Добавлен: 01.02.2019
Просмотров: 16566
Скачиваний: 27
VII тарау. Тістесу патологиясын біріншілік алдын-алу
7.1. Әр түрлі жас топтарында жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесудің қалыпты жағдайы. Тістесу жағдайының индексті бағалауы
Жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесудің қалыптасу сатылары
Жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесудің қалыптасуы құрсақішілік кезеңде басталады, бас, мойын мұшелері мен тіндерінің және барлық сүйекті-бұлшықетті жүйенің қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл үрдіс туғаннан кейін де жалғасады, негізінен 15-жасқа таман аяқталады. Қызметтер мен тістесудің қалыптасуының бес негізгі клиникалық кезеңдерін ажыратады:
І – жаңа туған нәрестелік кезең (туылғаннан 6 айға дейін);
ІІ – қалыптасушы уақытша тістесу кезеңі (6 айдан 3 жасқа дейін);
ІІІ – қалыптасқан уақытша тістесу кезеңі (3 жастан 6 жасқа дейін);
ІV – аралас тістесу кезеңі (6 жастан 12 жасқа дейін);
V - қалыптасушы тұрақты тістесу кезеңі (12 жастан 15 жасқа дейін).
Жаңа туған нәрестелік кезең баланың туылғаннан бірінші уақытiа тісінің жарып шығуына дейін жалғасады. Сагиттальды жазықтықта тіссіз жақтардың қатынасы «нәрестелік ретрогения» деп аталатын ерекшелікке ие: төменгі жақ жоғарғы жаққа қатысты артта орналасқан, қызылиек валиктерінің алдыңғы беткейлері арасында мөлшері 10 мм-ден 14 мм-ге дейін сагиттальды баспалдақ түзіледі. Жақтар жымдасқанда қызылиек валиктері барлық ұзындығында байланысады. Қызылиек валиктерінің ортаңғы сызығын белгілейтін жоғарғы және төменгі еріннің үзбелері бір вертикальды сызықта орналасады.
Қалыпты жағдайда бұл кезеңде мұрынмен тыныс алу, жұтыну – инфантильді (син. висцеральды), жұтынудың бірінші фазасында жіберуші түрткі кезінде тіл ерін немесе ұртқа тіреледі, сору, шайнау дамыған және сөйлеу қалыптаспаған.
Қалыптасушы уақытша тістесу кезеңі барлық уақытша тістер жарып шыққан уақытты алады. Бұл кезеңге тістесудің физиологиялық биіктеуінің бірінші сатысы сәйкес келеді, бұл бірінші уақытша молярлардың жарып шығуымен байланысты, сонымен қатар жақтардың белсенді өсуінің бірінші сатысы.
Сагиттальды баспалдақ өмірінің 10-12 айына таман жоғалады, сондықтан кезеңнің соңында тістесу ортогнатиялық тістесудің белгілерімен принципиальды ұқсас белгілерді иемденеді. Сагиттальды жазықтықта тістесудің келесі сипаттамалары бар:
-
жоғарғы екінші уақытша молярдың медиальды-ұрттық төмпешігі аттас төменгі тістің бірінші көлденең фиссурасында орналасады;
-
жоғарғы ит тістің ортаңғы сызығы төменгі ит тіс пен бірінші уақытша молярдың арасында проекцияланады, жоғарғы және төменгі жақтың күрек тістері сәйкес оральды және вестибулярлы беткейлерімен байланысады.
Вертикальды жазықтықта тістесуді бағалағанда қалыпты терең күрек тістік жабылу (төменгі күрек тістер жоғарғылармен сауыт биіктігінің ½-ден аса жабылады) және жоғарғы және төменгі жақ молярларының тығыз фиссурлы-төмпешікті қатынасы болып табылады.
Горизонтальды жазықтықта жақтар төменгі молярлардың вестибулярлы төмпешіктері жоғарғы молярлардың ұзына бойы фиссураларында орналасатындай болуы, жоғарғы және төменгі жақ күрек тістері арасында орталық сызық сәйкес келуі қажет.
Тіс қатарлары жартылай шеңбер түріне ие, көрші-тістердің тығыз проксимальдыаралық қатынастары болуы қажет, әрбір жақтың тістерінің кесу жиектері және шайнау беткейлері бір жазықтықта орналасуы қажет.
