Файл: Химия, химиялы технология жне экология кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
преобладанием смешанного типа геологических

3)Маңғыстау мұнай-газды ауданы.

Берілген мұнай-газды провинцияның көптеген кен орындары, негізінен Маңғыстау обылысында орналасқан. Айтарлықтай мұнай қоры және газды конденсатқа бай, ең ірі кен орындары — «Өзен», «Жетібай» және «Теңге».  Қазақстанның басқа да мұнай-газды провинцияларымен салыстырғанда, жалпы кен орындарының (42) ішінде газ өндіру аудандарының(жалпы санның немесе мөлгердің 45%-ы),  басым болуымен ерекшеленеді. Мұнай кен орны жалпы өндіру мөлшерінің 38%-ын қамтиды.бұл ауданда өндірілеттін газ салыстырмалы түрде газсіңіргіштігінің (50-ден жоғары) жоғары коэффициентімен сипатталады. Бұл геологиялық жыныстар құрылымының ыңғайлылығын айтады, ал ол өз кезегінде өндіру кезінде шығынның біршама төмен болуыны ықпал етеді.

4)Шу-Сарысу ойпатын қоса алғандағы, Орталық-Қазақстандық газ-гелилі ауданы.

Берілген мұнай өндіру ауданы қолданыстағы кен орындарын қамтығанда үлкен емес аумақты алып жатыр. Бұл жерде мұнай мен газдың шамамен тоғыз қабатты қыртысы есептелген.  Кен орындарының негізгі орналасқан облыстары – Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы. Олрадың арасында газды кен орындары жалпы мөлшердің 89%-ын, газконденсатты – 11%-ын құрайды.    Геологиялық-геофизикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша бұл ауданда бірде-бір мұнай кен орны анықталмаған, бұл берілген аудандағы шөгінді қабаттың геологиялық құрылымымен түсіндіріледі.

Үшінші бағыт – республикадағы көмірсутекті кен орныдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы мұнай-газды өндірістің дамуыныдағы әр облыстың маңыздылық деңгейін анықтауға көмектеседі.

Қазіргі уақытта өндіріс категориясындағы мұнай қорын өндіру республиканың сегіз облысында – Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан шоғырланған.

Мұнай және газдың облыс бойынша таралуы туралы мәліметтерді талдай отырып, республика аумағы бойынша көмірсутекті шикізат қорының әркелкі таралуын сипаттайды. Мұнай және газ кен орындарының көп бөлігі 100 млн т аса қоры Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде, негізінен Атырау , Маңғыстау , Ақтөбе ,


Мұнай және газдың 100 млн т-дан аса қоры Каспий теңізінің (шамамен 85%),  қазақастандық бөлігінде, негізінен Атырау (38%),  Маңғыстау (28,8%), Ақтөбе (10,7%)  және Батыс Қазақстан (7,5%)  облыстарында шоғырланған. Қызылорда – 7,5%, Жамбыл – 4%, Қарағанды – 2,0%, ОҚО – 1,5%

Сонымен кен орындарының пайдалану саны бойынша барланған өндірістік қорладың мөлшері және негізгі перспективалы? Болжанған ресурсты аудан ретінде қазіргі уақытта Батыс Қазақстан обылсы саналады.

Облыс бойынша көмірсутекті шикізат қорының мөлшері:

Ақтөбе облысы -10

Атырау облысы -45

Батыс Қазақстан облысы-5

Қызылорда -4

Қарағанды -1

Маңғыстау облысы -27

Жамбыл облысы -4

ОҚО — 2

Республиканың едәуір ірі кен орындарында барлық қордың 87,8%  және мұнай өндірудің 85,9%-ы шоғырланған. Соның ішінде ерекше танылған – Атырау обылысындағы Теңіз мұнай-газды және Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орны.

