Файл: Ересек тобы Білім беру саласы Коммуникация йымдастырылан оуызметіні трі Драма Таырыбы Театр леміне саяхат.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ұйымдастырылған оқу-қызметінің технологиялық картасы

Ересек тобы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу-қызметінің түрі: Драма

Тақырыбы: «Театр әлеміне саяхат»

Мақсаты:Театрланған өнерді қолдану арқылы,балалардың эмоциясын,қабілетін дамыту.Кейіпкерлердің эмоциялық күйін көрсете білуге үйрету. Бірігіп әрекет жасау; көркем - сөздік қызметін ертегінің мысалында шығармашылық қалыптастыруды жалғастыру. Театр қызметіне қызығушылықтарын, ой - қабілеттерін,есте сақтау, қиялдарын және сөздерін дамыту. Ойын жаттығуларын қолдану арқылы, балалардың тілін дамыту,дауыс ырғағын қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Үн таспа, күйсандық, маскалар,қасықтар.

Қос тілдік компонент: ертегі-сказка,қойлым-спектакль.

Сөздік жұмыс: театр

Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келді. Олай болса келген қонақтармен де амандасып,қайырлы күн тілейік.

Жарайсыңдар

Қайырлы күн, сіздерге,

Қош келдіңіз, біздерге.

Ашық аспан тілейміз,

Шын жүректен сіздерге

Ұйымдастырушы

лық- ізденістік

Рефлексиялық - түзетушілік



Балалар, мен сендерді бүгін театр әлеміне саяхатқа шақырғым келіп отыр. Бұл саяхатта сендерді қызықтар күтуде. Олай болса саяхатымызға шықпас бұрын, мен сендерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.Қане кім айтады?

Театр дегеніміз не?

Ал сол ертегі, спектакльдердегі рөлдерде ойнайтын адамдарды біз қалай атаймыз?

Актер болу үшін балалар, көп нәрсе үйрену керек, көп оқу керек.

Актерлер әр түрлі рөлдерді ойнайды Олар сахнада кімге болса да айналуы мүмкін.

Ақылсыз патша немесе зиянды ханшайымын рөлінді ойна алады.

кішкентай көмексіз күшікке немесе қорқақ қоянға да айналады.

-Ал,енді өзімізде біреуге айналып көрейік.Маған қарай келіңдер.

Әуен ойналады,марғауларға айналамыз.Марғаулар жылы үйден далаға шығады,таза ауаны жутады,бір кезде қар жауды,оларға ұнамады.

Они сжались в комочек, прижали лапки, ушки, хвостики. Но снег прекратился, котята выпрямились, отряхнули передние лапки, задние, ушки, хвостик и всю шёрстку.

Этюд: “Марғаулар”.

Енді сендер аққала боласыңдар, қысты жақсы көреді,қуанады.

Көктем келді,аққала ери бастады.

Біріншіден басы,сосын қолдары, денесі,сөйтіп аққала суға айналды.

Этюд: “Аққала”.

-Жарайсыңдар,балалар,сендер нәгіз актерсыңдар

Ал ендеше саяхатқа шығуға дайынбыз ба? Бүгін біз саяхатқа көңілді паровозбен аттанамыз.

«Көңілді паровоз» әнімен жолға аттанады.

Чух- чух - чух, ту- ту – ту

Деп ән салады

Біздерді қалаған,

Жерге апарады.

Қане балалар, паровоздан түсейік,қай жерге әкелгенін көрейік.

Мимика станциясы.

Сонымен мимика дегеніміз не болды?

Адамның түр- әлпеті. Біздің көңіл -күйімізді білдіреді.

Не көріп тұрсыңдар?

Олар бірдей ма?

Қандай көңіл-күйді олар береді?

Мынау қандай маска?

Қуанышты қимыл көрсету.

Ал,мынау қандай маска?

Көңілсіз қимылды көрсету.

Маскалар бір бірімен амандасады.

Көмекке бір баланы шақыру.

