ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 442
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ.....................................................................................................................31 ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ.........51.1 Электронды үкімет порталының қоғамдағы рөлі және интеграция ұғымы........................................................................................................................91.2 Электронды үкімет порталының ЖОО үшін маңызы мен қажеттілігі.......142 ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫН ЖОО-МЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІ.................................................................................................................172.1 Оңтүстік аймақ бойынша электронды үкімет порталының қолданылуын саралау.....................................................................................................................233 ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫНЫҢ ЖОО-МЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ................................................................................293.1 Электронды үкімет порталының даму барысы.........................................333.2 Электронды үкімет порталының ЖОО-да қолданылу мақсатында шет елдік тәжірибемен алмасу.....................................................................................37ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................41 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................43КІРІСПЕ Әрбір мемлекеттің өзіндік тұғырлы тарихы бар. Мемлекеттің өткені, бүгіні және болашаққа деген жоспарымен, ұмтылысымен ерекшеленеді. Еліміздің дамып, өркендеуі үшін айқын мақсат қоя білуіміз шарт. Осы орайда, Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында мемлекеттік басқару сапасын арттыру үшін мемлекеттік қызметті реформалау және оны кәсібилендіру жұмысын жүргізу арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында сегіз басымдықтың бірі ретінде мемлекеттік қызмет сапасын арттыру арқылы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Мемлекеттік қызмет ретінде елдегі кез келген саланы алуға болады. Мысалы, денсаулық, экономика, ішкі және сыртқы сала. Соның ішінде білім саласын ерекше атап өтейік. Білім саласы мемлекеттің ең басты қажеттілігі. Бұл саланы дамытуда да, ондағы көрсетілетін қызметте де өзіндік бағыттары мен құралдары бар. Мемлекеттік қызметтің ұйымдық-құқықтық реттелуі, қызметшілер жұмысының тиімділігі және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс екендігін ескерсек, мемлекеттік қызмет сапасын көтеру мен қарапайым халыққа оңай әрі жылдам пайдалана алуын арттыру
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, еліміздің одан әрі өркендеуі, халқымыздың әл-ауқатының артуы, құқықтық нормаларының жүзеге асуы сияқты көріністері негіз болады деп санаймыз. Бүгінгі таңда кез келген ЖОО-на ең өзекті мәселенің бірі – қажетті құжаттардың тиімді жүзеге асуы. Мысалы, мектеп түлегі жаңа өмірін қалыптастыру үшін міндетті түрде бірнеше құжат жасақтауы өткен уақытымыздан келе жатқан дәстүр. Қарапайым қағазды алу үшін де мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырып жүргендері де ең өзекті мәселенің бірі. Тіпті, мектеп өмірінде де іс-қағаздар жұмысы толығымен электронды сипатқа көшпеді. Ал, «Цифрлы Қазақстанды» қалыптастыру, жаңару процесін жүргізу бүгіннен басталады. Жалпы, жобаның зерттеу мақсаты ЖОО-ның бизнес-процестерін электронды үкімет порталымен интеграциялау арқылы жұмыс үдерісін оңтайландыру және қағазбастылықтан арылту.Ол үшін біз келесідей зерттеу міндеттерін қарастыруды жөн деп санадық:- ЖОО-ның жұмыс үдерісіндегі проблемаларды анықтау;- ЖОО-ғы анықталған проблемаларды оңтайландыру әдістерін зерттеу;- ЖОО студенттері арасында электронды үкімет порталының қызметтеріне жүгіну жиілігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізу;- ЖОО-на жаңадан жұмысқа қабылдау және шығару бойынша электронды форматқа көшіруді жетілдіру;- Электронды үкімет порталының базасына жаңа қызмет түрін еңгізудің мүмкіндігін бағалау;Сонымен, мемлекет ішіндегі көрсетілетін әрбір қызмет – сол елдің тұрғылықты тұрғындарына қызмет ететін органдар мен аппараттардың кәсіптік қызметі болып табылады.Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар мен азаматшаның мәртебесі ерекше. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін және қызметті беруші мен алушы арасындағы әрекетті жеңілдету аясында 2004 жылы 10 қарашада еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Электронды үкіметті қалыптастыру» бағдарламасы енгізіліп, 2006 жылы сәуір айында «www.egov.kz» порталы іске қосылды. Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологияны дамытумен кез келген қызметті алушы мен беруші арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру, жеңілдік жасау, қарапайым, әрі түсінікті болуы үшін «Электронды үкімет» ұғымы енгізілді.
