ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоспар
Жоспарланат ын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Қалидың портретін жатқа сұрау. Интербелсенді тақтада дұрыс нұсқасы көрсетіледі, бірақ сабақ айтып тұрған оқушы тақтаға қарамауы тиіс. Қалған оқушылар дұрыс нұсқасымен тексеріп отырады. Қызығушылық ояту мақсатында автордың берген сипаттамасы негізінде Қалидың портретін А4 парағына салдырту. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала... Төрекелді тұяғының сынығы. Қол созып, мына баланың қай жерін ұстаңыз, әкесі Сымбаттың өзімен бірге жер астына ала кеткен нышан белгілері. Жайшылықта қой аузынан шөп алмайтын жуас, момын, ал жиын-тойда шетінен түйе палуан атанған, додаға түссе, көкпардан көкпарды қақшып қоймайтын Төрекелдиевтер тұқымы… Кешегі қанды соғыста Сымбаттан өзгесі баудай түсіп, Манап пен мына қара құлақ Қали баладан басқа тігерге тұяқ қалмаған Төрекелдиевтер үйірінің кенже құлыншағы.» Сабақтың тақырыбы, мақсаттары, ЖК таныстырылады. |
Сабақтың ортасы 10 минут 7 минут 10 минут | 1-тапсырма. Кубизм стратегиясы Білу: Автордың «Бауыр» әңгімесін жазуға себеп болған жағдайлар. Әңгіменің «Бауыр» деп аталуы нені меңзейді? Түсіну: Жазушы Төрекелдиевтер тұқымын қалай сипаттады? Қолдану: Әңгіменің өздеріңе ұнаған жерінен қойылым әзірлеңіздер. Талдау: Автор «Жетім қозы – тас бауыр», - деп нені айтқысы келіп отыр? Жинақтау: «Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша «Шын жүректен шыққан сөз» айдарымен әңгімедегі түйінді ойды жинақтап, «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы пікір білдіру. 1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады. 2.Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. 3.Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Бағалау: Осы әңгімені оқи отырып сен өзіңе қандай тәрбие алдың? Бағалау критерийлері: - Білу, түсіну бойынша толық жауап береді; - Рөлдік ойынға белсенді қатысады; - Мақалдың астарлы ойын табады; - Өзіндік пікір білдіре алады. 2-тапсырма.«Ойлаудың алты қалпағы» стратегиясы бойынша талдау Ақ қалпақ -Тақырып туралы түсінік беру. Сары қалпақ - Қалидың іс-әрекеттерін қолдау. Қызыл қалпақ –Манаптың іс- әрекетін, өз эмоциясын жеткізу. Қара қалпақ – Қалидың іс-әрекетінің жағымсыз жақтарын айту. Жасыл қалпақ – Жетімдер үйін жауып тастау жолдарын ұсыну. Көк қалпақ - шолу. Шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасау. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау Жетістік критерийлері: - Тақырып туралы толық түсінік береді; - Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасайды; - Креативті ой ұсынады; - Өмірмен байланыстырып, қорытынды жасайды. 3-тапсырма. Жеке жұмыс. «Қалидың мінез-құлқындағы өзгерістердің себебі неде?» деген тақырыпта шағын эссе жазу. Бағалау критерийлері: - Эссенің құрылымын сақтайды; - Нақты дәлел келтіре алады; - Түйінді ой айтады. |
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс: «3 Қ» стратегиясы
|
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
| |||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |