Файл: Ішек стомалары туралы тсінік. Нжіс массаларыны тік ішек арылы шыуы ммкін болмаан жадайда, ішектін белгілі бір блігіне жасанды тесік ойылады. Илеостома.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 145
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Стома - жасанды тесік, ішек стомалары нәжіс массаларының тік ішек арқылы шығуы мүмкін бол-маған жағдайда, ішектін бөлігі бір бөлігіне қойылады. Ішек бөлімдерінде орналасуына қарай ішек стомаларының бір неше түрлері бар: илеостома, колостома, еюностома т.б. Стома қойылған жағдайда науқастар өмірін және жұмыс түрін күрт өзгертуге, оқуды тоқтатуға мәжбүр болады. Стома жанұялық өмірге «араласады», жақындарымен конфликттер байқалады, жиі ажырасуға дейін барады. Стома науқастың психологиялық жағдайына әсер етеді. Науқастарда уайым, қобал-жу, ашуланшақтық байқалады. Бұл жағдайлардың себептеріне стомалар туралы, оларға күтім жа-сау туралы қажет ақпараттың болмауы, жанұя жақындары жағынан түсініспеушілік, физикалық және эмоционалды оқшаулану, жұмыс қабілетінің қайта қалпына келмеуінен қорқу жатады. Осын-дай қиындықтарды жеңу үшін қажет: - стомаға күтім жасауда заманау күтім заттарын қолдану; - стома операциясынан кейін организмде болатын өзгерістерді білу; - стомаға білікті күтім жасау; - стомасы бар науқастармен әңгімелесу, қарым-қатынас жасау. Стомаларға дұрыс күтім жасамағанда әр түрлі асқынулар болуы мүмкін.
Ішек стомалары туралы түсінік.
Нәжіс массаларының тік ішек арқылы шығуы мүмкін болмаған жағдайда, ішектін белгілі бір бөлігіне жасанды тесік қойылады.
Илеостома – мықын ішегі аймағына тесік орнату. Илеостома жаралы колитте, жедел ішек өткізбеушілігінде, әр түрлі жарақаттарда. т.б қойылады. Илеостома операциясы кезінде мықын ішегінің сау бөлігінің ұшы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады, бекітіледі, яғни ішек құрамын сыртқа шығару үшін жаңа тесік қалыптасады. Илеостома уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін. Әдетте ол іштің төменгі аймағында оң жақта орналасады. Илеостомада ішектің босауы өте жиі, кейде үнемі болады, нәжіс массалары сұйық, ашы иісті болады. Илеостомада жиі іш өту байқалады, ол ағзаның сусыздануына және электролиттердің, минералды тұздар және витаминдердің жоғалуына алып келуі мүмкін. Сондықтан көп мөлшерде сұйықтық ішу маңызды болып келеді.
Колостома туралы түсінік.
Колостомияда тоқ ішектің сау бөлігінің ұшы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады, бекіті-леді, яғни ішек құрамын сыртқа шығару үшін жаңа тесік қалыптасады. Илеостомия, колостомияда да асқорыту жолдары қалыпты жұмыс атқара береді.
Колостома - жоғары өрлеуші немесе сигма тәрізді ішек аймағында тесу – уақытша немесе турақ-ты болуы мүмкін. Уақытша колостоманы ішек жарақатында, жедел ішек жетіспеушілігінде жасай-ды. Тұрақты колостома көлденен және тік ішегінің ісіктерінде, нәжіс массаларының сыртқа шығыуының қиындауымен сипатталатытын басқа ауруларда қажет. Уақытша колостома нәжіс массаларының тік ішек аналды тесікке бармауына, сонымен жарақат салдарын жоюға көмектеседі. Содаң соң жасанды тесік алып тасталады және нәжіс бөлінудің табиғи жолы қалпына келеді. Турақты колостома кезінде нәжіс бөлінудің табиғи жолының қалпына келуі мүмкін емес. Колос-томаны тоқ ішектің әр турлі бөліктерінде: соқыр ішек, жоғары өрлеуші, көлденең, төмен өрлеуші, сигма тәрізді және тік ішекте қоюға болады. Статистикалық мәліметтер бойынша тұрақты ішек стомалары 67%, уақытша стомалар 33% жағдайда қойылады. Колостомалар орналасуына қарай бір неше түрлерге бөлінеді: цекостома, асцендостома, трансверзостома, десцендостома, сигмостома. Колостомада ішектің босауы тәулігіне 2 - 3 рет, нәжіс белгілі бір пішінделген (сигмостомада) немесе жартылай пішінделген (стомалардың басқа түрлерінде) болады.
