Файл: Кншуа мектеп жанындаы лагерьде ткізілген ісшаралар зірлемесі ткізілген кні 2023 жылды 5 маусымы Галкино а.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:
_______________
Галкин ЖОББМ жанындағы
«Күншуақ»лагерінің директоры
Мукушева А.Б.
«Күншуақ» мектеп жанындағы лагерьде өткізілген іс-шаралар әзірлемесі
Өткізілген күні: 2023 жылдың 5 маусымы
Галкино а.
900-915 – Лагерь тәрбиеленушілерін қарсы алу
915 -945 – Балаларды сапқа тұрғызу, таңғы жаттығу жұмыстарын жүргізу
945-1000 – лагерь тәрбиеленушілеріне қауіпсіздік техникасын түсіндіру жұмыстары
1000-1030 - таңғы ас
1030—1130 «Жолдан абайла» дәріс
Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түсініктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
2. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту.
3. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер (жол, тротуар, бордюр, зебра), Бағдаршам, жол белгілері, схема
Барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.
- Балалар, жол деген не?
5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Тротуар деген не?
7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.
9 - оқушы: Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың,
Жайбасардың, баяудың.
Машинаның жолы – көше ортасы,
Соны ұмытып кете көрме, аяулым.
- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
Хормен: Жол белгілері
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)
деп атайды.
ІІІ. Көрініс. (Музыка әуенімен жол сақшылары шығады. Бір бала жолдың бойына жүгіріп шығады)
-
Ей, бала! Сен неге жолда жүру ережесін бұздың? -
Ол қандай ереже? Мен бұл ережелерді білмеймін. -
Ендеше бізді тыңда, Біз саған түсіндіреміз.
(Ысқырады, қасына қалған реттеушілер келеді)
1-бала: Бас көшеде қырағы
2-бала: Үш көзді дәу тұрады
3-бала: Ашса кезек үш көзін
4-бала: Айтты деп ұқ үш сөзін
5-бала: Тоқта!Сақтан!жол ашық!
1-бала: Жүрме жолға таласып.
2-бала: Қызыл көзін ашқанда
Бәрі: Сынық сүйем, баспа алға!
3-бала: Сары көзін ашқанда
Бәрі: Қарап қалма аспанға.
4-бала: Жасыл көзін ашқанда
Бәрі: Өте бергін, жасқанба.
1130-1200 – ағылшын тілі сабағы
1200-1300 – «Менің туым» викторина
Сайыстың мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
Барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады
Мұғалім: Армысыздар құрметті оқушылар және сайысымыздың қонақтары!
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724. 9 мың км2. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 9 - орынды иеленеді.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 - бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні»- делінген. Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Олай болса бүгінгі біздің 5-7 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Мемлекеттік рәміздерді білесіңбе? » атты сайысымызға қош келіпсіздер.
І - кезең Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді. Сайыстың бұл кезеңі он ұпаймен бағаланады.
Мұғалім: Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін «Кім тапқыр?» кезеңіне кезек берейік.
Талапты бала
Талпынған құстай.
Құмары қанбас
Аспанға ұшпай.
Сайыстың «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
І топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.
Ту, Елтаңба, Гимн
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.
Көк, сары
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.
Екі рет
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі
Жұлдыз
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай
2: 1
ІІ топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл
1992 жыл
2. Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс
Қыран бүркіт
4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар
Қанатты пырақ
5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
Ел президенттін ұлықтау рәсімінде
Тәрбиеші: әнді айшығы, бедері,
Рәміздер – ел беделі!
Бойға таққан тұмардай,
Қастерлеймін мен оны!
Сайысымыздың келесі кезеңі «Ойлан тап!» деп аталады. Бұл кезеңде «Авторлар», «Ұғымдар»,
«Спортшылар», «Мемлекет» деп аталатын төрт категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30, 40 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылар кезекпен категорияны және ұпай көрсетілген ұяшықты таңдайды. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай санын иеленеді.
«Авторлар» категориясының сұрақтары:
1. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
3. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)
4. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
«Ұғымдар» категориясының сұрақтары:
1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)
3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)
4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)
«Спортшылар» категориясының сұрақтары:
1. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы кім?(Жақсылық Үшкемпіров)
2. Лонданда өткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында бірінші болып Қазақстанның Туын желбіретіп, Гимнін асқақтатқан спортшы?( Александр Винакуров)
3. Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан екі дүркін чемпионы атанған спортшыны атаңдар (Илья Ильин)
4. Әйгілі отандастары Василий Жиров пен Бахтияр Артаевтың жетістігін қайталап Олимпиадалық ойындарда бокстан алтын медальмен бірге «Баркер» кубогін иеленген қазақ спортшысы кім? (Серік Сапиев)
«Мемлекет» категориясының сұрақтары:
1. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет (Түркия)
2. Осы мемлекетте өткен Олимпиада ойындары Қазақстанға 7 бірдей чемпионды және 5 олимпиада жүлдегерлерін сыйлады. Бұл қай мемлекет? (Англия)
3. 2011 жылы қандай айтулы мереке тойланды? (Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы)
4. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан мемлекет? (Ресей)
Келесі кезекті «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталатын бөлімге береміз. Сіздерге туған жер, Отан туралы мақалдардың бастапқы бөлігі беріледі, сіздер соның жалғасың табасыздар.
1.Отан- елдің анасы,
Ел -ердің анасы
2. Отанасыз адам
Ормансыз бұлбұл
3. Отанды сүю-
Отбасыдан басталады
4. Аққу көлін аңсайды
Адам туған жерін аңсайды
5. Ит- тойған жеріне
Ер -туған жеріне.
6. Отан үшін күрес-
Ерге тиген үлес
Мұғалім: Онда қуат, жалын бар,
Жалыннан от жалындар!
Рәміздерден
Елімнің,
Бет - бейнесі танылар!
Сайыстың ІҮ кезеңі «Менің қиялымдағы рәміз” деп аталады. Бұл кезеңде оқeшылар қысқа уақыт аралығында қиялдарындағы рәміз суретін салу.(5ұпай беріледі).
Сайыстың қорытындылау жеңімпаздарды марапаттау.
Сәлем хаттай ол маған,
Болашаққа жолданған...
Рәміздері елімнің
Ата заңмен қорғалған...
1300-1330 – түскі ас
1330-1430 – спортзалда қозғалыс ойындары
1430-1530 - «Менің туған өлкем» сурет сабағы
1530-1600 – түстен кейінгі ас
1600-1645 - «Біз әлем үшін» асфальтта суреттер сайысы
1645-1700 – жиналыс,, балаларды үйге қайтару.