Уақытша күрек тістер жарып шыққаннан кейін жұтыну аралас болады (тіл жіберуші түрткі кезінде күрек тістерге тіреледі), тыныс алу мұрынмен болып қала береді, сору өмірінің 10-12 айына таман жоғалады, шайнау үш жасқа таман біртіндеп қалыптасады, сөйлеу даму сатысында болады.
Қалыптасқан уақытша тістесу кезеңі баланың үш жасынан басталады және бірінші тұрақты молярдың жарып шығу мерзіміне дейін жалғасады. Бұл кезеңде жақтардың қалыпты қатынасының келесі сипаттамалары бар: сагиттальды жазықтықта алдыңғы кезеңнің сипаттамалары сақталады, вертикальды жазықтықта – күрек тістік жабылу төмендейді және тіпті толық жойылады (күрек тістер тіке жымдасады), горизонтальды жазықтықта қалыпты жағдайдың белгілері өзгермейді.
Тіс қатарлары жартылай шеңбер түрін сақтайды, жақтардың өсуіне байланысты тістер арасында тремалар және диастемалар пайда болады. Төрт жастан бастап уақытша тістердің төмпешіктерінің қажалуы басталады.
Бұл кезеңде жақ-бет аймағының қызметтерінің келесі сипаттамалары бар: тыныс алу – мұрынмен, жұтыну – соматикалық, шайнау – белсенді, сөйлеу кезеңнің аяғында қалыптасқан болуы қажет.
Аралас тістесу кезеңі уақытша тістердің тұрақтымен ауысуы және бірінші және екінші молярлардың шарып шығуы уақытымен сәйкес келеді. Бірінші молярлардың жарып шығуына байланысты тістесудің физиологиялық биіктеуінің екінші сатысын, тұрақты ит тістер мен тұрақты екінші молярлардың жарып шығуына байланысты – үшінші сатысын белгілейді. Тістесудің физиологиялық биіктеуінің сатыларына жақтардың белсенді өсуінің екінші және үшінші сатылары сәйкес келеді.
Тұрақты бірінші моляр шарып шыққаннан кейін төменгі жақтың доғасы парабола, жоғарғы жақтың доғасы – жартылай эллипс түріне ие болады. Бұл кезеңнің соңында тремалар мен диастемалар жойылады, қалыпты тістесу тұрақты ортогнатиялық тістесуге тән сипаттамаларға ие болады.
Бұл кезеңде жақ-бет аймағының қызметтері біржолата қалыптасқан болуы қажет.
Қалыптасушы тұрақты тістесу кезеңін бұл уақытта тұрақты тістер түбірлерінің және оларды қоршап жатқан тіндердің қалыптасуы аяқталуына байланысты бөледі. Бұл кезеңде тістесудің клиникалық белгілері және жақ-бет аймағы қызметтерінің жағдайы ересек адамның қалыпты жағдайына сәйкес келуі керек.
Тістесу жағдайын бағалау және емдеуге қажеттіліктер
Жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесу жағдайын клиникалық зерттеудің негіздері бұрын талқыланды, ортодонтиялық тәжірибеде жақ мүсіндірінің, рентген суреттемелерінің математикалық талдауымен толықтырылады. Тістесу патологиясының ауырлығын, таралуын және ортодонтиялық емдеуге қажеттіліктерін эпидемиологиялық зерттеу үшін ДДҰ дентальды эстетикалық DAI индексін (Dental Aesthetic Index, 1997) қолдануды ұсынады (табл. 7.1). Индекс тұрақты тістесуді бағалау үшін, көбінесе 12 жастан кейін қолданылады. Тістесу 10 позиция бойынша бағаланады, олар негізгі мүмкін болатын проблемаларды қамтиды: күлкі зонасында тістердің болмауы, күрек тістердің аномальды орналасуы (тығыз орналасуы, тремалар), фронтальды және бүйір бөлімдерде сияқты сагиттальды және вертикальды жазықтықтарда жоғарғы және төменгі жақ тістерінің дұрыс емес қатынасы.