Стомаларға күтім жасау. Стома айналасындағы теріні қорғау.
Операциядаң соң стомаларға таңу бөлмесі мейірбикелері немесе стоматерапевттер күтім жасайды. Стоманың түсін бағалау үшін стоманы жиі қарау керек. Ішектердің қызыл түсі оның өмір суру қабілеті бар екендігін көрсетеді, ал ішекте қанайналым жүйесі бұзылғанда оның түсі қара-қоныр болып келеді. Сонымен қатар стома мен тері арасындағы тігіс сызығының бүтіндігіне назар аудару қажет. Операциядаң соң алғашқы 24-48 сағатта стома арқылы серозды қан аралас шырыш бөлінеді. Ішек қызметінің қайта қалпына келуімен стома арқылы газдар бөлінеді. Барлық стомаларда бастапқы кезде ішектен суйық нәжіс бөлінеді. Сонымен қатар су балансы бұзылуы белгілері, терінің тітіркенуі болуы мүмкін. Стомаға күтім жасаудың маңызды компоненттерінің бірі – теріні қорғау. Стома бөлінділері айналасындағы теріні қатты тітіркендіруі мүмкін. Қазіргі уақытта «Конва Тек» фирмасы теріні тітіркендірмейтін заттардан туратын арнайы жабысқақ пластиналар шығарады. Пластина науқас денесінде 7 кұнге дейін турады. Оны орнатқан кезде ол теріні тітіркендірмей, қыртыстары оңай тегістеледі, «екінші тері» сияқты болады. Бұл пластинаға ішек құрамының ағып кетуіне кедергі жасайтын арнайы жинағыш қапшық бекітіледі. Колостома айналасы терісі арнайы дәрілік зат(тағайындаумен) мысалы, Стомагезив- пастамен өңделеді. Ол теріні нәжіс массаларымен ластануын болдырмайды, қабынуға қарсы әсер етеді. Операциядан кейінгі кезеңде емдік мекемеде жүргізіледі : - үй жағдайларында стомаға күтім жасауға қажет заттарды таңдап беру; - стомаға күтім жасауды науқасқа, қажет жағдайда туыстарына үйрету, - пациентке, оның туыстарына қажет заттарды (пластина, жинағыш қапшық, паста) қалай, қай жерде алатынын түсіндіру; - стомаға күтім жасау.
Нәжісқабылдағыш түрлері.
Мейіргер пациентке нәжіс қабылдағышы таңдауды, қолдануды үйретеді. Нәжіс қабылдағыштар әртүрлі болып келеді. Олар мөлдір, бір реттік немесе көп реттік қолданатын, фильтрмен немесе фильтрсіз болуы мүмкін. Бір компонентті нәжісқабылдағыштар нәжіс жинауға арналған қапшық, тығыздатқыш және сыртқы жабысқақ сақинадан тұрады. Екі компонентті нәжіс қабылдағыштар пластинаға жабыстырылатын қапшықтан тұрады. Нәжіс қабылдағышты дұрыс таңдау ішек стома-лары бар науқастардың реанимациясында маңызды шарт болып есептеледі. Науқасқа нәжісқабыл-дағышты қолдануды және стомаға күтім жасауды үйретуден алдын оның стомаға психологиялық бейімделу және көмекті қажет ететінін ескерту қажет. Көбінесе науқастар бірден стомаға қарауды қаламайды, бұл жағдайда оларды мәжбүрлеуге болмайды. Нәжісқабылдағыш түрлері Бір компо-нентті жабысқақ емдік пластина және пластик қапшықтан тұрады, екеуі қосылып кеткен. Қапшықты ауыстыру қажет болған жағдайда пластинамен бірге ауыстырылады. Екі компонентті- қапшықты бекітуге арналған арнайы сақина - фланецтен тұрады. Бір компонентті дренаждалмайтын, жабық Екі компонентті дренаждалмайтын, жабық Бір компонентті дренаждалатын, ашық