Файл: азастан Республикасыны денсаулы сатау министрлігі ШО денсаулы сатау басармасыны Семей аласыны Дйсенбі Калматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Калматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК

Кәсіптік практика күнделігі

Пән: «Терапия»

Мамандық: 0301000 – «Есдеу ісі»

Біліктілік: 0301013 – «Фельдшер»

Курс: 3лдF

Тегі: Алдабергенова

Аты: Ақерке

Әкесінің аты: Асетқықы

Тәжірибе өту орны: «Анестезиология реанимациясы және қарқынды емдеу бөлімі»

Тәжірибе өту уақыты: «15» Желтоқсан 2022 жыл – Қаңтар 2023 жыл «04» дейін
Ментор: Саякова Баян Ариновна

Тәжірибе жалпы жетекшісі:Ануарбекова Гульнар

Кіріспе.

"Практика»-студенттерде білімнің, дағдылардың және медициналық қызметке кәсіби дайындықтың кәсіби бағытын қалыптастыруды мақсат ететін білім беру бағдарламаларының құрамдас бөліктерінің бірі.

Клиникалық практиканың мақсаттары

1. Клиникалық пәндерді оқу кезінде қалыптасатын базалық және кәсібиқұзыреттерді дамыту.

2. Практикалық дағдыларды жетілдіру.

3. Медициналық құжаттаманы жүргізумен (КМАЖ-да жұмыс істеу), есептілікпен, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырумен танысу.

4. Жекелеген адамдардың және олардың отбасылары денсаулығы мен әлауқатын нығайту мақсатында үйде күтім жасау үшін тиімді санитариялықағарту іс-шараларын жүргізу.

Практиканың міндеттері

1. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті ұйымдастырудызерделеу.

2. Мамандықтың білім беру стандартының біліктілік талаптарына сәйкесбазалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дамыту.

3. Теориялық оқытуда алынған практикалық дағдыларды бекіту.

4. Қоғамдық, ұйымдастырушылық және тәрбие жұмысының тәжірибесін алу.

5. Пациенттермен тиімді коммуникация, кәсіби аралық өзара іс-қимыл және командада жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру.
Практиканыигерудеңгейінеқойылатынталаптар.

Студенттер практиканы Қазақстан Республикасы облыстарының денсаулық сақтау басқармаларымен бекітілген колледждің клиникалық базаларында өтеді. Студенттер 5 күндік жұмыс аптасында күніне 6 сағаттан жұмыс істейді.


Практикаға басшылықты тьютор мен ментор жүзеге асырады. Практика бағдарламасының орындалуын бақылау, бағалау сұхбатын өткізу, консультативтік көмек көрсету колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктеледі.

Практика базасына келгеннен кейін студенттерде: практикаға жолдама, жұмыс бағдарламасы/практиканың силлабусы, медициналық киім, ауысымдық аяқ киім, клиникалық практиканың күнделік-есебі болуы тиіс.

Студент-практикантқа медициналық ұйымның ішкі еңбек тәртібінің қағидалары қолданылады. Студенттің практика базасы мен уақытын өз бетінше өзгертуге құқығы жоқ. Студенттердің практика мен жұмыс уақытына баруын ментор бақылайды.

Студенттің практикадан өту кезіндегі міндеттері:

  • практиканы өткізуге жауапты практика бөлімі мен практика тьюторы өткізетін клиникалық практика жөніндегі анықтамалық конференцияға қатысу;

  • практика бағдарламасында көзделген тапсырмаларды адал және белсенді орындау, практикалық дағдыларды меңгеру;

  • медициналық ұйымның ішкі еңбек тәртібінің (практика базасының) қолданыстағы ережелеріне бағыну;

  • қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өту және қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  • атқарылатын жұмыс үшін жауапкершілік;

  • жүргізілген жұмыстың есебін жүргізу;

  • бағалау сұхбатына күнделік-есепті ұсыну.


Практика бағдарламасын орындамаған, бағалау сұхбатында бағаланбаған студент колледж әкімшілігі белгілеген мерзімде клиникалық практикаға қайта жіберіледі.

Практиканы ұйымдастыру және өткізу

Практиканы ұйымдастыруға және өткізуге үш тарапқатысады:

1. тьютор-оқытушы, ол практиканы ұйымдастыруды жүзеге асырады, нұсқаулық береді, бақылайды және ментормен бірге бағалау сұхбатынақатысады;

2. ментор – практикадан өту кезеңінде студенттерге теориялықбілім мен практикалық дағдыларды клиникалық базада бекітуге ықпал ететінбілікті медицина қызметкері.

3. студент.

Тьютордың рөлі

  • медициналық ұйым қызметінің құрылымын, түрін және көлемін біледі;

  • әр білім алушы үшін клиникалық практикадан өту уақыты мен ұзақтығын клиникалық базамен алдын ала келіседі;

  • практика жетекшісіне қажетті құжаттарды ұсынады;

  • практиканы дамыту мәселелерінде әртүрлі қатысушылармен өзара іс-қимыл жасайды;

  • ментормен бірге білім алушының білімі мен іскерлігіне бағалау жүргізеді;

  • практиканы бағалауға жауапты.


Ментордың рөлі:

  • практика бағдарламасына сәйкес клиникалық практиканы өткізуді қамтамасыз етеді;

  • білім алушыға эмоциялармен күресуге көмектеседі;

  • практикалық дағдыларды меңгеруде, теорияны практикада бекітуде көмекші;

  • студенттің кәсіби әлеуметтенуінде, тиімді жұмыс қарым-қатынасын қалыптастыруда көмекші;

  • студенттің клиникалық оқудағы прогресін талдайды және бағалайды;

  • студенттің кәсіби және жеке өсуіне ықпал етеді;

  • практика құжаттамасын жүргізуге көмек көрсетеді;

  • бөлім қызметкерлерінің, тьютордың пікірлерін ескере отырып, практикаға (күнделікті, аралық, соңғы) бағалау жүргізеді.