Электронды үкімет – дегеніміз мемлекеттің барлық қызметін автоматтандыру, жаңа технология арқылы қызмет сапасын жақсарту. Ел билігінің, басқару саласының тиімділігін арттыру. Кезекке тұру, ұзақ уақыт бойы шешілмеген түйінді мәселелерді шешу сынды мәселелерді шешу үшін қолданылады. Қысқаша айтқанда, электронды құжат болып табылады. Ал, Еgov.kz – бұл мемлекеттік қызмет сапасын жақсартатын ауқымды жоба және қажеттілігі мол портал [1].Зерттеу тақырыбының өзектілігі болып ТМД елдері арасында алдыңғы қатарлы болып табылатын Электронды үкімет порталының мүмкіндіктерін ЖОО-ның жұмыс үдерісіне енгізу және жетілдіру болып табылады.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 14 сәуіріндегі мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Жобаны жүзеге асыра отырып, Президентің жарлығын ЖОО-ны мен электронды үкімет порталымен интеграциялау арқылы жүзеге асыруға болады.Жобадан күтілетін нәтиже университет ішіндегі бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тұтынушылар мен қызмет көрсету сапасын арттыру, қағазбастылықтан арылу.1 ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫКез келген кезеңнің, дәуірдің қарқынды даму процесі болады. Тіпті, тайпа көсемі де қарамағындағы қара халықпен өзара келісім жүргізіп отырған. Арнайы құжаттар жасаумен қатар бітімгерлікті ертеде хабаршы арқылы, уақыт өте келе қағаз жүзіне көшіп дамып келген. ХVIII-ХІХ ғасырда келісімдер мен орган қызметтері қағаз жүзінде дамыды. Бірақ заман талабына сай өмір сүрген әлдеқайда тиімдірек екенін сөз еткен жөн.Азия мен Европа елдерінің даму үдерісі өте жоғары деңгейде. Бүгінде алдыңғы дамыған елдерде қағазбастылық мәселесін мүлдем байқамайсың. Ал біздің ел мен жер үшін де қағазбастылықты жоюдың ең үлкен қажетті құралы электронды нұсқада құжаттар тізгіні және оларды жинақтайтын портал болуы. Қысқаша айтқанда электронды үкімет порталының дамуы.Сонымен, электрондық үкімет дегеніміз не?! Электронды үкімет сөзін естігенде, есімізге жаңа замандағы ақпараттық технологиялар мен электронды жазбалар елестеуі анық. Ол заманауи құралдар арқылы өзара келісімді жүзеге асыратын, ел мен органдар арасындағы, мемлекеттік қызметтер арасындағы әрекеттестіктің жаңа механизмі болып табылады. Расында, бүгінгі таңда құжаттар тізгінін жинақтау барысында кезекке тұрып, анықтама және жеке куәлік, рұқсат сұрау құжаттары, мүлікті растайтын құжаттарды және сол секілді ең қажетті қағаздарды алу жеңілдей түсті. Электронды үкімет порталы енбей тұра, алдын-ала кезекке тұрып, психологиялық және физиологиялық күш салатын едік. Қарапайым тілде айтқанда, таңертең берілуі тиіс құжатты мерзімінен кеш жеткізуші едік. Кез келген жергілікті тұрғын үшін құжатқа қол жеткізу үлкен шыдамдылықты талап етуші еді.
Қазіргі уақытта бағдарлама әрбір саланың қарқынды іске асуына оң ықпалын тигізуде. Әйтсе де, қызмет көрсету құралдары мен тетік тізгінін баса алмайтын, өз қажеттілігіне қолдана алмайтын қарапайым ауыл тұрғындары бар. Тіпті, құзырлы мемлекеттік органдарға барып, ұзақ уақыт кезегін күтіп жүргендер қаншама... Арнайы құжатты алу үшін өзара келіспеушіліктер орын алуда. Зейнет жасына шығуы тиіс үлкен азаматтар мен азаматша қауымы өткізуі керек қағазды, яғни құжатты электронды жаңа жүйеде жұмыс атқаруды біле бермейді. Жеке мүлік пен жеке басты куәландыратын құжат, үй құжаттары, т.б. сол секілді қажетті қағаздарды алу, жіберу, пайдалану барысында түсініспеушілік туатыны тағы бар. Осы орайда, мұндай келеңсіздіктерден арылу үшін мемлекет тарапынан жүргізілетін саясат маңызды рөл атқарады. Заманауи құралдың бірі электронды іс жүргізу. Бұл жүйе тиімді түрде жүзеге асуы үшін елдің, яки халықтың уақытын үнемдеуге үндеу қажет. Халыққа қызмет ету, көмек көрсету орталығы электрондық үкімет порталы туралы елдің электрондық цифрлық жеке таңба алуы үшін қызмет етеді. Кез келген мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметті үй сыртына шықпай, заманауи электронды портал арқылы іске асыруға болады. Ақпараттық -коммуникациялық технологияны кеңінен қолдану арқылы барлық мәселені шешуге болады. Электронды үкімет - дегеніміз мемлекеттік құзырлы орган мен тұрғындардың өзара және жаңа сипаттағы ең қолжетімді байланыс көпірі.Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті құру жаңа идеясы әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан көру мақсатында пайда болған. Бұл жайында 2004 жылы қарашаның 10-жұлдызында электронды үкіметті ендіру туралы «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен бекітілген.Жалпы, бағдарламаның жүзеге асуы төмендегі кезеңдерден жоспарланғаны анық:1 - сурет - Электронды үкімет порталының кезеңдері.Бұл бағдарлама 2005 жылы жүзеге асып, екі жылдың ішінде электрондық үкімет инфрақұрылымын қалыптастырып, жаңа базалық құрамдас бөлігі пайда болды. Атап айтқанда, веб-портал, ведомствоаралық электронды құжат, куәландырушы орталық, шлюз және тағы сол секілді. 2007 жылы барлық тұрғын бірыңғай тізімге еніп, жеке және заңды тұлға болып, екі сипатта мемлекеттік деректер қорына ене отыра, қызметін пайдалану процесі іске қосылды. Веб-портал арқылы мемлекеттік орган жиырма интерактивті қызметтерді жүзеге асырды. Сонымен қатар, электрондық үкімет даму мақсатында «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске қосылды. Мұнда электрондық үкімет базалық сипаттағы инфрақұрылымы туралы, оған қол жеткізу тетігін дамыту сынды ең ауқымды мақсаттар легі алға қойылды. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік маңызы бар мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтің ұсыну үдерісі, сондай-ақ тиімділі мен сапасы арту аясында электрондық үкіметтің маңызды құрамдас бөліктері дамыды.
Келесі кезеңнің ең басты алғышарты, яғни транзакциялық кезең «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЖ құру болды. Осы орайда, кез келген кәсіпкер кеңсесінен шықпай-ақ барлық тендерге қатысу мүмкіндігі туады. 2010 жылдың қаңтар айының 10-күні мемлекеттік сатып алулар http://www.goszakup.gov.kz/. осы портал арқылы электрондық қалыпта баға ұсынымын жүзеге асырды. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды қажеттіліктерінің бірі болып саналады. Яки, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің бірі ретінде саналады. 2006 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мамыр айының 17 «Халықаралық ақпараттық қоғам күні» деп белгілеп кетті. Мұның өзі Қазақстанның даму үдерісінің қарқынды жүріп жатқандығының бір белгісі. Әлемдік ауқымда жүргізілу процесіндегі заманға сай үрдіс пен жаңа өркениеттің жаңаша көшінен қалмай келе жатқандығының көрінісі.Қазіргі таңда жеріміз бен елімізде кез келген саланы ақпараттандыру процесі жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Оған басты дәлел электрондық үкіметтің жүзеге асып жатқандығы.Бұл бағдарлама мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлықты жоюға өз септігін аз да болса мүмкіндік берді.Себебі, қағазбастылық заманда барлығы құжат алу үшін, өз кезеңін келісіммен алатыны анық. Ал, қағазбастылықты жоюдың ең маңызды құралы ретінде электрондық үкіметті алуға болады. Барлық өңірде электрондық құжат үдерісі енгізілді. Жалпы, электронды үкімет артықшылығы – ақпараттық даму, жаңа технологияларды қолдану арқылы мемлекеттік қызмет пен орган жұмысын жеңілдету, қарапайым халықтың жағдайын жасау. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа үлкен тосқауыл болу. «Қазақстан Республикасының 2005-2007 мен 2008-2010 жылдарға арналған Электронды үкімет құру туралы» бағдарламасы ауқымында әр түрлі электронды қызмет көрсету жылдамдығы жеңіл әрі қолжетімді сипатта іске асырылды. Электронды үкіметтің басты құралы ретінде http://egov.kz порталын айтуға болады.Электронды үкіметті әкелудің басты инфрақұрылымы электрондық демократия сөзімен байланысты екені мәлім. Бұл анықтамалар жиі жағдайда синоним ретінде қолданылады. Бірақ, электронды демократия деп халықтың шешім қабылдауда ақпараттық технологияны қолдануын айтамыз. Бұл дегеніміз, мемлекеттік органдардың қызметтерін қолдануда, мемлекеттік билікте шешім қабылдауда өз көз қарастарын білдіру, қабылданған шешімдерге қол жеткізу, мемлекетте болып жатқан процесстерге өз әсерлерін тигізу, өз құқықтарын ұсыну және қорғау. Бұл екі анықтама бір-бірімен үздіксіз байланысқан және дамуда.