ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 87
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мысал келтірейік. жетекшілігімен жүргізілген зерттеулерде А.В. Запорожец, қалыптастырушы эксперимент белгілі бір жағдайларда қабылдау процестерін жаңа деңгейге көтеруге, баланың сенсорлық қабілетінің кейбір аспектілерін дамытуға болады деген гипотезаны тексеру үшін пайдаланылды. Балаларға дыбыстардың биіктігіне қарай ажырату қиын екені анықталды. Дыбыстық естуді дамыту үшін формативті эксперимент әзірленді, онда объектілер енгізілген, кеңістіктік қасиеттері мен қарым-қатынастары, «модельдік» дыбыстық қарым-қатынастар. Балалардың алдында үлкен «әке қонжық» бәсең дыбыс шығаратын, кішірек және жоғарырақ дыбыс шығаратын «ана аю» және өте кішкентай «аю ұлы» одан да жоғары дыбыстарды шығаратын драмалық көріністер ойналды. , қатысты.. Содан кейін экспериментатор балалармен бірге осы кейіпкерлердің өмірінен көріністерді сахналады: «аюлар» әр жерде жасырынып жүрді, ал бала оларды дауысы арқылы табу керек болды. Мұндай жаттығулардан кейін тіпті кішкентай балалар да (2-4 жас) ойыншық жануарлар шығаратын дауыстарды дыбыс деңгейінен оңай ажыратып қана қоймай, сонымен бірге олар бірінші рет кездескен кез келген дыбыстарды сәтті ажырата бастайды. оларға белгілі ешбір заттарға мүлдем қатысы жоқ. Міне, балалар психологиясының басқа саласының қалыптастырушы экспериментінің мысалы.
15. Әдістемелік мақалаларды рәсімдеу жолдары
16. Ата-аналарға, оқушыларға арналған анкета құрастыру әдістемесі
Анкета – зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.
Анкетаны жасаудың, онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекше әдістемелік тәсілдері мен сипаты бар. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе, мазмұндық (негізгі бөлім) және қорытынды (төлқұжат) бөлімдері болады.
Кіріспеде зерттеуді кімнің жүргізетіндігі, оның мақсаты мен міндеті, анкетаны толтыру тәсілі, оны толтырудың жасырын екендігі көрсетіледі. Анкетаны қалай толтыру керектігі жайлы нұсқау кіріспенің соңында беріледі.
Анкетаның негізгі бөлімін толтыруға айрықша назар аударылады, өйткені жүргізілетін зерттеудің табысқа жетуі осыған байланысты.
Анкетаның мазмұны (ұсынылатын сұрақтардың сипаты мен түрі, оларды орналастыру тәртібі, алынатын жауаптар) зерттеліп отырған объект жайлы неғұрлым нақтылы мағлұматтар алуға ұмтылу арқылы айқындалады. Бұл үшін анкетаның мазмұндық бөліміндегі сұрақтар жүйесін әбден саралап барып түзген жөн. Сұрақтар түзу анкета жасаудың ең күрделі кезеңі: оның алдында зерттеудің негізгі ұғымдарын эмпириялық тұрғыдан анықтау, әрқайсысына анкета сұрақтарының бір, не бірнешеуі сәйкес келетін эмпириялық индикаторларды іріктеп алу процедурасы өтеді
Бұл әдістемелік құралда мектеп психологына ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты анықтауға және жақсартуға қажетті ақпаратпен қатар, классикалық әдістемелер, сауалнамалар мен психологтардың зерттеу әдістемелері берілген. Құралдағы жинақталған материалдар оқушыларға және ата-аналарға қарымқатынасты, тәрбие әдістері туралы диагностика мен дамытушылық, ағартушылық жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. Мектеп психологтарына, мұғалімдерге және ата-аналарға қолдануға қажетті әдістемелік құрал.
3-деңгей – практикалық
1. Ғылыми ұғымдар мен түсініктер: білім және ғылым ұғымдарын интерпретациялау және өзіндік анықтама құрастыру
2. Ғылыми ұғымдар мен түсініктер: әдістеме, әдіснама ұғымдарын интерпретациялау және өзіндік анықтама құрастыру
3. Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық зерттеу әдістері: индуктивті және дедуктивті, абстракциялау т.б. мысал келтіре отырып, талдау жасау
4. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері (теориялық және эмпирикалық) байланысын кесте түрінде құрастыру
6. Педагогикалық бақылау әдісіне мысал келтіре отырып, талдау
Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты менміндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбиебарысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер,сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады.
7. Педагогикалық сауалнама әдісін құрастыру
Сауалнама әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.
Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу әдісі. Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зерттеудің көзі бола алады. Оған тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зерттеушінің жеке дара қасиеттерін есепке ала отырып сүйенуге болады.