Студенттің рөлі:

  • практикадан өтуге рұқсат алады;

  • клиникалық базаның қызметімен танысады;

  • бағдарламаға сәйкес практикадан өтеді;

  • практика күнделігінде күн сайын практикада іске асырылатын мақсаттарды, игерілген дағдылар бойынша жұмыс түрлерін көрсететін жазбалар;

  • инфекциялық және техникалық қауіпсіздік, құпиялылық ережелерін, этикалық нормаларды сақтайды;

  • практикадан уақтылы өтуге жауапты;

  • практикалық бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды сапалы және толық көлемде орындайды;

  • практикадан өту орны мен мазмұнына байланысты қажетті медициналық құжаттарды уақытылы және сапалы толтырады;

Практикадан өтудің соңғы нәтижелері:

1. Оқытудың соңғы нәтижелеріпрактика бағдарламасын бағалаудың мақсаттарына, міндеттеріне және критерийлеріне сәйкес келуі керек;

2. Оқытудың түпкілікті нәтижелері практика бағдарламасында клиникалық оқыту барысында біз күтетін білімді, дағдыларды, құзыреттерді қалыптастыру ретінде көрініс табады;

3. Оқытудың соңғы нәтижелері студентке, менторға және тәрбиешіге түсінікті болуы керек.
Пререквезиттер:Фармакология, фармакотерапия, Терапия, Хирургияжәне т.б.

Постреквезиттер: Педиатрия, Акушерия және гинекология және т.б.

Пән: «Терапия»

Мамандық: 030100 0«Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3«Фельдшер»
Тәжірибелік дағдылар тізімі


  1. Қол жуу алгоритмі

  2. Стерильдіқолғапкиіп-шешуережелері

  3. Науқасты субъективті тексеру (сұрастыру: шағымдар, анамнездер)

  4. Науқасты объективті тексеру

  • қарау;

  • пальпация;

  • перкуссия;

  • аускультация;

  • пульстің қасиеттерін анықтау;

  • АҚ өлшеу;

  1. Қосымша тескеру әдістерінің нәтижелерін бағалау, дайындығына қатысу (зертханалық, аспаптық, функциональдық, эндоскопиялық және т.б.)

  2. Шұғыл көмек көрсету:


  • бронх демікпесінің ұстамасында;

  • өкпеден қант кетуде;

  • гипертониялық кризде;

  • стенокардия ұстамасында;

  • миокард инфарктысы кезінде;

  • жүрек демікпесі ұстамасында;

  • өкпе ісінуінде;

  • асқазаннан қан кеткенде;

  • бауыр шаншуында;

  • бүйрек шаншуында;

  • гипер – және гипогликемиялық комада;

  • анафилактикалық шокта;

  • тиреотоксикалық кризде;

  • Квинке ісігінде.

  • Улануларда шұғыл көмек: иіс тию, фосфорорганикалық, қышқыл, сілтілермен уланулар. Тамақтан улану, улы саңырауқұлақтармен улану, наркотикалық заттармен, алкогольмен және оның сурогаттарымен және оның сурогаттарымен, дәрілік заттармен улану.


Тәжірибе күнделігі
Пән: «Терапия»

Мамандық: 0301000«Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301013«Фельдшер»


Күні


Жүргізілген жұмыс
көлемі мен мазмұны


Манипуляциялар тізімі мен саны

Ескерту

15.12.22

Мен оқу-өндірістік тәжірибемді «Терапия» пәнінен Анестезиология ,реанимация және қарқынды емдеу бөлімінде өттім.Онда бізді аға мейіргер Саякова Баян Ариновна қабылдап алды. Б.Ариновна бізді реанимация бөлімшесімен таныстырды.Бөлімше ішінде:

  • палаталар

  • емшара

  • мейірбикелік бекет

  • шаруашылық мейірбикелер бөлмесі

  • дәрігерлер бөлмесі

  • таңу бөлмесі

  • әжетхана тұрады.

Әр палатада арнайы аппараттар,койка бар.

  • ӨЖЖ аппараттары

  • Анестезиялық-тыныс алу аппараттары

  • Инфузиялық жүйелер

  • Науқастың мониторлары және импульстік оксиметрлер

  • Медициналық консольдер

  • LPU үшін оттегі концентраторлары

  • Қолмен тыныс алу аппараттары (АДР)

Мен бүгінгі тәжірибемді №1 палатада ағымдағы тазалаудан бастадым және №3 палатадағы мейірбикеге пациентке күтім көрсетуге көмектестім.Мен мейірбикеден пациенттің диагнозы Бауыр циррозы екенін білдім және пациетте трахеостомиялық трубка тұрғанын көрдім.Науқаста трахея ішінара қақырықпен бітелгендіктен санирование жасадым.

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Қажет нәрсенің бәрін дайындадым

  • Қолыңызды сабынмен және сумен мұқият жудым

  • Сорғыш катетер пакетін аштым

  • Сорғыш катетерді пластикалық сорғыш түтікке қостым

  • Сорғыны қостым

  • Таза қолғап кидім

  • Сорғыш катетерді бекітім

  • Катетерді трахеостомиялық түтікке салдым

  • Айналмалы қозғалыстармен сорғыш катетерді трахеостомиядан баяу шығардым

  • Сорғыш катетердің сыртындағы разрядты құрғақ дәкемен сүртіп

Сорғыш катетердің ішін секрециядан шайып, оған аздап су сорып алдым.Сорғыш катетер мен пластикалық түтіктің таза екеніне көз жеткізіп, сыртын шайып және сүрттім.Сорғыш катетерді пластикалық сорғыш түтігінен ажыратып.Сорғыш катетерді құрғақ шүберекке салдым.Тәжірибе уақыты аяқталған соң, ескертіп үйге қайттым

