қабілеттерін дамыту. Құралдары: түрлі заттар мен ойыншықтар немесе заттық сурет-карточкалар. Педагог түрлі заттарды немесе суреттерді төртеуден тізбекке қояды немесе салады. Әрбір төрт зат немесе суреттің арасында біреуі артық болып саналады. Артықты табу үшін балалар төрттің арасынан бәріне ортақ қасиеті жоқты іздеп атайды. (сөйлеуді дамыту, математика негіздері) |
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Жұмбақтар әлеміне саяхат" Мақсат-міндеттер: Балаларға жұмбақтар туралы түсінік беру; жұмбақты толық тыңдап, жауабын табуға үйрету; есте сақтау қабілетін жетілдіру; балалардың ой-өрісін дамыту; өз ойын еркін айтуға үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу. | Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Әсем қала" Мақсат-міндеттер: Балалардың сандық және реттік санау туралы білімдерін бекіту; геометриялық фигураларды ажырата және атай білуге үйрету; заттарды санымен байланыстыру туралы білімдерін бекіту. Музыкадан ойын-жаттығу "Біздің қала" Мақсат-міндеттер: Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру. Музыкадағы бейнелерді ажыратуға үйрету. Әннің ширақ, сергек, сабырлы сипатын ажырата білуге тәрбиелеу. | Дене шынықтырудан ойын-жаттығу "Жаз да келді пейілді" Мақсат-міндеттер: Балаларды тепе-теңдікті сақтай отырып, қолын жоғары көтеріп тақтай бойымен жүру дағдыларын дамыту; қимылды ойындар арқылы түрлі бағытта жүгіру; 1,5-2 метр арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру іскерліктерін жетілдіру; қимылды ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру. | Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Үйдің құрылысы" Мақсат-міндеттер: Өтілген мүсіндеу техникалар бойынша бұйым жасап үйренуді қалыптастыру; ауызша нұсқаулық бойынша, алгоритм әрекеттерінің көрінісі, балаларды ұзын сопақшаны есіп, бір-біріне тығыз қосуды үйрету; қолөнер жасауда қиял мен шығармашылықты дамыту; ұсақ қол маторикасын, үйлестіру қозғалысын дамыту; бастаған жұмысын аяқтауға, ермексазбен ұқыпты жұмыс жасаға тәрбиелеу. | Қоршаған ортамен таныстырудан ойын-жаттығу "Таңқаларлық құм" Мақсат-міндеттер: Балаларды құрғақ және дымқыл құмның қасиеттерімен таныстыру, балаларға құм өте ұсақ бөлшектерден - құм түйірлерінен тұратынын көрсету; эксперименттік іс-әрекет арқылы себеп-салдар байланысын орната білу, балалардың сөздік қорын кеңейту; қоршаған әлемге деген қызығушылықты арттыру., зерттеу қызметіне қызығушылық. |
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)
Аққайыңды бақылау. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру) Мақсат-міндеттер: қайыңның ерекшеліктерін атау; басқа ағаштардан ажырату; ағаштың әсемдігіне тамсану сезімін тәрбиелеу . Ересектермен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: көгөністер жинаудағы ұжымдық еңбек: көкөністерді жинау. Мақсаты: ұжымдық жұмысқа үйрету; топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. "Жоғары - төмен" қимыл жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды мәтіннің мәніне, ырғағына сай қимылдауға машықтандыру; жоғары және төмен ұғымдарын пысықтау; табиғат құбылыстарына деген қызығушылықты арттыру. - Балалар, "жоғары" десем - қолдарыңды жоғары созып, шапалақтайсыңдар, "төмен десем" - төмен отырып, тыныш отырасыңдар. Күлімдейді алтын күн. Жерде жатыр алтын құм. Құстар ұшты биікке. Сәбіз өсті жүйекте. Кіші болдық желектей, Өсеміз биік теректей. Д. Ахметова. Күрделенуі: жаттығу сөздерін жылдамдатып айтып, балаларды сол темпке бейімдетуге болады. Ересек әрекеті: ауланы (құмсалғыштың шеттерін, үлеске орындықтарын, еденін) сыпыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: еңбексүйгіштікке, ересектерге көмектесуге ұмтылуға тәрбиелеу. Құралдары: балаларға арнайы сыпырғыштар, щеткалар, қолғаптар. "Мысық пен тышқан" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды ойын шартына сай ойнауға, рөлді дәл атқаруға бейімдеу; зеректікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, жалтарып жүгіруге машықтандыру; шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. "Мысық" пен "тышқанды" балалардың қалаулары бойынша немесе санамақ арқылы тағайындауға болады. Ойын басталар алдында кейіпкерлер шеңбер сыртында бір-бірінен алшақ тұрады. Балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады: - Мысығымыз момықай, Жүреді аулада андамай. Тышқан көрсе - бас салады! Кім тышқанды құтқарады? Осы сөздерді айтып, балалар тоқтайды да "мысық" "тышқанды" қуалап кетеді. Балалар қол ұстасып, қажеті болса, қолдарды жоғары көтеріп, "тышқан" үшін ұяға жол ашып беріп жатады. "Мысық" ұяға кіріп кетсе, ары қарай өткізбес үшін, қолдарды төмен түсіріп, жолды жауып қояды. Ойынға қатысушы балалар өте зерек болу керек, біресе қолдарды көтеріп, біресе түсіріп, "мысық" пен "тышқанның" қуаласпағын реттеп жату - басты міндеті. "Тышқан" ұсталынса, кейіпкерді ауыстыруға болады. "Сызықты баспа" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды бір бағытта, жылжи отырып, секіруге дағдыландыру. "Теңіз толқиды" аз қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: тәрбиешінің белгісі бойынша орындау, шығармашылық, зейінділік, ұстамдылық таныту. Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: қимыл-қозғалыс координациясын дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру. | |||||
Серуеннен оралу | Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Кешкі ас | Тағамның атауын есте сақтау, тамақтану рәсімін жақсы ниетпен қабылдауға бейімдеу. "Кешкі асты таза ішуді, әдепті бала болуды үйренеміз". (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі) Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка) Өнер бұрышында еркін тақырыптарға сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру. (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру) Логикалық ойындар, басқатырғыштар, санамақтар, домино ойындары. Пысықтау. (математика негіздері) Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (қоршаған ортамен таныстыру) | ||||
Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес) | Ата-аналармен "Менің үйім - менің отбасым" тақырыбында әңгімелесу. | Ата-аналармен "Отбасындағы еңбек тәрбиесі" тақырыбында әңгімелесу. | Ата-аналармен "Жанұя үлгісі" тақырыбында әңгімелесу. | Айына бір рет "Отбасы күнін"өткізу. | "Бала демалысын дұрыс ұйымдастыру" тақырыбына ата-аналарға арналған кеңес. |