Файл: Мрын катетері арылы ылалдандырылан оттегін беру масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 137
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
МҰРЫН КАТЕТЕРІ АРҚЫЛЫ
ЫЛҒАЛДАНДЫРЫЛҒАН ОТТЕГІН БЕРУ
Мақсаты: тіндердегі гипоксияны азайту, жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ауыр операциядан кейін, жіті және созылмалы тыныс жеткіліксіздігінде қанды оттегімен байыту.
Көрсеткіші: қан айналымы және тыныс алу мүшелері ауруларында, шұғыл жағдайларда дәрігердің нұсқауы бойынша.
Қажетті заттар: Бобров аппараты, тазартылған (дистильденген) су, стерильді бір рет қолданылатын мұрын катетері, шпатель, қолғап, вазелин майы немесе глицерин, жапсырма, ҚКЖҚ.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Мүмкін болса пациентке процедура мәнін түсіндіріңіз. -
Қолды гигеналық деңгейде өңдеп, стерильді қолғап киіңіз. -
Пациентті Фаулер жатысымен жатқызыңыз. -
Бобров аппаратын дайындаңыз: таза шыны ыдыстың 3/1 бөлігіне температурасы +30+40°С тазартылған су құйып, тығынын жақсылап бұрап жабыңыз. Бобров аппаратының ұзын шынылы түтікшесіне ұзындығы 60 см резиналы ұзын түтікше жалғаңыз. -
Катетерді енгізер алдында, жоғарғы тыныс жолдарының тазалығына көз жеткізіңіз. -
Қолғапты антисептикпен өңдеп, стерильді катетері бар қаптаманы ашыңыз. -
Енгізетін катетердің ұзындығын анықтап (құлақ қалқанынан мұрын ұшына дейін шамамен 15 см өлшеңіз) белгі қойыңыз (жіңішке жапсырмамен немесе жіп тәрізді шиыршықталған мақтаны дымқалдап). -
Енгізілетін катетер бойына стерильді вазелин майын немесе глицерин жағыңыз немесе катетерді 0,9 % натрий хлориді изотониялық ерітіндісімен немесе тазартылған сумен дымқылдатыңыз. -
Оң қолынызға катетердің енгізілетін жерінен 3-4 см аралықта қалам тәрізді алып ұстаңыз. -
Сол қолдың қырымен төрт саусақты науқастың маңдайына қойып, 5-ші саусақпен мұрынының ұшын көтеріңіз. -
Катетерді мұрын қуысы арқылы жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін енгізіңіз. -
Тілдің түбін шпательмен басып, ауыз қуысын қараңыз. Катетердің ұшының жұтқыншақта көрініп тұрғанына көз жеткізіңіз. -
Катетерді пациенттің бетіне, самайы немесе мұрнына жапсырмамен бекітіңіз. -
Мұрын катетерінің сыртта жатқан бөлігін Бобров аппаратының қысқа шынылы түтікшесіне жалғаңыз. -
Бобров аппаратының ұзын шынылы түтікшесін резиналы түтікше арқылы орталықтандырылған оттегі жүйесіне немесе оттегі баллонына жалғаңыз. -
Оттегі баллонының бұрандасын ашыңыз (Бобров аппаратындағы суда оттегі көпіршіктері пайда болады). Дәрігердің нұсқауы бойынша берілетін оттегі жылдамдығын реттеңіз. -
Пациенттің мұрынының кілегейлі бөлігін қарап, жағдайын бағалаңыз. -
Мұрын кілегей бөлігінің құрғап, тітіркенген белгілері байқалса майлы ерітінді тамызыңыз. -
Катетерді әр 6 сағат сайын бір мұрын қуысынан екіншісіне ауыстырыңыз (мұрынның кілегей бөлігінде ойылудың және құрғауының алдын алу). -
Қолданылған катетерді ҚКЖҚ-на тастаңыз, шпательді дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Қолғапты шешіп, ҚКЖҚ-на тастаңыз. -
Қолды жуып құрғатыңыз.
Оттегін беру
-
ОТТЕГІ ЖАСТЫҚШАСЫНАН ОТТЕГІНІ
ДЫМҚЫЛДАТЫП БЕРУ
Мақсаты: тіндерде оттегі мөлшерін арттыру.
Көрсеткіші: әр түрлі тыныс алу бұзылыстары, тұншығу (асфиксия), газбен улану, өкпе ісінуі, жедел және созылмалы тыныс жеткіліксіздігі.
Қажетті заттар: оттегі жастықшасы, мундштук, 4 қабатты дәкелі салфетка, 70% этил спирті немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, су, қолғап, ҚКЖҚ.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Пациентке процедура мәнін түсіндіріңіз. -
Оттегі жастықшасына баллоннан оттегі толтырыңыз, ол үшін: оттегі жастықшасының резиналы түтікшесін оттегі баллонына жалғап, жастықша түтігінің бұрандасын ашып, сосын баллонның бұрандасын ашып, оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз. Жастықша толған кезде алдымен баллонның бұрандасын жабыңыз, сосын жастықшаның бұрандасын жауып, оттегі жастықшасының редуктордағы резиналы түтікшесін баллоннан ажыратыңыз. -
Пациентті Фаулер жатысына жатқызыңыз. -
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп, қолғап киіңіз. -
Мундштукты оттегі жастықшасының түтікшесіне жалғап, жастықшаны пациенттің бір жақ қырынан ұстаңыз. -
Мундштукты сулы дәке салфеткамен ораңыз. -
Мундштукты пациенттің аузына жалғап, жастықшаның бұрандасын ашыңыз және пациенттің аузынан 1-1,5 см ара қашықтықта ұстаңыз. -
Пациентке ауаны мундштук арқылы ішке аузымен алуын, демін мұрын арқылы шығаруын түсіндіріңіз. Оттегі беру процесін жастықшаны қолмен бүктеу арқылы реттеңіз және жылдамдықты үзбей қамтамасыз етіңіз. -
Оттегін беру жылдамдығы минутына 4-5 литр. -
Оттегі жіберген сайын, жастықшаның төменгі жағынан оттегі толығымен біткенше бүктеп, орап отырыңыз. -
Жастықшаны алып, мундштукты ажыратыңыз. -
Қолданылған салфетканы ҚКЖҚ-на тастаңыз. -
Мундштукты 70% этил спирті ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен 2 рет 15 минут аралықта сүртіп, дезинфекция жүргізіңіз. -
Қолғапты шешіп, ҚКЖҚ-на салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:
-
Жастықшаға оттегі толтыру барысында қауіпсіздік ережесін сақтаңыз. -
Пациенттің тыныс алу сипатын, тері қабатының түсін және кілегей қабаттардың сипатын бағалаңыз. -
Оттегі дәрігердің нұсқауы бойынша 40-60 минуттан беріледі. Катетерді мұрынның бір тесігінде 12 сағатқа дейін ұстап, керекті жағдайда мұрынның келесі тесігіне ауыстырады. -
Қауіпсіздік ережелері: оттегі баллоны тұрған жерде темекі шегуге, сіріңке жағуға, майлы заттарды жұқтыруға, қыздырғыш аспаптарды қолдануға, баллонның редукторына қарсы тұруға болмайды. -
Оттегі баллоны көлеңке, жылытқыштардан алшақ жерде сақталады. Оттегі баллонының түсі көк болады;