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 7рет

Маска ауыстыру 5рет

Трахеостомиялық түтікті тазарту 2рет





17.12.22

Бүгін сағат 7:48де келіп,киімімді ауыстырып жұмыс орнына келдім. Кейін аға мейіргерге белгіленіп,өз жұмысымды сағат 8:15-те таңу бөлмесінен бастадым.Алдымен мейірбике мені бөлмедегі құралдармен таныстырды.Онда:

  • Таңу үстелі

  • Стерильді материалдар мен құралдарға арналған үстел

  • Шағын аспаптық кесте

  • Дәрі-дәрмектер мен кескіш құралдарға арналған үстел

  • Бикс стендтері

  • Құралдар шкафы

  • Дәрі-дәрмек шкафы

  • Қылқалам операцияларына арналған стенд

  • Авариялық жарықтандыруы бар Көлеңкесіз шам

  • Бактерицидті шам

  • Әр түрлі мөлшердегі бикстер (зарарсыздандыру қораптары) -

  • Көктамыр ішіне құюға арналған құты ұстағышы бар Штатив

  • Сфигмоманометр

  • Ротораширатор, тіл ұстағыш

  • Тыныс алу түтігі (түтік)

  • Дезинфекциялық ерітінді

  • Таңғыштарды кесуге арналған қайшы

  • Бір рет қолданылатын көктамыр ішіне енгізуге арналған стерильді жүйелер

  • Ілгіш

  • Алжапқыштар

  • Лас материалды жинауға арналған шелек

  • гемостатикалық қысқыш

  • хирургиялық зонд

  • инелер мен ине ұстағыштар

  • пинцет, қайшы

Кейін мейірбике көмегімен таңу кұралдарын алып бикстерге залалсыздандыруға салдым және стерилизацияға апардым.Одан кейін мен таңу бөлмесіне текущая уборка жасадым.

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Қорғаныс киімдері мен жеке қорғаныс құралдарын кидім

  • Шкафтарды, тумбочкаларды, үстелдерді қабырғалардан алыстаттым

  • Дезинфекциялық ерітіндімен, қабырғалды, есіктерді, терезелерді сүрттім

  • Әдістемелік нұсқаулар регламентіне сәйкес еденді дезинфекциялық ерітіндімен сүрттім

  • Бактерицидтік шамдарды 60 минутқа қостым

  • Өңделген беттерді суға малынған шүберекпен сүртіп және құрғаттым

  • Бактерицидтік шамдарды 30 минутқа қайта қосып

  • Бактерицидті шамды 70% этил спиртіне малынған майлықпен дезинфекцияладым

  • Эмитенттің сыртқы корпусын 0,5% жуғыш затпен сутегі асқын тотығының 3% ерітіндісіне малынған майлықпен сүрттім

  • Бөлмені желдетіп

  • Қорғаныс киімдерін шешіп, дезинфекцияладым

  • Қолыңызды сабынмен жуып, жеке сүлгімен құрғаттым

  • Бактерицидтік шамның жұмыс уақытын есепке алу журналына жазба жасадым

Кейін №2 палатадағы мейірбикеге науқасқа күтім көрсетуге көмектесумен өтті.Тәжірибе уақыты біткен кезде ескертіп үйге қайттым

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Ағымдағы тазалау жүргізу 2рет





19.12.22

Бүгінгі тәжірибемді сағат 8:05-те бастадым,аға мейіргерге белгіленіп өз жұмысымды №2 палатадан бастадым.Мейірбикелермен амандастым.Палатадағы науқастардың жағдайын бақыладым.Кейін пациенттерді басқа палатаға ауыстырғандықтан мейірбикеге пациенттен катеторды алуға көмектестім және палатадағы пациенттердің температурасын өлшедім.

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Қолымды жылы сумен және сабынмен жуып

  • Қолтықты тексеріп оны құрғаттым

  • Термометрді алып, сынапты 35-тен төмен шайқап

  • Қолтық астындағы термометрді сынап ыдысы денеге барлық жағынан тиіп тұратындай етіп орналастырдым

  • Температураны әр 10 минут сайын өлшедім

  • Дене мен термометр арасында кір болмайтынына назар аудардым

  • Термометрді алып және пациенттің күнделігі барысында ауру тарихындағы сандық деректерді, сондай-ақ сандық мәнге сәйкес сызық түріндегі температура парағын жаздым

  • Термометрді шайқап

  • Термометрді дезинфекциялық ерітіндісі бар арнайы науада 30 минут бойы өңдедім

  • Содан кейін термометрді ағынды сумен шайып, құрғатып сүрттім және" таза термометрлер " деген жазуы бар таза ыдысқа салдым

Кейін жұмысымды №3 палатадағы мейірбикеге науқасқа күтім көрсетуге көмектестумен өтті.Тәжірибе уақыты бікеннен кейін,аға мейіргерге белгілеіп үйге қайттым.

Қолды жуу 7рет.

Қолғап ауыстыру 7рет

Маска ауыстыру 5рет

Температура өлшеу 3рет

Катетор алу 1рет





20.12.22

Бүгінгі тәжірибемді сағат 8:00-де №1 палатадан бастадым.Мейірбикелермен амандасып,науқастардың жалпы жағдайын бақыладым.Кейін бөлімшеге операциядан кейін пациентті алып келді.Мен мейірбике көмегімен пациентті апаратқа қостым және кейінірек

науқас оянған соң тыныс алу апаратынан алып,пациентке катетер орнатуға мейірбикеге көмектестім.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды жуып және құрғаттым.

2. Қолғап киіп.

3. Судно қойдым.

4. Қолғапты тері антисептикімен өңдедім.

