Файл: Клиникалы станция Анафилактикалы шок кезінде медициналы кмек крсету.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Клиникалық станция «Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету»
ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ
№ | Қадамдар | Іс-әрекеттер алгоритмі |
Жүргізу тактикасы: | ||
1. | Науқасты Тренделенбург қалпына жатқызу. Ауа жәнее/немесе Оттегіге қол жеткізу | Көлденең жатқызу. Аяқ ұшын жоғары көтеру. Басты бүйірге бұру. Төменгі жақты алға шығару. Терезені ашу немесе оттегінің келуін қамтамасыз ету. Егер өздігінен тыныс алу және естің болмауы тіркелсе оттегіні маска, мұрын катетері немесе ауа өткізгіш түтік арқылы береді. |
2. | Аллергенін ағзаға енуін тоқтату, Тамырішілік жолды қамтамасыз ету. | Дәрілік заттың енгізілуін тоқтату, жәндік бізгегін алып тастау және т.б. медикамент енгізілген немесе шаққан жерден жоғары бұрау (жгут) орнату. Шеткері веналарды катетерлеу. |
3. | Витальды функцияларға бақылау жүргізу | АҚ, пульс, тыныс алу қозғалыстарын бақылау. Моинторды қосуға мүмкіндк болмаған жағдайда АҚ, пульс әр 2-5 минут сайын қолмен есептеу, оксигенация деңгейін бақылау. |
Емдік іс-шаралар: | ||
4. | Тамыртарылтқыш терапия. | 0,1% эпинефрин 0,01-0,02 мг/кг, бірақ 1,0 мл-ден артық емес, қажет болған жағдайда эпинефринді 5-15 минуттан кейін қайтадан енгізуге болады; Тиімсіз болғанда:
|
5. | АҚ жоғарылату мақсатымен прессорлы аминдерді енгізу (аталғандардың бірін) | т/і тамшылап: – норэпинефрин – 2-4 мг (1-2 мл 0,2% ерітіндісі) 500 мл 5% глюкоза ерітіндісі немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтып, АҚ тұрақтануына дейін 0,1-,5 мкг/кг инфузия жылдамдығымен енгізу. – допамин (т/і тамшылап) 400 мг, 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде ерітіп, 8-10 мкг/кг/мин енгізу жылдамдығымен, систолалық қысым 90 мм.сын.бағ. артық болатындай етіп, дозаны титрлеп енгізу. |
6. | Инфузиялық терапия. (аталғандардың бірін) | (гиповолемияны жою мақсатымен) (коллоидты и кристаллоидты ерітінділер):
|
7. | Гормональды терапия. (аталғандардың бірін) | Бастапқы дозада:
|
8. | Бронхолитикалық терапия. (аталғандардың бірін) | Эпинефриннің енгізілуіне қарамастан бронхобструктивті синдром сақталғанда:
– тамырішілік ағынмен баяу 0,5-1 мл өмірден 1 жасына, 2,4% ерітінді (10мл-ден артық емес) 20 мл изотоникалық натрий хлориді ерітіндісінде 20 минут бойы; – т/і тамшылап 0,2-0,9 мг/кг (небулайзер арқылы); ылғандандырылған оттегі (SpО2 бақылаумен). |
9. | Антигистаминді препаратты енгізу. (аталғандардың бірін) | Н1-гистаминді рецепторлардың блокаторлары тек гемодинамиканың толық тұрақтануында және көрсетілімдер болғанда қолданылады. Енгізу: – хлоропирамин гидрохлориді 0,2%, т/і немесе б/е 0,1-0,15 мл өмірдің 1 жасына; – дифенгидрамин 0,05 мг/кг, 1мл-ден артық емес. |
Науқастың бағытын анықтау: | ||
10. | Шұғыл ауруханаға жатқызу. | Жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызуға жолдау. |
Клиникалық станияның жүргізілу ұзақтығы 10 минуттан артық емес