Файл: aзacтaн Pecпyбликacы Білім жнe ылым миниcтpлігі Aбaй aтындaы aзa лтты пeдaгoгикaлы yнивepcитeті Филoлoгия жнe кптілді білім бepy инcтитyты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 137
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қaзaқcтaн Pecпyбликacы Білім жәнe ғылым миниcтpлігі
Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық пeдaгoгикaлық yнивepcитeті
Филoлoгия жәнe көптілді білім бepy инcтитyты
Aкaдeмик C.Қиpaбaeв aтындaғы Қaзaқ тілі мeн әдeбиeті кaфeдpacы
«Қopғayғa жібepілді»
« » _____, 2021 жыл, №___ Xaттaмa
Кaфeдpa мeңгepyшіcі, ф.ғ.д., доцент
_______________Н.Ә.Илъясова
Диплoмдық жоба
Тaқыpыбы: «ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК МӘНІ МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ»
5В011700 – «Қaзaқ тілі мeн әдeбиeті» мaмaндығы
Opындaғaндар: Лес Гүлсезім
Серікбол Айбол
Ғылыми жeтeкшіcі:
Ф.ғ.к., қayымдacтыpылғaн пpoфeccop C.A.Жиpeнoв
Aлмaты, 2021
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ ОРЫНДАУДЫҢ
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
№ | Іс-әрекет түрлері | Мерзімі | Орындалуы туралы белгі |
1 | Зерттеу бағдарламасын құрастыру | Қыркүйек | |
2 | Тақырыптың аналитикалық шолуын (обзор) дайындау | Қазан | |
3 | Эмпирикалық (тәжірибиелік) мәліметтер жинастыру | Қараша | |
4 | Алынған ақпараттарды өңдеу және талдау | Желтоқсан | |
5 | Жобалық-есептік жұмыстарды орындау | Қаңтар | |
6 | Дипломдық жобаның мәтіндік бөлімін дайындау және рәсімдеу | Ақпан | |
7 | Көрнекілік (графикалық) материалдарды дайындау және рәсімдеу | Наурыз | |
8 | Дипломдық жоба жұмысын алдын ала қорғау | Сәуір | |
9 | Дипломдық жоба жұмысын қорғау | Мамыр | |
Тапсырма берілген күн «24» қыркүйек, 2020 жыл
Ғылыми жетекшісі:
Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі
мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған
профессоры, ф.ғ.к С.А.Жиренов
Студенттер: Лес Гүлсезім
Серікбол Айбол
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК МӘНІ МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................4
Жобаның практикалық бөлімі...........................................................................6
1. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің зерттелуі, қолданысы, тұрмыстық өмірдегі маңызы, мектеп оқулықтарындағы берілуі............................................6
2. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің когнитивтік мәні, қолданысы, этнос дүниетанымындағы орны.....................................................................................22
3. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің когнитивтік мәні мен орта мектептерде оқытудың жолдары: әдіс-тәсілдері, дидактикасы, стратегиясы, методологиясы.......................................................................................................28
Жоба қорытындысы...........................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................36
Қосымша...............................................................................................................37
КІРІСПЕ
Жоба тақырыбының өзектілігі мен жаңалығы. Қазіргі жаһандану заманында кез-келген халық өз болмысын, рухани діңгегін қайта табуға, ұлт ретінде жойылмай, сақталып қалу үшін негізгі өзегінен айнымауға бекінген. Осы орайды, тұңғыш Елбасы Н.Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы да жарық көрген болатын. Біздің бітіру жұмысымызда осы мәселе төңірегінде болмақ.
Біз диплом жұмысымызда тілдің ең құнарлы қабаттарының бірі – этнографизмдер туралы зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Этнографизмдер өне бойында халықтың сан ғасырлар бойғы қазынасын сақтап, оны ұрпаққа жеткізетін тілдік бірліктер. Сондықтан да этнографизмдерді зерттеу, олардың мәніне үңілу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Жобаның мақсаты. Жобаның мақсаты – этнографизмдердің когнитивтік мәніне үңілу, этнографизмдердің орта мектеп оқулықтарында берілуіне талдау жасау, этнографизмдерді оқыту барысында қолдануға тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерді анықтау. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді алға қойдық:
-
Қазақ этнолингвистикасының зерттелу тарихына шолу жасау; -
Этнографизмдердің күнделікті тіршіліктегі маңызына мән беру; -
Этнографизмдердің когнитивтік мәніне үңілу; -
Орта мектеп оқулықтарында этнографизмдердің берілуіне, оны оқытуды қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдерге талдау жасау.
Жобаның тапсырмалары:
-
Этнографизмдерге қатысты ғылыми жұмыстарды зерделеу; -
Жалпы білім беретін мектеп оқулықтарымен жұмыс жасау; -
Этнографизмдердің іс тәжірбиеден өткізу мақсатында ҚМЖ тапсырмасын әзірлеу;
Жоба бойынша күтілетін нәтижелер.
-
Білімгерлер жоба мазмұны бойынша этнографизмдердің зерттелуі, орта мектептерде берілуі туралы ақпарат ала алады; -
Этнографизмдердің когнитивтік мәні мен маңызы туралы талдау жұмыстарымен танысады; -
Этнографизмдерді оқыту барысында қолдануға тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оны қолдана алады.
Жобаны жүзеге асырудың кезеңдері. Этнолингвистика барлық курстарда оқытылуы керек, өйткені қазақ тілін жүргізген мұғалім алдымен салт-сана, əдет-ғұрыпқа байланысты сөздер шоғырын өзі қандай жағдайда қолданатынын білу қажет. Студенттер, оқушылар күні бұрын қазақтың байырғы сөздерін қолданысына қарай біліп отырса, онда тек тілді ғана емес, əдет-ғұрыпты да біліп шығады.
Жобаның даму болашағы. Қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму үрдісінен кейбір өзіндік ерекшеліктер де байқалады. Ол жалпы этнолингвистикалық идея аясында туындап, қазақ этносын оның тілі арқылы танып-білу мақсатымен бұдан 15-20 жыл бұрын (1985 ж.) басталған ізденіс барысында іргетасы қаланып, өзінің бағыт-бағдарын, мақсат-мүддесін айқындай түскен, зерттеу объектілерін саралап, тəсіл-əдістерін күн санап ширата түскен ғылым саласына жатады. Алайда бұл айтқанымыздан қазақ этнолингвистикасы өзінің шарықтау шегіне жетті деген ұғым тумаса керек. Бірақ ол — ғалымдар тарапынан қолдау тауып жатса, өзінің даму барысында əлі де шыңдала түсері кəміл өміршең ғылым.
Мектеп оқушыларына білім беру барысында қазақ этнопедагогикасы мен этнолингвистикасы материалдарын пайдалану олардың ұлттық рухын қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тəрбие негіздерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кəміл сенуге болады.
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ, ҚОЛДАНЫСЫ, ТҰРМЫСТЫҚ ӨМІРДЕГІ МАҢЫЗЫ, МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ БЕРІЛУІ
Бүгінгі таңдағы заман талабынан, қоғам қажеттілігінен туындап отырған көкейкесті мәселелер бірі болып табылатын тіл білімінің бір саласы – этнолингвистика. ХХІ ғасыр азаматтық өркениетте жедел қарқынға ие болып отырған ғаламдану процессінің ұлт мәдениетін таразылаумен, ұлттар тарихын зерделеумен, ұлттық құндылықтарды жаңғыртумен тұспа-тұс келген заман. Осыған орай макролингвистиканың бір саласы болып табылатын, тіл мен халық арасындағы қатынасты, лингвистикалық және этникалық факторлардың өзара әсер-ықпалдарын тілдің атқаратын қызметі мен дамуы аясында зерттейтін этнолингвистиканы оқытудың маңызы күн санап артып келеді.
