Файл: Маліммен бірге орындайтын студентті зіндік жмысына дістемелік нСАУ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 55

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.













С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

2 АКУШЕРЛІК ІС ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

МҰҒАЛІММЕН БІРГЕ ОРЫНДАЙТЫН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Мамандық 051 301 – «Жалпы медицина»
Кафедра – №2 акушерия және гинекология

    1. МҰҒАЛІММЕН БІРГЕ ОРЫНДАЙТЫН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Курс: 5 (бесінші)

Пән: акушерия және гинекология

Құрастырушы: №2 акушерлік іс және гинекология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Қалиева Л.Ғ.

Алматы 2011жыл.
Мұғаліммен бірге орындайтын студенттің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулар кафедра меңгерушісі Л.Ғ. Қалиева құрастырған. Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің қызметін атқарушының 2010 жылының 17 қыркүйекте шыққан №731бұйрығымен бекітілген 051301 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 жылғы Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес құрастырылған.

Мұғаліммен бірге орындайтын студенттің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулар №2 акушерлік іс және гинекология кафедрасының отырысында талқыланды

«22» сәуір 2011 ж., № 18 хаттама
Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д. Л.Ғ. Қалиева
1 Сабақ
Тақырыбы: Жүкті және босанғаннан кейінгі әйелді амбулаторлық жүргізу
Сабақтың мақсаты: Әйелдер консультациясында жүкті әйелді, құрсақ ішіндегі нәрестені және босанғаннан кейінгі әйел жағадайын бақылау жайында түсініктеме беру.
Сабақтың міндеті:

  • Ситуациялық есептерді шығару кезінде теориялық білімді қолдану дағдыларын студетте қалыптастыру

  • Сыртқы акушерлік тексеру дағдыларын қалыптастыру


Орындау түрі:

  • Студент ҚР ДМ протоколдары мен бұйрықтарына сүйене отырып, ситуациялық есепті шығару керек. Оқытушы студенттің білімін бағалайды.

  • Оқыту фильмін қарағаннан кейін студент сыртқы акушерлік тексеру жүргізу әдістемесін көрсетеді. Оқытушы студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалайды.



Тақырып бойынша тапсырма:

  • Ситуациялық есеп берілген. Болжама диагнозды қойыңыз. Зерттеу түрін тағайындаңыз. Зерттеу нәтижелерін талдаңыз. Қорытынды диагноз қойыңыз. Ем тағайындаңыз. ЖТД-нің келесі тактикасын анықтаңыз.

  • Оқулық фильмін қараңыз, кейін сыртқы акушерлік тексеру жүргізу әдістемесін көрсетіңіз


Студентке берілетін құжаттар:


  • Ситуациялық есептер

  • «Сыртқы акушерлік тексеру әдістері» ОСКЭ кезеңдері


1 ситуациялық есеп
М. И. 23 жаста.

Мекенжайы: Алматы.

Жүктіліктің 14 апталығынан диспансерлік тіркеуде тұр. Қазір жүктіліктің 35-36 аптасы.

ЖТД келген шағымы: 10 минут бұрын жыныс жолдарынан ашық қанды бөлінділер байқалды, қазір тоқтаған жоқ.

Өмір анамнезі: Соматикалық ауруы жоқ. Етеккірі14 жастан, ретті, 4-5 күннен, 28 күнде, орташа мөлшерде, ауыру сезімсіз келеді. Жыныстық қатынаста 18 жасынан. 2 жүктілік болған. Біріншісі 9-10 апталығында түсікпен аяқталды, жатыр қуысы қырылды. Осы жүктілік - 2-ші, 20-21 апталығында УДЗ арқылы плацентаның толық жатуы анықталды.

Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері, шырышты қабаттары таза, түстері қалыпты.АҚҚ 110/70мм.с.б., пулсі минутына 82 рет. Тынысы везикулярлық, сырыл байқалмайды. Жүрек шулары анық, ретті. Тілі таза. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыр, көк бауыры пальпацияланбайды. Тақылдату симптомы екі жағында теріс. Физиологиялық шығарымдары қалыпты.

