Файл: 1. азастанда ауыл трындарына акушериягинекология кмегін жоары сатыда йымдастыру неше сатыа бледі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 460

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

619. Әйел 40 жаста. Анамнезінде – 8 босану. Жүктілік және босану кезінде асқыну байқалмады. Осы жүктілік және босануы 9-шы. Пациент қандай мекемеде босану керек:

1 Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)

2 (+) Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)

3 Әйел қалаған перзентханада

4 Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)

5 2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)

620. Төменгі тізімнен допплерометрия және кардиотокография жүргізілетін жағдайды көрсетіңіз:

1 Егіз нәрестелік

2 Үштік нәрестелер

3 (+) Құрсақ ішілік нәресте дамуының кідіруі

4 Ірі нәресте

5 Туа біткен жүрек ақауы

621. Жатыр жыртылуы бойынша қауіп-қатер тобына кім жатады:

1 көпсулығымен асқынған жүкті әйел

2 (+) кесар тілігінен кейін тыртығы бар жүкті әйел

3 босану әрекетінің әлсіздігі болған босанушы

4 босану әрекетінің тым күштілігі болған босанушы

5 Жатыр мойынын хирургиялық коррекция жасаған босануша

622. Нәрестенің ақауларын антенаталдық анықтау үшін бірінші УДЗ қашан жүргізу қажет (ДДҰ нұсқауы):

1 жүктіліктің мерзімене қарау маңызды емес

2 6 аптадан кейін

3 10-11 апта аралығында

4 2-13 аптадан кейін

5 (+) 14 аптадан кейін

623. ҚР ДМ стандарты бойынша жүкті болған кезде әйел консультацияға кемінде неше рет келу керек:

1 1 рет

2 6 рет

3 12 рет

4 (+) 7 рет

5 9 рет

624. Медико-генетикалық тексеруге жүберу үшін әйелдің анамнезінде жүктіліктің қай мерзімінде өзіндік түсік болуы керек:

1 (+) 5-6 апталық кезінде болған түсік

2 10-12 апталық кезінде болған түсік

3 14-16 апталық кезінде болған түсік

4 18-22 апталық кезінде болған түсік

5 24-25 апталық кезінде болған түсік