5. Дәке шарын қысқышпен алып антисептикпен (фурацилин) суладым және уретрия аймағын өңдедім.

6. Пайдаланылған шарды тастап

7. Катетерді пинцетпен алып, жұмыс ұшын майлағышпен өңдедім.

8.Бір қолдың 1-ші 2-ші саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін сұйылтып, енгіздім

9.Катетердің сыртқы ұшын суднога түсірдім

10. Несеп ағыны әлсіреген кезде катетерді алып, катетерді контейнерге тастадым.Зәрдің соңғы бөлігі зәр шығару жолдарының қабырғаларын жудым

12. Уретральды аймақты майлықпен сүрттім

13. Қолғапты шешіп, ұолымды жуып,құрғаттым.

14. Науқаста барлығы жақсы екенін сұрадым.

15.Қолғапты, катетерді, құрал-сайманды,В класс қоқыс жәшігіне тастадым.Қалған уақытта мейірбикелерге пациенттерге күтім көрсетуге көмектесумен өтті.Тәжірибе уақыты біткен кезде,ескертіп үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 5рет

Маска ауыстыру 5рет

Катетер орнату 1рет

Пациентті ИВЛ аппаратына қосу 1рет




21.12.22

Бүгінгі тәжірибемді сағат 8:10да №3 паладан бастадым.Ең алдымен аға мейіргерге белгілендім.Кейін мейірбикеге науқасқа күтім көрсетуге көмектестім және отсос арқылы науқастың қақырығын сорып алып отырдым.Кейінірек №1 палатада жұмысымды жалғастырдым.Онда науқасқа арналған системаны дайындадым(натрий хлорид 0,9%).

Іс-әрекеталгоритмі:

  • Бір реттік жүйенің жарамдылық мерзімін, бүтіндігін тексердім. Салфетка, пинцет, мақталы шариктер салынған лотокты дайындап. Дәрілік заты бар құтыны дайындадым.

  • Құтының қақпағын спиртке малынған залалсызданған мақталы шарикпен өңдеп, оны залалсызданған қайшымен шешіп алдым. Құтының тығынын спиртпен екі рет өңдеп

  • Жүйенің қысқа жағынан иненің қақпақшасын шештім, сол инені құтының тығынына түбіне дейін енгізіп. Құтыны төңкеріп, штативке ілдім. Ауа камерасын ашып. Инесі мен қақпақшасын шешіп,залалсызданған лотокқа салдым.

  • Жүйені толтырып, ішінен ауаны шығару үшін, канюлясы бар түтікшені шетін тамшылатқыштан биігірек төңкерілген күйіндеорнаттым.Тамшылатқыштың 2/1 бөлігін сұйықтықпен толтырдым Қысқышты ашып, жүйенің төменгі бөлігін канюлядан ерітінді шыққанша баяу толтырып. Жүйенің ішінде ауа көпіршіктерінің қалмауын қадағаладым. Қысқышты жабу қақпашасы мен инесін кигіздім.

Кейін мейірбике науқастың жалпы жағдайын бақылап тұруды айтты.Система біткеннен кейін оны токтатып қойдым және кейінірек мейірбикеге дәкеден салфетка жасауға көмектестім.Тәжірибе уақыты біткеннен кейін ескертіп,үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Трахеостомиялық түтікті тазарту 3рет

Көктамыр ішіне тамшылатып құю жүйесін құрастыру 2рет

Дәке матадан жасалған майлықтар жасау 25рет




22.12.22

Бүгінгі тәжірибеге сағат 7:55 те келдім,аға мейіргерге белгіленіп өз жұмысымды №3 палатадан бастадым.Пациенттің жалпы жағдайын бақыладым және арнайы журналға белгіледім.

  • АД.вверх. 115

  • АД.нижн. 87

  • Пульс 86

  • Температура 36.3

  • Сатурация 98

Назначениесын карадым.

  • Гептрал(500 мг,порошок)(500 мг внутривенно) сағ.13:00ге

  • Преднизалон (30 мг/мл 1раствор для инъекции) сағ.9:00 ге

  • Эзом IV(40 мг порошок, лиофилизированноый,для приг.раствора) сағ.9:00 де

  • Тиамина гидр.(В1)(1мл раствор,5% капельно)+нарий хлорид 0.9 200мл капельно сағ. 10:00де

  • Гепа-Мерц (5г/10 мл Концентрат для приг.раствора для инфузии 0.9% 400мл) сағ.14-15:00 және 23-00 де

  • Фурасемид (1% 2мл,раств. Для инъекции) сан. 13:00 де

  • Меропенем (1г порошок для приг.раствора внутривенно) 10-23:00де

  • Калия хлорид 4%(200 мл внутривенно) 9-22 :00ге дейін

  • Амбробене (2мл раствор 15мг/2мл)12:00де

  • Гордокс(10000КИЕ раствор для инъекции внутривенно +натрий хлорид 0.9% капельно) сағ.13:00де

Кейін науқасқа ұсынылған дәрілерді щприке сорып алуға мейірбикеге көмектестім( Меропенем).Түске қарай науқасқа жақындары келіп пациентке қажетті заттар және түскі ас алып келді.Науқас тамақ ішіп болған соң оның төсектегі қалпын ауыстырдым.Кейін пациентке жазылған плазманы жібітіп қойдым және жібіген соң мейірбикеге ескертіп пациентке дайындап қойдым және науқасқтың трахеясында қақырық жиналып қалған жағдайларда санирование жасап отырдым.Тәжірибе уақыты біткен соң,аға мейірбикеге ескертіп үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Трахеостомиялық түтікті тазарту2рет

Инъекцияға арналған дәрілік препаратты шприцке сорып алу 2рет

Дене қызуды өлшеу 2рет










23.12.22

Бүгінгі тәжірибеге сағат 7:55те келіп,аға медбикеге белгілендім.Сағат 8:25те өз жұмысымды №1 палатадан бастадым.Пациенттердің дене қызуын,қан қысымын,пульс және сатурациясын бақылап журналға белгілеп жаздым.Кейін өз жұмысымды№3 палатада жалғастырдым.Онда мен мейірбикеге науқастарға арналған арнайы дәрілерін(преднизалон,эзом IV) ампуладан шприцке соруға көмектестім.

