Файл: Педагог діснамасын олдануды жйесі мынанадай.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 88

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


15. Зерттеу әдістерін талдау принциптері

Бірнеше зерттеу әдістерін пайдалану арқылы ұзақ уақыт бақылау нәтижесінде кең көлемді материал алынады. Педагогикалық құбылыстар мен процестер өте күрделі болғандықтан зерттеу нәтижесі түрлі факторлар мен шарттардың әртүрлі болуына ықпал ететіндей болуы керек.

Зерттеу әдістерін талдауда зерттеуші мен зерттелушінің мүмкіндігін және құбылыстың мәніне қарай таңдау қажет. Мысалы,бастауыш мектеп балаларына жазбаша сұрай түрлері анық, түсінікті болып, 2-3 топта бастап қолдану керек.

Зерттеу әдістері адамгершілік нормаларға қайшы келсе, зерттеуге қатысушыларға және оқыту-тәрбиелеу процесіне зиян келтіретін жағдайда тоқтату керек.

Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі бойынша: әрекеттік, жеке тұлғалық, жүйелілікпен келу керек.

16. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеу әдістері

Теориялық талдау – педагогикалық қбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен станымдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық қбылыстың мән – жайына енеміз.

Индуктив және дедуктив әдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.

Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды.

1. Баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностикалаудың тұжырымдамалық картасын құрастыру

2. Теориялық деңгей әдістерінің әдістемесі

Теориялық деңгей талдау, синтез, идеализация, дедукция, аналогия және танымның басқа да жалпы әлеуметтік әдістерін қолданумен сипатталады: Талдау-тұтас объектіні құрамдас элементтерге (белгілерге, қасиеттерге, қарым-қатынастарға) ойлы немесе практикалық (материалдық) бөлуден және олардың тұтас элементтерге қатысты зерттеуінен тұратын таным әдісі. Синтез-объектінің бұрын бөлінген элементтерін (белгілерін, қасиеттерін, қатынастарын) біртұтас тұтастыққа зерттеу процесінде алынған білімдерді есепке ала отырып, ойлы немесе практикалық біріктіруден тұратын таным әдісі.

3. Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық зерттеу әдістері: индуктивті және дедуктивті, абстракциялау т.б. қолдану жолдары


Теорялық ғылыми зерттеулер барысында дедуктивті және индуктивті зерттеулер әдістері кеңінен қолданылады. Дидукця дегеніміз жалпыланған тұжырымдардан жеке тұжырмдар шығаратын зерттеу әдісі. Индукця дегеніміз жеке фактілермен құбылыстардан жалпы прициптерден заңдар шығармашылығын зерттеу әдісі. Теориялық ғылыми зерттеу жұмыстары барысында дидукця мен индукця кеңінен қолданылады. Теориялық ғылыми зерттеулер барысында абстрактілеу әдісі кеңінен қолданылады. Абстрактілеу әдісі екінші реттік фактілерден бас тарта отырып зерттелетін құбылыстың негізгі ерекшелігі бар зеттеуді шоғырландыру болып табылыды. Жоғарғы екі әдіспен қатар теориялық зерттеу барысында фармальдық әдіс қолданылуы мүмкін. Бұл әдіс бойынша зеттеуінің процесімен құбылыстарының негізгі мазмұны арнайы формулалар мен сиволика арқылы сипаттауға арналады.

4. Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық зерттеу әдістері: талдау мен синтез, абстракциялау т.б. қолдану жолдары

Анализ – бұл нысанды ойша құрамдас бөліктерге бөліп, оларды жеке алдын ала зерттеу үшін оларға тән белгілер мен қасиеттерді анықтаудан тұратын теориялық зерттеу әдісі. Бұл зерттеу нысаны элементтеріне тән сипатты тез және шынайы тануға, олардың арасындағы басты байланысты анықтауға мүмкіндік береді.