Екі компонентті дренаждалмайтын, жабық Слайд 56. Нәжісқабылдағыштарды таңдап алу. Нәжіс массалары пішінделгенде және ішектердің тәулігінде 2-3 рет босауында біркомпонентті және екі компонентті нәжісқабылдағыштарды қолдануға болады. Бір компонентті (жабық)нәжісқабылдағыштарды күніне 2- рет ауыстыру қажет. Егер оларды жиі ауыстыру қажеттілігі туындаса немесе стома айналасындағы терінің механикалық тітіркену қауіпі болса, бір компонетті дренаждалатын немесе екі компонентті нәжісқабылдағыштарға ауыстыру қажет. Екі компонентті (жабық) дренаждалмайтын нәжісқабылдағыштар: пластинаны әдетте аптасына 1 - 2 рет ауыстырады, ал жабық қапшықтарын тәулігіне 3 ретке дейін ауыстырады. Жабық қапшықтардың ішіндегі фильтр автоматты түрде жұмыс істейді. Ол иістерді жояды және қапшық ішіндегі ауаны сыртқа шығарады. Колостомада дәрет сұйық болғанда немесе іш өту болғанда дренаждалатын (ашық) нәжісқабылдағыштар ұсынылады. Илеостома кезінде: Бір компонентті (ашық) дренаждалатын нәжісқабылдағыштарды күніне 1 реттен кем емес ауыстырады. Қапшықтан нәжіс массалары өтіп кетпегенде немесе қапшықтың герметикалығы сақталғанда қапшықты теріде 3 күнге дейін қалдыруға болады. Бұл кезде дренаждалатын (ашық) қапшықтарды үнемі босатып отыру керек. Оларды жиі ауыстыру қажеттілігі туындағанда немесе стома айналасындағы терінің механикалық зақымдалу қауіпі болғанда екі компоненті нәжісқабылдағыштарға ауыстыру қажет. Екі компоненті (ашық) дренаждалатын нәжісқабылдағыштар : Пластинаны әдетте аптасына 1 - 2 рет, ал дренаждалатын (ашық) қапшықтарды 1-3 тәуліктен соң ауыстыру қажет. Бұл жағдайда дренаждалатын (ашық) қапшықтарды үнемі босатып отыру қажет.
Стома бар науқастарға мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру.
І. Мейіргерлік үрдістің I-ші кезені. Мейіргерлік тексеру.
II – кезең. Мейіргерлік диагноздар: - өмір сүру өнімдерін қалыпты сыртқа шығару қабілеті ; - адекватты тамақтанудың бұзылулары; - күнделікті өмірде қауіпсіздіктің бұзылуы; - өзіндік күтім тапшылығы; - стомаларға психологиялық бейімделудың бұзылуы; - күтім бойынша білімнің жеткіліксіздігінен терапевттік режимді жеткілікті орындамау қауіпі.
III – кезең. Күтімді жоспарлау. - стомаға күтім жасау; - нәжісқабылдағышты қолдану; - тамақтану бойынша ұсыныстар;
Стома өлшемін анықтау. Стома өлшемдерін арнайы трафарет көмегімен анықтауға болады (трафарет көбіне нәжісқабылдағышпен бірге шығарылады). Трафаретті қолдан қолдан жасауға да болады: стомаға мөлдір пленка (немесе полиэтилен) қойып оған стома шекараларын белгілеңіз. Белгіленген контур бойынша қайшымен қырқыңыз, пленканы қатты қағазға қойып тесік пішінін сызып алыңыз, стома өлшеміне сәйкес келетін тесікті ырқып алыңыз. Егер сіз дренажды қапшықпен қолданатын болсаңыз, дренажды тесікті алдын алы қысқышпен жабу керек. Бұл үшін қысқыштың жабысқақ жағымен қапшықтың ашық ұшына қойыңыз және қапшық ұшын өзіңізге қарата 4-5 рет қысқышқа бұраңыз, содан соң қысқыштың ұшын қайырыңыз.
