Файл: 1. 35 жастаы ер адам стационарды абылдау бліміне жедел жрдеммен жрви, жедел аппендецит болжамды диагнозымен тсті. Науас дене ызуыны ктерілеуіне,ішіні ауыруына шаымданады..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 350

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


A)*өт ағуының

B)панкреатикалық сөл ағысының

C)біріңғай салалы бұлшықеттер тонусының төмендеуі

D)қан құрамындағы холестерин мөлшерінің жоғарлауы

E)асқазан сөлі секрециясының жоғарлауы

147. Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындауы қажет. Қолын

залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет:

A)гигиеналық

B)әлеуметтік

C)қолды өңдеу қажет емес

D)*хирургиялық

E)спиртті салфеткамен сүрту

148.Іріңді жарақатқа дренажды қандай мақсатпен енгізеді?

A. тампонаданы жүргізу

B. жылдамдатылған эпителизация

C. *бөлініс ағысын қамтамасыз ету

D. қан кетуді тоқтату

E. ісіну мен экссудацияны азайту

149. Ер адам, 23 жаста жарты сағат бұрын оң аяқтың табан -сирақ буынын сыртқа қарай қайырып алғанын анықтады. Объективті: айқын ісіну, буынының ауырсынуы, вальгустық деформация. Табан-сирақ буынының қатты ауырсынуының салдарынан қозғалысы мүмкін емес. Ауруханаға дейінгі кезеңде науқасқа көмек жүргізу тактикасы?

A)иммобилизация, тыныс алу аналептиктерін енгізу

B)ауырсынуды басу, АҚК (ОЦК) толықтыру, транспортировка

C)*ауырсынуды басу, иммобилизация, транспортировка

D)репозиция, иммобилизация, транспортировка

E)седация, ауырсынуды басу, транспортировка

150.Инсульттің жедел кезеңінде мейіргер науқастың санасын, жағдайын, қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, тыныс алуын қандай жиілікте тексереді?

A)күн сайын

B)тәулігіне 1 рет

C)әр 8 сағат сайын

D)әр 5 сағат сайын

E)*әр 2 сағат сайын

151. Егер ем-шара жүргізу кезінде науқас жүрек айнуын, бас ауруын, бас

айналуды сезінсе, мейіргер қандай әрекеттерді жасауы керек:

A)дәрігерді шақыру

B)*ем -шараны тоқтату

C)аппараттың жүктемесін азайту

D)науқасты тыныштандырып, процедураны жалғастырыңыз

E)науқасты жатқызып және терезені ашады

152.Гемотрансфузиядан кейін пациенттің белінің ауруы, бас ауруы, айналуы, жалпы әлсіздік пайда болды. Бұл ненің көрсеткіші?

A)геморрагиялық шок


B)цитраттық шок

C)анафилактикалық реакция

D)*қан құюдан кейінгі реакция

E)кардиогенді шок

153. Инсульт алған науқас үйде туыстарының бақылауында, үйге барған кезде мейіргер ойылудың алғашқы белгілерінің пайда болғанын анықтады. Науқас өзін жақсы сезінеді. Мейіргер асқынулардың алдын алу үшін қандай нұсқаулар береді:

А. Пациенттің позициясын әр 4 сағат сайын өзгертіңіз

В. Пациенттің позициясын әр 5 сағат сайын өзгертіңіз

С. Пациенттің позициясын әр 7 сағат сайын өзгертіңіз

D. *Пациенттің позициясын әр 2 сағат сайын өзгертіңіз

Е. Пациенттің позициясын әр 8 сағат сайын өзгертіңіз

154.Бүкіл денеге таралған жайылмалы ісіну қалай аталады?