Қордың құрылымында өндірістік меңгеру деңгейі бойынша көп бөлігі Каспий маңы ауданына қатысты өндірістік меңгеруге дайындалған кен орындар қоры басым. Мұнай және газ қорларының географиялық орналасуында алдынғы орынды Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан обылысы алады. Бұл облыстарда республиканың көмірсутекті шикізаттың шамамен 95% өндірілетін мұнай және газдың (90% аса) едәуір қоры бар кен орындарының көп бөлігі шоғырланған.

Қазақстанның қалған аумағындағы мұнай және газдың қоры:

— республиканың ірі кен орындарының бірі Қарағанды облысында;

—  «Құмкөл» (қалдықты өндірілетін қорын қосқанда 87,7 млн т);

— Қызылорда облысында шамамен 9 кен орны бар, қор мөлшерінің қосындысы 38 мнл т аса, соның ішінде 8 кен орны ұсақ болып табылады;

— Жамбыл және ОҚО-да негізінен ұсақ кен орындары орналасқан, қор мөлшерінің қосындысы республикада өндірілетін барлық қордың 5%-ын құрайды.

Теңіз мұнайгаз, Қарашығанақ мұнайгазконденсатты, Өзен газмұнайлы, Жанажол мұнайгаз, Жетібай мұнайгаз конденсатты, Қаражнбас газмұнайлы, Қаламқас және Құмкөл мұнайлы аса ірі кен орныдары болып табылады.

 3. Негізгі кен орындарына қысқаша сипаттама.

Теңіз кен орныАтырау облысының Ембі ауданында орналақан. 1974 ж құрылым анықталып дайындалды. Барлау жұмыстары 1976 ж. Ал кен орынының ашылуы 1979 ж болды. Жыл өткесін қолданбалы бұрғылау жұмысы жүргізіле бастады. Кен орны әлемдегі ірі кен орындарының бірі ретінде саналады. «Тенгизшевройл» мәліметтеріне сай Теңізден өндірілетін қор 0,75 – 1,125 млрд т мұнай мөлшерімен бағаланды. Мұнайдың геологиялық қорының болжанған көлемі 3,133 млрд т (25 млрд баррел) бағаланады. Теңіз кен орынының ауданы 565 км

2. жоғарғы мұнайлы коллектор 4000 –4700 м тереңдікте, төменгі  — 4700 –5400 м тереңдікте орналасқан. Мұнайдың негізгі көзі палеозойдың тұз асты шөгінділері, карбонатты қабаттар саналады. Қабаттардағы мұнай тығыздығы 46 градус.

Қарашығанақ кен орны. Батыс Қаазқстан облысының Бөрлуі ауданында орналасқан. Кен орны 1979 ж ашылды. Қазақстандық эксперттердің бағалауы бойынша кен орнында 1 млрд 200 млн т-дан аса мұнай және газконденсат, сонымен қоса  1трлн 50 млрд м3 газ шоғырланған. 40 жыл ішінде ол жерден жалпы 292 млн т сұйық көмірсутек және 856 млдр м3 газ өндірілетінін болжады. Ресейлік эксперттері 820т мұнай және конденсатты, 1,3 млрд м3 газды бағалады.

Өзен кен орны Өзен кен орны Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінен шығысқа қарай50 км жерде орналасқан, 1965 ж қолданысқа түсти. 32 жыл ішінде кен орынынан 260 млн т аса мұнай өндірілді. Өндірудің максимальды деңгейіне  1975 ж жетті, ол кезде жылына 16 млн т мұнай өндірілген болатын. 1976-1980 жж аралығында өндіру көлемі қарқынды түрде төмендеді – 9 млн т-ға дейін. Жалпы Өзен кен орынының геологиялық қоры 1 млрд т, ал өндірілетін шамамен 480 млн т құрайды. Қазіргі уақытта өндіру деңгейі оның сарқылуы салдарынан төмендеді. Қалған мұнай қоры қиын өндірілетін категорияға жатады.

Жаңажол кен орныАқтөбе облысының Мұғалжар ауданында орналасқан. Мұнайдың 96 млн т, шамамен 100 млрд мгаздың қоры бар ірі кен орындарының бірі саналады.

