ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Фан-Фар

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, аяулы ата-аналар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! Сіздерді бүгінгі мектеп бітіру кешіне арналған «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтаймыз.
Қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде қазіргі жахандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелді. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономикасын дамытудың басты құралы. Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті. Осыны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке қана арқа сүйеуі тиіс деген болатын.

Олай болса ұлт дәстүрін құрметтейтін ұлттық құндылыққа қанығып өскен, танымы терең, ділі берік, ата-бабалар аманат еткен ұланғайыр даланың иелері Қазақстанның туын жоғары ұстайтын ұрпақтарымыз, негізгі мектеп бітірушілерімізді ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

1-жүргізуші:

Бітіруші түлектерді алғаш мектеп қабырғасына қабылдап бастауыш сыныпта алғашқы ұстаздық еткен мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Мирамкул Жақсыбекқызы. Мирамкүл Жақсыбекқызы – жоғарғы санатты көп жыл еңбек өтілі бар мектебіміздің озат ұстаздарының бірі. Қалалық, облыстық білім басқармаларының құрмет грамоталарының иегері.

Бастауыштан жүректері лүпілдеп жанарлары балалықтың бал дәмін қимай келген шәкірттерді қарсы алып, бірнеше жыл жетекшілік етіп, түрлі байқаулармен ғылыми жобаларда шәкірттері жеңіспен оралып, бұған дейін бірнеше сыныпты мектеп ұясынан ұшырған қалалық, облыстық білім бөлімінің құрмет громаталырының иегері жоғары санатты педагог-зерттеуші ұстазымыз Анар Женейқызы.

Сынып оқушылары облыстық, қалалық деңгейде өткен түрлі конкурстар мен жарыстардың жүлдегерлері, сонымен қатар мектебіміздегі дебат клубы, мектеп парламенті жобаларының мүшелері. Түлектерге қошемет көрсетейік!

2-жүргізуші:

Дарындылар - еліміздің айғағы

Дарындылар - қаламыздың айбары

Марқайтады намысы бар қазақты

Дарындының қанатын кең жайғаны

Біздің шәкірттерімізде мектеп намысын қорғап абыройын көтеруге аса белсенділік танытты. Білім бәйгесінде озып шыққан шәкірттерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. (музыкамен,қошеметпен )

Біздің дарынды да талантты оқушыларымыз қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткізілген түрлі білім, спорт сайыстарында көптеген жетістіктерге жетуде. Атап айтар болсақ, мектеп қоржынына Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі бойынша 5 оқушымыз жүлдері орындар иеленді. Республикалық «Зерде» ғылыми жобасының қалалық кезеңінде үш оқушымыз ІІІ орын иеленсе, бір оқушымыз қалалық интеллектуалдық байқаудың қалалық кезеңінен бірінші орынды, облыстық кезеңінен ІІІ орынды иеленіп, түрлі байқауларда 19 шәкіртіміз жеңіске жетіп, мектеп абыройын одан әрі көтерді Дені сау ұрпақ ұлт болашағы демекші біздің шәкірттеріміз спорттық үйірмелерге қатысып, мектебіміздің атын, қала, облыс, Республика көлеміне паш етіп, бірінші, екінші үшінші орындарға ие болып мектеп абыройын тағыда бір асқақтатты.

(ФОН музыка)

1-жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер көк туымыз.

Мектеп! Сап түзе!Тік тұр!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Ту кіргізу, Көк тудың желбірегені әнімен келеді)

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы

Бақыт көрсін елімнің көк байрағы

Енді ағайын, көгінде қалықтасын

Қазағымның қастерлі әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалсын.
(Гимн орындалады)

2 –жүргізуші.

Биылғы жыл тарих беттерінде ерекше жыл, себебі – мектебімізге 70 жыл толды. Жалпы ауылымызда білім беруді ұйымдастыру соғыс жылдарынан кейінгі қиын кезеңдерде де өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Ең алғаш 1946 жылдары темір жол бекеті маңынан бос үйлерде келешек ұрпаққа бастауыш білім беру ұйымдастырылып,, балалар сол ғимараттарда 1953 жылға дейін бастауыш білім алды. 1953 жылы ауыл адамдарының көмегімен жеті жылдық мектеп қабырғасы қаланды, ауылымыздың көптеген тұрғындары осы білім беру ұйымында білім алды. 1962-1963 жылдардан бастап сегіз жылдық , 1990 жылы тоғыз жылдық мектеп болып қызметін жалғастырса, 2022 - 2023 оқу жылынан бастап 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектеп болып өзгертілді. Міне, осылай қиындығы мен қызығы мол 70 жыл бойы халық балаларына саналы білім, сапалы тәрбие берген мектебіміз өз жұмысын үздіксіз атқарып келеді. Осы жылдар ішінде мектебімізден көптеген түлектер ұшып, бүгінде олар еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып еңбек етіп келеді. Мектебіміздің 70 жылдығын атап өтуге арналған арнайы іс-шаралар жоспары қалалық білім бөлімімен келісе отырып бекітіліп жыл аяғына дейін жоспарланды.Сіздерді осы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Мектебіміздің 70 жылдығы құтты болсын!



(ФОН музыка)

1-жүргізуші:

Болмасаңда ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз

Ондай болмақ қайда деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп Ұлы Абай ақын айтқандай білім нәрімен сусындап жатқан шәкірттерімізді ортаға шақырамыз (Монолог Қолғанатқызы Аружан)

Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Ықыласпен тілегіңді аңсармын, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының жас түлектерді құттықтау сөзі ___________________________________________________мектеп директоры Мустафаев Бекжан Біртайұлына беріледі.
«Көңілді күн» әні 5 сынып оқушысы Бүркітбай Сымбат (хабарламай шығады музыка қосылады)
2 –жүргізуші.

