Файл: 79 жалпы орта білім беретін мектебіні тарих пні малімі Султанбекова Феруза Абдезызына пікір.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.10.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№79 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Султанбекова Феруза Абдезқызына
ПІКІР
Султанбекова Феруза Абдезқызы 2007 жылдың 03 қаңтарынан бастап №79 жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып,бүгінгі күнге дейін осы мектепте қызмет атқаруда. Султанбекова Феруза Абдезқызы - шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген шебер ұстаз. Өз жұмысында оқушылардың оқу іс- әрекетін белсенді ұйымдастыра біледі, инновациялық жұмыс түрлерін, сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын қолдана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
« Алматы менеджмент университеті» білім беру мекемесі білімді дамыту институты «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілік арттырды 30.11.2019 ж. Сертификат 2019ж- Шымкент қ.
Педагогикалық шеберлік орталығынан «Сертификат 2019ж- «Бөбек»Ұлттық ғылыми практикалық ,білім беру және сауықтыру орталығынан «Сертификат»
2019ж №009775 Өрлеу БАҰО АҚ Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Қазақстан тарихы», « Құқық негіздері»пәндері бойынша 80 академиялық сағат
2019ж «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім бағдарламасы- Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің негізі» тақырыбында Республикалық семинарға қатысты сертфикат.
2019ж № 113724 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген оқушылардың кәсіби бағдары бойынша мектеп директорларының тәрбие ісі орынбасарларының біліктілік арттыру курсы 40 академилық сағат сертификат
2020 ж № 3b100 eee «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген критериалды бағалау бойынша 40 академиялық сағат сертификат
2020 ж № 0373100 ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу»Біліктілік арттыру ұлттық орталығы» «Білім берудегі менеджмент» 72 сағат серификат.
Педагог –зерттеуші санаты 2018 жылы берілді.
Султанбекова Феруза Абдезқызы білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол осы еңбек еткен жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды.
Қызметкерлер арасында өте беделді. Тәжірибесі мол, білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген ұстаз.
Мектеп директоры: Ж.А.Кулбекова
№79 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Султанбекова Феруза Абдезқызына
ПІКІР
Султанбекова Феруза Абдезқызы 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы аталған мектепте тарих пәнінің мұғалімі ,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Осы аралықта ол өзінің білімділігі мен шеберлігін көрсетті. Себебі әрбір оқушы жеке тұлға, оның жүрегіне жол таба білу өте қиын. Ол мұғалім оқушының әр пікірімен санасып, оқушының өз ойын бағалау арқылы оқушының жүрегіне жол тапты. Ата-аналармен жүргізген кездесулер мен көптеген іс шаралардың өзі де ерекше өтетін. Ол өз сабағында ойын түрлері, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, ситуациялық тапсырмаларды орындату арқылы әрбір ата-ана өзіміздің баламыздың жан-жақты қырын ашуға көмектесті. Білім мен тәрбие егіз демекші, тәрбиесі жақсы мектептің білімі де жоғары. Мен ата-ана ретінде айтарым, әрбір мұғалім және басшы дәл Феруза Абдезқызы секілді мектеп оқушыларын өз баласындай көріп, оның жан дүниесіне жол тауып, дұрыс бағыт-бағдар берсе, ертеңгі ұрпағымыз білімі мен тәрбиесі ұштасқан жан-жақты дамыған, өмірге құштар жеке тұлға болып қалыптасар еді деп ойлаймын.
Ата-ана: М.Момынова
№79 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Султанбекова Феруза Абдезқызына
ПІКІР
Султанбекова Феруза біздің мектепте тарих пәнінен сабақ береді.Бұл мұғалім сабақты түсінікті,әрі бала ұғымына ұғынықты етіп өткізеді.Сабақты әр түрлі ойындар,машықтық, әдіс-тәсілдер,көрнекіліктер арқылы өткізеді.Мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру барысы да қызықты өтеді.Ол кісі жаңа тақырыптың түсініксіз жерлерін,басқа оңай жолдар,амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізуі ерекше байқалады.Тарих сабағын өте қызықты өтетіндіктен оқушылар келесі сабақты тағатсыздана күтеді. Феруза Абдезқызы сабақтан тыс уақыттарда қажымай жұмыстануының арқасында тарих пәнінің маңыздылығын оқушыларға түсіндіріп келеді.Сонымен бірге бұл мұғалім оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмыстарымен айналысуына ерекше көңіл бөледі.
Султанбекова Феруза Абдезқызы -мінезі ақжарқын,ісіне адал,ойындағысын бүкпесіз тіке айтатын турашыл мұғалім.Ол педагогикалық іс-тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым,шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: С.Б.Джуматаева
№79 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Султанбекова Феруза Абдезқызына
ПІКІР
Султанбекова Феруза Абдезқызы 2022 жылдан бері ұлым Үмбет Маханбет Жолдасұлына ғылыми жетекшісі болып келеді. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.
Ұқыптылық пен тазалық Феруза ұстаздың басты қасиеті болып келеді. Жинақталған білім тәжірибесі оқушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады.
Бұл мұғалім тек оқушылармен, ұстаздармен жұмыстанып қоймай, ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізге әр уақытта өз көмегін аямады. Мектеп ішінде өтетін тәрбие сабақтарына, ата – аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт – бағдар беріп жүреді.
Феруза ұстаздың өткізген шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашық та, анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі беріп отырады.
Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз. Ол оқытқан балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, тілімізді, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін.
Феруза ұстаздың еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспін.
Ата-ана: Л.Е.Ералиева
№79 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Султанбекова Феруза Абдезқызына
ПІКІР
2007 жылдан бастап Султанбекова Феруза Абдезқызымен қызметтес -әріптес болып келемін. Тарих және даму пәндері әдістемелік пән бірлестігінің құрамында жұмыс атқарып жүріп өзінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсете білді. Өз пәнінен оқушы қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдері – ұстаз еңбегінің таптырмас құралы. Сөзімнің дәлелі: пән айлығында өткізген ашық сабақтарының «өте жақсы» деп бағалануы мен әріптес ретінде мектептің мәдени – көпшілік, қоғамдық шараларында біліктілігінің шыңдалып, көрініс табуы.
Тарих пәнінің мұғалімі ретінде де атқарған жұмыстарынан мін таппайсың. Үнемі ізденіс үстінде, сыныбының психологиялық ахуалын қалыпты жағдайда ұстайды.
Феруза Абдезқызы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Тапсырылған кез – келген шаруаны тыңғылықты тындыруға асығады. Эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік. Жақсы сырлас. Ақыл – парасаты өмірде көрген – білгендігімен ұштасып жатады. Ол – ақылды ана, отбасында, ұжымында сыйлы жан. Әріптестерімен тату, керек жағдайда көмек қолын созады, ешкімге жамандық ойламайды. Орынды әзіл – қалжыңды сүйеді. Өзіндік мәдениеті жоғары деңгейде.
Әріптесі,тарих пәнінің мұғалімі: Ұ.Ниятова
№79 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Султанбекова Феруза Абдезқызына
ПІКІР
Султанбекова Феруза Абдезқызы тарих пәні мамандығы бойынша 2006жылы Мемлекеттік Қазақ-Түрік университетін бітіріп шықты. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мектебімізде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.
Жоғары білімді, Педагог-зерттеуші . Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар, ауылдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдаланады. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Білім көрсеткіштері пәні бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады. 2022-2023 оқу жылында мектепішілік «Шығармашылық топтың» мүшесі ретінде мектептегі сабақтарды зерттеу, талдау және әдістемелік көмек көрсетуші мұғалім.
Султанбекова Феруза Абдезқызын мектебіміздегі білім беру үдерісіне үлкен қозғалтқыш күш болып табылатын, болашағы мол ұстаздар қатарына жатқызамыз.
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары: М.Дүйсебай