Акушерлік статус: Жатыр көлемі овоидтық, 35 -36 апталық жүктілікке сай, ауыру сезімсіз, тітіркенбеген, кернелмеген, локалдық ауыру сезім байқалмайды. Нәресте ұзынынан орналасқан, басымен жатыр, кіші жамабас кіреберіс үстінде қозғалмалы. Жүрек соғымы анық, ретті, минутына146 рет.
Студентке тапсырма:

Дәрігердің тактикасы? Әйелді айнада, қынаптық қарап-тексеру қажет па?

Диагноз қою үшін қандай іс-әрекет жасау керек?

Болжам диагноз қойыңыз

Дәрігердің келесі тактикасы?

2 ситуациялық есеп

18 жасар бірінші жүкті әйел. Әйелдер консультациясына гинекологқа келді. Шағымдары жоқ, бұрақ зәрін тексергенде протеинурия анықталды.

Ауыру анамнезі: Әйелдер консультациясында жүктіліктің 8 аптасынан диспансерлік тіркеуде тұр. Қазір жүктілік мерзімі 24-25 апта.

Өмір анамнезі: Бұрын ауырмаған. Етеккірі қалыпты. Осы жүктілік - бірінші. Жүктіліктің бірінші жартылығы қалыпты өтті.

Объективті: Жалпы жағдайы қалыпты. Дене пішіні дұрыс, бойы 167см, салағы - 62кг. Өкпеде тынысы везикулярлық, сырылы жоқ. Жүрек тондары анық, ретті. Пульс – 88 рет минутына. АҚ 140/90 мм с.б.б. екі қолында. Ісіну лер жоқ. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыр, көк бауыры ұлғаймаған. Тақылдату симптомы екі жағында теріс. Зәр шығаруы ауру сезімсіз. Үлкен дәреті қалыпты.



Акушерлік статус:

Жатыр көлемі овоидтық, 24-25 апталық жүктілікке сай. Іш айналым өлшемі 80 см, жатыр түбінің биіктігі-24см. Нәресте ұзынынан орналасқан, басымен жатыр. Ұрықтың жүрек соғымы анық, ретті, минутына 136 рет.

Айнада және қынаптық тексерілмеген.
Тапсырма:

  • Болжам диагноз қойыңыз.

  • Қандай зерттеу жүргізесіз?

  • Зерттеу мәліметтерін алынғаннан кейін клиникалық диагноз қойыңыз.

  • Дәрігердің тактикасын анықтаңыз.

  • Клиникалық диагноз қойыңыз.

  • Дәрігердің тактикасы қандай? Емі?


3 ситуациялық есеп
Қайта жүкті 30 жастағы К. есімді әйелдің шағымдары: бас ауыру, жүрегі айну, мұрынымен дем алу қиындаған, көз алдында «шіркейлер» ұшу, аяқтарында айқын ісінулер.

Ауыру анамнезі: Соңғы 2 апта аралығында 2000,0грамм салмақ қосып, аяқтарында ісік пайда болды.

Өмір анамнезі: Жасына сәйкес өсіп, жетілді. Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Етеккірі 13 жасынан, бірден тұрақталды, 28 күнде 5-6 күн, орташа мөлшерде, ауыру сезімсіз келеді. Жыныстық қатынаста 20 жасынан. Осы жүктілік - 4-ші. Мерзімінде босану - 2, 1 – мед.аборт. 4 жыл гипертониялық типті нейроциркуляторлық дистония себебімен диспансерлік тіркеуде тұр.

Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Беті гиперемияланған. Сұрақтарға айтқысы келмей, кідіріп жауап береді. Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырылы жоқ. Жүрек тондары анық, ретті. Пульс – минутына 86 рет. АҚҚ оң жағында 150/100 мм с.б., сол жағында 140/90 мм с.б. Тілі таза, ылғалды. Іші жүктілікке байланысты өскен. Бауыр, көк бауыры пальпацияланбайды. Тақылдату симтптомы екі жақта теріс. Аяқтарында айқын ісінулер.
Акушерлік статус:

Іші овоид тәрізді. Жатыр көлемі 33-34 апталық жүктілікке сай, қозғыш емес. Іш айналым өлшемі 90см. Жатыр түбінің биіктігі 30 см. Нәресте ұзынынан жатыр, басы кіші жамбас кіреберісінен жоғары. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті, минутына 140 рет.
Тапсырма:

  • Болжам диагноз қойыңыз

  • Емхана жағдайында терапевт, окулисттің кеңесі кажет пе?

