Файл: Малімні атыжні Жнібекова Арда.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні:

Жәнібекова Ардақ




Пән/Сынып:

5 сынып




Күні:

20.09.22




Тарау немесе бөлім атауы:

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі




Сабақтың тақырыбы:

Натурал сандардың

бөлгіштері мен еселіктері




Оқу мақсаты:

5.1.1.5.натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу;

5.1.2.8. натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.2.9. натурал сандардың еселіктерін табу.




Бағалау критериі:

-натурал санның бөлгіштері мен еселіктерін анықтайды;

-сандардың ортақ бөлгіштерін табады;

-сандардың ортақ еселіктерін табады.




Саралап оқыту тапсырмалары




Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы




Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




2 минут


Ұйым дастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, Натурал сандардың

бөлгіштері мен еселіктері тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу;

натурал сандардың бөлгіштерін табу;

натурал сандардың еселіктерін табу.

Ұйымдастыру сәті

Үй жұмысын тексеру

«Сандарды бейнеле» әдісі арқылы топтарға бөлу және сыныптағы психологиялық ахуалды жақсарту және топтарға бөлінеді. Әр топ өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеп, көрсетеді













8 мин

Жаңа сабақ

«Конверт-сұрақ» әдісі оқушыларды сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып,шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз – бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы рөлін атқарады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі проблемалық сұрақтарды шешу кезінде, бір сұраққа бірнеше нұсқада жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады.

Сұрақтар:

  • Қандай сандармен жұмыс жасаймыз? (Біз натурал сандармен жұмыс жасаймыз)

  • Ол қандай сандар? (Заттарды санауда қолданатын сандар: 1,2,3,4,5,6, …, 10, 11, …, 100, 101,…натурал сандар деп аталады)

  • Жұп сандар дегеніміз?

  • Тақ сандар дегеніміз?

  • Бөлгіштері дегеніміз не? (Оқушылар анықтамасын тұжырымдап, мысалдар келтіреді: 6:2=3, 2)

  • Еселі дегеніміз не ? (Оқушылар бұл түсінікпен таныс еместігін айтады)

Оқушылар сабақтың мақсатын құрайды.

  • Мұғалім жауаптың дұрыстығын айтып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерімен танысуды ұсынады.

Жаңа сабақ. https://youtu.be/tbH8WmmieRM сайтынан видео сабақ


Сұрақтарға жауап береді
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады




Оқушылар осы мысал-дарға қарап түсінеді.


Слайд




15 минут

Бекіту тапсырмасы

«Аквариум» әдісі арқылы берілген жаңа тақырыпты топпен талқылап,ой-пікірлерімен санаса біліп, топпен ортаға салады.

ҚБ: «Қолпаштау» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды ынталандырып, әрі қарай жұмыс істеуге жетелейді.

(Жұптық)Тапсырма-1: «Шыршаны безендір» әдісі арқылы тапсырманы жұппен талқылайды, өз ойларын ортаға салады, 2-ге бөлінетін сандарды тауып, тексереді, нәтижесін қағазға жазылған тапсырмаға қатысты сәйкестендіріп жауабын көрсетеді. Жауаптың дұрыстығын анимациялық презентация арқылы тексереміз( жауап дұрыс болса шар немесе жұлдыздар шыршаға ілінеді, дұрыс емес жауап берілсе, онда жыпылықтайды).Берілген сұрақтар арқылы жұптар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.

Дескриптор:_Берілген_сандардың_2-ге_бөлгіштерін_таңдайды;ҚБ:_«Шапалақтау»'>Дескриптор:

Берілген сандардың 2-ге бөлгіштерін таңдайды;
ҚБ: «Шапалақтау» арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.

Жетекші сұрақтар:

  • Бөлу кезіндегі сандар қалай аталады?

а : b = с (Жауабы: а — бөлінгіш, b — бөлгіш, с — бөліндінің мәні)

  • Бөлінгішті қалай таба аламыз?

Бөлінгішті табу үшін бөлгіш пен бөліндінің мәнін көбейтеміз.

  • Бөлгішті қалай табуға болады?

Бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз

ҚБ: «Басбармақ» арқылы бойынша бағалайды.

Жетекші сұрақтар:

  • Натурал сандардың бөлгіштері деп қандай санды айтамыз?

  • Натурал сандардың бөлгіштеріне мысал келтіріңіз.

  • «Бөлінді» мен «бөлінгіш» сөзінің айырмашылығы неде?

  • Натурал сандардың бөлгіштерін қалай табамыз ? 12 саны арқылы түсіндіріңіз.

  • Қай натурал сан берілген натурал санға еселі?

  • 2 санына еселі және еселі емес сан.

(Жеке)Тапсырма-3: «Ойлан» әдісі арқылы әрбір оқушы өзі жеке тапсырманы орындайды.

5 және 10 сандарына еселік болатын екі таңбалы сандарды жазыңыз. Осы сандардың ортақ еселіктерін жазып, ішіндегі ең кішісін көрсетіңіз.

Дескриптор:

  • 5 санының еселіктерін жазады;

  • 10 санының еселіктерін жазады;

  • Ортақ еселіктерін көрсетеді;

ҚБ: «Смайликтер» арқылы бағалайды.

Жетекші сұрақтар:

  • «Еселік» сөзін біз тағы қай жерде естідік?

Бұл сөз орыстың ескіше «қысқа»сөзінен шыққан.

  • - Кезкелген натурал санның неше еселігі болады?

-Берілген санның ең үлкен және ең кіші еселігі?
Оқулықпен жұмыс №168,169,171









Слайд





10мин

Жеке жұмыс

Қосымша карта

Тапсырманы орындайды










5 минут






Бүгінгі сабақта:

натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу;

натурал сандардың бөлгіштерін табу;

натурал сандардың еселіктерін табу.
Қорытынды: «БББ» кестесін толтыру арқылы не білгенін, не білетінін , не білгісі келетінін жеткізеді.

«Ақылды доп» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, сабақты бекітеді.
Рефлексия: «Алма ағашы».

Жасыл түсті алма – «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл – күйім көтеріңкі».

Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл – күйім жоқ».

Үйге тапсырма. №170,172


Тақырыпты меңгергенін анықтау





Презентация






Сабақ жоспары

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні:

Жәнібекова Ардақ




Пән/Сынып:

5 сынып




Күні:

21.09.2022




Тарау немесе бөлім атауы:

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі




Сабақтың тақырыбы:

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері




Оқу мақсаты:

5.1.1.5

Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу

5.1.2.8

Натурал сандардың бөлгіштерін табу

5.1.2.9

Натурал сандардың еселіктерін табу




Бағалау критериі:

Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамасын біледі

Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады

Натурал сандардың еселіктерін таба алады -





Саралап оқыту тапсырмалары




Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы




Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




2 минут


Ұйым дастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу

Натурал сандардың бөлгіштерін табу

Натурал сандардың еселіктерін табу
Сыныппен амандасу.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Мен сіздерге сенемін» психологиялық тренинг жүргіземін.

Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын













8 мин

Жаңа сабақ


(Ұ) «Сұрақты ұстап ал» әдісін пайдаланып сұрақтар қою арқылы натурал санның бөлгіштері мен еселіктері ұғымын өздері тұжырымдауға жетекші сұрақтар беремін

1.Қандай сандар натурал сандар деп аталады?

2.Нөл саны натурал сан бола ма?

3 .Ең үлкен санды атауға бола ма?

4 1ден бастап 20 ны қоса алғандағы натурал сандар жазылған кесте құрыңдар

5. Осы кестеден 20 саны қалдықсыз бөлінетін сандарды дөңгелектеңдер (1,2,4,5,10,20)

6 . 5 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды жазыңдар(5,10,20,25,30...)

Сұрақтарға жауап берген оқушыларды қалыптастырушы бағалау тәсілі смайликтер(күлегештер) арқылы бағалаймын

«Мозайка» әдісін пайдаланып сыныпты 3 топқа топқа бөлемін

Жаңа білімді қалыптастыру

Оқушылар топта мәтінмен жұмыс жасайды

Тақырып бойынша натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері туралы түсінік қалыптасады




Сұрақтарға жауап береді
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады









Слайд




15 минут

Бекіту тапсырмасы

Жж) Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейі «Конверттегі сұрақ» әдісі

1-тапсырма.

Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар

5 және 45, 9 және71, 8 және34, 16 және 80, 17 және 51, 4 және 63, 12 және 60, 23 және 115

2- тапсырма

3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарынан теріп жазыңдар:

2-нің еселіктерін

21-дің бөлгіштерін
В деңгейі «Кім жылдам? әдісі

1. 18 асықты асық саны өзар тең болатындай неше тәсілмен үймелерге бөлуге болады? Әрбір үймеде неше асықтан болуы мүмкін?

2. 45- ке бөлгіш және 5-ке еселік санды жазыңдар

С деңгейі «Ойлан тап»

  1. Бала себетті толтырып , қояндарға сәбіз әкелді. Ол себеттегі сәбіздерді 4 қоянға, 6 қоянға, немесе 8 қоянға тең бөліп бере алады. Бала қояндарға кем дегенде неше сәбіз әкелді?

  2. 120-ға бөлгіш және 30-ға еселік санды жазыңдар

Тапсырмаларды «Бағалау ағашы» әдісімен бағалаймын









Слайд





10мин

Жеке жұмыс

Оқулықтан

Тапсырманы орындайды










5 минут






Бүгінгі сабақта: Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу

Натурал сандардың бөлгіштерін табу

Натурал сандардың еселіктерін табу


Үйге тапсырма беру. №176, №183

Рефлексия

  1. Мен үшін бүгінгі сабақта құнды болғаны...

  2. Топтық талқылауда мен не үйрендім?

  3. Не қиын болды?

  4. Не қызықты болды?

Жеке оқушымен жұмыс

1. 1) 502 саны 22088 санының бөлгіші;

2) 65 667 саны 3127 санының еселігі;

3) 13 188 саны 24 санының еселігі;

1) 762 саны 16 664 санының бөлгіші болатыны дұрыс па?


Тақырыпты меңгергенін анықтау





Презентация







Сабақ жоспары

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні:

Жәнібекова Ардақ




Пән/Сынып:

5 сынып




Күні:

22.09.2022




Тарау немесе бөлім атауы:

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі




Сабақтың тақырыбы:

Жай және құрама сандар




Оқу мақсаты:

5.1.1.6

жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;.





Бағалау критериі:

жай және құрама сандардың анықтамаларын білу




Саралап оқыту тапсырмалары




Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы




Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




2 минут


Ұйым дастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, Жай және құрама сандар тақырыбын

қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;.
Сабағымызды бастамас бұрын өткенді қайталап алайық.
1. Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалай отырып,
жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
2.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу
(Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:

  1. Натурал сандар дегеніміз не?

  2. Натурал санның бөлгіштері деп нені айтамыз?

Еселіктері деп ше?












8 мин

Жаңа сабақ

Жаңа сабақ. OnlineMektep-BilimLand сайтынан видео түсіндіру

Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштер саны

35

41

26

11

1

18

1,5,7,35

1,41

1,2,13,26

1,11

1

1,2,3,6,9,18

4

2

4

2

1

6

1-ден өзге натурал сандар бөлгіштер санына қарай жай сандар және құрама сандар болып бөлінеді.

1.Жай сандар. Кестеде берілген 41 және 11 жай сандар. Олардың әрқайсысының тек екі ғана бөлгіші бар. олар 1 саны және сол санның өзі.

1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.

Мысалы, 101- жай сан.101 санының бөлгіштері: 1 және 101.

Ең кіші жай сан – 2 саны. 2 санынан басқа жай сандардың барлығы –тақ сандар. Сонда 2 саны – жалғыз ғана жұп жай сан. Жай сандар шектеусіз көп. Кітапта 1000-ға дейін жай сандар кестесі бар.

2.Құрама сандар.

Кестедегі берілген 35,26,18 сандары –құрама сандар.

Екіден көп бөлгіштері бар сандар құрама сандар деп аталады.

Мысалы, 8 саны – құрама сан, бөлгіштері: 1,2,4,8.

24 саны – құрама сан, бөлгіштері: 1,2,3,4,6,8,12,24.

Натурал 1 санының бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі 1 саны. 1 жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.

Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Мысалы, 5 пен 7, 11 мен 13,17 мен 19 – егіз сандар.




Сұрақтарға жауап береді
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады









Слайд



15 минут

Бекіту тапсырмасы

. Есептер шығару. Оқулықтан №191



2 топ . №192

1,3,6,7,9,15,23,28,37 сандарынан

  1. 1 ғана бөлгіші бар сандарды,

  2. Екі ғана бөлгіші бар сандарды,

  3. Екіден көп бөлгіші бар сандарды теріп жазыңдар.

