Файл: Жоары инженерлік технологиялы колледж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

“Жоғары инженерлік – технологиялық колледж” МЕББМ

Технологиялық бөлім

1513000 – Ветеринария мамандығы бойынша 08.05.2023 ж-09.06.2023 ж

Аралығында өткен Диплом алды практикасының

ЕСЕБІ

Орындаған:ВТ-941 топ студенті

Жантлешов Т.М

Практика жетекшісі:арнайы пәндер оқытушысы,ветеринария

Ғылымдарының кандидаты Алимбеков А.С

Орал 2023

Мазмұны
І Кіріспе…………………………………………………………………………3

ІІ Негізгі бөлім…………………………………………………………………4

2.1Қан жүйесінің потологиясы………………..………….…………………..4

2.2 Жүрек жұмысының әлсіреуінен болатын жүректегі қан айналысының жетімсіздігі..…………………..………………….……………………………8

2.3 Қан тамырларының аурулары…………………………………….……..14

V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………15

Кіріспе

Мен, Жантлешов Төребек Мельсович Шыңғырлау ауданы вет стансиясында іс-тәжірибеден өттім.

Қан – организм тіршілігіне қажетті маңызды функция атқарады. Қанның негізгі функциялары мыналар: қоректендіру, тыныс алдыру, бөлу, қорғану, жылу реттеу және коррелятивтік (мүше функцияларының өзара байланыстылығы).

Патологиялық жағдайда қан құрамы, оның морфологиясы, биохимиялық және физико-химиялық қасиеттері бұзылатындығы байқалады. Мұның өзі қан функциясын бұзып, бүкіл организм қызметіне әсер етеді.

Ауыл шаруашылық малдарында қалыпты жағдайда қанның жалпы массасы дене массасының 5-9 % құрайды. Соның ішінде 55-60 % сұйық бөлігіне (плазма), 40-45% формалы элементтерге (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) жатады. Плазманың жалпы көлеміне формалық элементтердің проценттік мөлшерінің қатынасын гематокрит көрсеткіші деп атайды. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда 35-48 % аралығында ауытқиды. Бұл қатынасты нормоволемия деп атайды.

әр түрлі патология жағдайында айналыстағы қан мөлшері және эритроциттер мен плазма арасындағы қатынас түрліше өзгереді. Мұндайда жалпы қан көлемі мынадай формада өзгеретіндігі байқалады: гиперволемия және гиповолемия.

Жалпы қан мөлшерінің көбеюін гиперволемия деп атайды. Гиперволемияның үш түрі бар:

Қарапайым гиперволемия – формалық элементтер мен плазманың біркелкі көбеюі. Бұл денеге көп мөлшерде қан құйғанда, қарқынды дене жұмысы кезінде тамыр арнасына қан мен ұлпа сұйығы көптеп келгенде уақытша байқалатын сирек құбылыс.

Олигоцитемиялық гиперволемия – жалпы қан мөлшерінің ондағы сұйық есебінен көбеюі, ал формалық элементтердің азаюы. Сол себептен гематокрит көрсеткіші кемиді.


Мұндай күй бүйректің кейбір ауруларында, ісіну қайтқанда, физиологиялық ерітінді және қан алмастыратын сұйық құйғаннан кейін, улунуда, қан құрайтын органдар ауруларында т.б. пайда болады.

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Қан жүйесінің потологиясы

Полицитемиялық гиперволемия – эритроциттер есебінен қан көлемінің көбеюі. Эритроциттердің көбеюі қан құрайтын органдарда қатерлі ісіктің зардабынан, ал биік таулы жағдайда кмпенсаторлық сипатта болуы мүмкін. Мұндайда гематокрит көрсеткіші ұлғаяды.

Жануарларға жүргізілген эксперименттерде, қанның жалпы массасының 100 % артуы елеулі патологиялық өзгеріс туғызбайтындығы анықталды. Ал қан көлемі 150 % және одан астам көбейгенде қан айналысында қатерлі өзгеріс болады.

