Файл: Ішек стомалары туралы тсінік. Нжіс массаларыны тік ішек арылы шыуы ммкін болмаан жадайда, ішектін белгілі бір блігіне жасанды тесік ойылады. Илеостома.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 146
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4 . Науқасқа ваннамен қолда- нуды, қажеттілігіне қарай әжетханаға баруын немесе нәжісқабылдағышты ауыс- тыруды ұсыну.
5 . Жанұя мүшелерінің қатысуын қолдау (науқастың келісімі бойынша)
6 . Нәжіс мөлшерін жазып жүру (дәрігердің тағайын- дауы бойынша)
Ішек стомалары бар науқастардың тамақтануы: Илеостома Колостома
1. Операциядан соң 4—6 апта клетчаткаға бай және нәжісте қортылмаған тағамдық заттар көп беретін тағамдарды қабылдамау.
2. күніне қою тамақтан басқа 1500— 2000 мл-ден кем емес сұйықтық және 6—9 г тұз қабылдау
3. тамақты жүйелі түрде, аз мөлшерде қабылдау
4. ашығу немесе қабылданатын тамақ мөлшерін азайту көп мөлшерде газдардың түзілуіне және іш өтуге алып келеді.
5. кешкі тамақты мүмкіндігінше ерте және аз мөлшерде қабылдау, бұл жағдай түнгі уақытта стомадан бөлінулерді азайтады. Пациент диета шектеулерін қажет етпейді. Тек қана қай тағамдық заттар метеоризмге алып келетінін білуі керек.
V - кезең. Күтім нәтижесін бағалау. Медбикелік күтім нәтіжесін бағалау. Медбикелік күтім нәтижесін бағалау науқастың әдіс жоспарланған емдеу әдістерімен байланысы болған шешім қабылдау мумкіндігіне, дененің оптималды салмағын сақтауына, дұрыс тамақтануына негізделеді. Пациент немесе жанұя мүшелері стомаға күтім жасау дағдыларын мейірбикеге көрсете алуы керек. Нәжісқабылдағышты қолданғанда болуы мүмкін болған мәселелер: - аллергиялық реакциялар; - стома айналасындағы терінің қабынуы жәе қызаруы (жиі күтім дұрыс болмағаннан немесе нәжісқабылдағыш тесігінің үлкен болуы) жүйесінің герметикалық болмауы немесе нәжісқабылдағышты бірден ауыстыру; - саңырауқұлақты инфекция (әдетте қант диабетінде, антибиотиктердің үлкен дозасымен емдегенде, химиотерапиядан соң иммунитеттің төмендеуімен байланысты.
Нәжісті саусақ арқылы шығару. Памперстерді қолдану Кейде нәжіс массалары қатты болып клизма қою мүмкін болмайды. Бұл жағдайда нәжісті тік ішектен саусақ арқылы шығаруға болады. Ол үшін қолғап кию және саусақты вазелинмен майлау қажет. Бір рет қолданылатын памперстер функционалды іш киімнің бір түрі болып саналады. Памперстер ересектерде төсек тартып жатқан науқастарға күтім жасау үшін қолданылады. Қолдануға жалпы көрсетілім – несепті ұстамау және несеп бөлінуді реттеудің мүмкін болмауы.