Этнография – ғылымының негізгі зерттеу обьектісі дүние жүзі халықтары болып табылады. Алайда этнографияның зерттеу обьектісі жөніндегі мұндай түсінік бірден қалыптаса қойған жоқ. Өткен кездерде бір ғалымдар этнографияның зерттеу обьектісі – адам, екінші біреулері – мәдениет, үшінші біреулері – қоғам деп есептеп келді. Тіпті бір кездерде этнографияның обьектісі халықтар деген пікір кең тарағанымен, соның өзінде де негізінен алғанда жазуы жоқ, әлеуметтік-экономикалық дамудың бастапқы сатысында тұрған халықтарға ғана назар аудаылды. Мұндай түсініктің таралуы едәуір дәрежеде мынаған байланысты: ғылым ретінде буржуазиялық Еуропаның отаршылдығы өрлеп тұрған дәуірде қалыптасқан этнография әуелгі бетінде көбінесе Еуропа территориясынан тыс жатқан, көпшілігі өз дамуында артта қалған халықтарды зерттеп білуге бағыт алды. Бұлай болған жағдайда этнография «тарихи» халықтарды жазба деректері негізінде зерттейтін ғылым деп есептеліп келген тарих ғылымына үзілді-кесілді қарсы қойылып отырды. Сөйтіп этнографияға «тарихи» емес халықтар жөніндегі ғылымның рөлін атқару ғана жүктелді. Алайда бұл сияқты пайымдаулар әбден ескірді. Халықтарды «тарихи» және «тарихи емес халықтар» деп бөлудің негізсіздігі баяғыдан айқын еді. Мамандар арасында халықтардың бәрі де – өз дамуы жағынан кенжелеп қалғандары да, сонымен қатар аса жоғары дамығандары да, саны жағынан аздары да, сонымен қатар саны жағынан едеуір көп халықтар да, өткен замандарда өмір кешкендері де, сонымен қатар қазіргі күні өмір сүріп отырған халықтар да этнографияның обьектісі болып табылады деп тану кеңінен танылды.
«Халық» деген сөз орыс тілінде де, осы заманғы өзге тілдерде де көптеген мағыналарға ие. Халық деген сөзде еңбекші бұқара да, ұлттық топтар да, жалпы адамдар жиынтығы да ұғынылып жүр. Сондықтан халық сөзі «дүние жүзі халықтар» деген сөз тіркесіндегі мағынада қолданылған жағдайда ғылымда әдетте «этнос» деген жинақтамалы ұғым пайдаланылады.
Этнографияның негізгі объектісі ретінде танылатын халықтар жөніндегі түсінік ол анықтайтын затқа қатысты пікір қайшылықтарын жоққа шығармайды. Бұл, негізінен, кеңестік этнография ғылымының қалыптасу дәуірінде аса айқын көрініс тапты. Ол кезде, бір жағынан, этнография міндерттерін тек архаизмдік, ескі құбылыстарды зерттей білумен шектеуге тырысу, екінші — жағынан этнографияға қоғамның тіршілік қызметінің барлық компоненттерін түгелдей дерлік зерттей білу мүмкіндігі бар әмбебәп пән ретінде қарау орын алды. Этнография зерттейтін затты айқындаудағы мұндай қайшылықтары белгілі бір дәрежеде қазіргі кездің өзінде біздің елімізде, әсіресе шетелдерде (ең алдымен этнология, мәдени және әлеуметтік антропология сияқты этнографияға ұқсас пәндерде) сақталуда. Алайда аталған тенденциялардың біріншісінің этнография зерттейтін зат туралы түсінікті қайткенде де «шегірен былғары» сияқты түсінікпен теңдестіруге әкеліп соқтыратыны айқын, өйткені қазіргі заманға архаизмнің халықтар өмірінен барған сайын жоғала бастауы тән болып отыр. Сырт көзге ауқымды көрінгенімен этностар туралы ғылым үшін екінші тенденция да соншалықты перспективалы емес . Ол этнографияның және халықтар өмірінің әр түрлі аспектілерін зерттеу мен шұғылданатын басқа ғылымдардың (социо- логияның, лингвистиканың, өнертанудың, фольклористиканың т.б.) таным міндеттерін айыру үшін игеруге болмайтындай қиыншылықтар тудырады.
Міне осының бәрі этнография ғылымы зерттейтін заттар саласын, оның өзімен сабақтас пәндерден ажырату мәселелерін айқындау критерийлері туралы мәселені алға тартады. Мұндай түрдегі критерийлерді сұрыптаған кезде әр ғылымның зерттейтін заттары қалай болса, солай айқындала салмайтыны және мұның өзі ең алдымен оның объектісіне тән қасиеттердің барлық қосындысынан зерттейтін қасиеттерді ғана ажырата алуға байланысты болатынын басшылыққа алуға тура келеді. Демек, оған тән көзқарас тұрғысы еркін түрде қалай болса, солай алына салған проблемалар жиынтығы арқылы емес, объектіге ғана тән ерекше қасиеттердің орын алуына байланысты айқындалады, этнографияның объектісі этностар халықтар болуына байланысты, бұл ғылыми пән зерттейтін затты айқындау үшін халықтарды типтерге айыру, оларға тән қасиеттерді қарастыру қажеттігі дау тудырмаса керек.