Білім бәйгесінде 2022-2023 оқу жылында өткізілген түрлі жарыстарға белсене қатысып жүлделі орындарға ие болып «Жыл үздігі» деп танылған шәкірттерімізді марапаттау үшін мектеп директоры Мустафаев Бекжан Біртайұлын және ардагер ұстаз Айым Сағындыққызын қошеметпен ортаға шақырамыз. (құттықтау сөз, сосын марапаттау, марапатталатын оқушыларды жүргізуші оқып шақырады)

  1. Қолғанат Аружан - «Зерде» республикалық ғылыми жоба конкурсының 3 орын иегері, жетекшісі Бакыткул Мауияқызы

  2. Серік Нұрперзент – математика пәнінен қала мектептері арасында өткізілген олимпиаданың 2 орын иегері, жетекшісі Бакыткул Мауияқызы.

  3. Нұраш Мәншүк - математика пәнінен қала мектептері арасында өткізілген олимпиаданың 3 орын иегері, жетекшісі Алтын Өміртайқызы.

  4. Маратұлы Рауан - тарих пәнінен республикалық байқаудан қалалық кезеңі бойынша 1 орын, Облыстық кезең бойынша 3 орын иегері. Жетекшісі Мөлдір Жайшылыққызы

  5. Бүркітбай Сымбат- жаратылыстану пәнінен республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінен 3 орын иегері, Жетекшісі Анар Женейқызы

  6. Әділбек Аяулым- тарих пәнінен республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінен 3 орын иегері, Жетекшісі Анар Женейқызы

  7. Бүркітбай Камшат - қазақ тілі пәнінен қала мектептері арасында өткізілген байқаудан 1 орын иегері, жетекшісі Каракөз Жақсылыққызы.

  8. Асатулла Гүлсезім-«Зерде» республикалық ғылыми жоба конкурсының 2 орын иегері. Жетекшісі Жадыра Мирамбекқызы.

  9. Нұрланқызы Үміт- «Зерде» республикалық ғылыми жоба конкурсының 3 орын иегері, Республикалық пәндік олимпиадасының қалалық кезеңі бойынша 2 орын иегері. жетекшісі Анар Женейқызы

  10. Қуантай Перизат-математика пәнінен республикалық олимпиадасының , қалалық кезеңі бойынша 3 орын иегері, Жетекшісі Алтынбек Орақбайұлы.

  11. Мұстафа Құлмұхамед-тарих пәнінен республикалық олимпиадасының 3 орын иегері, жетекшісі Мөлдір Жайшылыққызы

  12. Орақ Бекжан-математика пәнінен облыстық олимпиадасының 3 орын иегері, Жетекшісі Айгүл Абдукадиркызы.



Келесі кезекте спорт мақтаныштарын марапаттауға рұқсат етіңіздер.

  1. 6 сынып оқушысы Денес Бақытжан Муайтай спорт түрінен ашық Чемпионатында 2 орын иегері.

  2. 6 сынып оқушысы Бегайдар Аслан Муайтай спорт түрінен ашық Чемпионатында 2 орын иегері.

  3. 7 сынып оқушысы Қанатбекұлы Айдын - Муайтай спорт түрінен өткен ашық Чемпионатында 1 орын иегері.

  4. 8 сынып оқушысы Денес Мирас Муайтай спорт түрінен ашық Чемпионатында 3 орын иегері.

  5. 9 сынып оқушысы Сексенбай Нұрбол ережесіз жекпе жек cпорт түрінен 2 орын иегері.

Оқушыларымыздың бағындырар белестері, алар шыңдары көп болсын. Марапаттарыңыз құтты болсын!
1-жүргізуші:

Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің



Ән : «Егемен ел Қазақстан».
2 –жүргізуші.

Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасудың вальсін айтып тұрып.

Бітіруші түлектердің вальсін тамашалаңыздар. (Вальс музыкасы қосылады)

1-жүргізуші:

Ақ жұлдыздай жарық шашқан түндегі.

Нұр сәулесін төгер ұстаз жүрегі.

Болашаққа сол жүректен от алып

Самғай берсін шәкірттердің тізбегі

«Мектеп» әні 9-сынып оқушылары Берлен Парасат Байзақ Нұрай

(9-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына кітап сыйлау)
2-жүргізуші:

Әлі есімде әліппені ашқаным

Есіміңді есте мәңгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып

Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан ата-анадан бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.
Бүгінгі мерекелік шарамыздың келесі құттықтау сөзі түлектердің алғашқы ұстазы Бейсенбаева Мирамкүл Жақсылыққызына және ата-аналар атынан Әбілқасымұлы Берлен атамызды ортаға шақырамыз. (сахнаға келу, кету музыкамен)
Ән : «Қош бол, Мектебім» орындайтын 9-сынып бітіруші түлектер
2-жүргізуші:

Гүлдерге толы омырау,

Өмірде жоқ қой тоқырау.

Қимастық сезім оятып,

Соғылсын соңғы қоңырау.

Биылғы оқужылының соңғы қоңырауын соғу рәсімі 1 сыныптың озат оқушылары Аманжол Жанасыл мен Жатық Маликаға беріледі.

(Қоңырау музыкасы соғылып турады)

Қорытынды:

2-жүргізуші:

Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!


«Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымыз аяқталды. Баршаңызды түлектерімізбен естелік суретке түсуге шақырамыз. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!

(Музыка қатты қойылады)