A)*анасарка

B)асцит

C)гидроперикард

D)гидроторакс

E)пневмоторакс

155. Сегізкөз аймағында науқаста жара пайда болды, ылғалдану байқалады. Тексеру кезінде терінің, тері астындағы майдың тұтастығы бұзылады және бұлшықет қабаты көрінеді. Жұмсақ тіндердің зақымдану түрін анықтаңыз

А. Терінің баздануы (опрелости)

В. *3 дәрежелі ойылу

С. Дерматит

D. 1 дәрежелі ойылу

С. Мацерация

156. Науқас ұзақ уақыт төсекте болуға мәжбүр. Аяқ тамырларындағы қан ағымын басына қарай қамтамасыз ету және тромбоэмболияның алдын алу үшін төсектегі қандай қалып ұсынылады?

А. Симс

В. Жоғары Фаулер

С. Төменгі Фаулер

D. *Тренделенбург

С. Ортопноэ

157.Балалардын бас айналымының өлшемі қай жасқа дейін өлшенеді?

A)*1 жас

B)2 жас

C)Зжас

D)4 жас

E)5 жас

158. Ұл бала, 3 жаста. Анасының сөздерінен: тәулік ішінде жағдайы нашарлаған, дене қызуы күрт 39,0 С дейін жоғарлаған, бас ауруы, бөртпе, қышу, мазасыздыққа шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Дене терісі, бастың шашты бөлімдерінде ішінде түссіз, мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер анықталған, диаметрі 1 см дейін, кейбіреулерінде кепкен қабыршақ бар. ТАЖ- минутына 34 рет. Өкпеде: везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Сіздің болжамыңыз:

A)қызамық

B)скарлатина

C)полиомиелит

D)*желшешек

E)вирусты паротит

159.Ұл бала 2 айлық. Екінші жүктіліктен мерзімінде туылған. Ана сүтін емеді. Тексеру кезінде учаскелік дәрігер-педиатр мынадай қорытындыға келді: сәбидің жүйке-психикалық дамуы өз жасына сәйкес келедіОсы сәбидің жүйке-психикалық дамуын төменде берілген көрсеткіштердің қайсысы сипаттайды?



A. басын ұстауға тырысады, уілдейді

B.бүйірге аунайды, уілдейді

C. басын ұстай алмайды, уілдемейді

D. *басын нық ұстайды, күледі

E. басын ұстай алады, ойыншықтарды ұстайды

160.6 жастағы ұл бала,анасының айтуы бойынша7 сағат бұрын ауырып қалған, температурасы 38,9°С дейін жоғарылаған, бірнеше мәрте құсу, қатты бас ауруы. Қарау кезіндежағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Бала әлсіз. Тері жабындылары бозарған, аяқтары мен жамбас аймақтарында дене беткейіне шығып тұратын, геморрагиялық бөртпе анықталған, кей жерлерде бірігіп кеткен. Желке бұлшық еттерінің регидтілігі анықталады. Қай ауру жөнінде ойлауға болады?

A. Қызылша (корь)

B.желшешек

C. Дерматит

D. *менингит

E.миозит

161. 2 күндік нәресте.Анасының шағымы жоқ. Анамнезінде: мерзімі жетілген І-ші жүктілік, Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл. Бала ана сүтімен қоректендіріледі. Нәрестенің физикалық дамуын бағалау үшін жүргізіледі?

A)*антропометрия жүргізу

B)термометрия жүргізу

C)глюкозометрия жүргізу

D)РН-метрия жүргізу

E)тонометрия жүргізу

162.Жатыр мойнын айнамен қарау жүктіліктің қай мерзімінде жүргізіледі?

A. Жүктіліктің әр аптасында

B. *Алғаш келгенде, 30, 38 аптада

C. 20 аптаға дейін 2 рет

D. Әр қабылдауға келген сайын

E. Жүктіліктің 30 аптасында

163.Аталғандардың қайсысы шұғыл контрацепции әдісіне жатады?

A. антеовин

B. триквилар

C. депо-провер

D. *постинор

E. марвелон

164.Бұрын босанған 30 жастағы жүкті әйел мерзімінде босанды, салмағы 3500,0 гр. қыз бала, тұншығусыз дүниеге келді. Босанудың 3-ші кезеңін өткізу мақсатындағы сіздің жасайтын әрекетіңіз?