Жалпы қан мөлшерінің кемуін гиповолемия немесе олигемия деп атайды. Гиповолемия да үш түрге бөлінеді:

Қарапайым гиповолемия – плазманың және клетка элементтерінің біркелкі кемуі. Көп қан кеткенде немесе талықсыған кезде қанның едәуір көлемі айналысқа қатыспағанда пайда болады. Мұндайда гематокрит көрсеткіші өзгермейді.

Олигоцитемиялық гиповолемия – эритроциттер мөлшерінің, яғни эритропоэздің кемуі есебінен қан көлемінің азаюы. Көп қан кетіп, азайған қан көлемі тамыр арнасына ткань сұйығының келуі арқылы толғанда байқалады. Гематокрит көрсеткіші кемиді.

Полицитемиялық гиповолемия – қанның сұйық бөлігінің кемуі есебінен оның көлемінің азаюы. Мұндайда эритроцит мөлшері бірқалыпты болады. Алайда қан қоюланғандықтан оның көлем бірлігі бойынша эритроциттер көбейеді. Гематокрит көрсеткіші 55 % және одан да астам артады. Денеде су азайғанда (іш өткенде, құсқанда), дене қатты қызғанда, тер көп бөлінгенде, тұтастай күйік шалғанда өршиді.

Эритроциттердің сандық және сапалық құрамындағы өзгерістер. Қандағы формалы элементтердің өзгеруі сандық және сапалық болып бөлінеді.

Эритропоэз (эритроциттер өнімі) және эритродиерез (эритроциттердің бүлінуі) процестері организмде тепе-теңдік күйінде болады. Осы процестердің өзара қатынасының бұзылуы қандағы эритроциттерді көбейтуі (эритроцитоз, полицитемия) немесе кемітуі (анемия, олигоцитемия) мүмкін.

Эритроцитоз (полицитемия) деп, эритроциттер санының көбеюі арқылы қанның өзгеруін айтады.Эритроцитоздар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.

Абсолюттік эритроцитозда эритропоэз процесі активтенгенде эритроциттер саны көбейеді. Мұның өзі әр түрлі формадағы гипоксиядан болуы мүмкін (өкпе ауруы, жоғары гипоксия). Гипоксия жағдайында қандағы эритроциттер – эритропоэтиндердің гуморалдық қуаттандырғыштары ұлғаяды. Организмдегі эритропоэтиндердің басты көзі – бүйрек.



Салыстырмалы эритроцитоздар организмде су азайғанда пайда болады. Мұндайда плазма көлемі азайып, салыстырмалы эритроциттер көбейеді.

Эритремия (Вакез ауруы) – эритроциттердің де, гемоглобиннің де көп мөлшерде болуы. Эритремияда негізінен қан құрау жүйелері ауруға шалдығады. Эритремия кезінде қан тамырларында қоюланған қанның жалпы массасының артуы артерия қысымын жоғарылатады, жүрек жұмысы қиындайды, капиллярлар кеңейеді, оларда қан ағысы баяулайды, соның салдарынан тромбалар пайда ьолуы мүмкін. Тамырлар үнемі қанталағандықтан тері қызғылттанады.

Анемиялар

Анемия деп қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын мөлшнрі азаюын айтады. Кейде эритроциттердің саны азаймауы мүмкін (теміртапшылықты анемия,талассемия).

Анемияның себептері: әртүрлі дерттер мен уланулар, қан өндірілуге қажетті заттардың жеткіліксіздігі, сүйек кемігінің гипоплазиясы, эритроциттердің гемолизі, қанкетулер анемия дамуына әкелуі мүмкін.

Анемия кезінде қанның тыныстық қызметінің бұзылуы нәтижесінде оттегінің жеткіліксіздігі дамиды, алқыну, жүрек қағы байқалады. Анемия үдеуінен ауыр гипоксия дамуы өлімнің себебі болады.

