Файл: Тейпті шыу тарихы жне оны ызметі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тейптің шығу тарихы және оның қызметі

Бұл әдісті 1973 жылы жапон дәрігері Кензо Касе жасаған. Ол өзінің алдына классикалық тейптер сияқты қозғалыс еркіндігін шектемейтін тейптің жаңа әдісін жасау міндетін қойған.

Алғаш рет әдіс 1988 жылы Сеулде өткен олимпиадада көрсетілген. Осы олмпиададан кейін тейпті АҚШ-та, Ресейде көптеп қолдана бастады.

Тейп – бұл ауа мен ылғал өткізуге қабілетті, мақтадан жасалған ленталар.

Тейптеу дегеніміз – бұл адамның бұлшық еттері мен байламдарының алдын-алу және қалпына келтірудің симптоматикалық әдісі. Тейптеу тері жамылғысы арқылы рецепторлар мен нерв ұштарына әсер етуге мүмкіндік береді, нәтижесінде қатты нейрорефлектрлік әсер пайда болады.

Тейптің созылу қабіеті адамның терісі секілді, яғни созылмалы. Тейптер акрилді термоактивті қаптамалармен оралған, соның нәтижесінде тейп жабыстырылған бөлік қыздырылады.

Бұл дем алатын материал, яғни тері ылғалданбайды. Әдетте тейптер бірнеше күнге дейін жарайды, содан кейін барып қысқа үзіліс жасалынады. Кейін тағы жабыстырылады. Сеанстардың саны баладағы нақты проблемаға қарай. Көп жағдайларда тейптеу артикуляциялық, тыныс алу жаттығуларымен, логопедиялық массажбен және басқа да әсер ету әдістерімен біріктіріледі.

Ескерте кететін жәйт, тейптер артикуляциялық және мимикалық бұлшықеттердің қозғалысына кедергі келтірмейді. Сонымен қатар, жабыстырылған ленталар сөйлеу аппаратының бұлшықеттерінің жұмысын жақсартады, оларға дұрыс қарқындылықпен, дұрыс бағытта қозғалыстар жасауына көмектеседі.

Тейпті қолдану аясы:

-спорттық медицинада;

-медициналық оңалтуда;

-травмотологияда;

-ортопедия;

-педиатрия;

-физиотерапия;

-медициналық массажда;

-бет күтіміне;

-мануальды терапияда;

-логопедияда.

Тейптеумен логопедия саласында қандай мәселелерді шешуге болады?

-Бет бұлшықеттерін қалыпқа келтіру (гипотонус, гипертонус)

-Ірі және ұсақ қол моторикасын дамытуға;

-Парез, паралич кезінде;

-Гиперсаливация (сілекейдің шамадан тыс бөлінуі);

-Жұтыну, шайнау процесі қиын балаларға;

-Мұрынмен тыныс алуды қалыпқа келтіру;

-Бруксизм кезінде (тісті қайрау,қышырлату);

-Диафрагма (тұтықпасы бар балаларға);

-Еріндік дыбыстарды қоюға (Б.М.П);

-Тіл арттық дыбыстарды қоюға (Г,Х,К.Қ).

Тейпті қандай жағдайда қолданбайды?


-Балада маса, ара және т.б. қандайда бір жәндіктердің шағу ізі болған кезде;

-Балада аллергия болса;

-Балада тұмау болса;

-Бас ауырып, дене қызуы 37-ден асқан кезде.

Тейптің түрлері:

I.Классикалық (эластикалық)

II.Синтетикалық

III.Кросс тейп (А,В,С)

Тейпті қолдану 3 топқа бөлінеді:

I.Ортотейп (1 тейп түрін ғана қолдану)

II.Комбинированные (2 тейп түрін бірге қолдану)

III.Сочетание әдісі (арт.жаттығу, массаж, кинезио және кросс тейп)

Тейптеу әдісі қалай жүргізіледі?

Тейп құрғақ, таза, майсыз теріге жабыстырылады(теріде жара болмауы керек). Тейптер терінің белгілі бір бөлігіне жабыстырылады және белгілі бір уақытқа дейін қалады – шамамен бәрнеше сағаттан 14 күнге дейін (үздіксіз, шешпей жабыстыру уақыты күннен аспауы керек, содан кейін 2 күн үзіліс жасалынады). Теріге жабыстырғаннан 15 мин кейін дене температурасының әсерінен тейп іске қосылады.

Мұндай ұзақ әсер артикуляциялық жаттығу мен логопедиялық массаждың әсерін күшейтуге мүмкіндік береді. Тейп жұмыс істемейтін, әлсіз бұлшықеттерге тонус береді, сонымен қатар бұлшықеттердің гипертонусын жояды. Тейптеу процесі логопедиялық массаждан кейін, артикуляциялық массаждың алдында орындалады.