Файл: Магистрлік диссертация болаша педагогпсихологтарды педагогикалы мдениетін дамытуды ылыми негіздері.docx
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 125
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің өзінің кәсіби іс-әрекетіне, педагогикалық қызметіне көзқарасын, балаларға деген қатынасын көрсететін және тиісті мінез-құлықтан көрінетін педагогикалық ұстанымы;
- Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің жеке басының бағыт-бағдарын, кәсіби-адамгершілік қасиетін, педагогикалық қызметке қатынасын, сондай-ақ өз мүдделері мен рухани қажеттіліктерін көрсететін кәсіби және жеке қасиеттері;
- Педагогикалық мәдениет - кәсіби білім, атап айтқанда, әдістемелік, теориялық, тәжірбиелік және технологиялық білімі;
- Педагогикалық мәдениет - сыншылдықпен, проблемалық оқытумен көрінетін, оқушының қызығушылығына, қажеттіліктеріне және дамуына бағдарлануымен, сонымен қатар тиімді технологиялар мен әдістерді игеруге шығармашылық, конструктивті бағытталуымен сипатталатын педагогикалық ойлау мәдениеті;
- Педагогикалық мәдениет - кәсіби дағдылар жиынтығы;
- Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің мүмкіндіктерін педагогикалық іс-әрекет талаптарына сәйкестендіруге бағытталған және нормативтік, бағалау және белсенділік-мінез-құлық компоненттерінен тұратын тұлғалық өзін-өзі таныту қабілеті және кәсіби мінез-құлық мәдениеті.
Педагогикалық мәдениет тарихи-мәдени педагогикалық тәжірибені біріктіреді және педагогиканың бірлесе жұмыс жасау саласын реттейді. Педагогикалық мәдениеттің жиынтық субъектісі – әлеуметтену, тәрбие және білім беру үрдісінің мақсаты мен мазмұнын анықтайтын жалпы қоғам, ал оның педагогикалық үрдіс барысындағы бірлес жұмыс жасайтын өкілдері - білім саласындағы нақты тапсырысты тарихи және жеке педагогикалық тәжірибеде жүзеге асыратын мұғалімдер мен ата-аналар. Педагогикалық мәдениетте өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың практикалық тәжірибесі және білім мен тәрбие құндылықтары туралы теориялық идеялар, білім беру-тәрбие процестеріне және педагогикалық үрдіс барысында бірлесе жұмыс жасауға қойылатын талаптар барысында жалпы көрінеді. Педагогикалық мәдениет мәдениет пен өркениеттің дамуымен бірге дамудың белгілі бір кезеңдерінен өтті.
«Педагогикалық мәдениет» терминін орыстың белгілі ғалымы В.А. Сухомлинский өз зерттеулерінде белсенді қолданды. Оның мазмұнына мұғалімнің рухани келбетінің бірнеше сипаттамасымен қатар, қызметіне кәсіби дайындығы кірді.
В.А.Сухомлинский өз еңбектерінде қарастырылып отырған ұғымның келесідей төрт компонентін атайды:
-
педагогтың оқушының ақыл-ойы мен жүрегіне жол табуы үшін академиялық білімі болуы керек; -
педагог әдебиет оқуы керек; -
педагог баланы зерттеу әдістерінің түр-түрін білуге міндетті; -
педагогтың сөйлеу мәдениеті болуы керек [5].
Ал Е. В. Бондаревскаяның пікірінше, педагогикалық мәдениеттің келесі компоненттерін ажыратуға болады:
-
педагогтың гуманистік педагогикалық ұстанымы және жеке қасиеттері; -
педагогикалық теориялық білімі және педагогикалық ойлау дағдысы; -
педагогикалық технологиялар және кәсіби қабілеті; -
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, өзіндік педагогикалық іс-әрекетін жүйе ретінде негіздей алуы (дидактикалық, тәрбиелік, әдістемелік); -
кәсіби мінез-құлық мәдениеті; -
мұғалімнің жеке басы мен қызметін өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері [4].
