ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1759
Скачиваний: 87
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
толғақ басталғанға дейін бақылау -
24 сағат бойы бақылау -
жоспарлы кесарь тілігін жасау -
босандыру индукциясын жасау -
+шұғыл түрде кесар тілігін жасау
question 95
Жүкті әйел 20 жаста, жүктілік мерзімі 34-35 апта. Шағымдары: жатырдың қатты ауруы және кернеуі, бір рет қүсқан, қан кеткен. Анамнезінде: кеше кешке ауырып, толғақ тәрізді ауру қасағаға, жамбас пен белге беріледі, таңертең ауырсыну күшейіп, жүрегі айнып, қүсу, қан кету қосылды. Ішті қарау кезінде жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес үлкейген, пальпациялағанда кернеулі және тығыз консистенциялы. Берілген клиникалық көрініс нені білдіреді:
-
+плацентаның мерзімінен бүрын ажырауы -
анабез апоплексиясы -
анабез кистасының жыртылуы -
жатырдан тыс жүктілік -
дисменорея
question 96
34 жастағы науқас дене қызуына 38,4 С, іштің астыңғы бөлігі ауырсынуына шағымданады.жоғарыда аталған шағымдар 7 күндік менструалды циклдың 1 күнінде ауыратынын айтты. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, пульс минутына 104рет, дене қызуы - 38,4 С. Іші пальпация кезінде жұмсақ, қосалқы бөлшектері ауырады. Тітіркену белгілері екі жағында да оңды. Гинекологиялық тексеруде: айнада қынап шырышы және жатыр мойны қызарған, іріңді бөлінділер бар. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны цилиндр тәрізді, жатыр мойны жабық. Жатыр дүрыс қалыпта, көлемі қалыпты. Екі жақтанда жатырдың қосалқыларының ауырсынуы анықталады. Сіздің диагнозыңыз:
-
+Пельвиоперитонит -
Параметрит -
Өткір екі жақты аднексит -
Метроэндометрит -
Сол жақтық сальпенгит
question 97
32 жастағы әйел, оң жақ мықын маңайының қатты ауырсынуына және жыныс жолдарынан қанның көрінуіне шағымданып гинекология бөліміне тусті. Анамнезінен 3 жүктілік, оның соңғысы өздігінен түсікпен аяқталған. Түсіктен кейін жатыр қосалқысының қабынуына байланысты ем қабылдаған. Етеккірі 5-6 аптаға кешіккен. АҚҚ 90/60 мм. сын. бағ., тамыр соғысы минутына 90 рет. Қынаптық айнамен қарау кезінде жатыр мойны шырышты қабатының көгеруі анықталды. Қынаптық тексеруде: жатыры сәл үлкейген, қозғалмалы, оң жақ жатыр түтігінде қамыр сияқты, ауыратын ісік анықталынды. Қынаптың артқы күмбезі салбыраңқы, сезімтал. Қандай іс-әрекет жасалуы тиіс деп ойлайсыз?
-
іш қуысын лапароскоп көмегімен қарау. -
жатыр қуысына диагностикалык, қыру жасау -
+қынаптың артқы күмбезіне пункция жасау -
қынапты кольпоскоп құралымен қарау -
жатыр қуысын зонд құралымен тексеру
question 98
29 жастағы науқаста анықталды: іштің астыңғы бөлігінде толғақ тәрізді ауырсынулар, талмалы жағдай, әлсіздік. Обьективті: АҚҚ 90/60 мм с. б., журек жиілігі минутынаірет, тері жамылғысы боз, Щеткина-Блюмберг симптомы оң, етекірдің 4 аптаға кешігуі, жатыр және қосалқылары күшті ауырсынуына байланысты анықталмайды, артқы күмбез салбыраңқы. Сіздің болжамалы диагнозыңыз:
-
Жатыр мойны түсігіне айналатын жатырдан тыс жүктілік -
Өтжарылуы -
Аналық без апоплексиясы -
+жатырдан тыс жүктілік, түтіктік жүктіліктің жарылуы -
аналық бездегі киста аяғының бүралуы
question 99
Босану үйіне 36 жасар, Жүктілік мерзімі 35 апта, жүкті әйел тырысулармен жеткізілді. Тексеру кезінде: жағдайы ауыр, есі тежелген, денесі толық ісінген, АҚ170/110 мм.с.б.б., пульс 78 рет/мин. Ұрықтың жүрек қағысы ырғақты, минутына 140 рет. Диагнозды көрсетіңіз:
-
эпилептикалық ұстама -
жеңіл дәрежелі преэклампсия -
ауыр дәрежелі преэклампсия -
+эклампсия -
гипергликемиялық кома
question 100
Жедел жәрдем көлігімен перзентханаға 20 минут бурын мерзімінде босанған 25 жастағы әйел алып келінді. Қабылдау бөлімінде урық жолдасы өздігінен бөлініп, бөлшектері жеткіліксіз болып шықты. Көмек көрсету іс- әрекеті:
-
+жатыр қуысын қолмен тексеру -
бөліктерді оперативті алу -
утеротониктер енгізу -
жатырдың сыртқы массажы -
қан тоқтатушы препараттарды енгізу
question 101
ДСҮ усынысы бойынша ЖИТС-тің ауыр немесе кеш сатысымен ауыратын науқасқа комбинирленген оральды контрацептивтер санатын көрсетіңіз:
-
+1 санат -
2 санат -
3 санат -
4 санат -
5 санат
question 102
Плацентаның толық төмен орналасуы бұл:
-
+Жатыр мойнының ішкі ернеуін толық жауып жатады -
Жатырдың жоғарғы сегментінде -
Жатыр түбінде -
Ішкі ернеуден 5-7 см жоғары -
Жатыр мойнының сыртқы ернеуін жауып және жатырдың төменгі сегментінде