Анемияны жіктеу негіздері. Түстік көрсеткіші бойынша анемияла гипохромдық (түстік көрсеткіші 0,8-ден төмен), нормохромдық (түстік көрсеткіші 0,8-1,0) гипохромдық (түстік көрсеткіші бірден жоғары) болып бөлінеді. Эритроциттердің орташа диаметрі бойынша анемиялар микроциттік (7,2 мкм кішкене), нормоциттік (7,2-8,0 мкм) және макроциттік (8,1-9,5 мкм) болады. Сүйек кемігі қызметінің анемияға жауап ретінде қалпына келу қабілетіне қарай регенерациялық (сүйек кемігінің қызметі жеткілікті), гипорегенециялық ( сүйек кемінің қызметінің қалпына келуі төмендеген), гипоплпзиялық немесе аплазиялық (сүйек кемігі қызметі тым қатты азайған нмесе жоғалған) анемиялар болады.

Этиологиясы бойынша тұқым қуатын және жүре пайда болған анемиялар болған анемиялар деп бөлінеді.

Патогенезі бойынша: 1. Қансыраудан болатын немесе постгеморрагиялық анемиялар; 2. Қан ыдырауы күшеюінен болатын немесе гемолиздік анемиялар; 3. Қан өндірілуі бұзылуынан болатын немесе дизэритропоездік анемиялар болып ажыратылады.

Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар

Постгеморрагиялық анемиялар тез және созылмалы қансыраудан дамиды. Соған байланысты қауырт және созылмалы посгеморрагиялық анемиялар болып бөлінеді. Қауырт постгеморрагиялық анемия тамыр жарақатынан көп шөлшерде қансыраудан тез қансыраудан дамиды.


Созылмалы постгеморрагиялық анемия кейбір дерттердің нәтижесінде (асқазан жарасы, жатыр фибромасы, дисменоррия, геморрой ж.б) қан тамырлары бүлінуінен және тромбоциттік – тамырлық, коагуляциялық гемостаздың бұзылуынан болатын жиі қансыраулардан дамиды. Жиі қайталанатын қанкетулер кезінде темір жоғалуы гипохромдық және микроциттік теміртапшылықты анемия дамуына әкеледі. Қаныдырауы күшеюінен болатын (гемолиздік) анемиялар

Гемолиздік анемиялар кезінде эритроциттердің артық ыдырауынан гемоглобиннен пайда болатын билирубин пигменті қанда көбейеді, тіндерге ауысады, сарғыштану пайда болады.

Себептері: эритроциттердің гемолизін химиялық, физикалық, механикалық, биологиялық ықпалдар туындатуы мүмкін. 1. Химиялық ықпалдарға: мышьяк, қорғасын, мыс қосындылары, нитробензол, фенигидразин, хлорамин ж.б жатады. 2. Физикалық және механикалық ықпалдарға: жоғары және төмен температуралардың жасанды жүрек қақпақшалары мен қан тамырлардың әсерлері, ұзақ ауыр марштарда эритроциттердің механикалық бүлінуі ж.б. жатады. 3. Биологиялық ықпалдарға: жылан немесе ара улары, саңырауқұлақ уы, вирустар, кейбір жұқпалы және құрттық аурулар (безгек, сипсис, мерез, туберкулез ж.б.) кездеріндегі эритроцитердің гемолизі және олардың иммундық гемолиздері жатады.

Изоиммундық гемолиздік анемиялар организиге құйылған қанның топтық резустық ж.б. сәйкессіздіктерінде дамиды. Біріншісі (АВО) тобы бойынша сәйкес емес қан құйғанда байқалады. Екіншісі резус- оң нәрестелерде резус теріс аналардың организмінде түзілетін антирезустық антиденелер эритроциттердің гемолиздеріне әкеледі. Сөйтіп жаңа туған нәрестелердің гемолиздік аурулары дамиды.
2.2 Жүрек жұмысының әлсіреуінен болатын жүректегі қан айналысының жетімсіздігі

Жүректегі қан айналысының жетімсіздігі миокардтың жиырылуы функциясының әлсіреуінен пайда болады. Оның себептері мынадай

а) миокардтың қажуынан;

б) тікелей миокардтың зақымдануынан (инфекциялардан, энергиялық ресурстың жетіспеуінен т. б.);

в) жүрек қан айналысының бұзылуынан.