Өз кезегінде, В.А.Сластенин педагогикалық мәдениеттің негізгі компоненттері ретінде келесі ғылыми ұғымдарды ұсынады:
-
аксиологиялық (немесе құндылық) компоненті, яғни идеялар, тұжырымдамалар, білім мен дағдылар, педагогикалық қарым-қатынастың гуманистік технологиялары, өзіндік педагогикалық құндылықтар, адамгершілік, мұғалімнің тиімді «Мен тұжырымдамасы», оқушылармен бірлескен тәжірибе және оларға жалпыадамзаттық және жеке тұлғалық құндылықтарды «сіңіру»; -
технологиялық компонент: педагогикалық қызметтің әдістері мен тәсілдері (оның ішінде инновациялық), көп аспектілі педагогикалық міндеттерді қою және шешу; -
тұлғалық-шығармашылық компонент: мұғалімнің педагогикалық құндылықтарды меңгеруі, сондай-ақ оларды әзірлеу, педагогикалық іс-әрекет пен қарым-қатынастың әртүрлі түрлерінде мұғалімнің қабілеттерін шығармашылық қолдану және іске асыру, педагогикалық тәжірибе алуға, педагогикалық шығармашылыққа және оқушылармен бірлесіп жұмыс жасауға бағытталған [6].
Г.В. Звездунова және Е.Ю. Захарченконың пікірінше, білім беру мекемелері тұрғысынан алып қарағанда педагогикалық мәдениет қоршаған ортаның, өмір салтының, педагогикалық жүйенің ерекшеліктерінің маңызды сипаттамасы ретінде, оның жаңа сапалы жағдайға қарай қозғалысының процесі ретінде зерттеледі.
А.В.Барабанщиков, Т.Ф.Белоусова, Н.Е.Воробьев, Т.И.Иванова, Е.А.Соболева сияқты ғалымдар зерттеулерінде педагогикалық мәдениет жеке-тұлғалық деңгейде мұғалімнің тұлғалық, кәсіби қызметі мен қарым-қатынасының маңызды қасиеттерінің көрінісі ретінде түсіндіріледі.
Е. Ю. Захарченко педагогикалық мәдениетті «әлеуметтік-педагогикалық практиканың, педагогикалық теорияның және педагогикалық іс-әрекеттің ерекше құндылықтарын бейнелейтін жалпы адамзаттық мәдениеттің бөлігі» деп санайды.
И.Е. Видт педагогикалық мәдениет – әлеуметтік-педагогикалық құндылық, идеал және соған сәйкес формаларды, оған жету әдістерін, белгілі бір педагогикалық кеңістікке құрылымдалған педагогикалық мәдениеттің субъектілерін қамтитын тарихи дамушы әлеуметтік зерттеу бағдарламасы деп санайды[7]. Педагогикалық мәдениеттің субъектілері мен жүзеге асырушылары - тек, қоғам, отбасы, мемлекет, білім беру мекемелері, мұғалім және ата-ана. И. Е. Видт педагогикалық мәдениеттің келесідей үш деңгейін анықтайды:
-
Реликт деңгейі, ғалымның пікірінше, алдыңғы дәуірдің даму деңгейіне байланысты педагогикалық көзқарастарды, нормаларды, әдістер мен формаларды қамтиды, бірақ инерция бойынша олардың жұмыс істеуі үшін объективті негіздер болмаса да, кейінгі дәуірлерде өмір сүруін жалғастырады. -
Педагогикалық мәдениеттің өзекті деңгейі бүгінгі педагогикалық кеңістіктің ерекшелігін көрсетеді. Бұл әлеуметтік тапсырыс талаптарына сәйкес құрылған білім беру іс-әрекетінің үлгісі, мұнда мазмұны, формасы мен құрылымы «қазір және осында» қағидасына сәйкес құрылады. Бұл білім берудің жұмыс жасау деңгейін көрсетеді. -
Үшінші, әлеуетті деңгей педагогикалық саланың болашағын, мүмкіндігін көрсетеді және болашаққа бағытталған бағдарламаларды қамтиды. Бұл деңгей мәдениеттің эволюциясын және білім берудің мәдени функциясын қамтамасыз етеді, ертеңгі адамның жеке басын қалыптастырады, білім беру жүйесінің даму режимін қамтамасыз етеді.
