Файл: Сейсмикалы жаттыуды ткізу туралы есеп Аягз алалы 6 ббекжайбалабашасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сейсмикалық жаттығуды өткізу туралы есеп

«Аягөз қалалық №6 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК

Сейсмикалық жаттығуды өткізу туралы 01 наурыз 2023 ж

01 наурызда " Аягөз қалалық №6 бөбекжай-балабақшасы " КМҚК Азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу жоспары бойынша сейсмикалық жаттығулар бойынша оқыту өтті.

Сейсмикалық жаттығуды өткізудің мақсаты: балабақша тәрбиеленушілерінің, педагогтар мен Техникалық персоналдың жер сілкінісі болған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауға дайындығы болып табылады. Жаттығуға 175 тәрбиеленуші, 68 балабақша қызметкері қатысты.

Құлақтандыру және эвокуацияны басқару жүйелерін пайдалана отырып, адамдарды эвокуациялау бойынша обьект персоналдарын белгіленген сигналдың көмегімен 11 сағ.15.мин.00.сек мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілері жер сілкінісінің болғандығы туралы хабардар болды.Көшіруге байланысты барлық жолдар ашылды. 11.сағ.45 мин.00сек тәрбиеленушілер тәрбиешілер мен педагогтардың басшылығымен тез,айқай шусыз ,әбігерге түспей көшіру сызбасына сәйкес ғимараттан көшірілді.Ғимараттың барлық бөлмелерінде адамдардың бар жоғы тексерілді.

Сейсмикалық жаттығудың ұзақтығы-30 минут. Сейсмикалық жаттығулар бұзушылықсыз жүргізілді, осы оқытуды жүргізуге жауаптылардың үйлесімді жұмысы байқалды.

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді. 
Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта тұр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.


Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер

Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.

Үйдің ішінде:

Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.

Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн.

Қауіпсіз жерлер:

Үйде (ғимараттың ішінде)

1)Босаға есік жақтауы

2)Ішкі бұрыш

3)Мықты қабырға

4)Бел ағаш

5)Ванна, тоңазытқыш

6)Парта,стол,кереует

Далада:

1)Ашық алаң

2)Биік ғимараттардан аулақ болу

3)Биік ағаштардан аулақ болу
Қауіпті жерлер:

1)Терезе жақтағы бұрыш

1)Биік ғимараттар

2)Биік ағаштар

3)Баспалдақ

4)Лифт

5)Жиһаздар

6)Шам жағу қауіпті

7) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер
Далада:

1)Биік ғимараттар

2)Биік ағаштар

3)Электр жүйелері

4)Жер асты өткелі

Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.

- лифтті пайдаланбаңыз.

- есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар.

- үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз.

- сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.

Автомобиль ішінде:

- сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс.

- жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн.

Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып -білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді.






Жер сілкінісі кезінде қалай қорғануға болады – Мамандар кеңесі




Жер сілкінісі жақындаған кезде ғимарат теңселіп, шамдардың тербеледі, ыдыс-аяқтың шылдырлап, сынған әйнектің, жарылған қабырғалар мен құлаған заттардың дыбысы шығады, дүріл күшейеді. Ғимараттың тербелуін сезінгеннен кейін, дүрлікпеңіз.

Үйде, жұмыста, көлікте және көшеде болған кезде жер сілкінісі кезінде әрекет ету жоспарын алдын ала ойластырыңыз. Пәтердегі ең қауіпсіз орындарды алдын ала анықтаңыз және жер сілкінісі болған жағдайда үйден шығудың қауіпсіз жолын жоспарлаңыз. Оның кез келген уақытта болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. 

Алғашқы медициналық көмек қобдишасын дайындап, оны көрсетудің әдістерін меңгеріңіз. Құжаттарды, ақшаны, ысқырықты, қалта шамын және қосалқы батареяларды ("дабыл чемоданы") ыңғайлы жерде ұстаған жөн. Үйде бірнеше күнге жететін ауыз су мен консервілердің болуын қамтамасыз ету де маңызды.

