Файл: Кафе немесе таам бизнесі Бизнес План Таам саласы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кафе немесе тағам бизнесі

Бизнес План

Тағам саласы - кәзіргі таңда сұранысқа ие және басты ерекшелік бір келген клиент 10 келетіндей өлмейтін әрі разылығы мен берекесі бар сала болып табылады. Бұл саланың басын шалуымыздың басты себебі өзіміз орналасқан Жаркент қаласында Тағам саласы бойынша сервисі жоғары кафелер өте аз тіпті жоқ десе де болады.

Сондықтан біз осы саланы қарастырып отырмыз. Бұл салада қала бойынша бізге конкурент көп то есть жақсы орындар баршылық, мысалы:

  • Алиф” рестораны

  • Fatih” кафесі

  • Tibon” cafe

  • Assorti” cafe

  • Safar” cafe

  • Тирамису” кафесі т.б.

Бұл орындардың көбі тек күндізгі уақытта жұмыс жасайды және барлығында бір қалыпты сервис. Ешқандай ерешелік жоқ. Яғни бұл орындарға баратын клиенттер жаңа сервис қалайтыны анық, бұл жерде көмекке біз жаңа идеялармен келеміз.

Кафе “Nice Weather”

Бұл біздің ашқалы жатқан кафеміздің бастапқы нақты емес атауы. Бұл кафе қала орталықтарының бірінен ашсақ деген ой бар, бырақ аренда жағы быраз қиындық тудыруы мүмкін. Орталыққа жақын ашуымыздың бір себебі - кешкі уақыттан ары қарай кафе емес кішігірім ресторан қызметін атқаруы.

Бұл кафе егер ашылған жағдайда басты ерекшелігі мыналар болмақ:

  • Автоматтандырылған сервис - нақтырақ айтсақ толық деңгейлі инфо қызмет көрсетіледі, яғни клиент тапсырыс берер алдын тағамның түрін, түсін тіпті құрамы мен жасалу барысын толық көре алады. Ол үшін бар болғаны даяршының қолындағы планшет жеткілікті. Ас мәзірі сол планшетте болатын болады, ешқандай ұмаждалған глянц қағаз клиент алдында тұрмайды.



  • Әуенді әлем - кафеде клиентері үшін әрдайым жағымды әуен ойнап тұрады, бұл біздің сервисті жақсартып ғана қоймай клиентке жағымды әсер береді. Көптеген кафелерде бұл атмосфера түрі жұмыс жасамамайды, клиенттер официанттың “бір цезорь, екі лимонад” деген айғайы мен шулы тәтелердің қу өсегін амалсыз тыңдауына тура келеді.



  • Атына заты сай кафе арнайы “Ауыспалы ауа райын” беретіндей жағдайда болады, бұл дегеніміз әр үстел өз алдына жеке бір ауа райы атмосферасын беретіндей болады, мыс: бір үстел қысқы атмосферамен безендірілген және шыршы, ойыншық тағы басқа заттар үстел үстінде тұрады делік, үстелдің үсті ақ түсті әрі жанында орналасқан арнайы экранда қыстық видеолар шығып тұрады, бырақ бұл жағы тағы быраз нақтылап ойластырылады.




  • Екі тілді сервис - күндізгі уақытты пайдаланып біз МЦПС-тің ашылуына орай тағы бір бөлімді Қытай сервисіне арнағалы отырмыз. Яғни нақты кешкі уақытта кафелер мен ресторан жағалап кететін ешбекқор қытай туристтер үшін тамақтанатын жақсы орын біздің кафе болмақ.