Файл: aзacтaн Pecпyбликacы Білім жнe ылым миниcтpлігі Aбaй aтындaы aзa лтты пeдaгoгикaлы yнивepcитeті Филoлoгия жнe кптілді білім бepy инcтитyты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 127
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тұрмыстық өмірдегі маңызы, мектеп оқулықтарындағы берілуі.
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған үндеуінде мемлекетке қажетті барлық басты ерекшеліктердің ішінде білімге зор мəн берілу керек екендігін, себебі білім беру ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналатындығын айтады. Ал Қазақстан үкіметі қабылдаған «Білім туралы» Заңның «Білім жүйесі» аталатын екінші бөлімінде: «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау... олар мемлекеттік белгілердің мəні мен маңызын терең түсінген, халықтық дəстүрлерді қастерлейтін... халықтар достығының негізінде тəрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген... Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дəстүрі мен əдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» делінген [2].
Жоғарыда келтірілген үзіндіден байқағанымыздай ұрпақ тəрбиесінің алатын орны ерекше, ал оның негізі мектепте қаланады. Олай болса, ұрпақ тəрбиесінің алдында мұғалімнің жауапкершілігі орасан зор. Себебі бүгінгі таңда халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дəстүрін, тарихи асыл мұраларымызды қастерлеп, оны ұлағаттап, бүгінгі күні өмірімізге енгізе білу және келешек ұрпаққа сақтап аманат ету – әрқайсысымыздың алдымыздағы асыл борыш.
Қазіргі жаһандану заманында ұлттық кодты қалыптастыру маңызды екендігі әр күн сайын айтылып жатыр, ал сол ұлттық кодтың негізі біздің ұлттық болмыс, ұлттық рух. Тұлғаның бойына аталған қасиеттерді сіңіру жас кезінен басталғаны абзал, сонда ол адамның іргетасына айналады. Осыған байланысты мектептерде этнопедагогиканың оқытылуы, этнографиялық мәліметтер мен этнографизмдер, олардың мәні үйретілуі бүгінгі таңда өзекті болып отыр.
Бүгінгі ұрпақты ата-баба дəстүрімен тəрбиелеу, халықтың педагогикалық нəрлі қайнарымен сусындату, оқыту мен тəрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Этнопедагогика — белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тəн ерекшелігі бар дүниетанымдық, тəрбиелік, мəдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз əдебиеті мен салт-дəстүрлерінен құралған ауыз əдебиеті жəне ұлттық тəлім-тəрбиенің жазу мəдениетіндегі көрінісі.
Педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының арқауы — ауыз əдебиеті мен халықтың салт-дəстүрлері. Ауыз əдебиеті мен халықтың салт-дəстүрлері — ұлттық тəрбиенің негізі. Міне, осы тұғырлы тұжырымды ірі ғалым-лингвист, əдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын А.Байтұрсынов жан-жақты зерттеп, олардың тəрбиелік мəнін ашып берді. Яғни қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерлей зерттеп, олардың ғылыми-теориялық негіздерін жасады.
Сондай-ақ ұлағатты ұстаздық ісін қастерлей біліп, педагогика ғылымын терең зерттеген М.Жұмабаев педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, ұлттық тəрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Əр тəрбиешінің қолданатын жолы — ұлт тəрбиесі. Əрбір ұлттың бала тəрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тəрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, əрбір тəрбиеші, сөз жоқ, ұлт тəрбиесімен таныс болуға тиісті», — дейді [3, 38-б.]. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен жəне халық психологиясымен байланыстырып, баланы тəрбиелеудің, оған дүние танытудың жолдарын талдап көрсетіп берді.
Дана халқымыз өздерінің үлкен тарихында жас ұрпаққа тəрбие берудің бай тəжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, əдет-ғұрып, дəстүр рəсімдерін туғызды. Бұлар – халық бұқарасының жөн-жобаларының, іс-əрекеттерінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен ұстанымдарының көріністері. Халқымыз өмір сүрген ортаның əлеуметтік-экономикалық жағдайына, мəдениеті мен тарихына орайлас жас буынға тəлім-тəрбие берудің басқа жұртта қайталанбайтын талап-тілектерін дүниеге əкелді. Мəселен, жас ұрпақты тəрбиелеудің жалпыға ортақ моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мəні «сегіз қырлы, бір сырлы» деген нақыл сөзден жақсы байқалады.
Қазақ халқының ең құнды байлығы – салт-дəстүрде. Салт-дəстүрлердің пайда болуы мен қалыптасуының өз тарихы бар екендігі белгілі. Қазақ ұлтының жеке ұлт ретінде құрылғанға дейінгі ұзақ уақыт аралығында қазақ елінің басында небір қиын-қыстау кезеңдер, жеке алғанда ұлт ретінде жойылып кету қауіпін туғызған жағдайлар аз болмаған.