Позициялар абсолютті сандарда, шартты баллдарда, миллиметрлерде бағаланады. Алынған сандық мәндерді қандай да бір позицияның клиникалық маңыздылығының дәрежесіне сәйкес өңдейді: жоқ тістер санын 6-ға, диастеманың мөлшерін – 3-ке, жоғарғы жақ жабылуының мөлшерін – 2-ге, төменгі жақ жабылуының мөлшерін – 4-ке, алдыңғы вертикальды саңылаудың мөлшерін – 4-ке, молярлардың алдыңғы-артқы қатынасының кодын – 3-ке көбейтеді; фронтальды сегменттерде тығыз орналасу мен ара қашықтықтардың кодтары, сонымен қатар екі жақтың алдыңғы бөлімдерінде ауытқудың мөлшерлері өзгертілмейді. Өңделген бағалардың жалпы мәні – индексі – мына түрде бағаланады:
-
25 баллдан төмен – проблемалардың минимальды деңгейі; емдеу қажет емес;
-
26-30 – проблемалар анық, орташа ауырлықта; емдеу таңдамалы жүргізіледі;
-
31-35 – ауыр патология; емдеу өте қажет;
-
36-дан жоғары - өте ауыр патология; емдеу міндетті түрде.
Таблица 7.1
DAI индексі
|
Белгі |
Бағалау принципі |
Ескерту |
DAI индексін есептеу үшін көрсеткішті өңдеу |
|
1 |
Күлкі зонасында тістердің болмауы |
Жоқ күрек тістердің, ит тістердің және премолярлардың санын есептеу |
Тіс жоқ болып саналмайды, егер оның орны алдындағы уақытша тіспен, басқа тіспен немесе протезбен |
х6 |
|
2 |
Фронтальды бөлімде тістердің тығыз орналасуы |
0 – тығыз орналасу жоқ; 1 – бір жақтың күрек тістерінің тығыз орналасуы; 2 – екі жақтың күрек тістерінің тығыз орналасуы |
Тығыз орналасу кезінде күрек тістер бұрылған немесе доғадан тыс орналасқан болуы мүмкін; күдік болғанда кіші кодты тіркейді |
- |
|
3 |
Фронтальды бөлімде тістер арасында кеңістіктер |
0 – кеңістік жоқ; 1 – бір жақтың күрек тістері арасында кеңістіктер; 2 – екі жақтың күрек тістері арасында кеңістіктер |
Күдік болғанда кіші кодты тіркейді |
- |
|
4 |
Диастема |
Екі орталық күрек тістердің медиальды беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар) |
Өлшеуді күрек тістер сауытының кез келген деңгейінде жүргізеді |
х3 |
|
5 |
Доғада жоғарғы жақ күрек тістерінің қалыпты жағдайдан ең үлкен ауытқуы |
Ауытқыған күрек тіс пен көрші күрек тістің вестибулярлы беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)
|
Өлшеуді периодонтальды зонд көмегімен күрек тістердің бұрылуы немесе олардың доғадан тыс орналасуы жағдайында жүргізеді |
- |
|
6 |
Доғада төменгі жақ күрек тістерінің қалыпты жағдайдан ең үлкен ауытқуы |
Ауытқыған күрек тіс пен көрші күрек тістің вестибулярлы беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар) |
Өлшеуді периодонтальды зонд көмегімен күрек тістердің бұрылуы немесе олардың доғадан тыс орналасуы жағдайында жүргізеді |
- |
|
7 |
Алдыңғы жоғарғы жақтық жабылу |
Ең шығыңқы жоғарғы күрек тістің еріндік-кескіш жиегінен антагонист-төменгі күрек тістің еріндік беткейіне дейінгі ара қашықтық (мм, бүтін сандар) |
|
Өлшеу орталық окклюзия жағдайында периодонтальды зонд көмегімен жүргізіледі |
х2 |
8 |
Алдыңғы төменгі жақтық жабылу |
Ең шығыңқы жоғарғы күрек тістің еріндік-кескіш жиегінен антагонист-төменгі күрек тістің еріндік беткейіне дейінгі ара қашықтық (мм, бүтін сандар) |
|
Өлшеу күрек тістердің кері жабылуы жағдайында, периодонтальды зонд көмегімен орталық окклюзия жағдайында жүргізіледі |
х4 |
9 |
Вертикальды алдыңғы саңылау |
Жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінің кескіш жиектері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар) |
|
Өлшеуді ашық тістесу кезінде периодонтальды зонд көмегімен орталық окклюзия жағдайында жүргізеді |
х4 |
10 |
Молярлардың алдыңғы артқы қатынасы |
0 – қалыпты
1 – қалыптыдан төмпешіктің ½-не ығысуы
2 – толық төмпешікке ығысуы
|
Жақтардың қатынасын зерттеуді орталық окклюзия жағдайында жүргізеді |
х3 |
Тістесу патологиясының этиологиясы мен патогенезінің негіздері. Тістесу патологиясын алдын-алудың негізгі бағыттары
Қалыпты тістесу патологиялыққа қарағанда өкінішке орай сирек кездеседі, тұрғындардың 30%-нан жоғары анықталады, мәдениеттіліктің жетістіктері статистиканы жақсартпайды. Тістесудің жағдайы олардың қалыптасуының әр түрлі кезеңдерінде жақ-бет аймағының әр түрлі тіндеріне әсер ететін факторлардың күрделі жиынтығымен анықталады (сур. 7.1).
