Файл: Жадыраан жаз айы, балаларды мз айы Лагерді ашылу салтанаты Жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 67

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Жадыраған жаз айы, балалардың мәз айы»

Лагердің ашылу салтанаты
Жүргізуші: Армысыздар құрметті демалушылар және ұстаздар! Бүгінгі 2022-2023 жылдың жазғы лагерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!!! Сіздерді бүгінгі лагердің ашылу салтанатымен құттықтай отырып, алдағы демалыс уақыттарыңызда жақсы демалып, күш-қуат жинап, рухани және дене күштеріңізді нығайтып, шымыр да мықты болуларыңызға тілектеспіз!

Құттықтау сөз «Балдәурен» лагернің басшысы Нурлыбаева Шырынгул Толековнаға ұсынылады.
Жүргізуші: Алдарыңызда «Жұлдыздар» тобының өнерлі демалушысы Тайшыбай Расулдың орындауында «Әке, ана» әні. Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Мың бұралып сахнада тамсанып,

Би билеңдер босатылып бар жүктен.

Көрермендер өте ыстық қарсы алып,

Шапалақтап жібереді зал біткен.

Би: Өнерлі демалушыларымыздың қамтылуымен «Қуыршақтар» биі. Қол соғып қошеметпен қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: «Сәлем – сөздің атасы» деген ғой өз өмірінде көпті көрген данышпан халқымыз. Ендеше сәлемдесіп өздерін таныстыру үшін сөз топтарға беріледі.

Топтар өздерін таныстырады.
Жүргізуші: «Балдәурен» лагерінде демалатын біздің балалар қандай бақытты. Ендеше біздің бақытты бүлдіршіндерімізбен достарымыздың орындауында Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт деген...» өлеңі. Қабыл алыңыздар!

(Осы кезде ортаға демалушылар бірте-бірте шыға бастайды)

-Бірі айтады: «Бақыт деген –


барлық, байлық емес пе?

Керегінше киіп ішсең,

бақыттысың емес пе?».
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген –

қолың жетпес мансап қой.

Жұрттан гөрі жүрсең ерек,

соның өзі жақсы ат қой».
Бірі айтады: «Бақыт деген –

жүйрік мініп, той тойлау.

Ісің болмай күйбеңменен,

қарын тойса, карта ойнау».
Бірі айтады: «Бақыт деген –

адал жар мен перзент қой.

Ынтымаққа ырыс келген,

ол да соған ермек қой».

Пікірлердің таласына осылай

мен жолықтым.

Бақыт адам баласына

келмес оңай, соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да,

байлықтан да, жардан да,

Мансап жетпес бар адамға

үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар,

тыңдап сол бір жақұтты,

Оны алыстан іздемегін,

жүректен тап бақытты!»

Жүргізуші: Балдәурендегі әр күніміз бақытты толы! Ендеше бақытта толы әр сәтімізді бағалай білейік! Барлықтарыңызды бірге ән шырқауға шақырамыз!

Ән: Бақыт деген... (Барлық демалушылардың орындауында )

Жүргізуші: Күміс сұлу таза ауамен,

Дем аламыз қайтамыз.

Бар дауыспен әнге салып,

Лагерь жырын айтамыз.

Осымен лагердің ашылу салтанаты өз мәресіне жетті, жазғы демалысыңызды жақсы өткізіңіз!