Файл: ыс азастан гуманитарлы колледжіні 4 фк1 тобыны білім алушысы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 4 ФК-1 тобының білім алушысы Төлеген Дидардың «Патриоттық тәрбиенің қазіргі заманғы аспектілері» тақырыбындағы курстық жұмысына

Пікір

Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің ролін түсірді. Осыған орай, ізденуші патриоттық тәрбие беру шеңберінде азаматтық – патриоттық тәрбие, қоғамдық – саяси және құқықтық тәрбие, рухани – адамгершілік тәрбие беру секілді бағыттарды дамыту бойынша өзінің зерттеу жұмысында жүйелеуге тырысқан. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілсе, оқушылар бойында нық азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды.

Ізденуші курстық жұмысының тақырыбына байланысты оқушылармен пән сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында жаңа технологиялар мен ұтымды әдіс – тәсілдердің көмегімен патриоттық тәрбие берудің жолдары мен тәсілдерін ұсынған.

Зерттеу жұмысы аясында патриоттық тәрбиеніңі педагогикалық негіздеріне тоқтала келіп, патриоттық тәрбиенің өлшемдері ретінде таңдап алынған көрсеткіштер нақтыланған. Сонымен бірге пән сабақтары арқылы тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың жолдары мен патриоттық тұжырымдамаларды кіріктірудің тәжірибелік маңыздылығын сарамандық жұмыстар барысында көрсетуге тырысқан. Білім алушы өз ойын шеберлікпен өз деңгейінде сауатты, қисынды жеткізу тұрғысынан дайындығын байқатты.

Курстық жұмысының материалы жүйелі түрде құрылған. Барлық жүргізілген зерттеу және тәжірибелік жұмыстарының құндылығын ескере отырып курстық жұмысты «5» өте жақсы деген бағаға бағаланды.

Пікір жазушы: Г. Солтанғалиева