Файл: Химия, химиялы технология жне экология кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сонымен, ортатәуліктік песрспективада (2006 ж. дейін) КТК бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 32 млн т жетеді, олардың 22 млн т ТШО-ның мұнайы, 7 млн т – «Қарашығанақ» үлесін және 3 млн т «Кенқияқ» және «Әлібекмола» құрайды.

КТК-мен шектеліп қалмай, Қазақстан Ресеймен басқа да жобалармен қарым қатынас кеңейтуде, соның ішінде Атырау—Самара мұнай құбырларын қуаттылығын 15 млн т-ға дейін өсіру. 2006 жылға қарай мұнай құбырының өтімділік қабілетін 25 млн т-ға өсіру жоспарлануда. Атырау – Самара маршрутына қосымша қызығушылықты 2001 ж желтоқсандағы эксплуатацияға қуаттылығы жылына 12 млн т алғаш Балтық құбыржолы жүйесі берілгендігі туғызады.

БТС-ң экплуатация сызбасы бойынша қазақстандық мұнайды Атырау – Самара және Батыс – сібір мұнайы аралас болуы мүмкін Сургут – Полоцк мұнай құбырынан Самара – Альметевск – Приморск маршруты арқылы қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Приморскіде мұнай өңдеу тереңдігі 95% және қуаттылығы жылына 6 млн т экспортты-бағытталған МӨЗ-ның құрылысын салу туралы шешім қабылданды.

Перспективті жобаларРесейлік – каспийлік мұнайды барлық бағытқа тасымалдау ішінен істе тұрғандарының бірден-бірі болып саналады. Бірақ болшақта экспорттық инфрақұрылымды дамыту міндеттілігін ескере отырып, қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан – Қытай» және «Қытай – Түркменстан – Ауғанстан – Пәкістан» мұнай құбырлаы, Иран бағытындағы және «Баку – Тбилиси – Джейхан», мұнай құбырлары, украиндық маршрут «Одесса – Броды» және грек-болгарлық «Бургас —Александропулис» және т.б жобаларды түрлендіру мақсаты қарастырылуда.

Батыс Қазақстан – Қытай маршруты.Қазақстанна Қытайға бағытталған мұнай құбырларының идеясы ақтөбе және Өзен мұнай өндіріс орнын приватизациялаған Қытай ұлттық мұнай газ корпорациясының қатысуымен байланысты шықты. ТЭО жобасына сай трасса ұзындығы 3 мың км-ден асады, соның ішінде 2,4 мың км-ы Қытай шекарасына дейн созылған, өндірудің минимальды көлемі жылына 20 млн т, 3 млрд долларға бағаланды. Батыс Қазақстан – Қытай маршруты Атырау — Кенқияқ — Құмкөл — Атасу – Дружба маршруттары бойынша мұнай құбырларының құрылысын салуды жоспарлауда және каспийлік мұнайды Қытай және Азия-тынық мұхит елдеріне шығаруға мүмкіндік береді. Қытайлық нұсқаны іске асыру этап түрінде өтуде: Құмкөл – Қарақойын мұнай құбыры қызмет етуде, Кенқияқ – Атырау құбыр жолы құрылып жатыр. Құмкөл – Арал –Кенқи мұнай құбыры оның жалғасы болып табылады. Кенқияқ – Атырау құбыр жолы мұнай өндіру компанияларына Атырау – Самара және КТК құбыр жолдарына тікелей қосылуға мүмкіндік береді.  Капий және Қара теңіздерге дейін транспорт шығындарын төмендету. Батыс және Орталық Қазақстандағы мұнайдың едәуір көлемін өндіру арқылы  талап етілген көлемге жетуге болады.


