Файл: aзacтaн Pecпyбликacы Білім жнe ылым миниcтpлігі Aбaй aтындaы aзa лтты пeдaгoгикaлы yнивepcитeті Филoлoгия жнe кптілді білім бepy инcтитyты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 122
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сонымен, этнография өзінің негізгі объектісі этностар – халықтар туралы ғылым дейтін жалпыға белгілі анықтамаға қоса бұл ғылым халықтардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын зерттейді дегенді қосу керек.
Этнос – ғылым ретінде өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір географиялық ортада қалыптасып, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай, мінез-құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт – дәсүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ тегін, туыстығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы.
Этностық дегеніміз - белгілі бір тарихи жерде өскен, тілі, мәдениеті, ойлау жүйесі ортақ, әрі қалыптасқан, сонымен бірге бірлік пен айырмашылықты сезінетін әлеуметтік қауымдастық. Этникалық мүшелерде өмірдің әртүрлі салаларында ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар. Осы бағыттардың ең маңыздысы - тіл. Тіл сол этностық топқа жататын адамдар арасындағы негізгі қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Бұл негізгі этникалық белгілердің бірі. Осы ерекшеліктерге қарап, біз халықтар арасындағы тарихи қатынастарды, туыстық пен жақындықты, экономикалық және мәдени ұқсастықтарды көре аламыз.
Этнотілдік деректер сан ұрпақ танитын ана тіліміздің қорында мәңгілікке сақталатын сарқылмайтын қазына. Әрине, осы байлықтың кені қазақ ауыз әдебиетінің көне жанры – батырлар жырында, ақын-жыраулардың шығармаларында сақталғаны анық. Өйткені бұл жырларда әр ғасырдың тарихи-әлеуметтік жағдайы, ата-бабаларымыздың елдік, ерлік салты, мәдени, рухани ғұрпы, тағдыры ерекше жырланған. Батырлар жырын қазақ мәдениеті мен дүниетанымының энциклопедиясы деуге болады. Ал ақын-жырауларымыздың жырларының тууы тарихи құбылыс болса, ондағы өте көне дәуірден қалған сөз үлгілерін көптеген ғалымдар өткелек құруға аралық дәнекер болған сөздер деп көрсеткен.
Этнолингвистика — этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес бір саласы. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика, статолингвистиика, паралингвистика іспеттес этнолингвистика да — «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол — этностың инсандык һәм дүнияуи табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым.
Осыған байланысты этнолингвистика «этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» деген үғым-түсініктерге ерекше мән береді. Өйткені бұлар жай термин ғана емес, бір таяқтын екі басы сияқты, бір-біріне етене қатысты, бірінсіз бірінің күні жоқ бір тұтас құбылыстың көрінісі іспетті. Бұл «этнолингвистика» терминінің атынан да, кұрамынан да (грекше ethnos — «халық» және латынша lingua — «тіл» французша inguistigue — «тілтану») айқын көрініп тұр.
Этнолингвистиканың зерттеу объектісін этностың тілі десек, оңдағы мақсаты — сол тіл арқылы этностың болмысын танып-білу болады. Алайда, бұл баршаға түсінікті нәрсе болып көрінгенімен, нақтылай келгенде, ол туралы әр түрлі көзқарастың барлығы, әркімнің әр түрлі бағытта әрекет етуі байқалады. Бір жағынан бұл заңды да құбылыс. Өйткені қай ғылым саласы болмасын, өзінің қалыптасуы дәуірінде ең алдымен бағыт-бағдарын, өз концепциясы мен принциптерін, зерттеудің тәсіл-әдістерін анықтап алуға тырысады. Сондықтан да этнолингвистиканын, объектілері мен мақсат-мүддесін айқындаудағы бұл тәрізді әр түрлі көзқарастарды сол ізденістердің жолдары деп қараған жөн.
Осы орайда, қазақ этнолингвистикасының да қалыптасу барысында айқындала бастаған өзіндік дәстүрі мен үрдісі, зерттеу объектісі мен әдіс-тәсілдері, ұстанған принциптері жоқ емес.Енді соларға тоқталып өтейік.
Этнолингвистиканың зерттеу объектісі — барлық жағдайда да этнос тілі екендігі айтылды. Алайда ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты, оны әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп-ақ. Олардың біразы этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас, тілдік деректерді өз мүддесіне қарай зерттеп, білуге бағышталған ғылым, білім, мәдениет т. б. салалар.
Қазақ этнографизмдерінің зерттелуі.
Халқымыздың этнография саласындағы ғылымы мен білімінің рухани мұрасы шексіз. Оның бастауы ежелгі Орхон-Енисей ежелгі түркі жазба ескерткіштерінен басталды (VI-VIII ғғ.) Және Қазан төңкерісіне дейінгі 14 ғасыр. Міне, бірнеше маңызды кезеңдер: ең алдымен, қазақстандық ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби (Аристотель деп аталады), Юсуф Баласагуни, Махмуд Кашкари, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхаммед Хайдар Дулати., Қадырғали Жалаири, Асигари, Асиган. Шалкиіз Бұқар жыраулары, Хан-сұлтан, біздің бишілердің бұл мәселеге қосқан үлесі ерекше.
Әлемдегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқының да сан ғасырлар мен замандар бойы қалыптасқан, қазіргі заманға қазына болып жеткен және де келешек ұрпаққа мұра болып қалатын мақтан тұтарлық тарихы, шаруашылық мәдениеті мен рухани қазынасы бар. Қазақ этносына қатысты тарихи және этнографиялық деректер осы уақытқа дейін зерттеліп, мәліметтер жинақталып келеді. Олардың ішінде қазақ даласына әр түрлі себептермен көшіп не айдалып келген сырт елдердің адамдары, отаршылдық кезеңде жасалған Ресей шенеуніктері мен ғалымдары жүргізген зерттеу жұмыстары, сонымен қатар, қазақ ғалымдарының зерттеу жұмыстары бар. Әлемнің танымал мұражайларында, көрші мемлекеттердің ақпараттық қорларында қазақ халқының тарихы мен дәстүрлі мәдениетіне қатысты ескерткіштер де мол.
Тiл фактiлерi тұнып тұрған тарих. Себебi, әртүрлi заттардың, құбылыстардың аты-жөнi, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрi де кейiнгi буындарға тек тiл деректерi арқылы ғана, яғни сол халық тiлiндегi сөздер мен сөз тiркестерi, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегiлер арқылы ғана келiп жетуi мүмкiн. Халықтың жалпы рухани өмiрiн, талай ғасырлық тағылым жүйесiн, ата-салтын, елдiк қасиетiн, ұлттық болмысқа тiкелей қатысты байырғы сөз қазынасын қайта түрлендiруде ерекше орын алатын тiл бiлiмi саласының бiрi – этнолингвистика. Өйткенi этно, фитотұрақты тіркестердiң өмiрге келуi, қолданыс ерекшелiктерi, халықтың өмiр туралы сан алуан пайым-байқауларынан, ойға түйгендерiнен әртүрлi қарым-қатынастар барысында айқындалатын сезiм, айшықты ой, психологиялық жай-күйi т.б. факторлар негiзiнде пайда болуына этнолингвистика ғана толық та жан-жақты жауап бере алады. Тiл бiлiмi тарихын зерттеушiлер этнолингвистикалық зерттеулердiң кейбiр көрiнiстерi И.Г.Гердерде (XVIII ғ.), В.Гумбольдте (XIX ғ.), яғни «Гумбольдтовское понятие «народного духа» лежит в основе этнолингвистики, считающей каждый язык воплощением особой этнической культуры, народного духа, национального мировоззрения и языкового гения» [1,54-б.],– деген пікіріне қатысты болғанын, бiрақ этнолингвистика жаңа бағыт ретiнде XX ғ. басында пайда болғанын жазып, оны жазба тiлi жоқ америкалық үндiстердiң тiлi мен мәдениетiн зерттеген этнограф ғалымдар Ф.Боас және Э.Сепир аттарымен байланыстырады. Сепирдiң ықпалымен «этнолингвистика» тiл ғылымында термин ретiнде орнықты.
Жоғарыда этнолингвистика о бастан-ақ екі ұдай объектінің — этнос және оның тілінің — ортасынан туындаған ғылым саласы дедік. Демек, бұл этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойыңдау, «этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды» деген қағиданы нақтылы зерттеуге өзек ету деген сөз.