Әр адамның көңіл- күйі әр түрлі болады екен.Ал қазір мен сендерге әртүрлі көңіл- күйлерді айтамын, ал сендер маған сол көңіл- күйлерді мимика арқылы көрсетіп бересіңдер.

-Маған әкелеріңнің қатты ашуланған кезін көрсетіңдерші.

-Ал енді маған бір нәрсені бүлдіріп алып, нестерін білмей тұрған баланың кейпін көрсетіңдерші.

-Ал егер де сендерді аналарың мен әкелерің қонаққа апармай тастап кетсе, сендердің көңіл- күйлерің қалай болады?

-Ал енді аналарың сендерге көптен бері қызығып, армандап жүрген ойыншықтарыңды әперді не істейсіңдер?

Әрине қуанасыңдар.Қане,ендеше, қатты қуанған кезімізді көрсетейік.

Саяхатымызды жалғастырамыз.

(паровозға отырады, паровоз әніне қосылып саяхатқа аттанады )

Ойын жаттығулары станциясы.

(тотықұс сөйлейді)

Тотықұс: Сәлеметсіңдер ме,балалар. Біздің станцияға қош келдіңдер!

Балалар, қараңдаршы мынау тотықұс қалай анық сөйлейді.Ия балалар, актер болу үшін дұрыс сөйлей білуіміз де өте қажет. Олай болса, бізде тілге арналған ойын жаттығуларымызды жасап жіберейік.

Ойын жаттығулары:

(Асықпай,жылдам)

Ыз - ыз – ыз,қолымызды жуамыз.

За – за – за қолымыз тап таза

Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз.

Ал енді әуенмен мына жаттығуды орындайық.

Әуенмен.

Біз өнерлі баламыз,

Түрлі аспап тартамыз.

Балалар, енді біз бойымызды сергітіп қимылды ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?

Қимылды ойын:«Біз музыкант баламыз»

Біз музыкант баламыз,

Түрлі аспап тартамыз.

Айналамыз қоймаймыз,

Дауылпазда ойнаймыз.

Саяхатымызды жалғастырамыз.

Ырғақ станциясы

Балалар, бұл ырғақ станциясы екен. Нағыз актер, әртістер музыканың ырғағында сезіне білулері керек.

Сендер менімен келісесіңдер ме?

Қане ендеше, мына қасықтарды ала қойыңдар.

Біз бұл қасықтармен,тамақ ішіп қана қоймаймыз,музыкаға қосылып,түрлі әуен ойнаймыз.

Әуенге қосылып ойнамас бұрын, менің қағысымды қайталап көріңдер.

Ойын: «Ырғақты тап» (қасықтармен әр түрлі қағыстарды ойнап көрсету, балалар қайталап ойнап береді)

Саяхатымызды жалғастырамыз.

Театр станциясы

Балалар, міне біз театр станциясына да келіп жеттік.

Бұл сахна, мына кісілер актерлер. Ал мынау отырған адамдар көреремендер. (суреттерін көрсету)

Қойылым: «Маша мен аю»

Балалар, қане кім айтады? Кейіпкерлердің кейпіне ену үшін, біз өзімізді қалай өзгерте аламыз?Олай болса, біз қазір әдемі қуыршақтарға айналайық. Қуыршақтардың кейпіне енейік. 

Мүмкін сендер де өскенде нағыз әртіс, болатын шығарсыңдар. Сонда біз сендерді теледидардан көретін боламыз.

Балалар,әртістер қойылымдары аяқталғанда көрермендерден не күтеді.

Әрине шапалақ.Қорытынды

Театр бұл көптеген спектакль, ертегілер қойылатын жер.

Актер

Қимылдарды қайталайды

Марғау болады

Аққала болады

Иә

Сөздерді бірге айтады

Маски

Әр түрлі

көңілді және көңілсіз
көңілді 
көңілсіз
көңіл- күйлерің көрсетеді

Қайталайды

Костюмдер арқылы, іс – қимылдар арқылы, дауысын салу арқылы.



Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: бірігіп әрекет жасау; көркем - сөздік

Түсінеді: кейіпкерлердің эмоциялық күйін көрсете білу

Қолдана алады: ертегіні сахналау.