Файл: Математикалы статистикалы дістерді педагогикалы зерттеу жмыстарында олданылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 13

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Математикалық –статистикалық әдістердің педагогикалық зерттеу жұмыстарында қолданылуы

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми - зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.

Педагогикалық зерттеулер әдістемесі, бірлесуі педагогикалық ақиқатты, өте кең нақтылықпен зерттеуге мүмкіншілік беретін теориялық және эмпирикалық әдістерінің жиынтығын береді.

Педагогика әдіснамасы - педагогика білімі жөніндегі ілім және оны табу үдерісі, яғни педагогикалық таным, алғашқы қалып, құрылымы, ғылыми педагогикалық зерттеулердің әрекеттері мен әдістері.

Педагогикалық зерттеу әдісінің әдіснамадан айырмашылығы, бұл -педагогикалық құбылыстарды оқудың тәсілдері, заңдылықты байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру мақсатындағы ғылыми ақпарат жинау. Барлық көп тектілікті үш топқа бөлуге болады: педагогикалық тәжірибені оқу әдісі, теориялық зерттеу әдісі мен математикалық әдіс.

Педагогикалық тәжірибені оқу әдісі – бұл оқыту процесін ұйымдастыру тәжірибесінің нақты құралатын зерттеу тәсілдері. (Мысалы: мұғалімдердің озық тәжірибелері). Мынадай әдістерде қадағалау, әңгіме, сұхбат, сауалнама, оқушылардың жазба, графикалық және шығармашылық жұмыстары мен педагогикалық құжаттарды оқып зерттеу қолданылады.

Теориялық әдістер мәселені анықтап, болжамды құрау үшін және жинақталған деректерді бағалауға қажет. Теориялық әдістер әдебиетті оқыумен байланысты: классиктердің адамтану, ақпарат құралдарын жалпы педагогика жөніндегі еңбектері: жалпы және арнайы жұмыстар мен құжаттар, педагогикалық ақпарат құралдарын: мектеп, тәрбие туралы көркем әдебиетті, педагогикалық анықтамалық әдебиетті, педагогика және аралас ғылымдар бойынша оқулықтармен әдістемелік құралдар.

Математикалық және статистикалық зерттеулер педагогикада алынған деректерді сауал және тәжірибе әдістеріарқылы өңдеуде, сонымен бірге зерттелетін құбылыстар арасындағы мөлшерлік кіріптарлықты анықтау үшін қолданылады. Бұлар тәжірибе нәтижелерін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теориялық жинақтау үшін негіздеме береді.

Математикалық әдістердің педагогикада ең көп қолданылатыны -тіркеу, өрнектеу, сызба сызу. Осы әдістер көмегі арқылы өңделген нәтижелер кесте, графика, таблица түрінде мөлшерлік кіріптарлықты көрсетуге мүмкіндік туғызады.