  • Әйелдер консультациясы дәрігерінің тактикасы?



4 ситуациялық есеп.
Әйелдер консультациясына 24 жастағы жүктілік мерзімі 18-19 апталық пациент келді. Шағымдары: ішінің төменгі аймағындағы тұрақты ауру сезімі.

Ауру анамнезі: Жүктіліктің 8-9 аптасынан диспансерлік бақылауда. Жүктілік қалыпты өтті. Ауру сезім 5 күн бұрын стресстен кейін (пациент мемлекеттік емтихан тапсырды) пайда болған, күшейгеніне екі күн болды.

Өмір анамнезі: Балалық шағында қалыпты өсті және жетілді. Етеккірі 14 жасынан, ретті, 3-4 күн. Жыныстық қатынаста 20 жасынан. Тұрмыста. Осы жүктілік - бірінші.


Объективті: Жалпы жағдай қанағанаттанарлық. Тері, шырышты қабаттары қалыпты түсті. Өкпеде тынысы везикулярлық, сырылы жоқ. Жүрек тондары анық, ретті. АҚҚ 120\80 мм с.б., пулсі минутына 80 рет. Іші жүктілік себебімен ұлғайған, пальпация кезінде ауыру сезімі төменгі аймағында байқалады. Бауыр, көк бауыры пальпацияланбайды. Тақылдату симптомы екі жақты теріс. Үлкен дәреті және зәр шығаруы қалыпты.

Акушерлік статус: Ішінің көлемі овоид тәрізді. Жатыр 18-19 апталық жүктілікке сай, қозғыш.

Айнамен тексеру мәліметтері: Қынаптың, жатыр мойынының шырышты қабаттары қалыпты түсті. Бөлінділер ашық түсті, аз мөлшерде, иіссіз. Сыртқы ернеуі жабық.

Қынаптық тексеру мәліметтері: Жатыр мойыны қалыптасқан, жұмсақтау, артқа қарай орналаскан. Сыртқы ернеуі жабық. Жатыр 18-19 апталық жүктілікке сай, қозғыш.
Тапсырма:

  • Болжам диагноз қойыңыз

  • Дәрігердің тактикасы қандай?

  • Емі қандай?


Сыртқы акушерлік тексеру

Леопольд тәсілдері

Сыртқы акушерлік тексерудің негізгі әдістеріне іштің пальпациясы жатады. Жүкті әйел ішінің пальпациясы белгілі жоспар бойынша жүргізіледі, Леопольдтің төрт тәсілі бірінен кейін бірін қоладанылады. Босанушы әйелді толғақтар арасында тексереді, оның тізелері аздап бүгілген, ал дәрігердің қолы жылы болуы керек. Дөрекі қимылдар жасамау керек, бұл жатырдың қозуын және толғақ шақыруы мүмкін.

Бірінші тәсіл

Мақсаты – жатыр түбі деңгейін және жатырдың түбіндегі ұрықтың ірі мүшесін анықтау.

Дәрігер әйелдің оң жағынан бетімен қарап тұрады. Әйел кушеткада жатады, дәрігердің қолы жатыр түбіне орналасады және тереңге жылжыта отырып, жатыр түбінің деңгейін, сонымен қатар жатыр бүбіндегі ұрықтың мүшесін анықтайды.

Екінші тәсіл

Мақсаты – ұрықтың арқасын және ұсақ мүшелерін, позициясын, орналасу түрін анықтау.