Әрекет ету алгоритмі:

  • Дәріні алып, дәрігердің тағайындауымен сәйкестігін тексердім.

  • Дәрінің концентрациясын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін, түрін тексердім.

  • Қолыңызға гигиеналық деңгейде деконтаминация жүргізіп, терілік антисептипен өңдеп, қолғап киідім.

  • Шприцтің қаптамасын рукояткасына дейін ашып, құрастырдым (стандарт бойынша).

  • Ампуладағы дәріні алып, жоғарғы жіңішке бөлігін сәл шертіп, ерітіндісін төменгі жағына ағыздым.

  • Ампуланың мойнын жоғарыдан төмен қарай терілік антисептикпен дымқылданған мақта шаригімен өңдеп, мақта шаригін ҚКЖҚ-на тастадым.

  • Қажет болса ампуланың мойнын егеушемен егеледім.

  • Құрғақ мақта шаригін алып, ампуланың егеленген жерін сүртіп, өзіңізге қарсы бағытқа қарай бағыттап, ампула мойнын сындырдым. Ампула сынығын мақта шаригімен бірге ҚКЖҚ-на тастадым.

  • Сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарымен ампуланың ашылған жағын алақанға қаратып ұстадым.

  • Оң қолға цилиндрдегі белгілері көрінетіндей етіп шприцті алыдым. 2-ші саусақ канюлядан, 1-ші, 3-ші, 4-ші саусақтар цилиндрді, 5-ші саусақпен поршеньді ұстадым.

  • Инені абайлап ампуланың шеттеріне тигізбей 0,5см ұзындығын ампулаға енгізідім, ине ерітіндіде болуы тиіс. Сол қолдың 4-ші саусағымен канюлядан, 1-ші және 5-ші саусақтармен цилиндрден ұстадым. Оң қолмен поршеньді төмен өзіңізге қарай тартып, дәрінің керекті мөлшерін сорып алыдым.

  • Ерітіндіні асықпай жайлап сора отырып, ампуладағы ерітіндінің азаюына қарай ампуланы жоғары көтердім.

  • Дәрі сорып алынған инені шешіп, қаптамадағы инъекция жасалатын стерильді инені кигізідім.

  • Шприцті сол қолмен инесін жоғары қаратып, көздің деңгейінде тік ұстадым. 2-ші саусақ канюлядан, 1-ші, 3-ші, 4-ші саусақтар цилиндрді, 5-ші саусақ поршеньді ұстадым

  • Оң қолдың 2-ші, 3-ші саусақтарымен цилиндрді ұстап, үлкен саусақпен поршеньді итере басып шприц ішіндегі ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні шығардым

  • Дәрімен дайындалған шприцті, терілік антисептикпен дымқылданған стерильді мақта шариктерін (3дана) шприц қаптамасының ішіне салдым.

  • Қолғаптарды шешіп ҚКЖҚ-на салыңдым

  • Қолымды жуып, құрғаттым.

Сағат 10:00ден 10:50 ге дейін №3 палатадағы пациентке күтім көрсетімен өтті.Сағат11:20 да № 1 палатада медбике нұсқауымен шкафтағы дәрі лерді санап,арнайы қағазға жаздым.Кейін палатаға ауысып кеткен пациенттердің койкасына,апараттарға текущяя уборка жасадым.Тәжірибе уақыты біткеннен кейін ескертіп үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Трахеостомиялық түтікті тазарту 4рет

Инъекцияға арналған дәрілік препаратты шприцке сорып алу 2рет

Ағымдағы тазалау жүргізу 1рет

Дәрілік препараттарды санау 3рет




24.12.22

Бүгін жұмыс орнына сағат 8:05 те келіп,аға медбикеге белгілендім және өз жұмысымды 8:25-те №2 палатадан бастадым.Онда мен пациентке система резеңкесі арқылы дәрілік ерітіндіні жібедім.Кейін науқастардың жалпы жағдайын журналға жаздым.Кейін басқа палатаға ауысқан пациенттер койкаларын және апараттарды сүртіп шықтым.

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Таза халат, шашты қалпақ астына,резеңке қолғап пен тәпішке кидім.

  • Бөлменің барлық беттерін беттерді өңдеуге арналған ыдыстың жуғыш ерітіндісіне малынған таза шүберекпен сүрттім.

  • Жұмыс ерітіндісін дезқұралды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген уақыт ішінде бетінде ұстадым

  • Дезинфекциялық ерітіндіге малынған шүберекпен қабырғалардағы, есіктердегі, терезе төсеніштеріндегі сүрттім

  • Розеткаларға, ажыратқыштарға, есік тұтқаларына және оларға жақын жерлерге ерекше назар аударып.

  • Лас шүберекті таза шүберекпен ауыстырдым. Еденге арналған арнайы шүберекті "еденге арналған" таңбасы бар ыдыстан жуғыш-дезинфекциялаушы құраммен сулап

  • Еденді жудым.

  • Роспотребнадзордың талаптары бойынша дайын тазалау алгоритмдерін "бас медбике"журналынан жүктеп алдым.

  • Тазалау аяқталғаннан кейін пайдаланылған шүберектер дезинфекциялық ерітіндіге малынған шүберекті шайып, кептірдім.