Қазақстан – Түркменстан – Ауғанстан – Пәкістан мұнай құбыры. Бұл мұнай құбыр жолы жобаға сай, Чарджоу қаласынан бастау алады, содан кейін Ауғанстан және Пәкістан аумағы арқылы Аравия шығанағына шығады. Қазақстандық мұнай Чарджоуға 25 млн т өтімділік қабілеті бар, Омск — Павлодар — Шымкент — Чарджоу мұнай құбырларының желісі арқылы келуі тиіс. 

Иран бағыты.  Иран жобасы Франция компаниясымен қазақстандық шикі мұнайды Теңіз және Жаңа Өзен аудандарынан Иранға тасымалдау үшін ұсынылды және сонымен қатар жақын жердегі түркмендік шикі мұнайды кен орынанан тасымалдау үшін құрастырылды. Омск — Павлодар — Шымкент — Чарджоу модернизациялау үшін, ол бойынша Сейди қаласының МӨЗ-на мұнай өңдеу заууытына транзитті жаңарту, Түркменстан – Иран ауданын құру, Ислам Республикасы Иран нарығына кейнгі уақыттада мұнайды тасымалдауды іске асыру мәселелері қарастырылады.

Қазақстан-Түркменстан-Иран мұнай құбыр жобасы. Қазақстан—Түркменстан—Иран трассасының экономикалық мақсаттары қызықтырады. Оның өтімділік қабілетіжылына  1,5 – 2 млрд долларға бағаланды және ол Парсы шығанағына терминалына қазақстандық мұнайды тасымалдаудың ең қысқа қашықтығы болып табылады. Сонымен қатар Иранға экспортталатын мұнайдың соңғы бағасы барреліне 12-15 доллардан аспайды. Алдағы уақытта түсу мүмкіндігі бар болғандықтан әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып саналады. Қазақстанна Иранның солтүстігіне экспорттайтын мұнайдың көлемі 25 млн т құрауы мүмкін. Қолданыстағы құбыр жолдарын пайдалану арқылы және біртіндеп қуатын арттыру арқылы көлік инфрақұрылымын қолдану арқылы 2-3 этапта іске асуы мүмкін. Біріншіде мұнайды танкермен Ақтаудан Иранның каспийлік айлақтарына тасымалдау нәтижесінде, ол солтүстік Иранның МӨЗ-на жеткізіледі. Иранның 4 МӨЗ-ныың қуаттылығының жалпы қосындысы 810 мың баррельді құрайды және жылына 50 млн т мұнайды өңдеу мүмкіндігін береді. Өзен – Тегеран құбыр жолы салынған соң. Мұнай Иранның астанасына  дейін жету мүмкін және жергілікті МӨЗ –да қолдану мүмкін, ал оның орнына Қазақстан Парсы шығанағындағы мұнайды сол бағамен алады.

Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры. Ұзындығы1760 км құбыр жолы Каспий теңізіндегі кен орнын Түркияның айлақтарымен байланысты отырып, АҚШ-қа энергия ұстаушы көздерді дмверсифицирлеуге және Парсы шығанағы мемлекеттерінің мұнайды импорттауға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өзінің саяси және экономикалық ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді. Жоба 40-50 жыл ішінде 45-50 млн т жылына тасымалданатын кезде рентабельді. Аналитиктердің көзқарасы бойынша Ақтау – Иран маршруты салыстырмалы түрде қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа шығарудың жолы болып табылады. Тасымалдау потенциалы едәуір үлкен Қазақстан Иранның  солтүстігіне мұнайды экспорттау көлемі 25 млн т жету мүмкін. Теңіз арқылы тасымалдау мүмкіндігі қазақстанық мұнайды  Азербайжандық мұнай құбыр желісіне қосу арқылы уске асады. Танкермен тасымалдау көлік инфрақұрылымының сатлы кен орынын болжайтын жеңіл жолы, сонымен қатар капитал құюды талап етпейді және өндіру көлемі кіші болганда, оны іске асыруға болады.



2 Мұнай-газ кендері
Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.

Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.

Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды облысының қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.

