Файл: Мазмны Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оытуды кезедері. Шет тілін оытуды масаттары жне мазмны. Тыдауа жне сйлеуге, жазуа жне оуа йрету..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- Шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылды. Г. Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3000 сөз болды.
Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынады:
-іс – қимыл арқылы (Мұндай арнайы жасалған заттарды көрсетіп, қимыл арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады);
- сәйкестендірудің 100 кестесі (Оқушылар осы кестелердегі ағылшын тіліндегі мысалдарға қарап, сөйлемдер құрауы тиіс).
Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде жиі қолданылады және оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:
- сөйлем үлгілеіндегі үнемі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің берілуі ауызекі сөйлеуде көмектеседі;
- тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға жылдам сөйлегенде ағылшын тілін түсінуге мүмкіндік береді.
Сәйкестендіру кестесінің үлгісі мынадай:
I You We They | saw put left found | two three a few some | books letters keys good ones | here there on the table in this book | yesterday last week on Sunday this morning |
Шет тілін оқыту – мұғалімнің үздіксіз еңбегінің және оқушының оған жауабының тізбегі. Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезеңдерден өтеді:
I.а)Қабылдау
Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалымнің сөзін тыңдайды. Мысалы сынып бөлмесіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.
This is a book. Look at the book. I m going to put the book on the table.
ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: «Дауыс ырғағына назар аударыңыз».
б) Бұйрықтарды орындау жаттығулары.
Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.
Мысалы:Get up. Sit down. Come here.
Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.
в) “Yes”. “No”.
Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек «Иә» не «Жоқ» деп жауап береді.
II.Қабылдау – еліктеу.
Мұғалім сөйлейді. Оқушылар қайталайды.
III. Әңгімелесу.
Оқушы әртүрлі сұрақ қойып, оған жауап беруді үйренеді.
IV. Сөйлеу
Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлейді.
Жалпы, Г. Пальмер әдісінің негізі – сөйлеуді үйрету, ал М.Уэст болса, керісінше, басты міндет қылып оқуды қойды. М. Уэст оқу арқылы шет тілін үйренетін әдістемелік жинақтар жасады.
а) оқуға арналған кітаптар
ә) жаттығу кітаптары
Бұл екі ағылшын әдіскерлері ағылшын тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты.
Қазіргі әдістеме дәстүрлі және аудио – лингвистикалық оқыту деп екіге бөлінеді. Қазіргі әдістеменің негізгі қағидалары:
— тыңдауды және сөйлеуді дамыту
— сөйлеу үлгілерін пайдалану
— аударианы өте аз қолдану
— грамматиканы үлгі арқылы оқыту
— сөйлеуді үйретуде өмірімен тығыз байланысты жағдайларды қолдану
Мұғалім оқушыларды шеттіліне үйрету үшін өзі:
— шеттілін жетік білуі
— педагогика мен психологияны дақсы білуі
— оқыту әдістері мен техникасын білуі
— оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.
Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы. Педагогика ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу әдістемесі.Әдістеме – мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Шет тілдерінде оқыту әдістемесінде «әдіс» сөзі мынадай ұғымда қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаттарына (принциптеріне) негізделген тұтас бір бағыт.
Мысалы: грамматикалық – аудармалық әдіс, тура әдіс, т.б Грамматикалық – аудармалық әдісінің негізіне логикалық сөйлеу мен оқушының шет тіліндегі мәтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Көбіне грамматикалық ережелерді оқып білуге көңіл бөлінеді. Тура әдісте алдымен сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, шет тілін түсіне және сөйлей білуге үйретеді, сондай-ақ оқу және жазу да қатар үйретіледі.
Екіншіден, «әдіс» сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесіндегі бағытын білдіреді. Мысалы: тура оқыту әдісіндегі Француа Гуэн әдісі, Г. Пальмер әдісі, Майкл Уэст әдісі т.б
Үшіншіден, әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының арасынадағы белгілі бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қағидаттарымен айқындалатын іс - әрекет арқылы анықталады.
Егер оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: оқытушы (мұғалім) және оқушы (оқушы, студент). Оқытушы оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу - өте белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне қатысуы керек. Бұл екі жақты іс-әрекет: біріншісі – оқытады, екіншісі – оқиды, мұнда екі жақтың атқаратын іс - әрекетін бөлек қарауға болады.
Сабақтағы мұғалімнің қызметтері. Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының міндеті – оқу материалымен танысу, үйренген шет тілін ара –қатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену және шет тілінде түсінгенін айтып, еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағнасын түсіну.
Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы.Мұғалімге қойылатын басты талап – оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу материалының (тілдік және сөйлеу) дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процесін ұйымдасиыруы тиіс.
Мұғалімің бастыпқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі, шет тілін – оқушылар үшін жаңа пән ана тілінен кейінгі екінші тіл. Бұл ерекшеліктерді міндетті түрде ескереген жөн. Бірінші сабақтардан бастап әр оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет. Мысалы:2- сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет.
Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілід ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады.
Мұғалімнің бақылау қызметіне оқу материалын оқушының (түсінгенін, түсінбегенін) білуі және жаттығуды қалай орындаған (дұрыс, дұрыс еместігі), байланыс құралы ретінд қолданғанда байланыс құралы орындалды, орындалмады, қалай орындалды) немесе оны қолдану үшін не кедергі болғанын, т.б анықтау жатады. Ал енді оқушының қызметіне не жатады, соны қарастырайық.
Оқушының қызметтері. Оқушының негізігі міндеті – оқу құралдарымен танысып, формасын, маңызын, және қолдануын түсіне білу. Келесі міндеті – жаттығу. Жаттығу дегеніміз – оқу материалын бірнеше рет есту, сөйлеу және көру мүшелері арқылы өткізіп, ны есте сақтау.
Шет тілін жаттығусыз оқып – үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір міндеті – қолдану яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу. Оқу процесінде оқушы мен оқытушының іс-әрекеті тығыз байланысты, бұл оқытудың әдістмесін анықтауы қажет.
Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының қызметін көрсетіп, оқушының материалымен танысуына, жаттығуына, қолдануына сілтеме жасауы тиіс. Әдістеме дегенімізді оқушының оқуын басқару тәсілі деп түсінуімізге де болады. И.Л. Бим көрсеткендей, әдістеменің негізгі және қосалқы түрлері бар.
Негізгі әдістемеге:
1) таныстыру
2) жаттығу
3) қолдануды жатқызуға болады
Қосалқы әдістемеге:
1) бақылау
2) түзету
3) бағалау жатады
Ал оқушының қызметінің негізгі әдістеріне
-
танысу
2) жаттығу
3) қолдануды жатқызуға болады
Қосалқы әдістерге өзін бақылауды алуға болады.
Мына сызбамен танысайық.
Сабақтың бір бөлігін беру үшін әуелі көрсету қажет. Мұғалім затты көрсете алады, оның ағылшын тіліндегі атауын айтып көрсетеді. Ағылшын тіліндегі сөздерді атау үшін ол заттың суретін салып көрсетеді, фланелограф, магнитті тақтада көрсете алады. Магнитофон, үнтаспалар қолдануға болады.
Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М., «Просвещение» 2000
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Реферат
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы
Орындаған: Ка-227 группа
Құрал Айдана Абдунасырқызы
Қабылдаған: Асылбекова Арайлым
Қарағанды 2022