ВУЗ: Западно-Казахстанский государственный медицинский университет им. М. Оспанова
Категория: Ответы к тестам
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 02.02.2019
Просмотров: 1287
Скачиваний: 17
87. Қайтымды транскриптаза ферментін тежейтін препарат қандай?:
А – реаферон
Б – азидотимидин
В – тималин
Г – ремантадин
Д - интерферон
88. Вирусты гепатитте тері мен склераның сарғаюын көрсететін тест:
А - гиперферментемия АЛТ, АСТ
В - тікелей фракцияның көбеюі арқылы гипербилирубинемия
С - нәжісте стеркобилин болуы
Д - тимол сынамасының жоғарлауы
Е - зәрде пигменттердің болмауы
89. Тілменің кеш рецидиві қай кезде пайда болады?
А - 3 жылдан соң
В - 5 жылдан соң
С - 2 жылдан соң
Д - 2 жылға дейін
Е - 10 жылдан соң
90. Тілмеге қандай симптом тән?
А – зақымдалған тері аймағында ауырсынудың болмауы
В – Стефанский симптомы
С – лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Д – қара струп
Е – зақымдалған аймақтың ауырсынуы
91. күл ауруының жергілікті түрі диагнозы қойылады, егер:
А – жақасты лимфа түйіндерінің айналасында теріасты шел май қабатының ісігі шамалы болса
В – теріасты шел май қабатының ісігі бірінші мойын қыртысына жетсе
С - теріасты шел май қабатының ісігі бұғанаға дейін жетсе
Д - теріасты шел май қабатының ісігі бұғанадан төмен түссе
Е – ісік болмаса
92. Паротитті инфекция диагностикасы туралы дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:
А – клинико-эпидемиологиялық мәліметтер негізіне сүйеніп қойылады
В – серологиялық әдіспен дәлелденуі қажет
С – вирусологиялық әдіспен дәлелденуі қажет
Д – оң мәнді тері ішілік аллергиялық сынама маңызды
Е – қан картинасы маңызды
93. Инфекциялық мононуклеоздегі гемограммаға тән өзгеріс :
А – гиперлейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы
В – лейкопения, лимфомоноцитоз
С – лейкопения, эозинофилия
Д –лейкоцитоз, лимфомоноцитоз,
Е – лейкопения, лимфомоноцитоз, моноцитоз, эозинопения, тромбоцитопения
94. ГИ (герпес инфекция) ауыратын науқастарды комплексті емдеуде қолданылмайды:
А- вирусқа қарсы препараттар
В- гормондар
С-дезиноксикациялық дәрілер
Д-иммуномодуляторлар
Е- антибиотиктер
95. АИВ-инфекцияға тән клиникалық жіктелісті таңдаңыз:
А - жедел, жеделдеу, созылмалы, резидуалды
В - гастроинтестиналды, гипертоксикалық, сүзектік түрі
С - инкубация сатысы, біріншілік көріністер, екіншілік көріністер, терминалды сатысы
Д - гастроэнтероколиттік, аппендикулярлы, септикалық, субклиникалық
Е - жергілікті түрі, ішкі-шашыранды, сыртқы шашыранды
96. Цитолиз синдромының дамуын қандай лабораториялық көрсеткіш көрсетеді?
А - билирубин құрамының жоғарлауы
В - АЛТ құрамының жоғарлауы
С - лейкопения
Д - холестерин жоғарлауы
Е - сілтілік фосфатазаның жоғарлауы
97. Холестаза синдромының дамуын қандай лабораториялық көрсеткіш көрсетеді?
А - АСТ құрамының жоғарлауы
В - АЛТ құрамының жоғарлауы
С - лейкопения
Д - холестерин жоғарлауы
Е - сілтілік фосфатазаның жоғарлауы
98. Тұмауда ремантадинді тағайынддаудың қолайлы схемасы:
А – 1 күн – 500мг; 2 күн - 300мг; 3 күн - 200мг;
Б - 1 күн – 300мг; 2 күн - 300мг; 3 күн - 300мг;
В - 1 күн – 300мг; 2 күн - 200мг; 3 күн - 100мг;
Г - 1 күн – 200мг; 2 күн - 100мг; 3 күн - 100мг;
Д - 1 күн – 100мг; 2 күн - 100мг; 3 күн - 100мг;
99. Тұмаудың ерте диагностикасында қолданылады:
А – ИФӘ (МИФ)
В – ТГАР (РТГА)
С – КБР (РСК)
Д – ТЕГАР (РНГА)
Е – тауық эмбрионында вирусты өсіру
100. Аурудың ауыр түрінде тұмауға қарсы гаммаглобулиннің бір реттік дозасы құрайды:
А – 1 мл
В - 3 мл
С - 6 мл
Д – 7 мл
Е - 10 мл
Теоретикалық сұрақтар
Парентеральды вирусты гепатиттер . Эпидемиологиясы. Алдын-алу принциптері.