Синтез – негізінде зерттеу нысанын біріктіру және осыған орай нысанды кешенді қарау қағидасы жататын әдіс. Осы әдіс бойынша нысан немесе нысандар тобы тұтас дүние ретінде барлық құрамдас бөліктерімен бірлікте қаралады. Бұл әдіс күрделі жүйелерді зерттеу кезінде қолданылады, сондықтан да жүйе немесе системологияның жалпы теориясы деңгейінде қарастырылады.Абстракциялау – қарастырылып отырған үдерістің (құбылыстың) жалпы, қолданыста бар қасиеттеріне (заңдылықтарына) көңіл бөлу үшін, оның жеке, кейде жоқ қасиеттеріне ойша тоқталу. Абстракциялау, әдетте, екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде қолданыста жоқ байланыстар анықталады, екінші кезеңде зерттеу нысаны басты қасиеті сақталған қарапайым нысанмен ауыстырылады.

5. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің байланысын кесте түрінде жинақтау. кесте

6. Эмпирикалық зерттеу әдістерін қолдану әдістемесі

1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;

2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;



4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:

1) формаландыру – зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;

2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;

3) гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

7. Педагогикалық бақылау әдісін қолдану жолдары

Педагогикалық бақылау - педагогикалық процесті, құбылысты табиғи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау. Бақылаудың басында зерттеуші қандай мақсатта, қандай ұзақ бақылау, қандай нәтиже күтетінін білуі керек. Бақылау алдын ала құрастырылған нақты жоспар болғанда ғана тиімді болады. Зерттеушіге оны дұрыс жүргізуге, фактілерді объективті таңдауда, нәтижені тіркеу, себеп-тіркеу байланысты анықтау, қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасауға көмектеседі. Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдары болуы қажет. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу, күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасау, бейнетаспаға түсіру жүргізіледі.

8. Педагогикалық сауалнама әдісін қолдану әдістемесі

Сауалнама – сауал арқылы бұқаралық материял жинақтау әдісі. Сауал, кімге арналған болса , сол жазбаша сұрақтарға жауап береді.

Педагогикалық зерттеуде тәжірибе ерекше орын атқарады - педагогикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі әдісті тексеру қолданылады. Педагогикалық тәжірибе - педагогикалық құбылыстардағы себеп - салдарын оқу мақсатындаға зерттеу қызметі, ол педагогикалық құбылыс пен оның жағдайларының қозғалуының тәжірибелік моделінм ұсынады; зерттеушінің педагогикалық құбылысқа деген белсенді әсері; педагогикалық ықпал мен әрекеттестігі нәтижелерінің өлшемі.

Тәжірибені табиғи ( қарапайым оқыту процесі жағдайы) және зертханалық тексеруге жасанды жағдай жасау. Көбінесе табиғи тәжірибе қолданылады. Ол ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Педагогикалық тәжірибе жинақталған дәрежеде болуы мүмкін, яғни үрдістегі істің нақты жағдайын ғана беолгілейтін немесе түрлендіруші, мұнда жағдайды анықтауға мақсатты түрде бағытталған ұйымдастыру жүргізіледі.

9. Зерттеу тақырыбын таңдау алгоритмі


Зерттеу тақырыбын таңдау

Зерттеу жұмысының тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытпен немесе ғылыми проблемамен байланысты болуы мүмкін

Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады. Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.

Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.

10. Педагогикалық сұрақ және әңгімелесу әдістерінің ерекшілігі

Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгімелесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады.

11. Блум таксоноиясының төменгі және жоғарғы ойлау деңгейіндегі сұрақтар мен тапсырмаларды құрастыру әдістемесі ЖОҚ

12. Педагогикалық эксперимент кезеңдеріне (анықтаушы, қалыптастырушы, қорытындылаушы) сипаттамалық талдау жасау