Мұнай өндірудегі әлемдегі 55 елдің ішінде Қазақстан әлемде дәлелдеген қоры бойынша 12-ші орынға ие. Өндірілетін мұнай көлемі ТМД-да өндірілетін барлық мұнайдың 17 бөлігін қамтиды. ҚР көмірсутектің стратегиялық қоры бар мемлекеттер қатарына кіреді, сонымен қатар әлемдік энергоресурс нарығының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді. Қазақстандық эксперттердің болжамы бойынша жалпы көмірсутек шиказатының барланған қорын келесідей сипаттайды: Өндірістік категориядағы мұнайдың бастапқы және қалдықты қоры 2 млрд. т аса, оның ішінде 70 мұнай кен орны пайдалану үстінде. Мұнай қорының шамамен 90%–ы 12 кен орнындағы тұз асты шөгінділерінде анықталған, ал олардың үшеуінде(«Теңіз», «Карашығанақ», «Жаңажол»)  қор мөлшері 100 млн т аса.

Өндірістік категориядағы еркін газ қоры  2 млрд м3 жететін газды, газ конденсатты, мұнай газды кен орындары 70  тен аса тебылған. Қолданыста шамамен 30 кен орны, ал оларға 86% бастапқы 85% қалдықты өндірістік категориядағы газ қорлары байланысты.

Өндірістік категория бойынша кондесат қорларын өндіру 694,8 млн т құрайды және 30 кен орнында шоғырланған. Бірақ тек 15 кен орнында ғана өндіріледі. Негізгі конденсат қорлары мен өндіру көлемі республикадағы барлық конденсат қорының 91%-ы шоғырланған «Карашығанақ» кен орнында тіркелген(866,9 млн т).  Қалған кен орындарында, «Оңтүстік Жетіба», «Теңге» және «Ракушечникті» ескермегенде, Маңғыстау облысында  конденсат қоры 0,2-0,3 млн т-дан аспайды.


Мұнайдың барланған қорлары 6 млрд т-дан (құрлықта) аса бағаланған, оның ішінде мемлекет қорланың жартысынан астам бөлігі елдің Батыс бөлігінде шоғырланған (24 таблица). Мұнайдың айтарлықтай перспикитивті ресурсымен қамтылған Каспий теңізі секторы саналады. «Теңіз», «Астрахан», Бұзащы түбегі және т.б. айтарлықтай ірі кен орындары дәлел бола алады. «Қашаған» кен орынынң ашылуын ескере отырып, қазақстандық зерттеушілердің бағалауы бойынша мұнайдың барланған қоры шамамен 7 млрд т құрайды, 13 млрд т бағаланған мұнайдың барлық қоры Қазақстанды үлкен ондықтағы мұнай державаларының қатарына қосуы мүмкін.

Республикадағы табиғи газдың барланған қоры 5,9 млрд м3. Ресурстардың айтарлықтай қоры Батыс қазақстанда орналасқан, соның ішінде Ақтөбе (шамамен табиғи газдың 40%-ы), Батыс Қазқстан (шамамен 16%), Атырау (шамамен 14%) және Қызылорда (шамамен 10%) облыстарында шшоғырланған. Елдің қалған территорияларында немесе аумағында газдың барланған ресурсы шамамен 20%-ы орналасқан, оның ішінде жеке облыс үлесі 3%-дан аспайды.

Республикадағы конденсаттың барланған қоры 1 438 млн т. бағаланған. Конденсат ресурсының айтарлықтай бөлігі Каспий теңізі секторында шоғырланған, негізінен Батыс Қазақстан(46%)  және Ақтөбе(45%)  облыстарында. ҚР перспективті мұнай-газды орындарының ауданы 1 млн 700 мың км2-қа тең, ал бұл Қазақстан барлық территориясының 62%-ын құрайды. Қазіргі уақытта 150-ден аса мұнай және газ кен орындары ашылған.

2. Көмірсутекті шикізат кен орнын жүйелі қарастыру мақсатында келесідей 3 бағытты  көрсетуге болады:

1.  Отандық экономика үшін маңыздылық деңгейі бойынша.