8. Зерттеу тақырыбын таңдау алгоритмін құрастыру
Алгоритм дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі. Бұл анықтамада алгоритм мен оның қасиеттерін байланыстыратын негІзгі ұғымдар беріліп отыр. Оны келесі схема түрінде көрсетуге болады:
Бұл схемада орталық объект алгоритмді орындаушы болып түр. Орындаушы - бұл объект (немесе субъект), құрылған алгоритмді басқарады. Орындаушының негізгі әрекеті оның командалар жүйесін басқаруынан көрінеді. Кез келген есепті шешудің кірісінде берілгендер мен алгоритм командалары тұрады, шығысында нәтиже тұрады.
Алгоритмнің келесідей қасиеттері бар:
1) Алгоритмнің үздіктілігі. Информацияны өңдеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке нұсқаулардан құралған тізбектен тұруы тиіс.
2) Алгоритмнің түсініюпілігі және аньщтылыгы. Алгоритм жалпы түрде қабылдаған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, арындай алатын болуы керек. Орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.
3) Алгоритмнің жалпылыгы. Алгоритм неғұрлым әмбебап болуы және көпшілік пайдалана алуы тиіс.
4) Алгоритмнің нәтижелШгі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижелі болуы тиіс.
9. Педагогикалық сұрақ және әңгімелесу әдістеріне мысал келтіре отырып, талдау жасау
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
Яғни, әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуға үнемі қатыстыру арқылы оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• басқа оқушылардың түрлі идеяларын тыңдауға үйрену арқылы, оқушылардың өз білімі мен идеяларын бағалай алуы, құрдастарының пікірін құрметтеуге үйрену;
• мұғалім үшін жақсы диагностикалық құрал, әр оқушының білімі мен пайымын байқауға болады;
• құрдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуді үйрететін үлкен тәрбиелік күші бар.
• ес пен тілді дамытады, сабаққа қызығушылығы артады және барлық оқушыны сабаққа тартудағы тиімді әдіс;
10. Блум таксономиясының жоғары ойлау деңгейі сұрақтарын құрастыру
11. Педагогикалық эксперимент кезеңдерінің (анықтаушы, қалыпткастырушы, қорытындылаушы) схемалық моделін құрастыру
12. Эксперимент жұмысы қалыптастырушы кезеңіне сипатттамалық талдау жасау
Педагогикалық зерттеулер мақсаты біріккен звноллар қалыптастырады. Одан әрі ол оны тексереді, оқушылардың оқуы мен тәрбиесін жаңаша құрастырады, мына шарттарды енгізе отырып, оқу және тәрбие жұмысындағы жүргізілетін жоғары нәтижелігін қамтамасыз ететін шарттарды енгізеді. Бұл көп құрамды оқытушылар тобында анықталады және ерекшеленеді. Бірақ бұндай оқытуды құрастыру дәленденбеген болып қалады, алынған қортындылар сол шарттардың іздерінің құбылыстары, сонымен қатар зерттеушінің қайта енгізілуі жаңа психологиялық педагогикалық компонентің шешімін дәлелдеуге экспериментті бірден бірнеше сыныпта жүргізеді.
13. Эксперимент жұмысының қалыптастыру кезеңіндегі математикалық талдау
14. Педагогикалық эксперимент кезеңдерінің соделін құрастыру
Педагогикалық эксперимент – арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген зерттеушінің зерттеу іс-әрекеті. Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда оның негізгі ережелерін сақтаған жөн: Тұлғаның (оқушы, студент, т.б.) денсаулығына зиян келтірмеу;
Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында қолдану;
Зерттеудің мақсат, міндеттеріне, қатысушыларды іріктеуге байланысты эксперименталдық базаны анықтау;
Экспериментті жүргізу алдында зерттеу пәнінің көрсеткіштерін, деңгейлерін, өлшемдерін анықтау.
Педагогикалық эксперименттің сатылары.
Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі педагогикалық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Қалыптастырушы эксперимент - жаңа педагогикалық құбылысты ғылыми идея негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Бақылаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау үрдісінде жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Реттеуші эксперимент – педагогикалық үрдісте зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
15. Ғылыми зерттеу жұмысының түрлерін кесте түрінде құрастыру.
Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Ғылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі:
1) қоғамдық өндіріске байланысы жағынан
2) қаржыландыру көздеріне байланысты
3) мақсатына байланысты
4) халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты
5) зерттеу ұзақтығына байланысты
Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан ғылыми жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі: жаңа технологиялық үрдістер, машиналар, құрылыстар, өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек шартының жақсаруы, жеке адамның тұлға болып дамуы және т. б.