Файл: Сабаты таырыбы Кіріспе саба. аза тіліазастан Республикасыны мемлекеттік тілі. Малімні атыжні Абдалимова З. И.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

43





Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Коммунальное государственное предприятие на ПХВ «Жамбылский высший медицинский колледж» управления здравоохранения акиматаЖамбылской области


Сабақ жоспары

Поурочный план

ЦӘК-СМЖ/ЦМК-СМК

10-02-КТО/4-03/1

3 беттің беті

cтр из 3


Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.


Мұғалімнің аты-жөні: Абдалимова З.И.

Күні:

№ 1

Курс: І


Қатысқаны:


Қатыспағаны:

Бөлімнің атауы

Орфография. Тіл және алаш идеясы

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Тіл туралы бұрынғы білетіндерін еске түсіре отырып, оқушылардың ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамытады, Қазақ тілінің қоғамдағы атқаратын қызметі туралы түсінік алады.

Сабақ нәтижесі:


Кітаппен жұмыс жасап диолог құрастырады. Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін иегеріп,тілдік құралдар арқылы мәтін стилін ажыратуға дағдыланады. Үштұғырлы тілді қолданады, пәндермен байланыстырады.

Бағалау критерийі

Барлығы орындай алады: Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі тақырыпты талдай алады.

Көпшілігі орындай алады: сөйлеу мәдениетін меңгереді. Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтай отырып сұхбат құрастырып, әңгімені жалғастырады, өмірмен байланыстырып жаза алады.

Кейбірі орындай алады: мәтінмен жұмыс жасап, мәңгілік сарын идеясын жан – жақты талдай алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну

Тілдік құзіреттілік

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: бабалар сөзіне үзінді келтіріп, талдау.

Құндылықтарға баулу

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Әдіс- тәсілдер




АКТ

Бейнефильмдер, интербелсенді тақта, презентация


Пәнаралық байланыс

қазақ әдебиеті , тарих

Алдыңғы оқу

Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің зерттелуі. Төл сөз бен автор сөзі.


Сабақтың жоспары

Басталуы

Ортасы
Сабақтың соңы.

Кері байланыс



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу;

Түгендеу;

Сабақтың мақсатымен таныстыру;

Студент зейінін сабаққа аудару;

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Уық шаншылған Ұлытау

Елбасы аталмыш мақаласында «Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес... Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды» дейді. Демек, Президент біз өзіміз өмір сүріп отырған кеңістіктің де әлемнің бір бөлшегі екеніне, оның шығыс пен батыстың мәдениет алмасуына айырықша үлес қосқанына маңыз береді. Бақсақ, біз әдетте айналамыздағы географиялық белгілерге назар аудармайды екенбіз. Ондай белгілер климатқа әсер еткен, ал климат адамдардың жаратылыстық ортасына әсер еткен, жаратылыстық орта адамдардың затық мәдениет жасаудағы жасампаздық күш-қуатына әсер еткен. Ендеше, тұтас Орта Азияның және Қазақстанның тарихи жағрафиясы кешенді түрде зерттелуі тиіс. Әйтпегенде, қазақ тарихының көкжиегі ашылмайды.
3-тапсырма. Грамматикалық материалда берілген теориялық мәліметтерді кестедегі бос орындарды толтыру арқылы толықтырыңдар. (6-бет).

Ғылыми стильдің түрі


Ғылыми стильдің мақсаты


Ғылыми стильдің жанрлық түрі


ғылыми-көпшілік стиль


нақты бір ғылым саласы бойынша ғылыми түсінік қалыптастыр


монография, диссертация


4-тапсырма . Ғылыми мәтіннің түрін анықтаңдар. (6-бет).

Дескриптор:

1.Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсіндіреді.

2. Мәтінде не туралы айтылғанын аннотация түрінде жинақтап жазады.

3. Грамматикалық материалда берілген теориялық мәліметтерді кестедегі бос орындарды толтыру арқылы толықтырады.

4. Ғылыми мәтіннің түрін анықтайды.

ІY. Жаңа сабақты бекіту:


«Өзіңді тексер» әдісі. 2- тапсырма. 7 бет оқулық бойынша

Мәтінді оқып, дәптерлеріне кесте бойынша стильдік белгілеріне талдау жасаңдар.

Стилі

Қолдану аясы


Стильдік сипаты

Тілдік ерекшеліктері

лексикалық

морфологиялық

синтаксистік


















1 – тапсырманың «Ә» 7 бет оқулық бойынша.Түсіндірме сөздік не басқа ақпарат көздеріне сілтеме жасап, қара шаңырақ, уық шаншу тіркестерінің этнолингвистикалық мәнін ашып көрсетіңдер.

Y. Үй тапсырмасы:
YІ. Бағалау: студенттердің орындаған тапсырмасына қарай бағалау;



  1. YІІ. Рефлексия

  1. Сабақ қызықты өтті ме?

  2. Сабақтан қандай әсер алдыңыз

  3. Сабақтың қай кезеңі ұнады?

Дерек

көздер

Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/2025/

© e-history.kz

Кестемен жұмыс