Файл: Тркістан индустриалдырылыс колледжі 20222023 оу жылы Саба жоспары .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ-ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ
2022-2023 оқу жылы
Сабақ жоспары №
Модуль/пән атауы | Бағдарламалық қамтамасыз ету модульдерін бағдарламалау | |||||
Сабақтың тақырыбы | Бағдарламалық қамтамасыздандырудың әзірлеу циклі | |||||
Педагог | П.Е.Култасова | |||||
Курс | ІІ | |||||
Тобы | | | | | | |
Сабақтың өткізілетін күні | | | | | | |
Сабақтың түрі | Практикум элементтері бар, түсіндіру сабағы | |||||
Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері | Интернет шолушылардың ерекшеліктерін анықтау | |||||
Бағалау критерийлері | Басқару процесінің құрамына қандай әрекеттер кіреді және олардың мақсаты қандай? Инфрақұрылымды құру процесінде қандай міндеттер орындалады? Оқыту процесі нені мақсат етеді? Бағдарламалық қамсыздандыру әзірлеушілерінің ұжымында функциялар қалай бөлінеді? | |||||
Оқу сабақтары барысындағы білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі, дағдылар | БҚ бағдарламалық модульдері мен компоненттерін біріктірудің негізгі тәсілдемелерін үйрену | |||||
Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер | Г.Н. ФЕДОРОВА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МОДУЛЬДЕРДІ БІРІКТІРУГЕ ҚАТЫСУ | |||||
Техникалық құралдар, материалдар | Компьютер, интерактивті тақта | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ кезеңдері | | |||||
1 Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут | Студенттерді сабаққа дайындығын тексеру, түгелдеу | |||||
2. Үй тапсырамасын тексеру кезеңі 20 минут | БҚ әзірлеудің жобалық және пайдалану құжаттамасын әзірлеу жолдарын сұрау | |||||
3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) 5 минут | Бағдарламалық қамтамасыздандырудың әзірлеу циклі | |||||
4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 30 минут | Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеуге құрылымдық тәсілдің мәні оның автоматтандырылатын функцияларына декомпозициясы (бөлінуі): жүйе өз кезегінде міндеттерге және т.б. бөлінетін қосалқы функцияларға бөлінетін функционалдық қосалқы жүйелерге бөлінеді. Бөлу процесі нақты процедураларға дейін бөлуге дейін жалғасады. Бұл ретте автоматтандырылатын жүйе барлық құрамдас компоненттері өзара байласқан тұтас көрінісін сақтайды. Атап өтсек, жүйені кері әзірлегенде («төменнен - жоғарыға») жеке міндеттерден барлық жүйеге тұтастық жоғалады, жеке компоненттердің ақпараттық түйісу кезінде проблемалар туындайды. Құрылымдық тәсілдің ең көп таралған әдістемелері келесі принциптерге негізделеді: ■ «бөл де билік ет» принципі - күрделі проблемаларды түсінуге және шешуге жеңіл болу үшін көптеген кішкене міндеттерге бөлу арқылы шешу принципі; ■ иерархиялық қарапайымдандыру принципі - проблеманың құрамдас бөліктерін әрбір деңгейде жаңа тетіктерді қоса отырып, ағаш тәрізді иерархиялық құрылымда ұйымдастыру принципі. Құрылымдық талдауда жүйемен орындалатын және деректер арасындағы қатынаспен функцияларды бейнелеп көрсететін құралдар тобы қолданылады. Әрбір құралдар тобына белгілі бір модельдер (диаграммалар) түрлері сәйкес келеді, олардың ішінде ең көп таралғандары болып табылатындар: ■ SADT әдісі (Structured Analisis and Design Technique) - құрылымдық талдау және жобалау әдісі, модельдер және тиісті диаграммалар; ■ DFD әдісі (Data Flow Diagrams) - деректер ағындарының диаграммасы; 4.1. 78 ■ ERD әдісі (Entity-Relationship Diagrams) - «мәні-байланыс» диаграммасы (деректер моделі). Аталған модельдер жиынтығында бағдарламалық қамсыздандырудың қолданыста немесе жаңадан әзірленіп жатқандығына қарамастан толық сипаттамасын береді. Әрбір нақты жағдайда диаграммалардың құрамы бағдарламалық қамсыздандырудың қажетті толық сипаттамасына байланысты болады. «Мәні-байланыс» моделі «Деректер қорын әзірлеу және әкімшілік ету» кәсіби модулінде зерделенеді және сол себепті осы оқу құралында қарастырылмайды. SADT және DFD модельдерінің құрылу ережесі бұдан әрі сипатталып беріледі. | |||||
5. Жаңа материалды бекіту кезеңі/ 20 минут | Сұрақ жауап, тапсырмалар орындау | |||||
6. Сабақты қорытындылау және рефлексия 8 минут | Студентердің білімін тексеріп шығу, сабақтың мақсатына жету | |||||
7. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі 2 минут | Қосымша ақпарат интернет желісінен іздеп келу |
ПЦК төрайымы/төрағасы _______________________
Педагог _______________________________________