Анықтаушы -зерттеу объектісінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді. Мұғалімнің күнделікті жұмысындағы бақылау қорытындысын құнды факторлардан алуға болады. Бүкіл сыныпен эксперименттік бақылау жұмысы, бөлек группаға қатысушылары мықты және осал, бөлек оқушылармен нақты аныұталған фактілік қатысқандардың білім құрастырушы эксперимент жағдайын ендіреді. Зерттеудің аяғында не басында қолданылады.Қалыптастырушы — зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған.Зерттеушілер үшін, констациялық фактінің міндеті, педагогикалық құбылыстың ерекше кейбір құрылымдарын, жеткілікті түрде білімнің жағдайын алдын-алу. Сыныптың жіберілген қателіктерімен қарым-қатынас мінездеме береді. Оқушылар педагогикалық зерттеудің міндеті баңынышты ашу болып табылады. Заңдарды, себептерді оқытатын құбылыстарды енгізеді. Қайтадан құрастырушы-бақылау сыныбының тәжірибесінің анықтауда көрсетіледі. Эксперимент басында орташа және төмен көрсеткіш берген оқытушылар жауаптарын жоғары деңгейде анықтайды. Оқытылатын құбылыстың ықпалы оқушылардың сенімді қолдауда жеңіске жетуінде.

13. Эксперимент жұмысы қалыптастырушы кезеңінің әдістемесі


Қалыптастырушы эксперимент – зерттеушінің пәнге белсенді әсер ету процесінде бала психикасындағы өзгерістерді бақылау үшін дамыту және тәрбиелеу психологиясында қолданылатын әдіс.

Қалыптастырушы эксперимент отандық психологияда бала тұлғасын қалыптастырудың нақты жолдарын зерделеуде, психологиялық зерттеулерді педагогикалық ізденіспен үйлестіруді қамтамасыз етуде және оқу-тәрбие процесінің ең тиімді формаларын жобалауда кеңінен қолданылады.

Қалыптастырушы эксперимент сөзінің синонимдері:

- түрлендіруші - шығармашылық- тәрбиеші, - оқыту, - психиканың белсенді қалыптасу әдісі.

Мақсаттары бойынша анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттер бөлінеді.

Анықтау экспериментінің мақсаты – қазіргі даму деңгейін өлшеу (мысалы, абстрактілі ойлаудың даму деңгейі, адамның адамгершілік-еріктік қасиеттері және т.б.). Осылайша, қалыптастырушы экспериментті ұйымдастырудың бастапқы материалы алынады.

Қалыптастырушы (өзгерту, оқыту) эксперименті сол немесе басқа іс-әрекеттің қалыптасу деңгейін, психиканың белгілі бір жақтарының дамуын жай айтуды емес, олардың белсенді қалыптасуын немесе тәрбиеленуін көздейді.

Қалыптастырушы эксперимент бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде бақылау, тәжірибелерді анықтау және басқа әдістер арқылы біз болашақта әсер ететін сол психикалық процестің, қасиетінің, қасиетінің нақты жағдайы мен деңгейі белгіленеді. Басқаша айтқанда, психикалық дамудың сол немесе басқа жағының психологиялық диагностикасы жүргізіледі. Алынған деректерге сүйене отырып, зерттеуші психиканың осы жағының дамуының табиғаты мен қозғаушы күштері туралы теориялық идеяларға сүйене отырып, белсенді психологиялық-педагогикалық әсер ету жоспарын жасайды, яғни бұл құбылыстың даму жолын болжайды. Екінші кезеңде зерттелетін мүліктің белсенді қалыптасуы арнайы ұйымдастырылған эксперименттік оқыту мен тәрбиелеу процесінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда оның үйреншікті оқу-тәрбие үрдісінен мазмұнының, ұйымдастырылуының, педагогикалық ықпал ету әдістерінің қатаң анықталған өзгерістерімен ерекшеленеді

14. Эксперимент жұмысының қалыптастыру кезеңіндегі математикалық талдау жасау

Қалыптастырушы эксперименттерден кейін тіркелген өзгерістердің олардың әсерінен болғанына көз жеткізу үшін алынған нәтижелерді тек бастапқы деңгеймен ғана емес, сонымен қатар эксперимент жүргізілмеген топтардағы нәтижелермен салыстыру қажет. Мұндай топтар, зерттелетін, эксперименттік топтардан айырмашылығы, бақылау деп аталады. Бұл ретте топтардың екі қатары да балалардың жасы, көлемі, даму деңгейі бойынша бірдей болуы керек. Оларда жұмысты бір экспериментатор мұғалім жүргізгені абзал. Басқаша айтқанда, психологиялық эксперименттің барлық ережелерін және әсіресе тәжірибенің тең жағдайларын сақтау принципін сақтау қажет.