Файл: Таырыбы Мыты отбасы мыты мемлекет. Масаты Отбасы мшелеріні арасындаы бауырмалды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 9

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Мықты отбасы – мықты мемлекет». 

Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, 
қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру. 
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, 
ілтипатты болуға тәрбиелеу. 
Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамсын ойлайтын, 
ата- анасын, жора- жолдасын сыйлай білетін, азамат 
тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. 

Әдісі: Сұрақ- жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу. 

Көрнекілігі: Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер, 
баяндамалар, плакаттар. 
Нақыл сөздер: 
1. «Анаң- асыл қазынаң, әкең- асқар тау». 
2. «Ата- ананың міндеті- тәрбиелеу және жақсылықты үйрету». 
3. «Бала- біздің болашағымыз» 
4. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады». 
5. «Бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі». 
6. «Балаға сіңірген ата- ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле- өлгенше сусындайтын махаббат. 
Ғабиден Мұстафин 

Түрі: Ата- ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту. 

Барысы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата- аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек? 
- Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі. 
Сонымен, бүгінгі ата- аналар мен бала бірлескен «Мықты отбасы – мықты мемлекет» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 

Жақсыдан жаман туады, 
Бір аяқ асқа алғысыз. 
Жаманнан жақсы туады, 
Адам айтса нанғысыз. 
Отбасы- адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы- ата- ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Бала әкеден -ақыл, анадан- мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
 
Ата- анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала- адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата- ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі- ата- бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде. 

Біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты шағын мемлекетіміз «жанұяны» мықты мемлекетке айналдыру. Ол үшін мықты мемлекет – жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек. 

Біздің ойынымызға ата – аналар мен балалар қатысады. Кірпіштерге жазылған сөздермен біздер өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады екен? 
Оқушыларға актуальдық сұрақтар: 
1. Үй дегенді қалай түсінесің? 
2. Үйдің жылу, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің? 
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер? 

Біздің алдымызда үй салатын мынандай кірпіштер жатыр: 
1. байлық. 
2. бауырмалдық 
3. татулық 
4. қайырымдылық 
5. әдептілік 
6. инабаттылық 
7. шыдамдылық 
8. толеранттық 
9. түсіністік 
10. ізеттілік 
11. ауызбірлік 
12. сенімділік 
13. махаббат 
14. ата – ананың балаға деген махаббаты 

Осы кірпіштердің көмегімен біздер өз үйлерімізді тұрайық. (Балалар үй тұрғызуға кіріседі) 
Балаға теріс әсер етеді. 
• Жанұядағы жанжал 
• Үлкендердің аузына келген сөздеріне айтуы 
• Балалардың көзінше басқа біреуді сөгуі 
• Басқалардың сыртынан өсек айту 
• Арақ ішу 
• Темекі тарту 

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. 

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең, 
Қайтсем ғана осыны адам етем, 
Басқалардың осындай балалары, 
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен 
Ойым емес,оллаһи,біздікінің...

 
Енжарлығы елде жоқ алабөтен 
Туа сала тұлпардың жалын тартқан; 
Қырғиларға қызығып қарап өтем. 
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап, 
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен? 
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау 
Болмаса да топ жарған дара бөтен. 
Мүше тістеп мықтылар той жасаса, 
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем? 
....Үміт пен күдіктің ортасында 
Ата-ананың үміті талады екен! 
Мұзафар Әлімбаев 

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. 
Ата – анаға берілетін кеңес 

1 1. Балаңызды өзіне - өзі қызмет етуге дайындаңыз 
2. Жаңұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер 
3. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз 
4. Балаңыздың өз бетімен әрекет жасауға мүмкіндік беріңіз. 
5. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. 

Ой толғанысы. 
1. Егер баланы сынып отырса, оқуға құлқы болмайды. 
2. Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады. 
3. Балаға сенім артса, ол батыл болады. 
4. Бала төзімділікте өссе, адал болады. 
5. Бала қауіпсіз жағдайда өссе ол адамға сеніммен қарайды. 
6. Бала кекшілдікте өссе, ол қатізгез болады. 
7. Бала адалдықта өссе, әділ болады. 
Біздің балаларымыз тұрған үйімізге қарап, ата – аналар мен оқушылардың пікірін тыңдаймыз. 
Мақал- мәтел орталығы. 
№ 1 
1. Әке туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз. 
2. Мақалды жалғастыр. Отанды сүю ......... 
3. Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: «Әке- алтын діңгек» 
№ 2 
1.Отан туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз. 
2. Мақалды жалғастыр Мектеп...... білім.... 
3.Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: « Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, жаман сөз жан күйіндіреді.» 
№ 3 
1. Ана туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз. 
2. Мақалды жалғастыр: Бала- адамның... 
3. Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: «Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі»
 