Енді осы «этнос» деген тарихи күрделі ұғымды сол қалпында ала салмай, этнолингвистика мақсатына орай «этнос болмысы» деген ұғыммен алмастыруымыздың себебіне келсек, ол да ойға қонарлық уәж сияқты. Біріншіден, біз этностың жеке мәселелерін емес, оның тұтас бейнесін, барша болмысын анықтағымыз келеді; екіншіден, этнос туралы толық мағлұмат тек оның тіл қазынасында ғана сақталады. Этностың шынайы болмысын басқа (мәселен, этнология, антропология, археология, этнография т. б.) ғылымдар дәл этнолингвистикадай айқындай алмайды.
Қазақ халқының этнографиясы туралы шығармаларын өз бастауын ерте замандардан алады, ал осындай зерттеулердің ішінде ерекше орын алатыны – ауыз әдебиеті болып табылады. ХІХ ғасырдың соңында ғана оны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Құрбанғали Халид сияқты терең білімді қазақ азаматтары жазып алып, қағаз бетіне түсіріп, ғылыми негізге салып, жүйеге түсіре бастады. Ал қазақ халқының тарихы мен мәдениетін Ресей академиялық ғылымы тарапынан зерттеу жұмыстары ХҮІІІ ғасырдыі ортасынан басталып, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей географиялық қоғамының ашылып, оның бөлімшелерінің қазақ жерінде жұмыс істеуі барысында жалғасты. Ресей империясында жақсы дамыған шығыстану ғылымы да қазақ тарихы мен этнографиясының дамуына үлкен үлес қосты деп айтсақ қателеспеген болар едік. Оларға ілесе қазақ арасынан шыққан Шоқан Уалиханов, Мұса Шорманов, Мұхамет-Салық Бабажанов, Құдабай Қостанаев сияқты авторлар халық өмірін этнографиялық тұрғыда қарастырып, бірталай құнды еңбектер жазды.
Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласының негізін салушы академик Ə.Т.Қайдар былай дейді: «Бұл- этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойындау, «этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды» деген қағиданы нақтылы зерттеуге негіз етіп алу деген сөз». Бұл қағида келешекте біздің зерттеулерімізде де басшылыққа алатын негізгі бағыт болып табылады. Ол «этнос болмысы», «тіл əлемі» сияқты термин-ұғымдарды ұсынады. Ғалым: «Біздің пайымдауымызша, «этнос болмысы» — этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы жəне ол туралы реальды шындық. Басқаша айтқанда: «этнос болмысы» дегеніміз — этностың сонау балаң кезінен бүгінгі есейген шағына дейінгі кешірген өмір тіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан нəсілге мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани-мəдени қазынасы дейді.
Академик Ə. Қайдар: «Этнографизмдер дегеніміз - тұрмысымызда болған, əлі де қолданылып келе жатқан күнкөріс бұйымдарының белгілі бір кəсіпке, шаруашылыққа, салт-дəстүрге, əдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тəртібіне, əдеттік құқыққа байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық жəне тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері»,-дейді
Зерттеуші Ж.Манкееваның пікірінше, «этностың көне дəуіріндегі тарихынан, мəдени өмірінен хабардар ететін этнографизмдер, тілімізде мағынасы ұмыт болған əр түрлі этноатаулар олардың сырын ашуды, танытуды қажет етеді. Осы орайда қазақтың қара сөзін бағзы мəдениеттің жетегінде тіл арқылы анықтап, келер ұрпақтың санасына зор мақтанышпен жеткізу — ұлт болмысын, ұлт мəдениетін танытудың бір жолы. Осыған орай, қазақ лексикасындағы лингвокультуремалар ретіндегі этнографизмдер, ескіліктер т.б. этнодеректер мəдени-рухани байлықтың бір көзін құрайды. Қазақ тілі этнолингвистикасының денін тіліміздегі мағынасы күңгірттенген, тіл иесі сөйлеу процесі кезінде ол сөзді қолданғанымен де мағынасына терең бойлап, жете түсіне бермейтін, я қолданыстан шығып, архаизмге айналған сөздер құрайды».
