Файл: Тарихты оыту дістемесі пні бойынша магистратураа тсуге арналан кешенді тестілеуді Тест спецификациясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

Тест спецификациясы


  1. Құрастырылу мақсаты.

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға түсу емтиханы үшін құрастырылған.

2.Міндеті:Келесі мамандықтар үшін үміткердің білім деңгейін анықтау:

М016 Тарих педагогтерін даярлау

3. Тест мазмұны мен жоспары.

Тестіге «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.




Тақырыптың мазмұны

Тапсырмалар саны

Қиындық деңгейі



Кіріспе. Тарих пәнін оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты.

2

А



Қазақстанда тарих пәнін оқыту әдістемесінің қалыптасу мен дамуы.

2

А



Қазақстан Республикасындағы мектептерде тарих пәнінен білім беру дамуының заманауи стратегиясы.

1

В



Қазақстан Республикасындағы мектептерде тарих пәнін оқыту мәселесі жөніндегі нормативті құжаттарды оқып білу.

1

В



Тарих пәнін оқыту барысында білімді, дағдысын калыптастыру.

2

А



Тарих пәнін оқытудың әдістері мен әдістемелік әдіс-тәсілдері. Оқыту әдістерін топтастыру.

1

С



Тарих пәнін оқыту барысында көрнекілікті пайдалану.

1

С



ОТҚ және компьютер мүмкіндіктерін пайдалану.

2

В



Тарих пәні бойынша оқу жұмысын ұйымдастыру формасы.

2

В



Тарих пәнін оқытуда интерактивті, инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалану.

1

С



Нәтижеге бағытталған тарихи білім.

1

С



Тарих пәнінен мектептегі курстардың тәрбиелік мүмкіндіктері.

1

В



Тарихты оқытуда пәнаралық және курсішілік байланыстар.

1

В



Тарих сабағында тарихи деректер мен құжаттарды пайдалану.

1

С



Отандық тарихты оқытуда өлкетану және аймақтық материалдарды пайдалану.

1

С

Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны

20



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы.

Тест тапсырмаларының мазмұнында: Оқыту әдістемесінің теориялык-методологиялық кезеңдері. Тарихты оқыту әдістемесінің пайда болуы мен дамуы. Тарихты оқыту әдістемесі мәселелерін тарихи тұрғыдан қарастыру қажеттілігі. Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі қалыптасу және даму кезеңдері. Қазақстандағы мектептегі тарихи білім. Қазіргі кезеңдегі тарихи білім. Тарих білімінің құрылымы. Мектеп бағдарламалары. Тарих білімінің мемлекеттік стандарты. Әдістеме пәнін оқытудың мақсатына, мазмұнына, формасына, әдістеріне, тәсілдеріне және процесті жабдықтауға қойылатын талаптар. Әдістеменің негізгі практикалық мәселелері. Тарихты оқытуды ұйымдастыру. Тарихты оқыту үрдісіне басшылық жасау. Тарихты оқытуды жетілдіру. Тарих сабағы. Тарих сабағын дайындау және өткізу. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы жолдаулары мен үндеулері.Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің қазіргі жүйесі. Қазақстан Республикасындағы тарихи білім беру реформалары. Тарихты оқыту үдерісінде арнайы оқу біліктерді қалыптастыру және оның сипаттамасы. Оқушылардың ойлау және интелектуалдық біліктерін қалыптастыру әдістемесі.

5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты.

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут

6. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны.

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

  • жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7.Тапсырманың формасы.

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау.

Бағалау кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді. Барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл, жіберілген бір қате үшін - 1 балл, екі және одан көп қате жауап үшін - 0 балл беріледі.

9.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Степанищев А.Т. «Методика преподавания и изучения истории в двух частях». Учебное пособие для вузах. М.: Гуманит. изд. центр. ВЛАДОС, 2002

2.Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с.

3.Шоган В.В.Новые технологии в историческом образованииФеникс, 2005

4. Вяземский Е.Е.Теория и методика преподавания истории: Учебник для вузов изд.ВЛАДОС 2003.


5.Тұрлығұл Т.Т. Теория и методика преподавания истории Казахстана: учебное пособие. –Алматы: Карасай, 2011. -264 с.

6.Методика преподавания истории: учебное пособие /.: Г.Б. Қозғамбаева, Н.К. Алпысбаева. –Допол. Втор, изд. –Алматы: Қазақ университеті, 2016. -260 с.

7. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д. Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224с.

8.Баранов П.А. Актуальные проблемы методики преподавания истории в школе. Практическое пособие для системы постдипломного образования. М.: «ТИД «Русское слово - РС», 2002. 160 с.

9. Тұрлығұл Т.Т Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы – Алматы, Қарасай, 2011-264 б

10.Тарихты оқыту әдістемесі. Оқу құралы: /Г.Б.Қозғамбаева, Н.К.Алпысбаева – Өңд.толықт.Екінші бас.-Алматы, Қазақ университеті, 2016-260б

Қосымша әдебиет:


  1. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

  2. Ө.И.Исенов. Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары 3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб.

  3. С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б

  4. .Е.Қайкенов.Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.// № 2.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 б.

  5. Вяземский Е.Е., Стрелова О.Ю. Теория и методика преподавания истории. Учебник для вузов. Допущено Министерством образования Российской Федерации в качестве учебника для студентов высших учебных заведений. М.: Гуманит. издат. центр ВЛАДОС, 2003. 384 с.

6.Короткова М.В., Студеникин М.Т. «Методика преподавания истории». М. 2004.