ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 810
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогикалық психология оқу, тәрбие істepiнің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру - кeйбip оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс icтеудің жолдары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалықпсихология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы.
Медициналық психологиядәpiгep мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена деген салаларға бөлінеді.
Инженерлік психологияадам мен техниканың қарым - қатынасынан туындайтын психологиялықмәселелерді зерттейді. Ол адамныңмашинамен өзара әрекеті туралы мәселелерді оныңөзінде, негізінен өндірістік механикаландыру мен автоматтандырудын жоғары сатыға көтерілген жағдайында, басқарудың автоматтандырылған жүйесі жағдайында зерттейді.
Психология ғылымының келесі бipтопқа енуіне даму принципі басты негізалады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жас өспірім, кемел, егде жастағылар психологиясы жатады, ал арнаулы психология психикасы кеміс адамдардың түрлі жақтарын зерттейді.
Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этологиядейтін caлaлаp кіреді. Балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардын баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді.
Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Қоғамның, ұжымның жеке адамдарға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен психологияның әлеуметтік (қоғамдық) деп аталатын саласы айналысады. Психологияның сот, космос, кітапхана, сауда, өнер т.б. сияқты өмір саларына байланысты да түрлері бар.
Психология сондай-ақ жаратылыстану (биология, физилогия, неврология т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдармен де тығыз байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезеңдегі адамдардың көңіл-күй ерекшеліктерін, егемендік пен тәуелсіздіктің адам психикасына қалайша әсер етіп отырғандығы; ұлттық оқу-тәрбие процесінде болып жатқан түрлі жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеу осы ғылымның басты міндеттері болып табылады.
Психологияның зерттеу әдістері.
Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда:
Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі ж.т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектті жан-жақты, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер: бақылау мен өзіндік бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу - әдістері; шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.
Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
Реттеу - түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, ауызша сұрау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер.
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Жеңіл деңгей
1. Адам - ғылымдық зерттеу объектi болуының мәнiн түсіндіріңіз.
2. Адам психологиясын зерттеудiң ерекшелiгiн өз сөзіңізбен сипаттаңыз.
3. Психология ғылымының қалыптасуындағы алғашқы кезеңге сипаттама берiңiз.
Орта деңгей
1.Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттеріне мысал келтіріңіз.
2.Психология ғылымының даму кезеңдерін көрсетіңіз
3.Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз.
Күрделі деңгей
1. Психология ғылымының мiндеттерiн айқындаушы факторларды атаңыз.
2. Психология салалары және оларды топтастыру принциптерiн мысал арқылы көрсетіңіз.
3. Психологияның зерттеу әдістеріне мысал келтіріңіз.
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
БӨЖ тапсырмасы: Эссе «Психология менің өмірімде және кәсібімде».
ОБӨЖ тапсырмалары: Заманауи психологияның салалары
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі :
1. С.М. Жақыпов. Жалпы психология негіздері. 2012ж.
2. Н. Тоқсанбаева. Танымдық іс-әрекетке кіріспе. Оқу құралы. 2018ж.
3. Н.М. Иргебаева. Психология. - Алматы, 2015ж.
4. А.Р.Ерментаева. Жоғары мектеп психологиясы: Оқулық – Алматы, 2012ж.
5. К. М. Беркимбаев, Б.Мухамеджанов, М. А. Кусаинова, Т. Данияров. Психология (жантану). 2014 ж.
6. Д.П. Шульц., С.Э. Шульц Қазіргі психология тарихы – Алматы, 2018ж.
7. Аударм.: Д. Д. Дүйсенбеков, М. К. Жолдасова, Э. К. Калымбетова, О. Кенжебеков., Көпке ұмтылған
жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе - Алматы, 2018ж.
8. Р.Ш.Сабирова., Д.А.,Жансерікова, Психология мамандығына кіріспе – Қарағанды, 2012ж.
9. Қ.Жарықбаев Қазақ психология ғылымы. Он томдық таңдамалы шығармалар жинағы – Алматы, 2017 ж.
10.Р.Б.Үсембаева. Психология: Оқулық. – Алматы: CyberSmith, 2019.
11.А.К. Ахметова., С.М Бектұрғанова.Психология тарихы. – Алматы: «Эверо» баспасы, 2020
12.Р.Т.Алимбаева., Г.К.Сланбекова., С.М.Нургалиева. Экзистенциалды психология. - Оқу құралы.
Алматы: TechSmith, 2019.
13.И.Ә.Абеуова., Л. К.Ермекбаева. Әлеуметтік психология: Оқу құралы – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2020.
14.А.Р.Мандыкаева. Тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық аспектісі: Монография – Алматы:
CyberSmith, 2019.
15.Г.К. Айкинбаева. Жоғары мектеп психологиясы. Оқу құралы: – Алматы: Эверо баспасы, 2020ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығыметова. Балалар психологиясы., Оқулық., Алматы, 2015ж.
2. К. М. Беркінбаев, Б. Н. Ауезов, Г. П. Мейрбекова. Психология пәнінен қашықтан оқыту
технологиясы негізінде студенттерге арналған теориялық материалдар. - Тұран, Түркістан, 2012ж.
3. Қ.Б.Жарықбаев., О.С.Саңғылбаев. Психология : Энциклопедиялық сөздік. - Алматы: "Қазақ
энциклопедиясы ", 2011.
4. Г.М.Кусаинов., А.Ш. Танирбергенова., М.Г.Ишенгельдиева. Практикалық психология: әдістемелік
құрал– Алматы: Эверо, 2019.