Кереуеттерді терезелерден, сыртқы қабырғалардан, айналардан және құлап кетуі мүмкін ауыр заттардан сақ болыңыз. Пәтерлердегі шкафтарды, сөрелерді дұрыстап бекітіңіз. Қауіпті заттарды (улы химикаттар, тез тұтанатын сұйықтықтар) қауіпсіз, жақсы оқшауланған жерде сақтаңыз.

Кез келген адам қажет болған жағдайда электр қуаты мен суды өшіретін жердің қайда екенін білуі керек. 

Жер сілкінісі кезінде ғимараттың төбесіне көтерілуге, баспалдаққа баруға болмайды.

Егер сіз үйде болсаңыз, жазу үстелінің немесе асхана үстелінің астына жасырыңыз. Бір қолыңызбен үстелдің аяғынан ұстап, екінші қолыңызбен мойын мен басыңызды жабыңыз. Жер сілкінісі кезінде үстел алыстап кетпеуі және қорғаныссыз қалмау үшін үстелдің аяғын ұстап тұру өте маңызды. Өзге жағдайларда ішкі есіктің орнында немесе бөлменің бұрышына тұруға болады. Құлаған үйінділерден сақ болған абзал. 

Үзілген сымдар, шкафтар, теледидарлар, микротолқынды пештер, тоңазытқыштардың қауіптілігі жоғары.

Жер сілкінісі кезінде ғимараттан жүгіріп шықпау керек

Сейсмолог Люси Джонстың айтуынша, зіл зала кезінде ғимараттағыларға қарағанда сырттағы адамдар көбірек зардап шегуі мүмкін. Мысалы, 2003 жылы болған жер сілкінісі кезінде екі әйел киім дүкенінен жүгіріп шығып, кірпіш пен сылақтың астында қалған. Егер олар іште қалса, аман қалуға мүмкіндік жоғары болатын.

Егер сіз сыртта болсаңыз, электр желілерінен, ғимараттардан, автомобильдерден және басқа қауіптерден аулақ болыңыз. Төмен түсіп, басыңызды жауу арқылы сіз өзіңізді ұшып жатқан заттардан қорғаңыз. Электр желілерінен, ғимараттардан және ағаштардан аулақ болыңыз.


Егер сіз көлік жүргізіп келе жатсаңыз жол жиегіне тұраққа қойыңыз және барлық төрт дөңгелекті бұғаттайтын қол тежегішін пайдаланыңыз. 

Егер сіз театрда немесе стадионда болсаңыз, орындықтың алдына жерге отырыңыз немесе мүмкіндігінше еңкейіңіз. Содан кейін басыңызды қолыңызбен жауып, жердің сілкінуі тоқтағанша мойныңызды жібермеңіз.

Жер сілкінісі туралы отбасыңызбен сөйлесіңіз және әрбір отбасы мүшесі жер сілкінісінің алдында, кезінде және одан кейін не істеу керектігін білуі керек. Жер сілкінісінен кейін қай жерде кездесетініңізді жоспарлаңыз. Жер сілкінісі басталған кезде жасырынатын үйіңіздегі қауіпсіз орынды анықтаңыз.  

Әрбір отбасы мүшесінің өзінің кезекші сөмкесі болуы керек. Оның ішінде:

  • Дәрі-дәрмектер (дәрі қобдишасы) 

  • Ақша

  • Құжаттар

  • Өзіңіз туралы байланыс деректері және туыстарыңыз бен жақындарыңыздың байланыс телефондарының тізбесі

  • Ауыз су (күніне әр отбасы мүшесіне кемінде төрт литр)

  • Ысқырық

  • Қол шам, қосалқы батареялар

  • Консервілер мен герметикалық пакеттердегі өнімдер

  • Жылы заттар, көрпе, мықты етік, шұлық және т. б. болуы шарт