Дәрігердің екі қолы жатыр түбінен оның бүйірлеріне қарай жылжиды. Бір қолы бір орнында қозғалмай орналасады, ал екіншісі жатырдың бүйірімен қозғалады. Содан кейін осы қимылдарды екінші қолымен қайталайды. Арқасы жатқан жағында қол астында біркелкі ұзынша алаң сезіледі. Ұрықтың ұсақ мүшелері орналасқан қарама-қарсы жағында үлкен емес томпайған, жиі орнын ауыстырып тұратын қозғалмалы аяқ-қолдары анықталады.

Үшінші тәсіл

Мақсаты – ұрықтың жатушы бөлігін анықтау.

Дәрігер әйелдің оң жағынан бетімен қарап тұрады. Дәрігердің оң қолы симмфиздің үстінен орналасады, үлкен саусағы жатырдың ортаңғы сызығынан – оңға, ал қалған төртеуі – солға орналасады. Саусақтары біртіндеп тереңге жылжып, ұрықтың жатушы бөлігін ұстайды. Басы тығыз дөңгелек мүше ретінде сезіледі, ал жамбас бөлігі – дөңгелек емес, ірі жұмсақтау мүше ретінде.


Төртінші тәсіл

Мақсаты – жатушы бөлігінің деңгейін кіші жамбас кіреберісіне қатысты анықтау.

Бұл тәсіл алдыңғысына қосымша болып келеді. Дәрігер арқасымен бұрылады. Оның алақандары жатушы бөліктің оң және сол жағынан орналасады, саусақтары симфизге тиіп тұрады. Саусақтарымен кіші жамбас қуысына қарай тереңдетіп байқап жылжиды, жатушы бөлігі мен жамбас қабырғаларының арасына қарай жылжиды, содан кейін саусақтары басының бойымен жоғары сырғиды. Егер осы кезде қолдарының басы қосылса, онда басы үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісінде тұр немесе төменірек түсті. Егер зерттеушінің қолдары бірікпесе – басы кіші сегментімен кіші жамбас кіреберісінде тұр. Егер басы жамбас қуысына түссе, сыртқы тәсілдермен анықтау мүмкін емес. Басы биікте тұрса, оның астына саусақтарды жеткізуге болады.
Әдебиет:


  • Основные клинические протоколы и приказы МЗ РК по акушерству и неонатологии.- МЗ РК, 2010.-С. 6-68.

  • Учебный фильм «Наружное акушерское исследование»

  • Практические умения по акушерству и гинекологии: Учебное пособие / Р.Н. Степанова, С.П. Пахомов.- Ростов н/Д: Феникс, 2010.- С. 8-10.


Бақылау:

Тапсырманы орындау барысында оқытушы қажет түзетулер жасап отырады және баға береді.


2 Сабақ
Тақырыбы: ЖТД жұмысында кездесетін әйел жыныс мүшелерінң қабыну аурулары
Мақсаты: Ситуациялық есептерді шығару кезінде теориялық білімді қолдану дағдыларын студетте қалыптастыру; бактериоскопияға жағынды алу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:

  • Ситуациялық есептерді шығару кезінде студент теориялық білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетеді

  • Сабақтың соңында студент бактериоскопияға жатыр мойынынан және қынаптан жағынды алу әдістемесін көрсете алады

Орындау түрі:

  • Студент ҚР ДМ протоколдары мен бұйрықтарына сүйене отырып, ситуациялық есепті шығару керек. Оқытушы студенттің білімін бағалайды.

  • Оқыту фильмін қарағаннан кейін студент бактериоскопияға жатыр мойынынан және қынаптан жағынды алу әдістемесін көрсетеді. Оқытушы студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалайды.

Тақырып бойынша тапсырма:

  • Ситуациялық есеп берілген. Болжама диагнозды қойыңыз. Зерттеу түрін тағайындаңыз. Зерттеу нәтижелерін талдаңыз. Қорытынды диагноз қойыңыз. Ем тағайындаңыз. ЖТД-нің келесі тактикасын анықтаңыз.

Оқыту фильмін қараңыз, кейін бактериоскопияға жатыр мойынынан және қынаптан жағынды алу әдістемесін көрсетіңіз.