Ендеше, этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дəстүрді, өнерді дəріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген саналы азамат тəрбиелеу.
Белгілі бір этнос адамдарының жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім (этнопсихологиясы) мен əдет-ғұрып, салт-дəстүр (этнологиясы) ерекшелігі ұрпақтан ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өшуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілінің даму дəрежесі ұлттық сана-сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Əдебиетші-ғалым Ж.Аймауытов «Тəрбиеге жетекші» деген еңбегінде: «Ана тілі — халық болып жаралғаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мəңгі құламайтын бəйтерегі... Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы — сол халықтың тілі», — деген болатын [4, 54-б.].
Ендеше, ұлттық тəлім-тəрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика) екені, ал оның ұлттың ішкі жан дүниесімен, сана-сезіммен байланысты (этнопсихологиямен) жүргізілетіні көпке аян. Этнолингвистика тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика оны адам психологиясына, ал социолингвистика қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады.
Этнолингвистика диалектология, фольклористика, этнология, мәдениеттану, мифология сияқты ғылым салаларымен тығыз байланысты. Себебі, аталған ғылымдардың қай-қайсысы болмасын этнос табиғатын ашу мақсатында қызмет етеді және олардың зерттеу нысаны ортақ. Мысалы, диалектология аймақтардағы жергілікті халықтардың сөйлеу ерекшеліктерін, ал этнология мен фольклористика этностың сан ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, рухани және заттық мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын зерттесе, мифология ұлттың дүниетанымын, наным-сенімі мен менталитетін зерттейді. Демек, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты ұғымдарды, этностық ерекшеліктерді сипаттайды.
Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласының негізін салушы академик Ə.Т.Қайдар былай дейді: «Бұл — этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойындау, «этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды» деген қағиданы нақтылы зерттеуге негіз етіп алу деген сөз» [5, 109-б.]. Ол «этнос болмысы», «тіл əлемі» сияқты термин-ұғымдарды ұсынады. Ғалым «этнос болмысы» - этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы реалды шындық екендігін айтады.
Этнографияның негізгі зерттеу нысаны ретінде этнографизмдер, яғни, этнографиялық лексика қарастырылады. Этнографизмдер дегеніміз – өткен дәуірде тұрмысымызда қолданылған, біразы осы күнге дейін қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, ұлттық тағамдар мен киім үлгілеріне, сонымен қатар, туыстық қатынастарға, қоғамдық өмірдегі ел билеу, заңдар жүйесі, қалыптасқан тәртіпке байланысты қолданылған, этностың тұрмыстық және тілдік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері. Этнографиялық лексиканың құрамында өткен өмірдің көрінісін сипаттайтын көнерген сөздер мен сөз тіркестері жиі кездесіп отырады. Олардың біразы бүгінге дейін қолданыста болса, кейбірі ескіріп, жаңадан қайта қолданысқа енген, ал енді бірі тіпті көнеріп, мағынасы қоғамдағы көптеген адамдарға түсініксіз болып келуі мүмкін. Осындай мәселелер төңірегінде Е.Жанпейісов, Б.Қалиев, Ж.Манкеев, Р. Шойбеков, А.Жылқыбаева, С.Сәтенова сынды ғалымдарымыздың еңбектері осы саланың дамуына айтарлықтай үлес қосқандығын айтуымызға болады.
Этнографизмдердің маңызы сонда, олар сонау ғасырлар бойғыжалғасқан халық тұрмысының айнасы іспетті, олар сонша сол дерек пен ақпарттарды өз бойына жинай отырып, келесі ұрпаққа жеткізе алады, этнографизмдердің бойына тұтас этностың «мені» жинақталып, сол этнос өмірінен сыр ақтарады.
Осы тұста ескеретін бір жайт бар, көптеген оқырман қауым этнолингвистиканы этимология ғылымымен шатастрып жатады. Дегенмен, бұл екі ғылымның қарастырар мәселелері екі бөлек, этимология – сөздің шығу тегін қарастырады, ал этноингвистика – сол сөз бен оның аталуына себеп болған заттың ара қатынасын зерттейді. Мысалы, «қамшы» сөзін алайық, этимология бұл сөздің шығу тегін, төркінін зерттейді, ал этнолингвистика «қамшы» сөзінің қолданыс аясын, сөз саптағандағы атқаратын қызметін, этнос дүниетанымындағы рөлін, сонымен қатар, ауыз әдебиетінде қолданылуын да зерттейді.
Енді, этнолингвистиканың оқытылуы мәселесіне тоқталатын болсақ. Этнолингвистика ғылымы барлық курстарда оқытылуы тиіс деп есептейміз, себебі, оқушылар мен студенттер қазақтың байырғы сөздерін біліп, оның мағынасына үңіле алса, өзі де қолдана білсе, онда ол тек сөздерді ғана емес, этностың салт-санасын, әдет-ғұрпын да біліп шығады, ал ұл өз кещегізе өте маңызды мәселе. Ал оқытушының этностың салт-санасымен, әдет-ғұрпымен етене таныс, сөз саптауы жақсы, этнографизмдердің қолданыстағы рөлі ен беретін мағынасын терең меңгерген болуы абзал.
Этнолингвистикалық білім беру шарттары үш бағытта қарастырылады: этнолингвистикалық білімді меңгеру; этнографизмдерді дұрыс қолдана білу; этнолингвистикалық мәтіндерді талдай білу және этнолингвистикалық мәтіндерді құрастыра алу шығармашылығын дамыту;
Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан-жақты ізденіс нəтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр. Сонымен, қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму үрдісінен кейбір өзіндік ерекшеліктер де байқалады. Ол жалпы этнолингвистикалық идея аясында туындап, қазақ этносын оның тілі арқылы танып-білу мақсатымен бұдан 15–20 жыл бұрын (1985 ж.) басталған ізденіс барысында іргетасы қаланып, өзінің бағыт-бағдарын, мақсат-мүддесін айқындай түскен, зерттеу объектілерін саралап, тəсіл-əдістерін күн санап ширата түскен ғылым саласына жатады. Алайда бұл айтқанымыздан қазақ этнолингвистикасы өзінің шарықтау шегіне жетті деген ұғым тумаса керек. Бірақ ол — ғалымдар тарапынан қолдау тауып жатса, өзінің даму барысында əлі де шыңдала түсері кəміл өміршең ғылым.
Тəрбие мен оқыту жұмысы — халықпен бірге туып, бірге өскен, бірге дамыған тарихи көне үрдіс. Сондықтан ол сан ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның озық үлгілерін келер ұрпаққа мирас етіп отырған. Осы тұрғыдан алып қарағанда, біздің пікірімізше, халықтың ұлттық тəрбиесінде, əсіресе жеке адамды қалыптастыруда қолданылатын оқыту мен тəрбиелеудің жолдарын, жөндерін, мақсаттарын, міндеттерін соларға қатысты педагогикалық үлгілері мен үйлесімдер жиынтығын этнопедагогика деуге болар еді. Бұл жерде халық педагогикасы этнопедагогиканың зерттеу нысаны болып отыр. Олай болса, халық педагогикасы көпшілік қолданған тəжірибелер мен білімдер жиынтығы болып шығады. Демек, мектеп оқушыларына білім беру барысында қазақ этнопедагогикасы мен этнолингвистикасы материалдарын пайдалану олардың ұлттық рухын қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тəрбие негіздерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кəміл сенуге болады.
Сонымен, этнопедагогикалық жəне этнолингвистикалық білім берудің маңызы мынада болып отыр:
-
жастарға білім бере отырып оларды халықтық дәстүр негізінде тәрбиелейміз; -
ұлттық тəлім-тəрбиенің түптамырын, мəнін оның ұлттық тілі арқылы түсіндіреміз;
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тəрбие үрдісінде пайдалануға мұғалімдерді əдістемелік даярлауға күнделікті өмірдің үдемелі сұранысы мұғалімдерді əдістемелік даярлау міндетті түрде қажеттігін айқындайды. Қорыта келгенде, ұлттық тəрбие мен ұлттық тіл қоғамдық құбылыс ретінде қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Екі құбылыс та тарихи үрдіс пен қоғамның өмір сүруін қамтамасыз ететін мəңгілік категориялар болып табылады. Ұлттық тəрбие мен ұлттық тіл өскелең ұрпақты өмірге дайындауды жүзеге асыруды көздейді.
2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК МӘНІ, ҚОЛДАНЫСЫ, ЭТНОС ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ОРНЫ
«Этнос немесе халық – адамзатты этнографиялық тұрғыдан классификациялағанда, негізгі единица деп есептеледі. Оның (этнос, халық) өз территориясы, экономикалық байланысы, біртұтас тілі, ортақ тілі болады» [6, 324-325 бб.]. Алғашқы кезде халық пен тіл ұғымдарының ара қатынасы, сабақтастығы туралы мәселе халықтық идея, мәдениет мәселелерінен бастау алса, бүгінгі таңда оның ауқымы әлдеқайда кең болып отыр. Ә.Қайдар «этнос болмысы» және «тіл әлемін» [5, 9-б.] бір-бірімен шебер үйлестіре білген ғалым болып табылады. Осы жердегі «этнос болмысы» ұғымының таңдалуының мәнін зерттеуші екі принципке сүйене отырып түсіндіреді: «1) ... біз этностың жеке мәселелерін емес, оның тұтас бейнесін, барша болмысын анықтағымыз келеді; 2) этнос туралы мағлұмат тек оның тіл қазынасында сақталады. Этностың шынайы болмысын басқа (мәселен, этнология, антропология, археология, этнография, т.б.) дәл этнолингвистикадай айқындай алмайды» [5, 11-б.].