2. Мұнай-газды геологиялық аудандастыру үлгісін қабылдау бойынша.

3.  Әкімшілік-аумақтық орналасуын ескеру бойынша.

 

Бірінші бағыт. Көмірсутекті кен орындарының маңыздылық деңгейібойынша экономика даму үшін кен орындарының үш тобын бөліп көрсету дұрыс:

Бірінші топ.

Зерттелген ресурстардың негізгі бөлігі жаңа кен орындарына сәйкес келеді. Олардың ішінде жартысына жуығы бір-біріне айтарлықтайжақын оранласқан «Теңіз», «Королевск» және «Карашығанақ» кен орныдарына тиесілі. Қазақстандық эксперттердің бағалауы бойынша берілген кен орынларындағы көмірсутекті шикізат қорының жалпы қосындысы:


— мұнай қоры бойынша  «Теңізде» 3 млрд т аса, газ — 1 800 млрд3 м аса;

— «Королевск» кен орнындағы мұнай қоры – 20 млн т аса;

— «Карашығанақтағы» қалдықты мұнай қоры — 190 млн т аса, газ — 1,3 трлн3 м аса, конденсат —  600 млн т аса.

Екінші топ.

Берілген топты Каспий теңізі қайраңында орналасқан кен орындары құрайды. Олар жеткілікті зерттелмеген, бірақ 2 млрд т мұнай және 2 трлн. м3 газ қорлары бар геологиялық құрылымы көрініс табады. Басқа да бағалар бойынша қазақстанық қайрандағы мұнай қоры 25 млрд т-ға жетеді. Бұл кен орындар Қазақстанның болашақ байлығы. Олар барлауға инвестицияны талап етеді, бірақ қазіргі уақытта шетел инвесторларының алдында екінші топтағы кен орындарының ресурстық потенциал ретінде бағалығын көтеріп, экономика үшін жұмыс жасайды.

Үшінші топ.

Берілген топқа күшті өңделген («Өзен», «Жетібай», «Каламқас», өндіру деңгейі 48%, 35% және 31% құрайды), сонымен қатар сарқылуға жақын Ембі ауданының кіші кен орындары жатады. Кен орындарының бұл тобы өндірудің аз емес бөлігін қамтамасыз етеді, бұл салада ұлттық кадрлердің айтарлықтай бөлігі жұмыс жасайды.

Екінші бағыт – «мұнай-газды геологиялық аудандастыру»қазақстандағы мұнай өндірудің негізгі төрт ауданның сипаттамасын қосатын ғылыми бағыттың бірі болып табылады:

1) Каспий маңы мұнай-газды ауданы.

Белгілі Каспий маңы мұнай-газды ауданы республиканың халық шаруашылығына қатысты ірі кен орындар қатарын қосып алады. Оларға «Теңіз», «Қарашығанақ», «Қаражанбас», «Кенбай», «Доссор», «Құлссары», «Қаламқас» тәрізді 130-дан артық кен орындары жатады. Негізгі кен орындар мұнайлы (жалпы санның 59%) және газды-мұнайлы (14,9%), ал қалғандары – мұнайгазконденсатты және газды аудандарға жатады.

2)Турин мұнай-газды ауданы.

Региональды аспектідегі мұнай өндірудің негізгі ауданы – Маңығыстау, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Осы аудандағы кен орындарының жалпы саны мұнай өндіру бойынша 20 ионнан аса, соның ішінде мұнайлы (жалпы мөлшердің 35%-ы) және газды (15%), қалған бөлігін газдымұнайлы және газды конденсатты құрайды.  Перспективті өндірудегі жоспар бойынша газдымұнайлы  кен орны «Құмкөл» ерекше көзге түседі. Жалпы бұл ауданның кен орны өндіріске өндірілуімен сипатталады. В целом месторождения этого района характеризуются как промышленно разрабатываемые, с