Жақ-бет аймағының тіндері
Сызбаның өзегі жақ-бет аймағының тіндері болып табылады, олар қандай да бір жағымсыз әсерлерге ұшырайды және тістесу қалыпты жағдайдан ауытқиды. Патологиялық өзгерген тіндер мен мүшелер басқа түзілістерге жағымсыз әсер етеді және патологияның одан әрі күшеюіне «ішкі» себепші фактор болып табылады.
Тістер тістесудің функциональды және эстетикалық сипаттамаларын анықтайтын негізгі элементтер болып табылады. Патология кезінде келесі ауытқулар болуы мүмкін:
-
мөлшерінің өзгеруі: асакомплектті тістер, олигодонтия, адентия;
-
тіс сауыттары түрлерінің (анатомиялық белгі бойынша тісті ерекшелейтін кез келген) және оның габаритті мөлшерлерінің (микродентия, макродентия) өзгеруі;
-
доғада тістер орналасуының өзгеруі: дұрыс орналасудан жоғары немесе төмен (супра- немесе инфраорналасу), оральды немесе вестибулярлы, осі бойынша айналу (тортоаномалия) немесе осьтен ауытқуымен.
Себептер мен
жағдайлар:
-тұқымқуалаушылық
-белгісіз тұқымды
даму ақаулары
-аурулар
-жарақат
-басқа сыртқы және
ішкі
-механикалық
әсерлер
(қызметтер, жағымсыз
әдеттер)
Фактордың әсер
ету уақыты:
-пре- немесе
постнатальды
-жедел немесе
созылмалы
-үздікті немесе
тұрақты
Сур. 7.1. Тістесу патологиясы қалыптасуының негізгі сызбасы.
Шеміршектер мен сүйектер. Негізінде жақ-бет аймағы сүйектері қалыптасатын шеміршектер екі әр түрлі түрге жатады, олар сыртқы әсерлерден әр түрлі байланысты. Біріншілік шеміршектер матрица негізінде дамиды және бұл үрдісте тек генетикалық және нейрогуморальды факторларға бағынады. Осындай мұрын пердесінің шеміршектері, қанат тәрізді сүйектің денесі мен қанаттары арасындағы шеміршек, қанат тәрізді-шүйде синхондроз және т.б. Екіншілік шеміршектер матрицасыз дамиды және жергілікті факторлармен, соның ішінде механикалық қысым мен күшпен «қайта мүсінделген» болуы мүмкін. Сондықтан төменгі жақтың буын бүртікті және тәжді өсінділерінің, оның бұрыштық шеміршегінің, ортаңғы таңдай шеміршегінің, бассүйек-бет тігісетрінің және екіншілік шеміршектердің басқа зоналарының қалыптасуы жақ-бет аймағы қызметтернің сапасымен, жағымсыз әдеттермен және т.б. анықталады. Біріншілік және екіншілік шеміршектердің патологиялық қалыптасуы нәтижесінде сүйектердің тығыздығы, мөлшерлері, формасы өзгеруі мүмкін, бұл тістесу бұзылысына әкеледі.