Сағат 10:10 да №3 палтада жұмысымды жалғастырдым.Онда пациентке күтім жасауға медбикеге көмектестім.Кейін пациент назначениесін қарап,сол бойынша дәрілік инъекция жасадым (Тиамина гидр.(В1)(1мл раствор,5% капельно)+натрий хлорид 0.9 200мл капельно).Қалған уақытым №3 палатадағы медбикеге көмектесумен өтті.Тәжірибе уақыты біткеннен кейін ескертіп,үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Трахеостомиялық түтікті тазарту 4рет

Көктамыр ішіне арналған дәрілік инъекция 1рет

Ағымдағы тазалау жүргізу 1 рет




26.12.22

Бүгін мен тәжірибе орнына сағат 8:15те келіп,аға медбикеге белгілендім.Кейін өз жұмысымды №1 палатада ағымдағы тазалаудан бастадым.Одан соң №1 палатадағы пациентті басқа палатаға ауыстырғандықтан мен пациентті каталкаға жатқызуға көмектестім.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың төсегі палатада қалай орналасқанын анықтадым.

2. Науқасқа алдағы манипуляцияның барысын түсіндірдім

3. Каталканы науқастың төсегіне жақын қойып; кереуеттің жанына тұрдым

4. Науқастан медицина қызметкерлеріне төсектен каталкаға ауысуға көмектесуін сұрадым

5.Науқастың жастығын төсектен каталкаға қойып, науқастың қолының орналасуын қадағаладым

6. Науқасты көрпемен жауып, ұштарын домалақ төсеніштің астына салдым.

7. Науқасты палатаға апардым.

Кейін өз жұмысымды №3 палатада жалғастырдым.Онда мен пациенттен трахеостамиялық түтіктің алынғанын көрдім және пациенттің қал жағдайын сұрадым.Сағат 10:25 те пациентті Гастроэнтерологиялық бөлімшеге ауыстырғаннан кейін палата ішіне жалпы тазалау және қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Арнайы киім кидім(халат, қалпақ, маска, қолғап);

  • Төсек-орын жабдықтарды (матрацтар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекциялық құралдардың ерітінділерімен өңдеуге дайындадым;

  • Өңделетін беттер мен объектілерге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін койка,үстелдерді жылжыттым

  • Ерітінділерді дайындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жұмыс ерітінділерін дайындадым;

  • Медициналық қалдықтарды шығарып, ыдыстарды зарарсыздандырдым

  • Төбелерді, қабырғаларды, кереуеттерді, тумбочкаларды, үстелдерді және басқа да жиһаздарды дезинфекциялық ерітіндімен суланған дымқыл шүберекпен, бекітілген концентрацияда соңғы тазалау үшін өңдедім,;

  • Содан кейін бөлме экспозицияны ұстап тұру уақытына жаптым;

  • Экспозициядан кейін палатаны желдетттім

  • Барлық беттер сумен жуылады және таза шүберекпен (қабырғалар, төбелер, жиһаз, аппаратура, жабдық) кептірдім;

  • Еденді дезинфекциялық ерітіндімен жудым;

  • Содан кейін палата көлемі бойынша кварцтау (тізбеге сәйкес) жүргізіп кейіннен желдеттім;

  • Тазалаудан кейін шүберектер дезинфекциялау ерітіндісінде зарарсыздандырдым, дезинфекциялау құралының иісі жоғалып кеткенше ағын су астында жуып және кептірдім

  • Арнайы киімді кір жуатын орынға тапсырып

  • Қорытынды дезинфекция және кварцтау жүргізу туралы медбике жалпы жинау және кварцтау журналына жаздым.

Кейін мейірбикеге дәрілерді санастыруға көмектестім.Тәжірибе уақыты аяқталғаннан кейін,ескертіп үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Ағымдағы тазалау жүргізу 2 рет

Қорытынды тазалау жүргізу 1рет

Науқасты төсектен каталкаға ауыстыру 1рет





27.12.22

Бүгінгі тәжірибеге сағат 7:55 келіп,аға медбикеге белгілендім.Жұмысымды №1 палатада ағымдағы тазалау жүргізуден бастадым.Тазалау барысында жұмыс үстелдерін,дәрілер тұратын шкаф ж/е койкаларды сүрттім.Бүгін бөлімшеде пациенттер болмағандықтан,мен медбикелерге хирургиялық мақта шариктерін және дәкеден салфетка жасауға көмектестім.

Іс-әрекет алгоритмі:Мақта шариктер

Шарларға арналған дәкені кестім: 6х7 см — кішкентай шариктер үшін, 11х12 см — орта үшін, 17х17 см — үлкендер үшін;

- дайындалған дәке бөлігін екі жағынан ортасына қарай бүктедім

- алынған үшбұрышқа бос ұштарын салып

- дәке шарларын дайындалған дәке қапшығына 50 дана бүктедім

Дайын шариктердің дәке жіптерінің жоқтығына көз жеткіздім.

Іс-әрекет алгоритмі:Салфеткалар

— майлықтарға арналған дәкені кестім: 20х25 см — кішкентайлар үшін, 30х40 см-орта үшін, 60х40 см — үлкендер үшін

- дәкені екі жағынан ортасына қарай бүктедім (майлықтың ортасында ұштары жанасады)

— ұзындығы бойынша бүктелген майлықтың бүктедім (майлықтың ортасында ұштары жанасады)

- майлықты ортасында, майлықтың ұштары жанасатын жерде бүктім

- майлықтарды 1 дана етіп бүктеп, дәке жолақтарымен байладым

Дайындалған майлықтарда дәке жіптерінің жоқтығына көз жеткіздім.