Н.Е. Воробьевтің, В.К. Суханцевтің және Т. В. Иванованың пікірінше, педагогикалық мәдениет – «мұғалімнің жеке тұлғасының ажырамас қасиеті, жалпы мәдениетінің кәсібіне қарай бағытталуы. Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің жоғары кәсібилігі мен ішкі қасиеттерінің сәйкес келуі, оқыту әдістемесін меңгеруі және мәдени шығармашылық қабілеттерінің көрінісі. Бұл адамзат жинаған тәжірибені шығармашылық бағытта қолдануы және түрлендіру өлшемі». Педагогикалық мәдениеті жоғары мұғалімнің педагогикалық ойлауы мен санасы дамыған, шығармашылық әлеуеті бар және әлемдік мәдени-тарихи тәжірибенің өзегі болып табылады.
В.С. Кукушкин педагогикалық мәдениетті мұғалімнің жеке басы мен іс-әрекетінің маңызды сипаттамасы, педагогикалық құндылықтар жүйесі, мұғалімнің іс-әрекеті мен кәсіби мінез-құлқы ретінде басты қасиеті ретінде қарастырады.
А. В. Барабанщиков педагогикалық мәдениетті мұғалімнің адамзаттың педагогикалық тәжірибесін игеруінің белгілі бір кезеңі, педагогикалық қызметтегі жетілу дәрежесі, оның жеке басының мұғалім ретінде дамуының қол жеткізілген деңгейі және, түптеп келгенде, өз қызметін үздіксіз жетілдіруге деген ұмтылысы ретінде қарастырады. Сана мен практикалық қызметтің әртүрлі элементтерін синтездей отырып, педагогикалық мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің дүниетанымдық, адамгершілік, кәсіби, интеллектуалды, эмоционалды, эстетикалық, физикалық және гигиеналық жақтарын қамтиды.
Онда мұғалімнің өз қызметіне деген көзқарасы, жауапкершілікті сезінуі, педагогикалық процестегі өзінің рөлі мен орнын түсінуі, арнайы дайындық сипаты, күнделікті педагогикалық іс-әрекет стилі, қарым-қатынас, мінез-құлық, өзін-өзі жетілдіруге деген көзқарас және т. б. сипатталады.
Педагогикалық мәдениеттің құрылымын талдай отырып, А. И. Пискунов оның келесі құрамдас бөліктерін атап көрсетеді:
- педагогикалық және әлеуметтік шындықты терең теориялық түсінуге, педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерін түсінуге, кәсіби қызмет нәтижелерін болжауға негізделген педагогикалық бағдарланған ойлау мәдениеті;
- кәсіби дағды мен шеберлікті, білім мен білікті меңгерудің жоғары деңгейін, шығармашылыққа қабілеттілікті көздейтін педагогикалық еңбек мәдениеті;
- мұғалімнің оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен қарым-қатынас нормаларын мағыналы меңгеруін, оның әрбір қатысушысының мәлімдемесі барлығына маңызды болатын диалогтың пайда болуын көздейтін кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті;
- педагогикалық қарым-қатынас мәдениетімен тығыз байланысты мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.
Ал зерттеуші Г.И.Ризз [13] мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің келесі жүйелік элементтерін ажыратады:
- қоғамның педагогикалық даму стратегиясын анықтауда және төменгі деңгейдегі бағдарламаларды әзірлеу кезінде көрінетін мақсат қою мәдениеті;
- ғылыми теориялар мен болжамдармен жұмыс істеу қабілетін қамтитын педагогикалық білім мәдениеті;
- дүниетанымдық мәдениет, оның деңгейі мұғалім мен білім алушының қарым-қатынасының процесі мен нәтижесін алдын-ала анықтайды;
– жеке адамның өмір сүру процесінде қарапайым құралдармен де, арнайы құралдармен де қалыптасатын ойлау мәдениеті, олардың қатарына философиялық ғылымдардың бірі - формальды логиканы зерттеу кіреді;
- мұғалімнің жақсы көру, мейірім, жанашырлық, мақтаныш, өкіну және т. б. жеке қасиеттерін білдіретін сезім мәдениеті;
- белгілі бір құбылыстар туралы моральдық, эстетикалық, саяси, құқықтық, діни немесе философиялық сипаттағы білікті пайымдаулар мен тұжырымдарды айта білуі. Мұндай субъективтілік мұғалімнің жеке ұстанымын көрсетеді;
- мұғалімнің білім алушылармен, олардың ата-аналарымен, басқа мамандық иелерімен қарым-қатынас мәдениеті;
- оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін әр түрлі деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұйымдық мәдениет.
Г.И. Ризздің пікірінше, жалпы педагогикалық мәдениет деп танылған ұғым пәндік және техникалық,технологиялық сауаттылық, біліктілік ретінде түсінілуі де мүмкін. Біріншісіне қоғамның педагогикалық еңбек саласындағы барлық жетістіктері жатса, екіншісіне нәтижелер алынған әдістер, құралдар, түрлі тәсілдер жатады. Педагогикалық мәдениеттің тасымалдаушылары -қоғамның белгілі бір мәдени-тарихи типі шеңберінде жұмыс жасайтын кәсіби педагогтар мен ата-аналар.
1.2 Педагогикалық мәдениет ұғымының болашақ педагог-психолог дамуындағы маңызы
«Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті» деген сөз бар (Г.М. Кожаспирова). Бұл - адамның сана-сезімі мен ұйымшылдығының жоғары деңгейімен, өзін-өзі жетілдіру үшін ішкі жауапкершілікті қабылдаумен, сондай-ақ ерікті күш-жігердің көрінісімен байланысты маманның жеке басының танымдық қажеттілігін қанағаттандырудың ең жоғары формасы. Болашақ педагогте өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті оқу орны жағдайында оны оқыту, біліктілігін арттыру барысында қалыптасады. Ол оқуды бітіргеннен кейін, оның жас маман ретінде бейімделу кезеңінде, кейінгі кәсіби қызметі барысында одан әрі дамиды.
Бірінші бөлімде зерттелгендей көптеген авторлардың пікірінше, педагогикалық мәдениет -бұл жалпы мәдениеттің бөлігі болып табылатын кешенді білім. Ал аталған талаптарға жауап беретін маман даярлау - жоғары оқу орнының міндеті. Бұл міндеттің өзектілігі қазіргі жағдайда құзыреттілік тәсіл негізінде болашақ мамандарды кәсіби даярлауға жоғары талаптар қойылатындығында. Оның негіздерін неміс ғалымы Г. Хан тұжырымдады.
Педагогикалық мәдениетті маман болу үшін мұғалімге бірқатар дағдыларды қалыптастыру талап етіледі, атап айтқанда: өз іс-әрекеттерін болжау, оларды талдау, пәнаралық жұмыс, әлемді ашық қабылдау, мәселелерді шешуге қатысу, өз идеяларын жүзеге асыру, жанашырлық пен мейірімділік, өз және басқалардың іс-әрекеттерін ынталандыру, рефлексия [7].
О. Л. Жуктың пікірінше, кәсіптік білім беруде құзыреттіліктің екі түрі ерекшеленеді: әлеуметтік («кәсіби қызметті жеткілікті жоғары деңгейде игеруді, кәсіби салада инновацияларды игеруге, әзірлеуге және енгізуге дайындықты анықтайтын») және негізгі (базалық, әмбебап, «әртүрлі міндеттерді тиімді шешуді және әлеуметтік-кәсіби рөлдерді орындауды қамтамасыз ететін және жалпыланған білім мен дағдылардың, әмбебап қабілеттердің бірлігіне негізделген функциялар») [8].
Басқа да авторлар (И.А. Зимней, А. В. Макаров, В. В. Сериков және т. б.) ұсынған құзыреттердің мазмұнын талдай отырып, біз жоғарыда аталған барлық құзыреттер педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөлігі екенін анықтай аламыз. Осылайша, құзыреттілік тәсіл негізінде маман даярлау мәселесін шеше отырып, біз педагогикалық мәдениетті қалыптастыру мәселесін шешеміз. Сонымен қатар, студенттердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру бойынша университеттің тиімді жұмысына кедергі келтіретін бірқатар қиындықтар бар, нақтырақ айтсақ: