Файл: 20222023 оу жылында А. Садуаасты сынып жетекші ретінде атаран жмысы туралы саралау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.10.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2022-2023 оқу жылында А.Садуақастың сынып жетекші ретінде

атқарған жұмысы туралы саралау.
Тоқсан соңында 6 «Г» сыныбында – 26 оқушы болды, оның ұлы- 15, қызы- 11. Кеткені, келгені – жоқ.

ІV тоқсан бойынша сапасы – 61,5 %, жыл бойынша сыныптың сапасы 57,9% , үлгерімі 100 %. Үздік оқушылар саны – 1, екпінді оқшылар саны-15.

Көп балалы жанұя Амантаева Алуа,Қабыл Арсен,Жұмабек Сезім,Манарбекұлы Нұрасыл,Мырзағали Исламбек,Оралбай Мадина,Пулат Аслан,Саятұлы Саян,Таңжарбай Арман,Шаймерденов Мейірлан,Тоқан Бибарыс,Ибраймова Құралай.Өгей шешесімен тұратын-Омарғазы Жарқын. Осы аталған оқушылардың ішінен мектеп тарапынан берілетін тегін ыстық тамақ берілетін оқушылар бар.

Сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары жылдың басында жасалып, бекітілді.

1.2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысын жоспарлау.

2.Сынып кезекшілік кестесін жасап, міндеттерін белгілеу, қадағалау.

3.Оқушылардың күнделіктері мен оқулықтарын тексеру.

Оқу жылы бойынша тәрбие сағаттары жоспар бойынша өткізіліп отырылды.

07.03 8-наурыз халықаралық қыздар мейрамына байланысты онлайн тәрбие сағаты өткізілді. Аталған тәрбие сағаты, оқушыларға халықаралық әйелдер мерекесінің ерекшеліктерімен қоса, аналарымызды қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.

10.05 “Ұлы жеңістің ұрпағымыз” атты мектепішілік тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік бере отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тағамын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету. Бірлік, Жеңіс күніне арналған іс-шараларда мекепішілік жоспарға сәйкес өткізілді. Өткізілген әрбір тәрбие сағаттары арқылы әр оқушы адамгершілікке, елжандылыққа, тәрбие алды деп ойлаймын.

Сыныптағы оқушыларға бөлінген міндеттері бойынша әр апта сайын есептері тыңдалып, сараланып отырады. «Қоғамның жат әдеттерінен ұрпақты қорғайық» атты сынып сағаты жоспар бойынша өткізілді.

12.04 «Туған жерім-тұнған шежіре» атты саяхат сабағы өтті.Сабақтың мақсаты: Мақсаты:оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

«Отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі» атты ата-аналар жиналысында ата-аналармен пікірталас алаңы жүргізілді.

31.05. «Тарихты білу-парызың» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың білу дағдыларын  қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлап, әр түрлі тапсырмаларды орындай білулеріне бағыт беру. Отанға, елге,туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.

«Жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі атты ата-аналар жиналысы өткізіліп, хаттамалары жазылды. Әр ата-анаға жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына ата-ана жауапты екені ескертілді. Демалыс кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану жоспарланды.


Қорытынды:

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмысы жоспарланып, жүргізілуі, үлгерімі төмен, дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын құру. Жазғы мектепке оқушыларды тарту, олқылықпен жұмыс, ата-анасымен байланысты болу.

Сынып жетекшісі А.Садуақас