Бір компонентті нәжісқабылдағыштарды жабыстыру
-
Стома өлшемін анықтау. Трафаретті қапшықтың жабысқақ пластинасына қойып, стома тесігі контурлары жабысқақ пластинаның қорғаныс қабығына түсіріледі -
Контурға сай тесік қырқып алынады. Тесіктің өлшемі стома өлшемінен 2-3 мм үлкен болуы керек. -
Жабыстырудан алдын бір компонентті қапшықтың жабысқақ пластинасын алақанда жылытып алу қажет. Қорғаныс пленкасы шешіледі, қырқып алынған тесіктің төменгі шеті стоманың төменгі шекарасымен сәйкестендіріледі. -
Қапшық пластинасын төменнен жоғары қарай теріге қатты басып және қыртыстар болмауы үшін тегістеп жабыстырылады.
Ашық қапшықтарды босату (дренаж). Ашық қапшықтарды үнемі босатып тұру қажет. Қапшықтың толып кетуін болдырмау керек. Қапшықтың 1/3 көлемі нәжіспен толған ол босатылады. Қапшықты жабысқақ пластинаны шешпей босатуға болады. Бұл үшін қапшықты унитазға бағыттап, дренажды тесікті ашып қапшық босатылады. Қапшықтың дренажды ұшын жақсылап сүрту қажет. Сонымен қатар қапшықты пластинадан шешіп алып ағынды сумен шаюға болады. Содан соң қапшықты құрғатып сүрту қажет. Қапшықты босатқаннан соң дренажды тесікті жабуды ұмытпау керек.
Екі компонентті нәжісқабылдағыштарды (пластина+ қапшық) қолдану
1. Стома өлшемі анықталады. Трафаретті қапшықтың жабысқақ пластинасына қойып, стома тесігі контурлары жабысқақ қабаттың қорғаныс қабығына түсіріледі
2. Белгіленген контурге қарай тесік қырқып алынады. Тесіктің өлшемі стома өлшемінен 2-3мм артық болуы керек.
3. Пластинаны жабыстырудан алдын ол алақанда жылытылады. Қорғаныс қабығы ашылады. Қырқып алынған тесіктің төменгі шеті стоманың төменгі шекарасымен сәйкестендіріледі. Қапшық пластинасын төменнен жоғары қарай теріге қатты басып және қыртыстар болмауы үшін тегістеп жабыстырылады
4. Пластинаны шығыңқы жағымен жоғары қарай жабыстыру қажет, өйткені оны шығыңқы жағымен ұстап жоғарыдан төмен қарай алып тасталады. Егер белбеу қолданылатын болса, белбеуге бекіту үшін «құлақшалары» горизонталды орналасуы керек.
Илеостомасы бар пациенттерге тамақтану бойынша ұсыныстар. Илеостома қойылған пациенттер операциядаң соң 4-6 апта клетчаткаға бай тағамдық заттарды қабылдамауы керек. Кейіннен олар аздап ас мәзіріне қосылады. Операциядаң кейін алғашқы айларда ашы ішекте су және минералды тұздардың сорылуы, кейбір дәрумендер өндірісі қызметтері жартылай сақталады. Ішектің нәжіс массаларын жинау және бір қалыпты сыртқа шығару қызметі толығымен жоғалады. Екінші айдың соңында жіңішке ішек бейімделеді, пациенттердің басым бөлігі өздерінің бұрынғы режиміне, тамақтану тәртібіне оралады. Тамақты жүйелі түрде аз мөлшерде қабылдау қажет. Ішектің босауына әкелетін тағамдық заттарға жатады: қантқа бай тағамдық заттар (бал, жеміс-жидектер), ас тұзына бай тағамдық заттар (тұздықтар, маринадтар), қара нан, айран, шырындар. Ішек құрамының қоюлануы үшін күріш, кисель қолдануға болады. Илеостома бар науқастарға дұрыс тамақтану тәртібін таңдау үшін күнделік жазып жүру қажет. Күнделікке қабылдаған тағамдық заттар, оларды қабылдау уақыты, мөлшері, стома арқылы ішектің болатын уақытын жазып жүруі қажет. Міндетті түрде ауырсыну болған жағдай және бөлінген зәр мөлшері тіркеледі. Күнделікті 4-6 апта бойы жазу қай тағамдарды қабылдау тиімді екенін көрсетеді.
Науқастарға күтім жасау жоспары.
1 . Жазбаша түрде қажетті ұсыныстарды беру.
2 . Науқасқа күтім жасау дағдыларын үйрету.
3 . Өз қорқуларын, уайым- дарын ашық айтуға мүмкін- дік беру. Оларға жауаптар . түсініктемелдер беру.