Жетыбай кен орны. Маңғыстау облысында орналасқан. Құрылым 1952-1956 жж. аралығындағы аудандық геолого-геофизикалық жұмыстар кезінде  анықталды. Алғашқы бұрғылау 1959 ж басталды. Кен орны 1961 ж ашылды. Мұнай қоры — 70 млн т, газ шамамен — 170 млрд м3, ал конденсат шамамен 0,3 млн т. өндірілетін мұнай ауыр өндірілетіндер қатары саналады, себебі құрамында парафин мөлшері көп (шамамен 25%).

«Қаражанбас» кен орны. Маңғыстау облысында орналасқан.құрылым сейсмо зерттеу және құрылымдық бұрғылаумен анықталды. Бұрғылау жұмытары 1974 ж басталды және осы жылы ашылды.

«Қаламқас» кен орны. Маңғыстау облысында орналасқан. Қүрылым сейсмо зерттеу жұмыстарымен 1974 ж анықталды. 1976 ж кен орны ашылды. Мұнай қоры — 100 млн т, газ  — 20 млрд м3 аса.

«Құмкөл» кен орныҚарағанды облысының Жезді ауданында орналасқан. Көмірсутекті шикізат кен орнының қоры мұнай бойынша 80 млн т, газ бойынша 1,7 млрд м
құрайды. Кен орны «Харрикейн Құмкөл мұнай» компаниясымен өндіріледі. Кен өндіру 180 эксплуатациаланған ұңғымаларда іске асырылады.
Қорытынды
Жылдар бойы Қазақстанда мұнай өндіру еліміздің экономикасының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретін негізгі компоненттерінің бірі болды. Жалпы алғанда, мұнай өндірушілердің негізгі мақсаттарының бірі – мұнай өнеркәсібінде қатаң бақылау жүргізу. Негізгі мұнай өндірушілердің әлемдік нарықта басым болуы, саяси және экономикалық тұрғыдан да жағымсыз фактор болып келуіне соқтырады. Сонымен, әлемдегі мұнайлы державалардың бастамасымен қара алтынның құның тұрақтандыру үшін 1960 жылы Ирактың астанасы Бағдад қаласында –ОПЕК ұйымы құрылды. Алғашында бастамашы топта бес мемлекет (Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы және Венесуэла) ғана болды. Қазір бұл мемлекеттердің қатарына Катар, Ливия, БАӘ, Алжир, Нигерия, Эквадор және Ангола елдері қосылып, жалпы саны 12 - ге дейін жетті. Ұйым құрамынан Габон 1994 жылы шығып кетті. Дәл осындай жағдай 1992 жылы Эквадордың да басында болғанмен, оңтүстік америкалық ел 2007 жылы қайта мүшелікке өтті. ОПЕК - тің штаб - пәтері алғашқы бес жыл Швейцарияның Женева қаласында болғанымен, 1965 жылдың күзінде Австрия астанасы Вена қаласына көшірілді. Себебі аталған ұйымның орталығы бейтарап елде болуға тиіс. Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет кіре алады, егер оның өтініші ұйымның өзге мүшелерінің төрттен үшінің қолдауына ие болып, негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады.  Ал Қазақстан Республикасы ОПЕК мүшесіне енгізілген жоқ, сондықтан біздің еліміз мұнайдың әлемдік бағасының қалыптасуына елеулі әсер етпейді. Дегенмен, мұнай орны толмас ресурс екенін ұмытпауымыз қажет.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2010. — 328 бет.

  2. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2011. ISBN 9965-472-27-0

  3. «Мұнай» Энциклопедиясы, 6 том. Алматы: 2006 ж.

4. Аскарова А.С., Болгенова С.А., Рыспаева М.Ж. 3Д моделирование реагирующих течений в камерах сгорания. Ученое пособие для студентов / Алматы: КазНУ им. Аоь-Фараби, 2010. – 154 с.