A)гипотониялық қан кетудің алдын алу үшін 1,0 мл метилэргометрин

венаішілік енгізу

B)бала жолдасының ажырау және бөліну белгілерін күту

C)*босанудың 3-ші кезеңін белсенді өткізу үшін бұлшық етке 10 МЕ окситоцин енгізу

D)жатыр қуысын қолмен тексеру

E)жатырдың бимануальды компрессиясы

165.Егде адамдарға ұсынылатын физикалық жүктемені атаңыз

A. жүгіру

B. жаттығу құрылғысында айналысу

C. *таңертеңгілік жаттығу

D. ауырлық көтеру


E. фитнес-бағдарлама

166.Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА жөнімен ауруханаға емделуге жатты. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Ентікпесі көлденең жатқанда күшейе түседі, соның себебінен нашар ұйықтайды. Осы мәселе кезінде қандай біріншілікті іс-шара мейірбикелік күтіп-қарау жоспарына кіреді?

A. науқастың отбасына кеңес беру

B. реанимациялық іс-шара өткізу

C. асқынулардың алдын-алуды қамтамасыз ету

D. *науқасқа ыңғайлы отыру қалпын жасау

E. науқастың денсаулығын нығайту

167.Мамандандырылған паллиативті көмек қызметіне жатады:

A. қарттар үйі

B. арнайы әлеуметтік қызмет мекемелері

C. *стационарлы хоспистар

D. жалпы бейіндегі аурухана бөлімі

E. мейіргерлік күтімнің аудандық/жергілікті бөлімшелік қызметі

168.35 жастағы әйелге балшықпен емдеу тағайындалады. Балшық тұщы суда өсімдіктер мен жануарларды макро- және микробиологиялық өңдеу кезінде ыдырағаннан кейін пайда болатын органикалық заттарға (10% - дан астам) бай. Емдік балшықтың қандай түрлері тиімді:

A. шымтезек топырағы

B. *сапропель

C. радон

D. сульфид

E. маржан

169.58 жастағы науқас. Шағымдар: саусақтардың ауыруы мен ұтқырлықғы шектеуі. Ауру анамнезі: 6 жыл бойы ауырады, ревматологтың "Д" есебінде тұр. Рентгенограмма қорытындысы: 3 дәрежелі саусақтардың остеоартрит. Объективті: аралық буындар сәл ісінген, деформацияланған. Дәрігер физиотерапияны тағайындайды. Медбике электр жылытқыштағы парафинді қанша градусқа дейін қыздырады?

A. 160-180 С дейін

B. 20-25 С дейін

C.* 65-100 С дейін

D. 130-160 С дейін

E. 180-200 С дейін

170. 40 жастағы науқас пародонтиттің ауыр түрімен физиотерапиялық процедуралардан өтіп жүр. Физиотерапиялық процедураның қандай түрі тағайындалады:

A. *импульсті гидромассаж

B. суық гидротерапия

C. Ыстық гидротерапия

D. индифферентті гидротерапия

E. контрасты гидротерапия

171.Дәрілік заттарды энтеральды енгізу жолдарына жатады?

A)*ауыз арқылы,тіл астына,трансбуккальды,ректальды

B)тері астына,бұлшық етке,көк тамырға


C)ауыз арқылы,тері астына,трансбуккальды,тіл астына

D)бұлшық етке ректальды,тері астына

E)бұлшық етке,көк тамырға,тіл астына,ауыз арқылы

172.Тұрғыңдардың келесі типі прогрессивті тип деп аталады?

A)*0-14жас аралығындағы балалар саны 50жастан асқандар санынан басым болса*

B)0-8 жас аралығындағы балалар саны жасөспірімдер санынан басым

C)50-жастан асқандар саны балалар санынан басым болса

D)Балалар саны мен 50 жастан асқандар саны тең

E)ҚР тұрғындарының саны басқа елдер тұрғындарының санынан басым