Жұмыс уақыты біткеннен кейін ескертіп үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Ағымдағы тазалау жүргізу 2 рет

Хирургиялық мақта шариктер дайындау 25рет

Дәкеден салфеткалар жасау 25рет




28.12.22

Бүгінгі тәжірибемді сағат 8:05-те №1 палатадан бастадым.Ондаең алдымен жұмыс үстеліне ағымдағы тазалау жүргіздім.Кейін науқастардың жалпы жағдайын бақылап журналға белгілеп жаздым.Содан соң мейірбике нұсқауымен пациенттен катеторды алдым.Кейін басқа палатаға аусқан науқастардың койкаларына ағымдағы тазалау жүргіздім және таза төсек орын жайып шықтым.Жұмысымды әрі қарай №3палатадан жалғастырдым.Онда Гастоэнтерология бөлімінен пациенттің ауысқанын көрдім және пациент диагнозының ОПН екенін білдім.Кейін пациентке медбикенің базофикс орнатқанын бақыладым және пациентке арналған дәрілік инъекцияны медбике нұсқауымен дайындадым.

Әрекет ету алгоритмі:

  • Дәріні алып, дәрігердің тағайындауымен сәйкестігін тексердім.

  • Дәрінің концентрациясын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін, түрін тексердім.

  • Қолыңызға гигиеналық деңгейде деконтаминация жүргізіп, терілік антисептипен өңдеп, қолғап киідім.

  • Шприцтің қаптамасын рукояткасына дейін ашып, құрастырдым (стандарт бойынша).

  • Ампуладағы дәріні алып, жоғарғы жіңішке бөлігін сәл шертіп, ерітіндісін төменгі жағына ағыздым.

  • Ампуланың мойнын жоғарыдан төмен қарай терілік антисептикпен дымқылданған мақта шаригімен өңдеп, мақта шаригін ҚКЖҚ-на тастадым.

  • Қажет болса ампуланың мойнын егеушемен егеледім.

  • Құрғақ мақта шаригін алып, ампуланың егеленген жерін сүртіп, өзіңізге қарсы бағытқа қарай бағыттап, ампула мойнын сындырдым. Ампула сынығын мақта шаригімен бірге ҚКЖҚ-на тастадым.

  • Сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарымен ампуланың ашылған жағын алақанға қаратып ұстадым.

  • Оң қолға цилиндрдегі белгілері көрінетіндей етіп шприцті алыдым. 2-ші саусақ канюлядан, 1-ші, 3-ші, 4-ші саусақтар цилиндрді, 5-ші саусақпен поршеньді ұстадым.

  • Инені абайлап ампуланың шеттеріне тигізбей 0,5см ұзындығын ампулаға енгізідім, ине ерітіндіде болуы тиіс. Сол қолдың 4-ші саусағымен канюлядан, 1-ші және 5-ші саусақтармен цилиндрден ұстадым. Оң қолмен поршеньді төмен өзіңізге қарай тартып, дәрінің керекті мөлшерін сорып алыдым.

  • Ерітіндіні асықпай жайлап сора отырып, ампуладағы ерітіндінің азаюына қарай ампуланы жоғары көтердім.

  • Дәрі сорып алынған инені шешіп, қаптамадағы инъекция жасалатын стерильді инені кигізідім.

  • Шприцті сол қолмен инесін жоғары қаратып, көздің деңгейінде тік ұстадым. 2-ші саусақ канюлядан, 1-ші, 3-ші, 4-ші саусақтар цилиндрді, 5-ші саусақ поршеньді ұстадым

  • Оң қолдың 2-ші, 3-ші саусақтарымен цилиндрді ұстап, үлкен саусақпен поршеньді итере басып шприц ішіндегі ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні шығардым

  • Дәрімен дайындалған шприцті, терілік антисептикпен дымқылданған стерильді мақта шариктерін (3дана) шприц қаптамасының ішіне салдым.

  • Қолғаптарды шешіп ҚКЖҚ-на салыңдым

  • Қолымды жуып, құрғаттым.

Кейін науқасқа катетеризация жүргізілді.Сағат 11:35 те №1 палатаға операциядан кейін пациент алып келді.Мен медбике нұсқауымен пациенттің жалпы жағдайын бақылап тұрдым.Тәжірибе уақыты аяқталғаннан кейін ескертіп үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Ағымдағы тазалау жүргізу 3 рет

Катетор алу 1рет

Таза төсек орын жаю 4рет

Инъекцияға арналған дәрілік препаратты шприцке сорып алу 2рет

Пациенттің жалпы жағдайын бақылау 1рет




29.12.22

Бүгін сағат 8:10да тәжірибе орнына келіп,аға мейіргерге белгілендім.Өз жұмысымды сағат 8:35-те №1 палатаға ағымдағы тазалау жүргізуден бастадым.Кейін пост мейірбикесіне журналдарды толтыруға көмектестім.Онда

  • Орында ауысымның берілуіне есепке алушы журнал

  • Бактерицидті сәуделендіргінтердің жұмысын есепке алу журналы

  • Аумақты жинаулардың тіркеу журналы

  • Егу,таңу бөлмелелерінің және посттағымейірбикелердің қосалқы шағындарға қосалқа шығындарға талаптарын тіркеу журналы

  • Ем-шара кабинетіне, байлап тану және пост медбикесінің жөнелтпе құжаттар талап қағаздарын тіркеу журналы

  • Науқастардың қозғалыс журналы

  • Медециналық қалдықтарды өткізу және есебін жүргізу журналы болды.

Кейін жаңадан түскен пациенттердің,яғни физикалық және психикалық тыныштық жағдайын қадағаладым.Өз жұмысымды №3 палатада жалғастырдым.Онда медбике нұсқауымен пациентке арналған дәрілерді шприцке сорып қойдым.Кейін әр 20 минут сайын пациенттің басындағы шүберекті сулап отырдым және пациенттің жалпы жағдайын бақылап журналға сағат сайын жазып отырдым.Кейін медбикеге нұсқауымен хирургиялық мақта шариктер жасадым.Жұмысым аяқталғаннан кейін,ескертіп үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Ағымдағы тазалау жүргізу 2рет

Инъекцияға арналған дәрілік препаратты шприцке сорып алу 1рет

Пациенттің жалпы жағдайын бақылау 1рет

Хирургиялық мақта шариктер жасау 30рет

Журнал толтыру 2рет




30.12.22

Тәжірибе орнына сағат 8:00де келіп,беогілендім.Жұмысымды №1 палатадан ағымдағы тазалаудан бастадым және пациенттер койкасына таза постель жайып қойдым.Сағат 10:00де жұмысымды №3 палатадан жалғастырдым.Онда мен пациенттердің жалпы жақдайын және дене қызуын журналға жазып қойдым.Кейін пациентке таңу жүргізуге көмектестім.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Таңғышты алыңыз, зақымдалған жағынан пациентке қарап тұрдм

2. Төменгі үштен бір аймаққа 2-3 тур төменгі аяқтар тобық буынының үстіне салдым

3. Таңғышты иілу беті арқылы өткіздім

4. Аяқтың айналасына 2 тур қойдым

5. Таңғышты иілу беті арқылы өткізіп

алдыңғы турдың 2/3 бөлігін жаптым

6. Таңғышты иілу беті арқылы өткізіп

Аяқта, аяқтың айналасында жүріңіз, 2/3 жаптым

7. Таңғышты иілу беті арқылы буындар төменгі аяққа шығардым

8. Таңғышты айналмалы турлармен білек буынына бекіттім.

Таңу аяқталғаннан кейін медбике нұсқауымен инъекцияға арналған дәрілік препаратты шприцке сорып алдым (Эзом VI). Кейін медбикеге дәрілерді шкафтарға салуға көмектестім.Сағат 11:35 те пациенттің жалпы жағдайын бақылап тұрдым және наркоздан кейін ұйқтап кетпеуін қадағаладым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Ағымдағы тазалау жүргізу 1 рет

Таза төсек орын жаю 1рет

Температура өлшеу 3рет

Пациенттің жалпы жағдайын бақылау 1рет

Пациент аяғын таңу 1рет

Инъекцияға арналған дәрілік препаратты шприцке сорып алу 1рет





31.12.22

Бүгінгі тәжірибемді сағат 8:10да №3 паладан бастадым.Ең алдымен аға мейіргерге белгілендім.Кейін мейірбикеге науқасқа күтім көрсетуге көмектестім. Кейін басқа палатаға аусқан науқастардың койкаларына ағымдағы тазалау жүргіздім және таза төсек орын жайып шықтым. Кейін науқастардың жалпы жағдайын бақылап журналға белгілеп жаздым және пациенттен медбике нұсқауымен катетор алдым және мейірбике науқастың жалпы жағдайын бақылап тұруды айтты.Система біткеннен кейін оны токтатып қойдым және кейінірек мейірбикеге дәкеден салфетка жасауға көмектестім.Тәжірибе уақыты біткеннен кейін ескертіп,үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Ағымдағы тазалау жүргізу 2рет

Таза төсек орын жаю 2рет

Науқас жалпы жағдайын бақылау 1рет

Дәкеден салфетка жасау 20рет




04.01.23

Бүгін мен тәжірибе орнына келіп,аға медбикеге белгілендім.Кейін өз жұмысымды №1 палатада ағымдағы тазалаудан бастадым.Одан соң №1 палатадағы пациентті басқа палатаға ауыстырғандықтан мен пациентті каталкаға жатқызуға көмектестім.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың төсегі палатада қалай орналасқанын анықтадым.

2. Науқасқа алдағы манипуляцияның барысын түсіндірдім

3. Каталканы науқастың төсегіне жақын қойып; кереуеттің жанына тұрдым

4. Науқастан медицина қызметкерлеріне төсектен каталкаға ауысуға көмектесуін сұрадым

5.Науқастың жастығын төсектен каталкаға қойып, науқастың қолының орналасуын қадағаладым

6. Науқасты көрпемен жауып, ұштарын домалақ төсеніштің астына салдым.

7. Науқасты палатаға апардым.

Сағат 11:10 да №3 палтада жұмысымды жалғастырдым.Онда пациентке күтім жасауға медбикеге көмектестім.Кейін пациент назначениесін қарап,сол бойынша дәрілік инъекция жасадым. Онда мен пациентке система резеңкесі арқылы дәрілік ерітіндіні жібедім.Кейін науқастардың жалпы жағдайын журналға жаздым.Кейін басқа палатаға ауысқан пациенттер койкаларын және апараттарды сүртіп шықтым.Тәжірибе уақыты біткеннен кейін ескертіп үйге қайттым.

Қолды жуу 8рет.

Қолғап ауыстыру 6рет

Маска ауыстыру 4рет

Ағымдағы тазалау жүргізу 2рет

Науқасты төсектен каталкаға ауыстыру 1рет

Пациентке система резеңкесі арқылы дәрілік инъекция салу 1рет

Науқастар жалпы жағдайын журналға тіркеу 2рет






Пән бойынша әріптік-балдық-рейтингтік баға



Әріп

Сандық

эквивалент

Рейтинг

(в%)

Баға

1

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

2

А−

3,67

90-94


3

В+

3,33

85-89

«жақсы»

4

В

3,0

80-84


5

В −

2,67

75-79


6

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

7

С

2,0

65-69



ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ БАҒАЛАУ САУАЛНАМАСЫ


Практикаатауы:




Студенттіңаты-жөні:

Топ номері:

Ментор:

Тьютор:

Кіріспе ңұсқаулық: Күні мен басшының қолы:

Курстыңмақсаттары:










Студенттіңөзмақсаттары:










Студенттің күшті жақтары:

(ментордың пікірі)










Студенттің даму қажеттіліктері:

(ментордың пікірі )










Студенттің өзін-өзі бағалауы: