Файл: Педагог діснамасын олдануды жйесі мынанадай.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 86

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті – педагогика әдіснамасы туралы білімі, оны педагогикалық әрекетінде қолдану біліктілігі.

Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі мынанадай:

• нақты кеңістік-уақыттық жағдайларда оқу-тәрбие процесінің мақсат және міндеттерін түсіну;

• берілген тапсырманы орындауға баланың дайындық деңгейін диагностикалауда әдістемесі мен әдістерді таңдау;

• педагогикалық тапсырмаларды шығармашылық тұрғады шешу және түйіндеу;

• алынған нәтиже негізінде оқу-тәрбиелеу процесін жобалау және құрастыру;

• психологиялық, педагогикалық және әдістемелік рефлекция, яғни өзінің әректін объективті түрде талдауы және бағалауы, қателігі мен сәтсіздігін көре білуі. Сонымен ,педагог зерттеушілік қызметті меңгере отырып, педагог-тәрбиеші, педагог-жаңашыл болуына және еңбегінің жемісі жоғары көрсеткіштер беретіні сөзсіз.
2. Болашақ мамандар оқыту-тәрбиелеу процесін өз деңгейінде жүзеге асыру үшін төмендегі қызметті атқара білуі қажет:

1. Тәрбиешілік қызмет – оқыта отырып тәрбиелееу, тәрбие жұмысын жүргізе алу біліктілігі, өзі де тәрбиелі болуы.

2. Оқытушылық қызметі - терең білімді, өз білімін үнемі толықтырып отыра алатын, педагогикалық шеберлікті меңгерген, оқыту нәтижесін алдын ала көре алатын болуы.

3. Зерттеушілік қызмет - алдыңға қатарлы тәжірибелер мен ғылыми теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жаңалықпен танысуы, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістерін орнымен қолдана алуы қажет. Болашақ мамандардың үшінші қызметті меңгеруі үшін ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін үйренудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстар, әдебиеттерге талдау жасау, ғылыми зерттеу әдістерін орнымен пайдалана білу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда библиографиямен жұмыс істей білу, ғылыми баяндамалар құру, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.

3. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білім қалыптастыруға мүмкінджік беретін танымның еғ жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты: ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған юлмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру» делінген.

Ғылымтану
ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларда құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.

«Таным» педагогикалық сөздікте қоғамдық тарихи практика дамуында әлем туралы жаңа білім нәтижесінде адам ойлауында ақиқаттың бейнеленуі және қайта жаңғыру процесі.

Ұғым дегеніміз логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ойлау ұғымдар туғызу және оларды жүйеге келтіру, өмірде пайдалану және заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнеленуі

4. Ғылымдар классификациясы

Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде ғылымдарды тқмендегіше жіктеген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика, арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, ойлы-әрекет жөніндегі ғылымдар; 4) физика тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы.

5. Педагогика әдіснамасының мәні туралы түрлі көзқарастар

Кейбір зерттеушілер әдіснаманы:

1) теориялық қызметтің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралы;

2) басқалары, - таным әдістерін қалыптастыру қағидалары мен рәсімдері және шындықты тану және қайта құру әдістерін қолдану туралы;

3) үшіншісі – күрделі практикалық мәселелерді шешудің неғұрлым жалпы қағидаларының жиынтығы туралы;

4) төртіншісі – теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың қағидалары мен тәсілдері жүйесі туралы, сондай-ақ, осы жүйе туралы;

5) бесіншісі – ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бастапқы (негізгі) ерекшелігі, құрылымы, қызметі мен әдістері туралы ілім деп санайды.

«Әдіснама» терминінің мағынасы:

- танымның ғылыми әдісі туралы ілім;

- қандай ғылым болса да қолданылатын танымдық құралдар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы;

- танымдық және қайта құрушы қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен қағидаларын зерттеуші құралдар, білім саласы болып түсініледі.

Тізбеде көрсетілгендей, әдіснама жөнінде бірыңғай көзқарас пен түсінік қалыптаспаған. Алайда, зерттеушілер, ең бастысы, әдіснама – нақтылы шындықты тану мен қайта құрудың базалық негізі деп біледі.


6. XX ғасыр мен XXI ғасырдың басындағы педагогикалық әдіснаманың жеке ғылыми бағыттары

XX ғасыр мен XXI ғасырдың басында педагогикалық әдіснаманың жеке ғылыми бағыт ретінде дамуының іргелі негіздері салынды. Олар:

1) педагогикалық әдіснаманың нысаны мен пәні

2) педагогикалық әдіснаманың мәні мен ерекшелігі, оның қызметтері және философиядан ұстанымдық өзгешелігі, ғылымдардың жалпы әдіснамасындағы орны

3) педагогикалық зерттеулер әдістері және олардың даму логикасы

4) педагогикалық зерттеулер типологиясы және ұйымдастыру логикасы

5) педагогикалық болмыс туралы табиғатынан диалектикалық болып табылатын эмпирикалық және теориялық білімдер жүйесінің дамуы және жаңаруы

6) педагогиканың әдіснамасының даму тарихы кеңестік кезеңде ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде 1960-жылдары қалыптаса бастауы

7) педагогикалық зерттеулердің браысы мен нәтижелерінталдауда іргелі және қолданбалы қырларының арақатынасының сипатын анықтау

7. Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері

Ғылыми педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыратын, танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу және дамудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған процесс. Ғылыми зерттеу – таным іс-әректінің бір түрі болып табылады және жаңа ғылыми білім жасау процесі. Ол объективтілігі, дәлелділігі, нақтылығы жағынан сипатталады.

Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері қалыптасқан:

1. Эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып, эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады.Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау, рпактикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.

