ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 357
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөгде заттарды тыныс жолдарынан алу
-
бөгде затты саусақпен алу -
бірнеше рет жауырын тұсынан ұру -
алдынан артқа, төменнен – жоғары бағытында кіндік айналасынан 5 рет соққы беру. (Гейнлих әдісі). Жүкітіліктің соңғы айларындағы әйелдер мен толық адамдарға соққыны төстің ортаңғы бөлігінен береді. Кейіннен науқастың тыныс алуын анықтау керек. Қажет болса 3-5 минут көлемінде 3-5 науқасқа дем беру керек.
Өкпеге жасанды дем беру
-
«Ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға» дем беру тәсілдері:
1 – тәсіл – бір қолмен науқастың мұрнын қысып,
2 – тәсіл – қолмен науқастың ауызын ашып, дем жібереді
3 – тәсіл – бұл тәсілде науқастың аузы жабық тұруы керек.
Ауаны мұрынға енгізу минутына 10-12 рет болуы керек.
Сильвестров тәсілі бойынша өкпеге альтернативті жасанды дем беру тәсілі. Егер жоғарыдағы тәсілдері қолдануға болмаса, онда:
-
кеуде қуысындағы төменгі қабырғаларды ырғақты сығу керек -
жауырын астына 15-20 см жастықша қою -
науқастың қолын жоғары көтеріліп, дем беріп, қолын кеудесіне қойып демді шығару керек.
Қан айналымын қалпына келтіру
Жүрекке тікелей емес массаж жасау арқылы қан айналымын қайта қалпына келтіруге болады. Науқасқа массаж жасауды ертерек бастау, оның тіршілік әрекетінің қайта қалпына келуіне ықпал етеді. Массажды жүрек тоқтағаннын кейінгі 4-5 минут аралығында жасау керек. Бұл тәсілді ұйқы артериясының соғуы тоқтағанда тыныс тоқтағанда, қарашық кеңейгенде, қарашыққа жарық әсер еткенде қолданады.
Жүрекке массаж жасауды орындау
-
науқасты арқасымен қатты жерге (еден, жер) жатқызыңыз -
науқасқа массаж жасайтын орынды белгілеңіз (төстің төменгі 1/3-і) -
бір қолдың үстіне 2 қолдың алақаның қойып, науқасқа массаж жасайды. -
Жүрекке массажды минутына кемінде 60 рет жасау керек.
Жүрекке массаждың тиімді әсерінің көрсеткіштері
-
әр бір сығудаң кейін артеричның соғуы -
қарашықтың тарылуы -
тыныс алудың қалпына келуі
Егер реанимациялық көмекті 1 адам атқарып жатса, онда кеуде қуысын әрбір 15 сығудан кейін 1-2 сек. Ұзақтығында өкпеге 2 реттен энергиялы, баяу дем жіберуі керек. Ауа өңешке кетпеуі үшін науқастың басының орналасуын қадағалап отыру керек.
Егер реанимациялық көмекті 2 адам атқарып жаста, онда минутына кеуде қуысын 80 рет сығып, өкпееге 12 рет жасанды дем беру керек (5-6 сығудан кейін 1 рет дем жіберу). Егер массаж ырғағымен ірі қан тамырлары соқса, тыныс пайда болса, көгеру жойылсы, қарашық кішірейсе массаж жасау тиімді болды деп есептеледі. Егер жоғарыдағы аталған белгілер 30-40 минуттан соң байқалмаса массаж тиімсіз делініп, тоқтатылады.
Мәйітпен жұмыс білу ережесі. Құжаттарды толтыру.
Сырқаттың өлімін дәрігер белгілейді. Ол ауру тарихына өлімінің уақытын дәл жазады. Мәйітті шешіндіріп, аяқ – қолын созып, шалқасынан жатқызады. Аяқтарын байлап, көзін жауып, ақ жаймамен жабады да 2 сағаттай төсекте қалдырады. Тек өлім дақтары пайда болғаннан кейін ғана медбике мәйіттің санына оның аты – жөнін, ауру тариханың нөмірін, диагнозын, өлген мерзімін жазады. Ал мәйіттің аяғына мәйіт туралы мәліметтердің қайда жазылғаны туралы бағыттама жапсырады. Туыстарына қайтыс болғаны туралы хабарлайды, бағалы заттарын туыстарына не кезекші дәрігерге береді.
Өлікті сойып тексеруге патологиялық – анатомиялық бөлімшеге тек мәйіттің дақ пен сіресу пайда болғаннан 1 сағаттан соң жіберіледі.
Егер үйде қайтыс болса, онда бөлімшелік дәрігер келіп, клиникалық диагноз бен өлімнің себебі туралы анықтама жазып беоеді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Жасанды тыныстандыру және жүрекке жанама массаж жасау техникасын, өлімді анықтауды, мәйітпен жұмыс істеу ережелерін үйрену
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. шок кезінде Альговер индексін есептеу:
а) систолалық АҚ : ОВҚ
б) тыныс жиілігі : ОВҚ
с) жүректің жиырылу жиілігі : ОВҚ
д) жүректің жиырылу жиілігі : систолалық АҚ
е) систолалық АҚ : жүректің жиырылу жиілігі
2. Жарақаттық шокты түсіндірудегі қан және плазма жоғалту теориясының авторын атаңыз:
а) Крайль
б) Кохер
с) Павлов
д) Блелок
е) Пирогов
3. Шок кезінде қан айналымының «орталықтануы» ... қан айналымын сақтау үшін бағытталған.
а) бауыр мен бүйректің
б) ұйқы безінің
с) ми, жүрек және өкпенің
д) өкпе, бүйрек үсті безі мен бүйректің
е) ұйқы безі, бауыр мен бүйректің
4. Жүрек қызметі тоқтағанда ОНЖ қайтымсыз бұзылыстары ... минуттан кейін дамиды.
а) 1-2
б) 15
с) 5 - 6
д) 10 – 12
е) 30
5. «Үштік тәсілді» орындау үшін ... қажет.
а) басын артқа шалқайту
б) төменгі жақты алдыға ығыстыру
с) ауызды ашу
д) аяқтарды 23 – 40 градусқа көтеру
е) «ауыздан ауызға» ӨЖД
6. Жүрекке жабық массаж жасаудың тиімділігін ... арттырады.
а) науқасты жылыту
б) массажды қатты жазықтықта орындау
с) аяқтарды 23 – 40 градусқа көтеру
д) плазма алмастырушыларды венаға енгізу
7. Реанимациялық шараларды жүргізгенде адреналинді ... енгізеді.
а) шөп дәрісін пайдалану;
б) майсана майын және тузды әлсіздікті пайдалану;
с) тазалау клизмасын жасау
д) тамаққа жемістер мен көкөністерді күнделікті тиімді пайдалану;
е) науқастьщ қимыл белсенділігін арттыруы.
8. Қарқынды емдеу бөлімінде:
а) порционник құрастырады
б) электрофорез қолданады
с) емдік дене шынықтыру сабақтары өтеді
д)рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі
Ситуациялық тапсырмалар
ппппппппп
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет