Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16519
Скачиваний: 27
Қызылиектің рецессия индексі
мұнда r – қызыиектің рецессиясы бар тістердің саны; n – тексерілген тістер саны.
Қызылиек бекітілуінің жоғалу индексі
Индекс эпидемиологиялық зерттеу үшін CPI –мен бірге қолданылады. Бұл зерттеудің міндеті – қызылиектің рецессиясы кезінде периодонт жағдайын бағалау. Периодонтальды түймелі зондтың көмегімен тістің эмаль-цемент шекарасынан тіс-қызылиек бекітілуіне дейінгі ара қашықтық өлшенеді (яғни, қалтаның түбіне дейін).
Индестің кодтары:
0 – эмаль-цемент шекарасы көрінбейді, периодонтальды зонд тек қара таңба басталғанға дейін енеді (жүлгенің қалыпты тереңдігі) немесе қара таңба деңгейінде (қалта 6 мм-ден жоғары емес тереңдікте). Көрінбейтін эмаль-цемент шекарасынан қалтаның түбіне дейінгі қашықтықты есептеу: қалтаның тереңдігі 6 мм-ден жоғары емес, соның ішінде 2 мм тіс қызылиек байланысынан жоғары орналасқан бос қызылиектің жиегіне келеді, - осыдан, қалта түбінен эмаль-цемент шекарасына дейінгі қашықтық 4 мм-ден аспайды.
1 – а) эмаль-цемент шекарасы көрінбейді, зондтың түгел қара таңбасы енеді;
б) эмаль-цемент шекарасы көрінеді, одан қалтаның түбіне дейін 4-5 мм.
2 – эмаль-цемент шекарасы көрінеді және зондтаған кезде қара таңбаның жоғарғы шекарасы мен зондтың бірінші сақинасы арасындағы деңгейде - бекітілудің ығысуы 6-8 мм құрайды;
3 – көрінетін эмаль-цемент шекарасы зондтың бірінші және екінші сақиналары арасында - ығысу 9-11 мм құрайды;
4 - көрінетін эмаль-цемент шекарасы зондтың екінші сақинасынан жоғары - ығысу 12 мм-ден жоғары.
Кілттік тістерді таңдау және секстанттарды бағалау және талдау CPI-мен жұмыс кезіндегі ережелер бойынша жүргізіледі.
Периодонт патологиясы дамуының қауіп-қатер факторларын анықтау және алдын-алу шараларының жоспарын құру
Қажетті ақпараттың негізгі бөлігін стоматолог науқасты стандартты стоматологиялық тексеруді өткізу кезінде алады.
Анамнез мәліметтері негізінде науқастың ағзасының факторлары мен жалпы реакцияларының сипаты туралы түсінікті құрады, сұрастыру барысында науқастың соматикалық денсаулығы, иммунитет деңгейі, фармакологиялық фоны және т.б. туралы мәліметтерге көңіл аударады. Қажет жағдайда стоматолог қандай да бір ағзаның және жүйенің жағдайын анықтау үшін науқасқа дәрігер-мамандарда консультацияны ұсынуы мүмкін. Анамнезінен сонымен қатар оральды аутожарақаттың болу мүмкіндігін анықтайды: темекі тарту, тістерді үйде тазалау ережелерінің бұзылысы.
Бактериалды факторды бағалау жиі сандық әдістермен жүргізіледі, ол үшін науқастың ауыз қуысын тіс жұғындыларының болуына, сипатына, орналасуына, ауданы немесе көлеміне тексереді. Алынған ақпарат гигиенаның индексі көмегімен жүйелендіріледі және тіркеледі.
Периодонтопатогенді микрофлораны сапалы анықтау жиі жүргізілмейді, дегенмен бұл перспективті, белсенді өңделген бағыт болып табылады. Дақылда микроағзалардың бөлек түрлерінің бактериологиялық бөлінуі мүмкін, бірақ бұл көп еңбекті және қымбат бағалы әдіс. Қараңғы алаңда фаза-контрастты және жарық микроскопы көмегімен спирохеталар мен протозойларды анықтауға болады. Кейбір микроағзалардың (Bacteroides forsythus, Treponema denticola, Porphyromonas gingivalis) протеаза ферменті бар, бұл оларды ферментті талдау көмегімен анықтауға мүмкіндік береді. Ең сезімтал олардың ДНК бойынша микроағзалардың бөлек түрлерін анықтауға мүмкіндік беретін молекулярлы биология әдістері болып табылады (гибридизация әдісі және ДНК-зондты тест). Бұл тесттер үшін 1000 микробты клеткалар жеткілікті, сондықтан материалды алу процедурасы өте қарапайым: тіс қағын қағаз штифтімен алады. Оны лабораторияға жібереді, онда периодонт үшін потенциальды қауіпті микроағзалардың автоматикалық теңестіруін жүргізеді.
Басқа оральды қауіп-қатер факторларын анықтау ауыз қуысын стандартты тексеру барысында жүргізіледі. Периодонтқа мүмкін патологиялық әсердің көзқарасы бойынша зерттейді:
-
жақ-бет аймағы қызметтерінің және парафункциясының жағдайы (самай-төменгі жақ буынында қозғалыстар, шайнау, оральды әдеттер);
-
ауыз қуысы архитектоникасының ерекшеліктері (кіреберістің тереңдігі, үзбелердің, тәждердің сапасы және олардың периодонтқа бекітілу сипаты);
-
тістесу жағдайы (барлық клиникалық параметрлер бойынша тістесуді бағалау, антагонисттердің қатынасы туралы түсінік беретін окклюзионды және артикуляциялық таңбаларды анықтау, әрбір тістің периодонтына фнкциональды күштің сипаты туралы);
-
тістердің қатты тіндерінің жағдайы (окклюзионды, проксимальды және мойыналды аймақтарының тіс жегісімен бұзылу дәрежесі, реставрацияның болуы және сапасы).
Қауіп-қатер факторларының тізімін құра отырып, стоматолог оларды жою немесе минимизациялау бойынша шараларды жоспарлайды. Жоспарда міндетті түрде периодонт патологиясын алдын-алуға база болып табылатын ауыз қуысының кәсіби гигиенасының жиынтығы болады.
6.3. Периодонт ауруларын алдын-алуда ауыз қуысының гигиенасы
Кәсіби гигиенаның мазмұны және жоспарлануы
Ауыз қуысы кәсіби гигиенасының негізгі мақсаты жергілікті шаралармен периодонт тінінне микробты факторлардың патогенді әсерін жою (нақтырақ, минимизациялау) болып табылады. Сондықтан кәсіби гигиена бұл терминнің кең мағынасында стоматолог және оның командасы қызметінің екі бағытын жорамалдайды: 1) науқастың ауыз қуысының үйде жеке гигиенасының жақсы деңгейін қамтамасыз ету; 2) кәсіби әдістермен және заттармен науқастың тіс жұғындыларының барлық түрлерін алып тстау. Бұдан басқа, кәсіби гигиенаның толық жиынтығына пломбалардың салбыраңғы жиектерін дұрыстау және оларды жылтырату кіреді (табл. 6.3).
Таблица 6.3
Ауыз қуысының кәсіби гигиенасы курсының болжалды мазмұны
Келу |
Шаралар |
Заттар мен әдістер |
1-ші |
Периодонт жағдайын анықтау |
Стоматологиялық айна және зонд (периодонтальды), Шиллер-Писарев ерітіндісі |
Периодонт ауруларының қауіп-қтаер факторларын анықтау |
Стоматологиялық айна және зонд (периодонтальды), ауа пистолеті, копировальды қағаз |
|
Периодонт патологиясының жеке алдын-алу жоспарын құру |
Анамнез бен клиникалық зерттеу мәліметтері |
|
Басқарылатын қауіп-қатер факторларын жоюға науқастың мотивациясы, соның ішінде – ауыз қуысы гигиенасын жақсы деңгейде сақтауына |
Айна (видеокамера), анықталған факторлардың болжаушылық мәнін суреттейтін көрнекі нұсқаулар |
|
Гигиенаның негізгі жеке заттары мен әдістерін таңдау; науқасты оларды қолдану әдістеріне фантомда үйрету |
Гигиенаның заттарының үлкен жиынтығы және науқасқа үйрету мен көрсету үшін жақ мүсіндері |
|
2-ші |
Жеке гигиенаның ұсынылған негізгі заттарын қолданумен тістердің бақыланатын тазартуы, тазарту сапасын бағалау және анықталған техникалық қателерді дұрыстау |
Қол жуғыш және айна, бояғыштар, науқастың ауыз қуысы гигиенасының жеке негізгі заттары |
Гигиенаның қосыма жеке заттары мен әдістерін таңдау; науқасты оларды қолдану әдістеріне фантомда үйрету |
Гигиенаның қосымша заттарының үлкен жиынтығы және науқасқа үйрету мен көрсету үшін жақ мүсіндері |
|
Жақтың бір-төрт квадранттарының тістерінен тіс жұғындыларын кәсіби алып тастау |
Жансыздандыру өткізу үшін заттар, жұмсақ және минерализденген тіс жұғындыларын алып тастау үшін қол және аппаратты заттар; реставрацияны дұрыстау, жылтырату үшін заттар |
|
3-ші |
Жеке гигиенаның ұсынылған негізгі және жеке заттарын қолданумен тістердің бақыланатын тазартуы, тазарту сапасын бағалау және анықталған техникалық қателерді дұрыстау |
Қол жуғыш және айна, бояғыштар, науқастың ауыз қуысы гигиенасының жеке негізгі және қосымша заттары |
4-ші |
Жақында өңделген квадранттарда қызылиекасты аймақтарының тазалану сапасын тексеру, дұрыстау |
Жансыздандыру өткізу үшін заттар, жұмсақ және минерализденген тіс жұғындыларын алып тастау үшін қол және аппаратты заттар; реставрацияны дұрыстау, жылтырату, реминерализация үшін заттар |
5-ші |
Жақтың қалған квадранттарының тістерінен тіс жұғындыларын кәсіби алып тастау |
Жансыздандыру өткізу үшін заттар, жұмсақ және минерализденген тіс жұғындыларын алып тастау үшін қол және аппаратты заттар; реставрацияны дұрыстау, жылтырату, реминерализация үшін заттар |
Кәсіби гигиена курсының нақты мазмұны, курстың мақсатына жету үшін қажет келулер саны, мұндай курстарды қайталау жиілігі – осының бәрі науқастың жеке ерекшеліктерімен анықталады (ауыз қуысының жеке гигиенасын өткізуге оның мотивация деңгейі және гигиеналық дағдылары, тіс жұғындыларының саны мен сапасы, периодонт жағдайы). Көбінесе стоматологқа екіден төртке дейінгі келулері бірнеше күн интервалымен қажет, содан кейін науқасты екі аптадан кейін, бір айдан кейін, үш айдан кейін, жарты жылдан кейін жеке гигиена дағдыларын бақылау және дұрыстау үшін шақырады. Қанағаттанарлық гигиеналық дағдылары бар науқастар үшін кәсіби гигиена жылына бір рет жүргізілуі қажет.
Балалардың ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жоспарлау үшін келулер жиілігін есептеу сызбасы ұсынылды, ол бірнеше критерийлерге негізделеді (Э.М.Кузьмина бойынша, 1996):
-
баланың ауыз қуысы гигиенасына ата-аналардың қатысуы (белсенді – 1 балл, жеткіліксіз – 2 балл),
-
тұрақты молярлардың жағдайы (сау немес тұрақты окклюзионды беткей – 1 балл, өршіген тіс жегісі – 2 балл, толық жарып шығу – 1 балл, толық емес – 2 балл);
-
тіс жегісінің белсенділігі (сау тістер – 1 балл, жегіленген тістер – 2 балл).
Баллдарды қоса отырып, кәсіби гигиенаны өткізу үшін келулер арасындағы интервалдарды анықтайды: 4 балл кезде – 6-12 ай, 5 балл кезде – 4 ай, 6 балл кезде – 3 ай, 7 балл кезде – 2 ай, 8 балл және жоғары – 1 ай.
Периодонт патологиясын біріншілік және екіншілік алдын-алуда ауыз қуысының жеке гигиенасы
Жеке гигиена деңгейін жоғарылату үшін стандартты шаралар жүргізеді:
-
ауыз қуысының жеке гигиенасының сапасын анықтау (науқас өз үйреншікті стилінде тістерді тазартқаннан кейін жүргізіледі);
-
ауыз қуысы гигиенасына қатысты науқастың (оның отбасының) дағдылары мен білімінің деңгейін анықтау (анамнез мәліметтері және өз бетімен тазартуды бақылау негізінде жүргізіледі);
-
науқастың (және оның отбасының) интеллектуальды, физикалық және әлеуметтік-экономикалық потенциалын анықтау;
-
науқастың қажеттіліктері мен мүмкіншіліктеріне бірдей гигиенаның заттары мен әдістерін таңдау;
-
өзіне көмек жасауға науқастың (және оның отбасының) мотивациясы;
-
науқасты (және оның отбасын) ауыз қуысының үй гигиенасы әдістеріне мүсінде және ауыз қуысының бақыланатын тазартуы барысында үйрету;
-
оқыту нәтижелерін бақылау, үй гигиенасындағы зияндыларын дұрыстау.
Периодонт патологиясын біріншілік алдын-алу мақсатымен үй гигиенасын өткізу үшін алдында жазылған негізгі гигиеналық заттар мен әдістер ұсынылады, айқын патологияның симптомдары болған кезде – науқастың проблемаларына бейімделген арнайы.
Периодонт патологиясы бар науқастарға ремиссия кезеңінде орташа қаттылықты қылы бар, өршу кезеңінде және оперативті кірісулерден кейін – жұмсақ қылы бар щеткаларды қолдану ұсынылады. Периодонт патологиясының бастапқы белгілері бар адамдарға щеткамен тістерді тазартудың негізгі әдісі Басс әдісі болып табылады; қызылиектің рецессиясы кезінде Стилмен әдісі, патологиялық қалталар және тістер арасында үлкен тремалар болған кезде – Чартер әдісі ұсынылады.
Периодонт патологиясын біріншілік және екіншілік алдын-алуға арналған тіс сықпалары, шайғыштар, эликсирлер және гигиенаның басқа заттарының құрамында антисептиктер (хлоргексидин, триклозан, фенолдар және басқалар), макро- және микроэлементтер, тас түзу қарқынын төмендететін және биологиялық белсенді заттар болады.
Тіс тасының түзілуіне кедергі жасайтын агенттер. Жоғары тас түзуге бейім адамдарда тіс тіндерін механикалық өңдеудің агрессивтілік дәрежесін төмендету үшін соңғы уақыт гигиена заттарының құрамына тіс жұғындыларының қатаюын болдыртпайтын химиялық заттар кіргізеді:
-
еритін байланыстарының ішінен мырыш иондары (лактат, цитрат) кальций фосфатымен хелатты байланыстар түзуге және осылайша оның тіс жұғындысының матрицасына преципитация қарқынын төмендетуге қабілетті;
-
лимон қышқылы хелатты қасиеттерге ие (кальций иондарын байланыстырады) және кальций байланысының преципитациясын болдыртпай рН өзгертеді;
-
дифосфонаттардың фосфатты топтары кристаллдар өсуінің белсенді орталықтарында басқа иондармен бәсекелеседі және осылайша олардың одан әрі өсуін тежейді;
-
пирофосфаттар кальций фосфатының аморфты, бос шөгуінің кристаллды қатты түрлерге айналуы үрдістерін ингибирлеуге, сонымен қатар қалыптасқан тастың минеральды құрылымын модификациялауға қабілетті, осымен оның механикалық қаттылығын төмендетеді.
Табиғи текті жиынтықты минеральды тұздар – теңіз және көл балшықтары (ащы сулар), олардан экстракттар (пелоидин) – алмасу үрдістерін қалпына келтіреді, қышқылды-негізгі балансты сілтілі деңгейде ұстап тұрады, осылайша ауыз қуысының қатты және жұмсақ тіндерінде физиологиялық үрдістер үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Минеральды жиынтықтардың, сонымен қатар асқа салатын тұз бен тағам содасының жоғары концентрациясы периодонт тіндерінде қанайналымды жақсартады, қабынған тіндерден экссудаттың шығуын ынталандыра отырып, жансыздандырғыш және гипертоникалық әсерді қамтамасыз етеді. Белгілі шамада минеральды тұздар тіс жұғындыларының жоғары түзілуіне кедергі жасайды, өйткені сілекей бөлінуді ынталандырады, бұл ауыз сұйықтығы тұтқырлығының төмендеуіне әкеледі.
Биологиялық белсенді қосымшаларға ауыз қуысында трофикалық үрдістерді жақсартуға қабілетті, гемостатикалық, қабынуға қарсы, жараны жазатын әсерлер көрсететін табиғи текті препараттардың үлкен әр текті тобын жатқызады. Периодонт тінінде және кілегей қабықта алмасу үрдістерін қалпына келтіру, регенерация үрдістерін ынталандыру үшін бүрген препараттары тағайындалады – каротолин, А, Е, С дәрумендері. Көк-жасыл балдыр спирулинаның биомассасы – ауыз қуысы тіндерінің резистенттілігін жоғарылатуға септігін тигізетін, каротиноидтарға, В тобының дәрумендеріне, ақуыздарға, минеральды тұздарға бай өнім. Қоңыр балдыр ламинария сол мақсатта және микробқа қарсы әсерді әр түрлі микроэлементтер, соның ішінде йод көрсетеді. Пурпурлы эхинацеяның экстракты микроэлементтер көзі және иммуностимулятор болып табылады. Жиынтықты қасиеттерге – антисептикалық, эпителизациялық – фенхель тұқымдарының, сәбіздің, жүзімнің, аршаның, женьшен түбірінің, шалфей шөбінің, дәм қабықтың, қалампырдың, лимон және бұрыш жалбызының, базиликаның, жолжелкеннің, шпинаттың, петрушканың, сельдерейдің, зімбірдің, қазотының, эвкалиптің, шай қурайдың, софордың, түймедағының, календуланың, шалфейдің, ақшешектің экстракттары, зиренің майлы сығындылары, австралия шай ағашының майы ие. Гемостатикалық әсер үшін қалақайдың, ақшешектің, шырша және қарағай қылқанының, емен қабығының препараттары қолданылады. Өсімдік препараттарының жиынтықтарын емдік-алдын-алу және емдік тіс сықпалары, сонымен қатар бальзамдар, шаюлар, тіс майлары құрамына енгізеді, мүмкіншілігінше ауыз қуысы тіндерімен бұл белсенді заттардың ұзақ өзара әрекетін қамтамасыз ете отырып, оларды үй оральды гигиенасының ақырғы сатысында қолданады.
