ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 78
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-бұлшық ет тонусы және қимыл-қозғалыс қызметтерінің қалпына келуі өте баяу өтеді.
-қандағы фосфор мөлшері қалпына келеді,бірақ кальцийдің мөлшері,оның сүйекте жиналуының артуына байланысты төмен болады,.
IV.Қалдық белгілер кезеңі
-қанның биохимиялық көрсеткіштері біртіндеп қалпына келеді
-сүйек деформациялары және ішкі ағзалардың қызметінің өзгеруі біршама ұзақ уақыт сақталады.
Мешелдің ағымы баланың жасына,жыл мерзіміне,тамақтанудың түріне жне күтім ерекшеліктеріне байланысты болады.
Ауру ағымының сипаты бойынша бөлінеді:
1.жедел ағымды
2.жедел үсті ағымды
3.қайталанатын ағымды
1.Жедел ағымды егер баланың 5-6 айына дейін мешелдің алдын алу шарасы өткізілмеген жағдайда дамиды.
2.жедел үсті-егер баланың емі тұрақты түрде өткізілмесе дамиды,мешелдің ағымы жүйке бұлшық ет және сүйек жүйелеріндегі аса айқын емес өзгерістрмен сипатталады.
3.қайталанатын ағым-жағымсыз жағдайларда өсіп жатқан балада кездеседі.Күн тәртібінің сақталмауы,тиімсіз тамақтандыру,күндізгі уақытта таза ауада серуендемеу,және басқада инфекциялармен жиі ауырса,әсіресе қыс айларында
Аурудың ауырлық дәрежесі бойынша –жеңіл,орта және ауыр дәрежелері анықталады.
Аурудың басталуы немесе оның өршуі,әдетте,күз айларының соңында,қыста немесе ерте көктемде байқалады.
Жаз айларында процесс басылады және сауығу болады.
Зертханалық диагностика:
1. Қанның биохимиялық зерттеуі: сілтілі фосфотаза белсеңділігінің артуы,кальций мен фосфор мөлшерінің төмендеуі, рН көрсеткіштерінің төмендеуі (ацидоз)
2. Сулкович сынамасының көмегімен зәрді зерттеу: кальциурияны дер кезінде анықтау үшін өткізіледі.
Сулькович сынамасын бағалау:
• Әлсіз жағымды (+) және жағымды (++) реакциялар зәрдегі кальций мөлшерінің қалыпты екендігін көрсетеді;
• Күрт жағымды (+++) немесе (++++)-зәрдің тым ақшыл түсті лайлануымен білінеді, Д витамині дозасының артуынан болатын гиперкальциурияның белгісі.
Емінің негізгі қағидалары:
Мақсаты:
1. Кальций мен фосфор балансын қалпына келтіру.
2.Остеогенез процессін қалпына келтіру.
3.Ацидозды жою
4.Имунитетті жоғарлату.
Арнайы емі:
1.Д витаминімен емдеу курсын өткізу.
Витамин Д келесі препараттар түрінде қолданылады:
• Витамин Д3-(холекальциферол)-майлы ерітінді, 1мл-200000 ХБ, 1мл-тамшысында-1000 ХБ;
• Витамин Д2--(эргокальциферол)-0,125% майлы ерітінді, 1мл-50000 ХБ, 1 тамшысында-500 ХБ;
• Видехол- холекальциферолдың-0,125% майлы ерітінді, 1мл-25000 ХБ, 1 тамшысында-500 ХБ;
Бастапқы кезеңде витамин Д2 тәуліктік дозасы-1500-2000ХБ,
емінің курсы-100000-150000ХБ.
Қарқындау кезеңі-тәуліктік дозасы-3000-4000ХБ, екіге бөліп береді, ем курсы- 200000-400000ХБ.
Д витаминімен емдеу курсын аяқтау критерийлері:
Мешелдің клиникалық көріністері белсеңділігінің,зертханалық көрсеткіштердің (кальций мен фосфор мөлшерінің, қан сары суындағы сілтілі фосфатазаның) қалпына келуі.
Емдеу курсы аяқталғаннан кейін Д витаминін ауру өшруінің алдын алу дозасында қабылдауды бастайды-тәулігіне 400ХБ.
Ескерту!
Қауіпті топтағы балаларға (щала туылған, фондық аурулары бар және жиі ауыратын) Д витаминінің дозасы жеке түрде тағайындалады. Д витамині дозасының артып кетуін болдырмау үшін мезгілімен Сулкович сынамасын өткізу қажет
2.Ультрокүлгін сәулемен емдеу курсы.
Сынап-кварц шамымен сәулелендіру Д витаминімен емдеу курсы аяқталғаннан кейін күнделікті немесе күн ара өткізіледі. ¼ - ½ биодозадан бастап біртіндеп 4 биодозаға дейін жоғарылатады, дененің жеке бөліктеріне 50-100 см фокустық қашықтықта, емдеу курсының ұзақтығы – 20-25 күн.
Алдын ала биодозадан анықтау қажет – баланың ультрокүлгін сәулеге деген жеке сезімталдығы.
Ескерту!
Д витаминін қабылдау кезінде УКС өткізуге болмайды.
3.Витаминдік ем: В тобының, С витаминдері - жасына сәйкес дозада.
4.Кальций препараттары: кальций глюконат – 0,25-0,5 күніне 2 рет.
5. Цитрат қоспасы: тәулігіне 1 шай қасықтан 3-4 рет, 1-1,5 ай көлемінде (табиғи тамақтанудағы балаларға).
6.Бұлшық ет гипотониясы анық болғанда: дибозол, прозерин.
7.Емдік дене шынықтыру, массаж және емдік ванналар.
Алдын алу:
Арнайы емес босануға дейін (антенатальды) алдын алу:
• Жүкті әйелдің күн тәртібін сақтау, таза ауада күндіз жеткілікті серуендеу.
•Витаминдерге бай тиімді тамақтану.
•Мерзімінен ерте босанудың алдын алу.
•Поливитаминдерді күнделікті қабылдау.
•Қыс және көктем айыларында УКС курсын қабылдау.
Арнайы емес босанудан кейін (постнатальді) алдын алу:
• Төспен емізетін ананың күнделікті поливитаминдер қабылдаумен тиімді тамақтануы.
•Баланың күн тәртібін және күтім ережелерін сақтау.
• Күнделікті күндізгі таза ауада серуендеуді ұйымдастыру, жаз айларында – ағаш көлеңкелерінің астында.
•Табиғи тамақтануды мүмкіншілігінше ұзақ сақтау.
•Аралас және жасанды тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.
• Баланың тамақтану рационына қоректік тағамдарды және қоысшаларды дер кезінде, тамақтанудың барлық түлерінде енгізу.
• Балаға шынықтыру шараларын, массаж, гимнастиканы мерзімінде өткізу.
Арнайы антенатальді алдын алу:
• Дені сау әйелдерге арнайы алдын – алу мақсатында жүктіліктің 28-32 аптасынан Д витамині тәулігіне 500 ХБ мөлшерінде,эргокальцийферолдың (витамин Д2) капсуладағы майлы ерітіндісі немесе драже түрінде, 6-8 апта көлемінде (жылдың жаз айларынан басқа айларда) жүргізіледі.
• 25 жасқа дейінгі топ жүкті әйелдеріне (бүйрек, бауыр аурулары, эндокринді жүйесінің дисфункциясы, плацентарлық қан айналының бұзылуы және т.б.) жүктіліктің 28-32 аптасынан бастап Д витамині 1000-1500 ХБ мөлшерінде 8 апта көлемінде жылдың барлық айларында тағайындалады.
• Қысқы және көктем айларында Д витаминінің орынына 15-20 сеанс ультрокулгін сәулесін алуға болады.
Арнайы постнатальді алдын алу:
• Барлық мерзіміне жетіліп туған табиғи тамақтанудағы балаларға 3-4 апталық өмірінен бастап (шала туылған балаларда – өмірінің 2 аптасынан бастап) эргокальцийферолдың майлы ерітіндісін 400-500 ХБ тәуліктік дозада тағайындалады, өмірінің алғашқы жылында күз-қыс және көктем айларында.
• Жасанды тамақтандырудағы балаларға – алдын алу дозасы бейімделген сүт қоспаларының құрамындағы Д витаминінің дозасын ескере отырып тағайыдалады (тәуліктік дозасы 500 ХБ дейін).
• Арнайы алдын алу үшін басқа тәсіл қолдануға болады: УКС курсы күз-қыс айларында 10-15 сеанс, ал курстар арасында – Д витаминінің майлы ерітіндісі.
Маусым айынан қыркүйекке дейін инсоляцияның жеткілікті болуына байланысты Д витаминімен арнайы алдын алу шарасы өткізілмейді.
Болжамы: мешелдің жедел ағымы кезіндегі әдетте, балалар емге тез бағынады. Рецидивті ағым кезінде сүйек тіндерінің әр түрлі деформациясы түрінде қалдық белгілерінің қалуы мүмкін.
Спазмофилия
(гипокальцемиялық синдром, бала тетаниясы)
Спазмофилия- ерте жастағы балалардың ауруы, аурудың негізінде ағзаның тоникалық және тонико-клоникалық құрысуларға жоғары бейімділігін туғызатын гипокальцемия жатады.
Гипокальцемиялық синдром көбіне 3 ай мен 2 жас аралығындағы балаларда кездеседі.
Қазіргі кезде, мешелдің алдын алу шараларын тиімді өткізу себебінен, ауру өте сирек кездеседі.
Спазмофилияның негізгі клиникалық белгілері:
Тетанияның жасырын түрі келесі симптомдармен сипатталады:
1.Хвостек симптомы- бір жақтағы жақ доғасы мен ауыз бұрышының ортасын жайлап саусақпен тітіркендіргенде сәйкес жақтың мимикалық бұлшық еттерінің жиырылуы болады.
2.Люст симптомы-шыбық жілік сүйегінің басынан төменірек ұрғанда табанның жылдам сыртқа қарай қайырылуы болады.
3.Труссо симптомы-иықтың орта бөлігіндегі жүйке-тамыр шоғырын қысқаннан кейін 3-5 минуттан кейін алақан «акушер қолы» тәріздес құрысады.
4.Маслов симптомы- ауырсыну тітіркендіргішінен кейін (ине салу) тыныс алудың қысқа мерзімге тоқталуы байқалады.
Бала тетаниясының айқын түрі жасырын ағымды басталады, бірақ өздігінен де басталуы мүмкін.
Тетанияның айқын түріларингоспазм, карпопедальді спазм немесе эклампсия түрінде болады.
1.Ларингоспазм-дыбыс саңылауының жеңіл тарылуы немесе оның қысқа мерзімді толық жабылуы түрінде болады, ол кезде балада цианоз дамиды, балада қорқыныш пайда болады, мазасыз, жабысқақ тері шығады, дыбыс саңылауының тарылуының соңынан «әтеш айқайы» тәріздес шулы тыныс алу басталады. Ұстама бірнеше секундтан 1-2 минутқа дейін созылады, күні бойы қайталануы мүмкін.
2.Карпопельді спазм- бұл табан және алақан бұлшық еттерінің тоникалық жиырылуы; алақан максимальді түрде жиырылған, үлкен саусақ алақанға қарай жабысады, қалған саусақтары тік бұрыш ретінде жиырылған, ал фаланга аралық буындарда, жазылған («акушер қолы»), табандары өкшенің күрт жиырылуы жағдайында болады. (« түйе табаны»).
3 .Эклампсия-айқын спазмофилияның еі ауыр түрі, тоникоклоникалық құрысулардың жалпы ұстамасы болып саналады.Ұстама баланың күрт қозғалыссыз қалуынан басталады тежелу мимикалық бұлшық еттердің жыбырлауы құрысулар тыныс алу бұлшық еттерін қамти отырып бұлшық еттердің басқа топтарына жайылады: тыныс алуы үзіліспен, ықылық тәріздес, цианоз дамиды, есінің жоғалуы болады, еркінен тыс дефекация және зәр жіберу байқалады.
Ұстамадан кейін бала әдетте ұйықтап кетеді. Ұстаманың ұзақтығы-20-30 секундтан аспайды.
6 айға дейінгі балаларда, әдетте, ауыр ларингоспазм және эклампсия түрінде білінеді, ал бір жастан бастап және одан жоғары жастарда-карпопедальді спазм түрінде.
Емнің негізгі қағидалары:
Спазмофилияның айқын түрі шұғыл көмекті қажет етеді:
1.Айналасында тыныштық жағдай жасау.
2. Баланы қысып тұрған киімдерінен босату.
3.Жеткілікті таза ауа жіберу.
4.Тактильді стимуляция әдістерін қолдану (бас миында доминантты ошақтың пайда болуы үшін):
-
бетін жәнежамбасын шапалақтау; -
бетіне салқын су шашу; -
тілдің түбін шпательмен басып тітіркендіру; -
мүсәтір спиртіне малынған мақтаны мұрын маңына әкелу немесе самай маңын сүрту.
5.Құрысуға қарсы препаратттар енгізу (седуксен, ГОМК, магний, сульфат, Кальций глюконат), жасына сәйкес дозада.
6.Ем тиімсіз болса: өкпені жасанды желдету,100% оттегімен ингаляция жасау.
7.Ұстама аяқталғаннан кейін кальций препараттарымен ем курсын өткізу -5% кальций хлор немесе кальций глюконат және 5% хлорлы аммоний.
8.Құрысудан 3-4 күн өткеннен кейін Д витаминімен емдеу курсын бастау.
9.Тамақ құрамынан сиыр сүтінен шектеу қажет, балалы ана сүтімен немесе бейімделген сүт-қышқыл қоспалармен тамақтандыруға көшіру қажет.
Болжамы:көп жағдайларда-жағымды.Тыныс алудың тоқтауына әкелетін эклампсия немесе ларингоспазм қауіпті ұстама болып саналады.
Эксудативті- катаральді диатез.
Эксудативті- катаральді диатез-ағзаның ерекше бір жағдайы, бұл кезеңде тері және щырышты қабаттарының жғарғы сезімталдығы, аллергиялық реакцияларға бейімділігі және қабыну процессі ағымының созылмалы болуы байқалады.
Эксудативті- катаральді диатез алғашқы 2 жас аралығындағы балалардың арасында 50-60% жағдайда кездеседі.
Эксудативті- катаральді диатездің дамуына ықпал ететін қауіпті факторлар:
-
Аллергиялық ауруларға, асқазан-ішек жолдарының бұзылуларына, аурудың ағымының созылмалы блуына отбасылық-тұқымқуалаушылық бейімділік. -
Анасының жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауы ( құрамында облигатты аллергендер бар тағамдарды шамадан тыс көп қолдану). -
Баланы жасанды тамақтандыру түріне ерте көшіру. -
Арнайы емес факторлардың әсері: қызып кету, күн сәулесінің әсері, суықтыққы ұшырау және т.б. -
Дәрілік затттарды қолдану аспирин, антибиотиктер, сульфаналамидтер, сонымен қатар гамма-глобулин, вакциналар және сары сулар.
Эксудативті- катаральді диатездің негізгі клиникалық белгілері:
Диатездің алдын ала хабаршылары (көбіне бала өмірінің алғашқы апталарында байқалады):
-
Бастың шашты бөліктерінде және қабақ үсті доғаларда болатын майлы себориялы қабыршықтар (гнейс) -
Беттің тері қабаттарының қызаруы, инфильтрациясы түлеуі (қабыршықтар) -
Ауыз қуысының шырышты қабаттарының қайталанатын уылуы (молочница) “географиялық” тіл -
Құлақ қалқандары артының сулануы және жарылуы -
Табиғи қыртыстардың, әсіресе шап және жамбас маңының тұрақты базданулары.
Диатездің алғашқы белгілері (әдетте өмірінің 2-3 айыннан басталады):
-
Баланың жалпы жағдайы бұзылған, ұйқысы мазасыз, көңіл-күйі тұрақсы, ашуланшақ, жиі мазасыздану. -
Бет ұщтарында эритемалы-папулезді сулы таңбалар пайда болады, біртіндеп беттің барлық бөлігіне, білекке және аяқ-қолдардың сырт жағына жайылады, бөртпе элементтері серозды бөлініске толы везикула (строфулюс) түрінде де болуы мүмкін, олар тез жарылады және эрозия пайда болады -
Одан әрі зақымданған тері беттеріне инфекция түседі де сулы экземаның пайда болуына себепші болады. -
Қатты қышыну мазалайды.