Грипп. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын-алуы.
Сіріспе. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын-алуы.
Герпестік инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын-алуы.
Паротититті инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын-алуы.
Күл ауруы. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын-алуы.
Түйнеме. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын-алуы.
Инфекциялық мононуклеоз. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын-алуы.
АИВ-инфекция. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын-алуы.
Тілме. Клиникасы. Диагностикасы. Алдын-алуы.
Есептер
Инфекциялық бөліміне аурудың 5-ші күні түскен науқасқа дәрігер «П дәрежедегі токсикалық күл ауруы» диагнозын қойып, жағдайы нашарланғанын белгілейді: акроцианоз пайда болады, әлсіздік күшееді, бастың айналуы. Жүректің сол жақ шекарасы –сол жаққа ығысқан, аускультация кезінде дыбысы тұнық, тахиаритмия – 104-108 рет-мин, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ, оң жақ қабырғаасты аймағында сәл ауырсыну, бауыр қабырға шетінен 1 см. төмен.
Күл аурудың қандай асқыну туралы ойлауға болады. Науқасты жүргізу дәрігердің тактикасы.
Инфекциялық бөліміне 18 жасар науқас, аурудың 2-ші күні, әлсіздік, үрмелі жөтел, ентікпе, бас ауруы, дене қызуының 380С дейін жоғарлауы, тамақтың қырылдауы шағымдарымен түсті.
Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғылары бозғылт, акроцианоз. Аран қызарған, тұт жоқ. Ларингоскопия жасағанда көмейүсті мен дауыстың түйінінде сұр түсті қабықша орналасқан. Өкпеде везикулярлы тыныс, дыбысы минутына 28 рет. Жүректің дыбысы бір қалыпты, пульс 88 рет- мин, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ ауырсынусыз, бауыр мен талақ ұлғаймаған.
Диагнозын қойыңыз, емдеу мен тексеру жоспарын құрыңыз.
Науқас 19 жаста, әскери-қызметкер, инфекциялы бөлімшеге дене қызуның 38-390С дейін көтерілуімен, бас ауру және әлсіздік, құлақ маңының ісінуі, ауыз ашуының қиындау шағымдануымен келіп түсті.
Эпид. анамнезінен: Осы әскери бөлімнен 2 солдат осындай шағымдарымен бөлімшеде жатыр.
Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 390С, оң құлағының артқы аймағында тығыздау консистенциялы, пальпациялағанда ауырсыну байқалады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынусыз. Тері жамылғысы таза, бөртпелер жоқ, өкпеде везикулярлы тыныс: сырыл жоқ. Жүрек тондары айқын, ырғақты. Пульс 96 рет/мин. АҚҚ 110-70 мм.с.б. іші жұмсақ, ауырсынусыз.бауыр және талағы ұлғаймаған. Жыныстық мүшелер аймағында өзгерістер жоқ..Сіздің диагнозыңыз?
Науқас О. 10 жаста, ауруханаға тамақтың ауырсынуымен, дене қызу 39ºС шағымдарымен келіп түсті. Қабыршақ баспаның көрінісі бар. Мойын артқынындагы жэне аксиллярлы лимфа түйіндері, бауыр мен талақ ұлғайған. Шеткі қанда көп мөлшерде лимфоциттер мен атипті мононуклеарлар табылған. Диагнозын қойыңыз. Алдын – ала диагнозын дәлелдеу үшін қандай қосымша анализдер керек?
Науқас К. 30 жаста, учасккелік дәрігерге аурудың 2-ші күні бет терісінде, ауыз айналасында, бөртпелердің, мұрын қанатында топтасқан көпіршіктер серозды сұйықтық болуына шағымдануымен келіп қаралған. Субъективті ауырсыну және ашу сезімі байқалады. Жедел ауырған, салқын тиюмен байланыстырады. Төменгі, иек асты лимфа түйіндері пальпацияланады. Ішкі мүшелер жағынан патологиялық өзгеріссіз.
Алғашқы диагнозды қойыңыз, ем тағайындаңыз..
30 жастағы науқас инфекциялық ауруханаға дене температурасы 39ºС жоғарылағанына, тершеңдік, әлсіздік, тәбетінің жоғалуына шағымдануымен келіп түсті. Науқас 1 ай бойы ауырған, дене салсағы төмендеуі байқаған. Амбулаторлы грипп, жедел бронхит бойынша ем алған, эффект болмаған, 6 ай бұрын беттің тілмелі-қабынуымен ауырған.
Объективті: жалпы жағдайы оорташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт. Ауыздың кілегей қабығында автогия, ақ жабындымен жабылған, гингивит көріністері бар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, қанағаттанарлық. Тілі қою, ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры 1 см. дейін ұлғайған, ауырсынбайды. Нәжісі сұйық, патологиялық қоспасыз, тәулігіне 3 ретке дейін. Несеп шығаруы еркін.
Эпиданамнезінде: 4 ай бұрын жамбас жарақатымен операция жасалған, бірнеше рет қан құйылған.
1. Сіздің алғашқы диагнозыңыз
2. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.
Науқас П., 6 жаста , ауырған соң 4 күннен кейін инфекциялық бөлімшеге күл ауруына күдікті ретінде түсті. Қан анализы: лейкоцитоз, лимфо-моноцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Инфекциялық мононуклеоз диагнозымен жеткізілген. Емдеу жоспары?
Инфекциялық ауруханаға 3 жастағы бала келіп түсті. Анасының айтуы бойынша жедел ауырған, интоксикация симптомдары, қалтырау, дене температурасының 39.2ºС дейін көтерілген. Бала тамақ ішпеген. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 37.8ºС. ұрты, қызыл иек, еріннің ішкі бетінде, жұмсақ және қатты таңдайдың кілегей қабатында топтасқан ұсақ, серозды сұйықтыққа толған, гиперемияланған қызыл жиекпен қоршалған көпіршіктер бар. Төменгі жақ асты, иек асты лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынады. өкпені тыңдағанда везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ырғақты. Пульсі – 1 минутта 100 рет, ырғақты. Тілі қалың ақ жамылғымен жабылған, ылғалды, іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыры мен талақ ұлғаймаған.
Сіздің алғашқы диагнозыңыз? Қажетті лабораториялық зерттеу және ем тағайындаңыз.
Науқас М., 25 жаста, 5 күн бойы ЖРВИ бойынша дәрігерге қаралып емделген, соңғы 2 күнде температура қалыпты, дегенмен жағдайы нашарлаған: тәбеті жойылған, жүрек айну пайда болған, әлсіздік күшейген, несептің қоңырлануын байқаған.
Сіздің алғашқы диагнозыңыз?
23 жастағы науқас инфекциялық ауруханаға 10 қараша күні кілегейлі тұрақсыз нәжіске, іштің төменгі бөлігінің ауыруы, тәбеті төмендеуіне шағымдануымен келіп түсті.
Бір жарым ай бұрын науқаста дене температурасы 39ºС дейін көтерілген, іштің толғақ
тәрізді ауруы болған сұйық, кілегейлі, қан аралас күніні 10 ретке дейін нәжіс болған.дәрігерге қаралмаған, фталазол және левомицетин қолданған және температура үш күнде субфебрильді деңгейде төмендеген. Іштің ауруы мен сұйық нәжіс жойылмаған, сондықтан науқас тетрациклин 3 тб. х 3 р тәулігіне үш апта бойы ішкен.нәжісте қан жойылған, бірақ дәреті кілегейлі, сұйық күйінде болған 10 кг. жүдеген.
Ауырған аурулары: 1 жыл бұрын жедел пиелонефритпен ауырған.
Эпиданамнезінде: 1 жыл бұрын Сан-Францискода командировкада болып,қонақ үйде түрған.
Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық.. Бозғылт, өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары түйықтау, пульс 76 рет/мин, ырғақты, қанағаттанарлық.. ауыз қуысының кілегейінде бірең-сараң афт. өлшемдері 3-4 мм. Іші кепкен, тоқ ішектің бойы ауырсынады. Бауыр және талағы ұлғаймаған.
1. Эпид. анамнезде қандай көрсеткіштерді толықтыру керек?
2.Алғашқы диагнозыңыз
3.Емнің жетіспеушілігін көрсетіңіз.
4. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.
Н БҚММУ 703-13-09. Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар. Бірінші басылым.