Өзгерген периодонты бар адамдар үшін ауыз қуысының жеке гигиенасының қосымша нәрселер, заттар мен әдістер
Қалыпты жағдайда тіс сауыттарының жанасу беткейлері мойыналды аймағында бос қызылиекпен қорғалған. Периодонттың жастық немесе патологиялық өзгерістері кезінде қызылиектің азаюы болады, және клиникалық амбразуралар түзіледі – уплощенной қызылиекте негізі бар үшбұрышты кеңістіктер, жақтары ретінде – сауыттардың проксимальды беткейлері (немесе тістердің жалаңаштанған түбірлері) және тісаралық контактты пунктінде ұшы. Мұнда жұмсақ тіс жұғындылары жеңіл түзіледі, сезілетін қолайсыздықты жасайтын тағам қалдықтары жиі тұрып қалады. Қызылиектен бос кең тісаралық кеңістіктерді тазарту, бөлек тұрған тістердің проксимальды беткейлерін өңдеу үшін әр түрлі арнайы және ең керекті нәрселерді қолданылады. Гигиена нәрселерін антисептик ерітінділерімен сіңдіру немесе сулау олардың алдын-алу мүмкіншіліктерін жоғарылатады.
Бір шоғырлы щеткалар өзінің құрылымы бойынша қарапайым щеткалардан диаметрі 1 см дейін өте кішкентай дөңгелек басшығының болуымен ерекшеленеді (сур. 6.4). Проксимальдыаралық щеткалардың конус түрінде жұмысшы алаңы бар. Щетканың өткір ұшын тісаралық кеңістікке, одан тағам қалдықтарын шығара отырып енгізеді; вибрациялық қозғалыстар кезінде конустың бүйір беткейлері тістердің проксимальды бөліктерін тазартады. 1990 жылдары электрлік моторлы интерпроксимальды щеткалар пайда болды, олардың жіңішке шоғырлары 100 айн./мин дейін қозғалыс жиілігімен контактты зоналарына бұралады.
Сур. 6.4. Контактты беткейлерді тазарту үшін щетка.
Тісаралық ершиктер – бұл кішкентай спиральды щеткалар, олардың талшықтары екі ширатылған металлды сымдар арасында бекітілген (қара сур. 6.5). Ершиктердің әр түрлі диаметрлі жұмысшы беткейінің цилиндр тәрізді және конус тәрізді түрлері бар. Ершиктің сымды сабы амбразураға енуді жеңілдету үшін иілген болуы мүмкін. Ершиктің сабын – жұқа және ұзын емес – саусақта ұстап тұру оңай емес болғандықтан, тіс щеткасының сабын еске түсіретін немесе кішкентай жазық пластикалық үшбұрыш (сопақша) түрінде келетін әр түрлі ұстағыштарды ұсынады, олардың мөлшерлері саусақта ұстап тұруға жеткілікті. Ершиктің жұмысшы бөлігін амбразураға немес тремаға енгізеді және тістердің беткейлерін қайталамалы-үдемелі қозғалыстармен тазартады. Ершиктер түбірлердің ойыс беткейлерін, тістерге бекітілген ортодонтиялық және ортопедиялық құрылымдарды өңдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Сур. 6.5. Тіс ершиктері.
Тазартушы тампондар ершиктерден олардың жұмысшы бөлігі (мақтадан) немесе синтетикалық талшықтардан шар тәрізді басшығымен ерекшеленеді. Бұл нәрселер проксимальдыаралық беткейлерді, ойыс беткейлерді, жалаңаштанған түбірлерді және олардың фуркациясын тазарту үшін жақсы, қызылиекасты аймақтарға медикаменттерді енгізу үшін қолданылуы мүмкін. Тампонның кіші диаметрі бекіген металлды ілмектің диаметрімен анықталатынын есте сақтау қажет.