ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Осыдан тура 62 жыл бұрын ең алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Ю.А.Гагарин болса, араға 30 жыл салып, қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды. Бұл – еліміз үшін үлкен мақтаныш. Қазіргі таңда ғарыштың игерілуі ғылымның дамуына, тіпті экономика мен әскери-қорғаныс қабілетінің күшеюіне мол әсерін тигізіп отыр. Аспанды игеруді аңсаған, ғарыштың ғаламатына құмар адамзат талай жылдан бері осы саладағы ізденістерін тоқтатқан емес. Ғарыш десе, көңілге туған топырақ төсіндегі Байқоңыр келеді. Аспан әлеміне алғаш адамды аттандырған Байқоңырдан 2600-ден астам зымыран ұшырылып, ғарышқа 3000-дай ғарыш аппараттары шығарылса, 130-дан астам КСРО және шетелдік ғарышкерлер көкке сапар шекті. Әртүрлі конструкциялы ғарыш аппараттары Айға, Шолпанға және Марсқа қондырылды. 1986 жылы 20 ақпанда бірінші рет «Мир» орбиталық ғылыми станциясы ғарышқа көтерілді. Бүгінгі күні ғарыш технологиясы ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. Ғарыш аппараттары, жер серіктері Айға және Шолпанға ұшырылып, ол жақтың топырақ құрамын жерге жеткізді. Сондай-ақ бірнеше аппарат Күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшін қызмет етуде. «Космонавтика» – біз үшін ұлттық мақтанышқа айналатын нысан ғана емес, ол азаматтардың өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құрал. Ғылым дамыған сайын ғарыш та терең зерттелуде. Жер серігі де, зымырандар да – ғылымның жетістігі. Ғалам құпияларын тану, өз елін, жерін қадірлеу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу – болашақтың бағдары, келешектің жарқын бейнесі болмақ. (223 сөз) |
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Ғарыштық қоқыс – ешқандай қызмет атқара алмайды және пайдалы мақсаттарға қолданыла алмайды, алайда осы қалдықтар жұмыс істейтін және басқарылатын ғарыш аппараттарына, кемелеріне қауіпті әсер ете алатын фактор болып табылады. Кейбір жағдайларда, осындай қалдықтар ауданы үлкен болса немесе олардың құрамында зиянды заттар (токсиндер, ядролық заттар немесе қоспалар т.б) болса, онда олар Жерге тікелей қауіп төндіруі мүмкін – олардың бақыланбай орбитадан шығуы немесе Жер атмосферасының қалың қабаттарынан өтуі кезінде толық жанып үлгермеуі, елді-мекендерге, өндіріс объектілеріне, транспорттық коммуникацияларға т.б кері әсер етуі мүмкін. Зымырандардың құлайтын бөлшектерінде улы жанармайдың айтарлықтай мөлшері болады (2 тоннаға дейін барады), ол жерге құлау кезінде қоршаған ортаға түсіп, топырақ қабатын, жер үсті су қоймаларын, жер асты сулары мен өсімдіктер дүниесін ластайды. Мысалы, Байқоңырды пайдалану кезінде бірнеше ірі апаттар болды. Бұл апаттардың салдары туралы мәліметтер осы күнге дейін анықталмаған. Шығын мен тәуекел бағаланбаған. Ғарыш кешенінің әсері тарайтын аумақтағы тұрғындардың, орташа өмір сүру жасы еліміз бойынша салыстырғанда әлдеқайда төмен, ал ауру көрсеткіштері жоғары. Тұрғындар үшін мақсатты емдеу-сауықтырушылық реабилитациялық шаралар жүргізілмейді. Байқоңыр кешені маңында тұратын және зымырандардың құрамдас бөлшектері түсетін аумақтарда тұратын тұрғындардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық ахуал мәз емес. Ол, әсіресе, 1999 жылы «Протон» зымыранының екі мәрте құлауынан кейін ұлғайып кетті, ол кезде өте ірі бөлшектер ауылдардағы үйлердің ауласына құлаған болатын. Осы сәтте Қазақстанның заңдары зымырандық - ғарыштық қызметтен болатын ықтимал қауіптен тұрғындардың өмірін, денсаулығын және мүлкін міндетті сақтандыруды көздемеген болатын. (216 сөз) |
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Ғарыш айлағындағы қызметтің қоршаған ортаға әсері қандай?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.
[30]