Файл: деу Мамандыы Емдеу ісі 0301000 Курсы 3 Семестрі 6.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 356

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%) Эндоскопияның маңызы

  • Эзофагогастродуоденоскопияға түсінік

  • Колоноскопия

  • Бронхоскопия

  • Ректороманоскопия


10.Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)

Жоспар:

  • Терминальді жағдай тұралы түсінік

  • Агонияға түсінік

  • Клиникалық өлім түсінігі

  • Биологиялық әлім түсінігі

Терминальді жағдайлар – артериялық қысымның кенеттен төмендеуімен, газ алмасу, метаболизмнің терең бұзылыстарымен сипатталатын, өмір сүру қабілетінің өзгерістерінің ең қатерлі деңгейі. Олардың мынадай түрлерін ажыратады:

  • Агония алдынғы жағдай – АҚ біртіндеп төмендеуімен, тахикардиямен, ауыспалы брадикардитямен, есінің және миының электрлік белсенділігінің жоғала бастаымен, бағаналық рефлекстердің бұзылыстарымен сипатталады.

  • Агония – мидың жоғарғы бөлімдері толық жұмыстан шығып, кенеттен бульбарлық орталықтыңбелсендірілуімен сипатталатын өлімнің соңғы сатысы болып табылады.Ол уақытша болатын АҚ – ның көтерілуімен, жүректің синустық ырғағының қалпына келуімен және бұлшықеттердің тырысып жиырылуынан, тыныс алу қозғалыстарының күшеюімен байқалады

Жүректің тоқтауының ерте кезеңінде 3 клиникалық белгі байқалады: қан айналымының тоқтауы, естен тану және тырысулар, апноэ.

Өлім – ағзаның тіршілік әрекетінің тоқтауы. Танатология (tanatos - өлім) - өлім кезіндегі ағзада болатын клиникалық, биохимиялық және морфологиялық өзгерістердің механизмі оқытатын ілім. Өлімге алып келетін себептер мен әсерлер танатогенез деп аталады. Өлімнің негізгі себептері: ағза мүшелерінің қызметінің бұзылуы, көп мөлшерде жоғалту, миға қан құюлу, улану, жүрек және тыныс алу жүйелерінің қызметінің жестіпеушілігі.

Клиникалық өлім – ағзаның өмір сүру әрекетінің уақытша тоқтауы. Бұл кезде ішкі мүшелер мен ұлпалар өз қызметін тоқтатпайды. Клиникалық өлім 5-6 минутқа созылады. Осы уақыт аралығында реанимациялық шаралардың көмегімен ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіруге болады. Клиникалық өлім кезінде көмек көрсетілмесе биологиялық өлімге ұшырайды. Ағза түгелдей тіршілігін тоқтатады. Қайта тірілтуге болмайды. Клиникалық өлім мерзімін дене температурасын (8-12С) төмендету арқылы 1-1,5 сағатқа созуға болады.


Клиникалық өлім белгілері:

  1. Ірі қан тамырларының (ұйқы, сан, иық) соғысының болмауы

  2. Есін жоғалту

  3. Қара шықтың кеңеюі

  4. тырысу

  5. тыныстың тоқтауы

Биологиялық өлім белгілері

  • тыныстың түгел бітуі

  • тамыр соғуының тоқтауы

  • көз жанарының сөнуі. Қарашыққа жарықтың сезінбеуі

  • дененің сууы

  • дененің төменгі бөлігінде өліктік пайда болуы

  • дененің сіресіп қалуы

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

Жасанды тыныстандыру және жүрекке жанама массаж жасау техникасын, өлімді анықтауды, мәйітпен жұмыс істеу ережелерін үйрену

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

1.Егде және ересек жастағы науқастарға тән психологиялык ерекшеліктер:

а) Жиі көңіл бөліп өткені туралы оңгімслесу;

Ь) Жиі көңіл боліп казіргі жақдай және келешегі туралы әңгімелесу;

с) Жакын уакьіттағы оқиғаны ссте сактауыныц төмсндеуі;

д) Қарым - қатынасты жоғарылату;

е) Түйыктық

2. Егде және ересек жастагы науқастың түнгі ұйқысынын
бүзылуының негізгі себептері:


а) Урологиялық ауруларда дезуриялық көңілдің бүзылуы

Ь) Күндізгі үйқыдан ксйін;

с) Күндізгі емде емдеу- коріау уақытының бүзылуы;

(д) Тыныштандыратын жоне үйыктатын дәрігергс үйренуі;

3. Егде және ересек жастагы наукастардың бакытсыз жағдайға
үшырауының негізгі себептері:

а) Медицина кызметкерлерінІң ваіша қабылдату;

Ь) Естуі мен көруінің нашарлауы;

с) Тепе- теңдік пен координацияиың бүзылуынан;

д) КүрделІ қимыл белсенділігінен;

е) Палата мсн дәліздің (коридор) жарыкты нашарлығынан;

ж) Жылжып жүретін орындар мсн тірскке бейімділіктің болмауынан.

4. Ересек жастагы наукастын үзақ уақыт бойы төсекте
жатуының аяғы ... аяқталады.