Ж.Манкеева «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымы негіздері» атты зерттеуінде: «Өңіржиек – үзбелеп салпыншақтап тағып, асыл тастардан көз орнатқан, көйлек сыртынан омырауға тағатын әшекейлі, қымбат бағалы сәнді бұйым» - деген анықтама бере отырып, «өңіржиек» мағынасын толықтыра түседі. Бұл пікірлерге назар аударсақ, С.Аманжолов мұралары бүгінгі этнолингвистика ғылымының зерттеушілеріне де өзіндік үлесін қосып жатқаны дәлел болады. Таным көкжиегін кеңейтетін, сөздің мәні мен мағынасына әсер ететін күрделі процесс – сана арқылы қабылданатын пайымдау үрдісі. С.Аманжоловтың: «Қай ұлттың болса да, тіл байлығы – сол ұлттың тарихи айнасы. Өйткені сөздің бәрі - сананың көрінісі. Сондықтан әрбір сөз тарихтың дерегі болады»–деген құнды пікірін еске алсақ, ұлттық дүние-таным, салт-дәстүрге негізделіп, халықтың рухани өмірін бейнелейтін қазақтың наным-сенімдеріне қатысты сөздер мен аталымдар – ұлттық таным көкжиегін кеңейтіп, халқымыздың тарихынан хабар беретін ерекше ұғымдар. Тіл байлығын аңғартатын, санамызда сақталып қалған мұндай ұғымдарды жаңғырта түсудің маңызы зор.
Белгілі бір ұлттың, этностың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымын, әдет-ғұрпын оның тілінде сақталған лексикалық, фразеологиялық, мақал-мәтелдік және т.б. бірліктердің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру тіл білімінің этнолингвистика саласына жатады. Бұл орайда қазақ этнолингвистикасын әдеби шығармалардағы көптеген атауларды зерделеуге белгілі тілші-ғалым Ербол Жанпейісовтің еңбегі мен қосқан үлесі мол. Ол кісі дүниеден өткенімен, соңында қалдырған зерттеу мұрасы жуырда «Қазақ ескіліктері» деген тақырыппен жеке кітап болып жарық көрді. Яғни тіл білімінің этнолингвистика саласы тағы бір ғылыми туындымен толықты. Өткен ғасырдың аяғында Е.Жанпейісовтің «Абай жолы» эпопеясының тілін, ондағы ұлттық кодтар мен символдарды этнолингвистикалық тұрғыда терең зерделеген құнды еңбегі алдымен қазақ тілінде «М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі» деген атпен, кейіннен орыс тілінде «Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведений М.Ауэзова)» атты еңбегі қазақ этнолингвистикасы мен этимологиясы салаларында жаңалығы мол, іргелі зерттеу ретінде танылған болатын. Ғалым «Қазақ ескіліктері» атты ғылыми еңбегінде тіліміздің заттық мәдениет лексикасын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттей отырып, түркі тілдерінің материалдары арқылы идиоэтникалық бірліктердің құрылымдық-семантикалық табиғаты мен этимологиясын ашады. Ең алдымен, кітаптың атауына арқау болған «ескілік» сөзінің мән-мағынасына ой жүгіртейік. Бұл сөздің лұғаттық мағынасы Қазақ сөздігінде: «І. тозығы жету; бұрынғы, ескі қоғамның салт-санасы, әдет-ғұрпы; ІІ. ескіге тән, бұрынғы, баяғы; қарттық, кәрілік; ескі-құсқы, тозығы жеткен» деп көрсетілген (Алматы, 2013, 429-б.). Демек, ескілік сөзінің «тозығы жеткен», «ескі салт-сана», «бұрынғы», «қарттық» деген мағыналарын белгілеуге болады. Ақын-жазушылардың шығармаларында да осы негізгі ұғымдар қолданылған. Алайда Мұхтар Әуезовтің «Батырлар әңгімесі» атты ғылыми мақаласындағы «Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жұртының ескілігі деп санауға керек» деген сөйлемінен ескілік сөзінің жоғарыда сөз болған семаларға қосымша «халықтың бұрынғы заттық-рухани мәдениетіне қатысты ұғымды» білдіретін ортақ белгісін аңғаруға болады. Профессор Ербол Жанпейісов те сөз болып отырған ғылыми еңбегінің атын «Қазақ ескіліктері» деп тіліміздегі идиоэтникалық лексиканы, этномәдени тілдік бірліктерді жинақтап, қазақ халқының бұрыннан келе жатқан заттық, рухани мәдениет ұғымдарын білдірткісі келген болса керек.