2. Теориялық негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп, ашылған фактілерді анықтап, болашақта фактілерді жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.

3. Әдіснамалық эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылысты зерттеудің жалпы принциптері мен әдістері және теориясы құрылады.
8. Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері

Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері; тақырыбы, объектісі, пәні, өзекті мәселесі, мақсаты, міндеттері, болжамы болады.

Зерттеу тақырыбы - зерттеу мәселесінің аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.


Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, процесс, (тәрбиелеу, білім беру, жаму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.

Зерттеу пәні – объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу процесі, элемент, байланыс, қатынастардың жиынтығы.

Зерттеудің өзектілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру.

Зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.

Зерттеу міндеттері – зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру.

Зерттеу болжамы – педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын-ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Егер дұрыс құрылмаған жағдайда дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
9. Педагогикалық диагностика

Педагогикалық диагностика – педагогикалық әрекетінің әлсіз және күшті жағын, қиындығын, оған баға беруге негіз болатын педагогтің кәсіби шеберлігін зерттеу әдістері мен амалдарының жүйесі. Педагогикалық диагностика - педагогтың жеке тұлғасын зерттеу нәтижесін талдау процесі және оның әрекетінің және қарым-қатынасын оңтайландыратын нұсқаулар береді.

10. Психологиялық диагностика

Психологиялық диагностика – баланың жеке тұлғасының дара ерекшелігін зерттеугде оқыту мен даму проблемаларының пайда болу себептерін, мүмкіндіктерін анықтау.

Педагогтың іс-әрекетінде балалардың жеке тұлғасын зерттеу негізгі орын алады. Бұл зерттеу әрбір баланың психикалық дамуын, қарқынын бақылауға, олардың жеке ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға, топпен жұмысты реттеуге және оқу-тәрбие процесін ғылыми негізде басқаруға мүмкіндік береді.балалардың жеке тұлғасын зерттеу жалпы және функциональдық дамуын, психикалық, еңбек және мінез-құлыө жағынан даму қиындықтьарын анықтау үшін қажет.

11. Педагогикалық диагностиканың аспектілері

- зерттеу;

- мәліметтер жинау;

- салыстыру;

- түсіндіру;

- талдау,

- болжау;

- балаларға диагностикалық әс-әрекет нәтижелерін хабарлау.

12. Зерттеу проблемасының шынайылығы

Зерттеушінің ашқан белгісіз жаңалығы шын мәнінде жаңа ма? Зерттеушінің тұспалы бойынша зерттелген ауқымдағы ғылымға белгісіз заңдылық шын мәнінде бар ма? Зерттеуші ғылым мен практиканың қажеттілігін шешуді көздеу керектігін шын мәнінде түсіне ме? Міне, осы өлшемдер ескерілсе ғана, проблеманың мәні мен оның шынайылығы анықталады.


13. Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі, мазмұны

Зерттеу тақырыбының негіздемесін ашып көрсететін “көкейкестілік”, “зерттеудің көкейкестілігі”, “зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері”, “көкейкестілікті анықтайтын әдістер” және т.б. түсініктер бар. Көкейкесті деген сөз: 1) осы сәтке өте маңызды: Көкейкесті тақырып; 2) “Болмыста көрініс табатын, өмір сүруші” деген мағынаны білдіреді.

Педагогикалық әдебиетте зерттеудің көкейкестілігі – ғылыми зерттеулердің сапасын бағалау өлшемі. Ол қазіргі уақыттағы ғылым және практиканың ұсыныстары мен ғылыми идеяларға, практикалық нұсқауларға деген сұраныс арасындағы алшақтық дәрежесін көрсетеді.

Көкейкестілік өлшемі оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын ары қарай дамыту мәселесін зерделеп, шешудің қажеттігі мен уақытысын нұсқайды, қоғамдық қажеттіліктер мен оны қанағаттандыратын құралдар арасындағы қайшылықтарды сипаттайды. Әдіснамашылар ғылыми бағыттың өзектілігін дәлелдемелердің күрделі жүйесіне мұқтаж емес деп есептейді. Ғылымтануда бағыт – даму жолы; ғылыми ағым, топ, ғылыми мектеп; ортақ мақсатпен, дүниетанымының бірлігімен, зерттеу әдісімен біріккен жұмыстар тобы.

Зерттеудің өзектілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру.

Зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.

14. Педагогикалық зерттеу логикасы

Зерттеу проблемасы ғылым мен практика арасындағы қайшылықты көрсетеді. Оның табиғаты диалектикалық таным заңдылығы арқылы түсіндіріледі. Ғылыми танымның дамуы қалыптасқан теория мен қазіргі практика арасындағы қайшылықты көрсетеді.

Ғылыми білімнің дамуы барысында қайшылықты тенденция пайда болады: біріншіден - ескі түсінікті жаңа болжам негізінде өзгертіп, екіншіден - бұрынғы теорияның іргелі негіздерін сақтап қалу қажет. Жаңа мен ескінің арасындағы қайшылықты, ескіні қажетсіз деп тусінуге болмайды.

Педагогикалық зерттеулер - оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді мақсаттарын жүзеге асыруды көздеуі шарт. Жаңа өзінен-өзі пайда болмайды, ол ескінің орнында пайда болады.

Зерттеу проблемасының шынайылығы: зерттеушінің ашқан белгісіз жаңалығы шын мәнінде жаңа ма? Зерттеушінің тұспалы бойынша зерттелген ауқымдағы ғылымға белгісіз заңдылық шын мәнінде бар ма? Зерттеуші ғылым мен практиканың қажеттілігін шешуді көздеу керектігін шын мәнінде түсіне ме? Міне, осы өлшемдер ескерілсе ғана, проблеманың мәні мен оның шынайылығы анықталады.