а) Өкпсдегі даму қүбылыстарыпың. тоқтау кауіптілігі

Ь) Қан үйығының асқынуының найда болу мүмкіндігі;

с) Зәрді жіберудің қиындауы мен қоспаның зорайуы;

д) Жүрек акауы белгілерінің есуі.

5. Егде және ересек жасгағы наукастарды күтудің негізгі іс- шаралары:



а) тері жамылғысына күтім.
б
) қатпаның алдын алу;

с) зарді жіберуді бақылау;

д)термометрмеи жиі кызуды өлшеу;
е) емдік және дсне піынықтыру


6. Егде және ересек жастағы науқастың .. ауруда зәрді
үстамауы байқалады.

а) зәр шығару мүшелерінің ауруларында;

Ь) созылмалы бауыр кемістігінде

с) ми қанайналымынын бүзылуынан;

д) (деменция) кәрілік жарыместік

7. Егде және ересек жастагы адамда іш қатуын болдырмас үшін
... жасау керек.

а) шөп дәрісін пайдалану;

Ь) майсана майын және тузды әлсіздікті пайдалану;

с) тазалау клизмасын жасау

д) тамаққа жемістер мен көкөністерді күнделікті тиімді пайдалану;

е) науқастьщ қимыл белсенділігін арттыруы.


8. Егде және ересек жастағы науқасқа тамақтаиу жөнінен
қандай үсыныс беру:


а) тамақтың күрамыщшы тез сіңірілетін комірсуын шектеу
б
) ас түзын пайдалануды шсктеу

с) тамақтағы ақуыз молшерін азайту

д)суйықты пайдалануды іиектеу

Ситуациялық тапсырмалар

І . Жүйке аурулары бөлімінде наукас Асамбаев жатыр, 78жас диагнозы : мидың қанайналымының жедел жетіспеушілігі инсулът. Науқастың ақыл - есі дүрыс, бірақ сң қолының сал болуына байланысты өздігінен тамактана алмайды. Осындай науқасты қалай тамақтандырасыңдар?

II. Травмотология бөлімінде Ишамова деген наукас жатыр, 70 жаста сан сүйегінің мойны сынған. Наукастың оң тізесі мен табанына гипстен етік кигізілген, катаң төсек тәргібі сақталу керек. Сол аймактың терісі кызарып сол аймақтың
сезгіштік касиеті төмендеген деп көрсеткен.

  1. Науқаска не болды ?

  2. Қандай іс- шара көрсету керек?

  3. Гипсті етікке қандай күтім жасау керек?



13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет

17 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Жүрек - өкпе реанимациясы.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды жүрек - өкпе реанимациясы шаралармен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда жүрек - өкпе реанимациясын жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.


Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)

- Терминальді жағдай тұралы түсінік

  • Агонияға түсінік

  • Клиникалық өлім түсінігі

  • Биологиялық әлім түсінігі

10.Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)

Жоспар:

  • реаниматология түсініктемесі

  • реанимациялық шаралар

  • жүрек - өкпелік реанимациялық көлемі және реттілігі

Реаниматология – ағзаның қайта тірілту аспектілерін оқытатын, клиникалық медициналық бөлімі. Реанимация – ағзаның тіршілік әрекетін қайта қалыптастыру үшін қолданылатын әртүрлі жүйелі шаралар атауы. Жүрек соғысы тоқтағанда, тыныс тоқтағанда, ағза әртүрлі умен уланғанда, ауыр соққы алғанда, қан жоғалтқанда, өткір бүйрек және бауыр қызметінің жетіспеушілігінде және қышқыл – сілтілі күй бұзылғанда реанимациялық шаралар қолданылады. Ауыр халдегі науқас негізінен аурудан емес, оның асқынуынан қайтыс болады. Сондықтан ауыр халдегі науқастар ерекше күтіммен ұқыпты қарауды қажет етеді.

Жүрек - өкпе реанимациясындағы көрсетілетін көмек реті:

  1. науқастың жалпы күйін (ақыл –есін, дене температурасын, жүрек соғысын, демалысын) бағалау

  2. тыныс алуын қамтамасыз ету

  3. жасанды тыныс алуына көмектесу

  4. жүрекке тікелей емес массаж жасап, қан айналымын жақсарту

Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру

  1. Науқасты көлденеңінен жатқызып, жауырының астына жастықша қою керек, тар киімдерін шешіп, ауыз қуысын ашу керек. Төменгі жағын төменге – алға түсіріп, жасанды болса алу керек.

  2. Науқастың басын барынша шалқайту (сол қолмен маңдайыннан, оң қолмен мойынан ұстау арқылы)

  3. Жақ аралығына бинт не желім (пластмасса) тығынды қою

  4. Жұтқышшақтың ауыз бөлігінен бөгде заттарды алып тастау. Бөгде заттарды сұқ саусақпен алады. Ол үшін науқастың басын бір жағына қисайтып, аса сақтықпен бөгде затты алады. Ауыз қуысын электр сорғышпен тазалаған дұрыс. Тыныс жолдарынан құсық массасын, кілегейлерді алу үшін науқасты ішімен не қырымен жатқызып алады. Бұл әдісті омыртқа жотасы зақымдағанда қолдануға болмайды.