Шайнау аппаратының дамуы мен қызмет етуіне қатынасы бар нейробұлшықеттік жиынтығына шайнау және мимикалық мускуратура, тілдің сыртқы және жеке бұлшықеттері кіреді. Бұл бұлшықеттердің сезімтал және қозғалтқыш нервтелуін үшкіл, бет, аралық, тілжұтқыншақ, кезеген және тіласты нервтері қамтамасыз етеді. Нейробұлшықеттік жиынтық сүйектің әр түрлі бөліктеріне күш немесе қысымды қамтамасыз етеді және осылайша екіншілік шеміршектер мен сүйекті тіндердің дамуына әсер етеді, жақтардың өзара орналасуын анықтайды. Бұлшықеттер тонусының (гипертонус, гипотония, атония) және олардың массаларының (гипертрофия, атрофия) патологиялық өзгерісі кезінде жақ-бет аймағы қызметтерінің – жұтыну, тыныс алу, сөйлеу, шайнау, мимика орындалуы өзгереді. Бұл кезде жақ сүйектеріне қалыптасушы антагонистік қысым көрсететін бұлшықеттердің өзара әрекетінде тепе-теңдік бұзылады (мысалы, тілдің бұлшықеттері жақ сүйектерінің дамуын ынталандырады, ал мимикалық бұлшықеттер олардың өсуін кідіртеді), жақтар бөліктерінің деформациясы пайда болады.
Тістесудің қалыптасуына қатысатын бұлшықеттік емес жұмсақ тіндер, - байланыстырушы аппарат және самай-төменгі жақ буыны мен периодонттың синовиальды тіні, еріндер мен тілдің үзбелері, ұрттық тәждер. Қалыпты жағдайда бұл түзілістер «тістесу» түсінігіне жататын тіндер жиынтығының қызметтері мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Буын тіндерінің патологиясы кезінде жоғарғы және төменгі жақ қатынасы өзегереді, осылай тістесу бұзылады. Периодонт тіндерінің аурулары кезінде бөлек тістердің орналасуы және тұрақтылығы өзгереді, бұлшықеттік қызметтер бұзылады, бұл тістесудің көптеген сипаттамаларына әсер етеді. Еріннің, тілдің үзбелері және ұрттық тәждері сүйектысына қосылған және тығыз қатарға жымдасуға мүмкіндік бермей, көрші тістерді бөлетін болса тістесудің қалыптасуына жағымсыз роль атқарады (мұндай үзбелерді кесу туралы шешім көбінесе ит тістер ауысқаннан кейін қабылданады, хирургиялық кірісуді диастеманы ортодонтиялық емдеумен қоса).
Патологиялық тістесудің қалыптасу себептері және жағдайлары
Патологиялық тістесудің қалыптасуын анықтайтын себептер мен жағдайлардың тізімін тіс-жақ ауытқуларымен ерекшеленген тұқымқуалаушылық ашады. Генетикалық патологияға тістесу бұзылыстарының 30-70% жағдайлары жатады, оларды шын өмірде біріншілік алдын-алу шараларымен бодыртпау қиын.
Басқарылмайтын жағымсыз факторлардың басқа тобы құрсақішілік даму кезеңінде әсер етеді және белгісіз табиғаттағы ақаулардың дамуына әкеледі: сүйектердің бітіспеуі, бұлшықеттердің толық дамымауы, микрогнатия, олигодентия және т.б.
Жүйелі аурулар бала өмірінің антенатальды және постнатальды кезеңдерінде тістесу қалыптасуының қарқынын бәсеңдетуі және кейбір жағдайларда оның сапасын өзгертуі мүмкін. Тістесудің бұзылыстары нейропатия, нейробұлшықеттік бұзылыстар, сколиоз, спинальды патология нәтижесі болуы мүмкін. Ұрықтың эндокринді патологиясы сүйекті тігістердің бітісу және тістердің шарып шығу мерзімдеріне әсер етуі мүмкін. Тістесудің қалыптасу кезеңінде ЛОР-аймағы аурулары жақ-бет аймағының бірқатар қызметтерінің бұзылыстарымен қолайсыз (тыныс алу, жұтыну, сөйлеу және т.б.), бұл тістесудің сапасына қатты әсер етуі мүмкін. Сондықтан тістесу бұзылыстарының біріншілік алдын-алу шараларына отбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру, жүктіліктің жоспарлануы және курациясы, баланы шынықтыру, соматикалық және ЛОР-патологияны ерте анықтау және сапалы емдеу.