Қан тамырлары тонусының және олардың кенересіндегі физико-механикалық қасиеттің бұзылуынан болатын тамырлардағы қан айналысының жетімсіздігі. Қан айналысының жетімсіздігі жасырын (компенсацияланған форма) және айқын (декомпенсацияланған форма) болуы мүмкін.


Қан айналысы жетімсіздігінің клиникалық белгілеріне ентігу, көгеру (цианоз), жүректің тез соғуы (тахикардия) жатады. Сонымен қоса, қанның іркілуі және ісіну пайда болады. Сол жақтағы жүрек қарыншасының (желудочка) жұмысы әлсіреген кезде қан айналысының кіші шеңберінде қан іркілуі басталады. Сол жақтағы қарынша жұмысының әлсіреуі қан айналысының үлкен шеңберінде іркілуді туғызып, соның әсерінен бауыр едәуір ұлғаяды. Қан ұзақ уақыт іркілгенде бауыр клеткалары семеді (атрофия), бауырда дәнекер тканьдер көбейіп, соның салдарынан цироз (бүрісу) пайда болады.

Қанның іркілуі басқа органдарда да – бүйректе, асқазан-ішек жолдарында, мида байқалады.

Қан көбірек іркілген орында ісіну пайда болады. Оң жақтағы қарынша жұмысы әлсірегенде ісіну ең алдымен аяқтарында білінеді. Сол жақтағы қарынша жұмысы әлсірегенде өкпе ісінеді. Ісінуден кейін қуыстарға су толады.

Жүрек жетімсіздігіне зат алмасудың бұзылуы да едәуір ықпал етеді.

Дененің бір мүшесінде қан айналысының бұзылуы
Шеткі қан айналысы деп, артерялардағы (майда артерия), прекапиллярлардағы, капиллярлардағы, веналардағы және майда веналардағы қан айналысын айтады.
Жекелеген тамыр аймағындағы немесе органдардағы қан айналысының бұзылуы жалпы қан айналысының бұзылуымен тығыз байланысты.

Мәселен, гипертониялық ауру кезінде артериялық қысымның артуынан көп жағдайда дененің бір мүшесінде қан айналысы бұзылып, миға қан құйылуы немесе бүйрек шумағының қан айналысының бұзылуы мүмкін. Жүрек қызметінің әлсіреуінен жалпы қан айналысының бұзылуы бауырда және басқа органдармен тканьдерде іркілу құбылысын туғызады.

Осымен қоса дененің маңызды органдарында, әсіресе ми мен жүректе бітелудің немесе қан тамырларының ұзақ уақыт түйілуінің салдарынан жалпы қан айналысының бұзлуына елеулі нұқсан келтіреді. Тамырлардың бітелуі басқа учаскелердегі қан айналысына әсер етеді. Мәселен, өкпе тамырларының рефлекторлы бітелуінен жүрек қан тамырлары түйілуі мүмкін.

Шеткі қан айналысының бұзылуының пайда болуында микроциркуляцияның, яғни прекапиллярлар мен капиллярлар деңгейіндегі майда қан тамырларындағы қан айналысының бұзылуының ерекше ықпалы бар.

Шеткі қан айналысының бұзылуының негізгі формалары мыналар: гиперемия, жекелей анемия (ишемия), стаз, қан ағу, тромбоз, эмболия.

Гиперемия – жеке бір органда немесе ткань учаскесінде қанның әдеттегіден көп болуы. Артериалдық және веноздық гиперемия деп бөлінеді.

Артериалдық гиперемия – ұлғайған тамырлар арқылы өтетін қан мөлшерінің көбеюінен органға қанның толуының артуы.