Шешуі:

  1. 1.

  2. 3,7,23,37.

  3. 6,9,15,28.

3 топ . Tеңсіздіктері жай сан болатын шешімін табыңдар.

1)59
2) 163
3) 487








Слайд




10мин

Жеке жұмыс

Оқулықтан

Тапсырманы орындайды









5 минут






Бүгінгі сабақта: жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;.

Ыстық орындық әдісі арқылы ортаға шығып айту .

Бүгінгі сабақта сендер натурал сандардың жаңа түрлерімен таныстыңдар. Алдарыңда тест сұрақтары жатыр. Әр сұраққа үш жауап берілген.Сендердің міндеттерің, дұрыс деп тапқан жауаптарыңды дөңгелектеп қоршау. (жұмыс тапсырылады, бірақ бағаланбайды).



Сабақ жоспары

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні:

Жәнібекова Ардақ




Пән/Сынып:

5 сынып




Күні:

24.09.2022.




Тарау немесе бөлім атауы:

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі




Сабақтың тақырыбы:

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері




Оқу мақсаты:

5.1.2.10көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;




Бағалау критериі:

- көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін тексереді;

- қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдайды;

- көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;
- айырманың берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;

- қосындының берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;

жай және құрама сандардың анықтамаларын білу




Саралап оқыту тапсырмалары




Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы




Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




2 минут


Ұйым дастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері тақырыбын

қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;

1.Ұйымдастыру.

2. Үй жұмысын тексеру.

3-тің еселіктері: 3; 6; 9;12,; 15 және 18

4-тің еселіктері: 4; 8; 16; 24; 32 және 36.

5-тің еселіктері: 5; 10; 20; 25; 30 және 35.

7-нің еселіктері: 7; 14; 21; 28; 42 және 49 сандары












8 мин

Жаңа сабақ



5.1В Бөлім: «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

Оқу мақсаты

5.1.2.10, 5.1.2.11 көбейтіндінің, қосынды мен айырманың берілген натурал санға
бөлінгіштігін талдау.

Ойлау дағдыларының
деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Білім алушы
-Көбейтіндінің берілген натурал санға
бөлінгіштігін тексереді;

-Қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдайды.

1-тапсырма
Амалды орындамай-ақ, көбейтіндінің берілген санға бөлінетіндігін анықтаңыз:
a) 35 ·18 көбейтіндісін 7-ге
b) 48 ·13 көбейтіндісін 12-ге
c) 99 ·14 көбейтіндісін 11-ге
d) 35 ·10 көбейтіндісін 8-ге



Дескриптор:

Білім алушы
- көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі туралы қорытынды жасайды.

2-тапсырма
Арифметикалық амал қолданбай-ақ,
a) 27 + 54 қосындысының 9-ға;
b) 28 + 49 қосындысының 7-ге;
c) 72 – 24 айырмасының 8-ге;
d) 65 – 26 айырмасының 13-ке бөлінгіштігін талдаңыз.

Дескриптор:

Білім алушы
- қосындының берілген санға бөлінгіштігін талдайды;
- айырманың берілген санға бөлінгіштігін талдайды.

3-тапсырма: 64х; 38 (х – у); 216ху+2z өрнектерiнiң мәнi 2 санына бөлiнетiнiн дәлелдеңдер.


Дескриптор:

Білім алушы

- көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді.
- айырманың берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді.

- қосындының берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;



ҚБ: Кері байланыс (жеке әрбір оқушыға)



Сұрақтарға жауап береді
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады









Слайд



15 минут

Бекіту тапсырмасы

ҚБ: Кері байланыс (жеке әрбір оқушыға)








Слайд




10мин

Жеке жұмыс

Қосымша карта

Тапсырманы орындайды









5 минут






Қорытынды:

  • «Сұрақтар қорапшасынан» алынған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындайды.

  • өздерінің тағы не білгілері немесе қажеттіліктерін «Сұрақтар қорапшасына» жазып қалдырады.

Үй тапсырмасы: №206,211

Сабаққа рефлексия: «Бес саусақ» әдісі..


Тақырыпты меңгергенін анықтау





Презентация