Файл: Ш. Берсеев атындаы Атбе жоары ауыл шаруашылыы колледжі Трбие саатыны таырыбы Ата За ел тірегі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ш.Берсеев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжі

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Ата Заң – ел тірегі»



Дайындаған:

101ЖО тобы кураторы Досжан Г.К.

2022 жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы : «Ата Заң – ел тірегі»
Тәрбие сағатының мақсаты :

Студенттерге Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру, оларға өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту, құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеу
І. Ұйымдастыру

ІІ. Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң

ІІІ. Құқығыңды білесіңбе бөлімі бойынша сұрақ- жауап әдісі



https://youtu.be/a2DstXUmu7c

Әні: Бақтияр Шақпақбаев

Сөзі: Қуаныш Шарманов

Орындайтын: 101ЖО тобы студенті Мұхамбедияров Данияр Мұратқалиұлы

Кіріспе сөз:

Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз бар. Қаншама қиындық көрсе де, қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.

https://yandex.kz/video/preview/16748193064905554778 «Жеті жарғы»

Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

https://yandex.kz/video/preview/15093581872385907611



Ту енгізіледі.

Гимн орындалады


Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың  бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы,  толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді.«Конституция-біздің асқақ абыройымыз» Конституция –кемел келешектің кепілі.  Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды.
https://yandex.kz/video/preview/13881271675154629454 Ата заң әні

Конституция – біздің асқақ абыройымыз! Қарулы күштер – ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз! Біздің негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.
Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік:
7 – бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
9 – бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.

14 – бап. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

27 – бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

29 – бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 – бап. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34 – бап. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi

36 – бап. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті



Слайдтарды көрсету





Құқығыңды білесің бе? бөлімі бойынша сұрақ- жауап
1 Егемендік алғаннан кейін ҚР Конститутциясы қанша рет қабылданды?
2 Республикадағы заң шығарушы орган ?
3 ҚР Конститутциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
4 ҚР валюта қашан қолданысқа енгізілді ?
5.Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады ?
6. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі ?
7. Әр адамның жеке басының куәландыратын құжат?
8. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады ?
9. Құқық салаларын атаңдар?
10.Азаматтық кодекс қашан қабылданды?
11. ҚР Мемлекеттік нышандары туралы заң қай жылы қабылданды ?
Назар аударыңыздар!

ҚР мемлекеттік туы шығарылады.

ҚР мемлекеттік туы шығарылсын.
Ата заңым – барлық заңның негізі,

Ата Заңым бабалардың лебізі

Арқа сүйер Ата заңға адамдар

Артық санау, кемсітудің жоқ ізі
Қорытынды сөз:

Әрбір қазақстандықтың  Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конституция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.

Міне, студенттер! Өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.