№ 4 
1.Дос туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз. 
2. Мақалды жалғастыр Ата...... бала.... 
3.Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: « Балалы үй базар» 
№ 5 
1.Бала туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіз. 
2. Мақалды жалғастыр: Ананың сүті бал,.......... 
3.Мына мақалдың мағынасын ашып беріңізші: «Ата- ананың ақылы- қазулы қара жолмен тең» 
Қорытынды. 
Тал терекке айналу үшін, ал бала көкірегі ояу, жан- жақты дамыған Адам болу үшін қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін? 
Тал- терек 
Қолайлы Қолайсыз  Бала-Адам  Жақсы Жаман 


«Мақал – мәтелдер - даналық мәйегі»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ғасырлар шежіресі, халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл, өнегесімен көрініс тапқан мақал-мәтелдердің қолдану тәртібі, халық даналығының бір түрі туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін жан-жақты дамыту
Сабақтың көрнекілігі: тақта, слайдтар, суреттер
Сабақтың барысы: бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мақал – мәтелдер - даналық мәйегі»
І бөлім : «Керекті сөздерді тап» ойыны
1. Білгенге... ,Білмеске....
2. Өтірік .... өрге баспас
3. Сөз ....өтеді, таяқ ... өтеді.
4. Тоқсан.... сөздің тобықтай түйіні бар.
5. Ел үмітін ....ақтар.
6. Жігітті ... таны.
7. Денсаулық - зор ....
8. Тіл тас жарады, ......
9. Кісі елінде сұлтан болғанша....
10. Өнер алды- .....
11. Талапты ерге.....
12. Бірлік болмай ...
13. Ерді намыс өлтіреді....
14. Еңбек түбі береке, Көптің ....мереке.
15. Өлеңді жерде өгіз семіреді, Өлімді жерде.....
16. Аталар сөзі- .....
17. Икемді тіл - ...
18. Атаңның баласы болма...
19. Еңбектің наны тәтті....
20. Өз елім....
ІІ бөлім: «Қызықты сұрақтар» ойыны

1. Қорқақ неден қорқады?
2. Ердің атын не шығарады?

3. Оқусыз не жоқ? Білімсіз не жоқ?
4. Ашу не? Ақыл не?

5. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
6. Тауық түс көре ме?

7. Көп түкірсе , не болады?
8. Оқу түбі не?

9. Үйіңе құтты қонақ келсе, не болады?
10. Жаманға неге күлме дейді?
ІІІ бөлім: «Топтастыру»
Мақал
Мәтел
Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді
Әлін білмеген әлек
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.


Еменнің иілгені – сынғаны
Көппен көрген - ұлы той
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
Көрмес түйені де көрмес


Мақал мен мәтелді енді салыстырып көрейік. Ой қалай айтылған?
ІV бөлім: «Әрі қарай, әрі қарай....»
1. Саудагерде иман жоқ, Арын сатады.
Кімде иман жоқ, Жанын сатады? (өтірікшіде)
2.Жыртық үйді жел табар, 
Қандай сөзді шын табар? (өтірік)
3.Сүзеген сиырға құдай не бермейді? (мүйіз?)
4.Жақсы сөз сүйіндереді,
Қандай сөз күйдіреді?(жаман)
1. Түйе малдың қасқасы,
2. Жылқы малдың несі? (патшасы)
3. Дүниеқор ненің құлы? (дүниенің)
4. Адам болатын бала
Қайда қарайды? (алысқа) 

V І бөлім: «Жасырдым жұмбақ» сайысы. Жұмбақты шешіп, сол сөзге мақал- мәтел ойлап, айту керек.
1. Үй ішінде 32 батыр,
Кіргендерді отап, турап жатыр (тіс)
Оқушы: 30 тістен шыққан сөз,
30 рулы елге тарайды.
2. Бетіңді тырыстырады,
Арқаңды құрыстырады.
Ыңғайына көне берсең,
Досыңмен де ұрыстырады (ашу)
Оқушы: Ашу- дұшпан, ақыл- дос,
Ақылыңа ақыл қос.
3.Иесі оның- сәби
Әрі, төсек, әрі үй. (бесік)
Оқушы: Ел іші- алтын бесік.
4. Жалт- жұлт етер,
Жалмап бәрін кетер (от)
Оқушы: Отан оттан да ыстық.
5. Дүниеде бір құдық бар беті қатқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан (оқу, білім)
Оқушы: Оқу- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
6.Ұрып қалсаң кері атып,
Оралады өзіңе.
Көрсе досың бері атып,
Қайтып барар өзіне (доп)
Оқушы:Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен де мал бағып,
Құйрық жеген озар.
7.Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады (ай)
Оқушы:Туған ай туралған етпен тең.
Сабақ «Орныңды тап» ойынымен аяқталады. Оқушыларға мақалдың әр сөзі беріледі. Өздері ойланып, қажетті орындарына тұрып, сол сөзден мақал құрайды. Мақалдың мазмұны түсіндіріледі.
Сабақты қорытындылау. Мадақтау.
Сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Ұқсас сабақтар: