Файл: Нрорда мектеплицейі 20222023 оу жылыны психологиялы ызметтіні жылды бойынша есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Нұрорда» мектеп-лицейі

2022-2023 оқу жылының

психологиялық қызметтінің жылдық бойынша есебі


2022-2023 оқу жылының басында білім беру жүйесінде психологиялық жұмыстарды жүргізу барысында іс-әрекеттің 3 бағыты бойынша оқу бағдарламасы,сонымен қатар Wisefull – халықаралық психологиялық қолдау көрсету орталығының жылдық жоспарын басшылыққа ала отырып келесідей жұмыстар атқарылды. Жоспар бойынша, психологиялық анықтау жұмысын жүргізу мақсатында мектептегі әр сыныптың оқушыларының тізімдері,дарынды оқушылар және агрессивті мінез-құлыққа бейім оқушылар анықталды.

5 сынып оқушыларын бейімделуіне жүргізілген жұмыстары:

Мақсаты: 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі кезіндегі психологиялық ерекшеліктерін тексеру.

5 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге, ата-аналарға жас ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар айту.

Көрнекіліктер: «5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі», презентация.

Өткізілген уақыты: 05.12. 2022 жыл.



Адаптация

Сыныптар

Жоғары

Орта

Төмен

5 А

50%

39%

11%







Адаптация







Сыныптар

Жоғары

Орта

Төмен

5 с

60%

28%

12%




5 – сынып оқушыларының психо-физиологиялық ерекшелігі және мінез-құлқында олардың көріністері жайлы айтылды:

- тұлғалық қарым-қатынас басым болады;

- балалардың мінезі өзгереді;

- тез шаршайды;

- көңіл-күйлері тез бұзылғыш келеді;

- оқу үлгерімдері төмендейді;

- мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.
5-ші сынып оқушыларының орта буынға бейімделу сәтінде туындайтын мәселелер:

• ерекше кесте (жаңа күн тәртібі);

• сыныпқа жаңадан келген балалар;


• жаңа сынып жетекшісі;

• жаңа пән мұғалімдері;

• жоғары сынып оқушыларымен қарым –қатынас мәселесі;

• бағалаудың басқа нормалары;

• жұмысты жобалауға жаңа, ерекше талаптар;

• қосымша әдебиеттерді өз бетінше тауып, онымен жұмыс жасау қажеттілігі.
Алынған диагностикалар:

1.«Мазасыздық шкаласы» әдістемесі алынды, мақсаты оқушы бойындағы мазасыздықтың басым түрін анықтау, оқушылардың мектепке қатысты, өзі туралы елестетуі және басқалармен қарым қатынасқа байланысты үрей, мазасыздық, қобалжу деңгейлерін анықтау, оқу мазасыздығы, өзін-өзі бағалау мазасыздығы, қарым-қатынас мазасыздығы анықталды.

2.Дж.Мореноның «Социометрия» әдісінің мақсаты:ұжым мүшелерінің бір-бірімен эмоционалдық байланысын анықтау және татулығын өлшеу.

3.Мектепке мотивациясын тексеруге арналған сауалнама алынды. Бұл әдістемені алудағы мақсат баланың мектепке деген көзқарасын анықтау.

Әдістеме анықталды:

5 «А» сынып оқушылары

Сынып жетекшісі: Тұрсынғазина Ж.

Сыныпта барлығы - 18 оқушы;

Диагностикаға қатысқан оқушы саны: 18.

Сынып ұжым болып қалыптасқан, психологиялық ахуал жақсы.

Сынып көшбасшылары: (3 оқушы )Жасар Жеттік, Игисинова Ару, Тұрсынғазы Мирас.



Деңгейлері

Оқу

мазасыздығы

Өзін - өзі бағалау мазасыздығы

Қарым- қатынас мазасыздығы

Жоғары

14 оқушы 66%

4 оқушы 17%

5 оқушы 21%

Нормаға сай

4 оқушы 17%

14 оқушы 50%

16 оқушы 58%

Төмен

8 оқушы 33%

8 оқушы 33%

5 оқушы 21%

Ерекше назар аударатын оқушы: Аясын Шерхан.
5 «С» сынып оқушылары

Сынып жетекшісі: Айтқазынова Лаура. Сыныпта барлығы -25 оқушы; диагностикаға қатысқан оқушы саны: 25. Сынып ұжым болып қалыптасқан, психологиялық ахуал жақсы, сынып көшбасшылары Антюхова Альвина, Естаева Анель.


Деңгейлері

Оқу

мазасыздығы

Өзін - өзі бағалау мазасыздығы

Қарым- қатынас мазасыздығы

Жоғары

4 оқушы 17%

8 оқушы 33%

5 оқушы 21%

Нормаға сай

18 оқушы 66%

14 оқушы 50%

16 оқушы 58%

Төмен

4 оқушы 17%

5 оқушы 21%

5 оқушы 21%


Ерекше назар аударатын оқушылар: Маликова Сабина, Хафезова САмира, Омар Аиша, Абдықалықова Еңлік, Естаева Анель.

Бесінші сынып бойынша мотивация деңгейінің диаграммасы

Қорытынды:

11оқушының мектеп мотивациясының жоғары деңгейі 22%, оқу белсенділігі бар.

Мұндай балалардың танымдық мотиві бар, мектеп қойған барлық талаптарды сәтті орындауға деген ұмтылысы бар. Оқушылар мұғалімнің барлық нұсқауларын нақты орындайды, адал және жауапты, егер олар қанағаттанарлықсыз баға алса, қатты алаңдайды.

16оқушының мектеп мотивациясы жақсы. 41%

Бесінші сынып оқушыларының көпшілігі осындай көрсеткіштерге ие, олар оқу іс-әрекетін сәтті жеңе алады. Мотивацияның мұндай деңгейі орташа норма болып табылады.

9 оқушы мектепке оң көзқараспен қарайды, бірақ мектеп мұндай балаларды мектептен тыс жұмыстармен тартады.27%

Мұндай балалар мектепте өздерін қауіпсіз сезінеді, бірақ достарымен, мұғаліммен сөйлесу үшін мектепке жиі барады. Олар өздерін шәкірт ретінде сезінгенді, әдемі портфолио, қаламдар, дәптерлер алғанды ұнатады. Мұндай балаларда танымдық мотивтер аз қалыптасады

7 оқушының мектеп мотивациясы төмен.

Бұл балалар мектепке құлықсыз барады, сабақты өткізіп жіберуді жөн көреді. Сабақтарда олар көбінесе сыртқы істермен, ойындармен айналысады. Оқу іс-әрекетінде айтарлықтай қиындықтар бар.
Қорытынды: жалпы алғанда, 5-сынып оқушыларының мектепте оқуға деген ынтасы қалыпты жағдайға сәйкес келеді.
Ұсыныстар:

1. 5 - сынып жетекшісіне «Социометрия» әдісімен жұмыс нәтижесіне орай сыныптағы балалардың сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі де болса әлсіз екендігін ескере отырып, сынып оқушыларымен достық, бірлік тақырыптарында тәрбие сағаттары мен ойындар өткізіп отыру тапсырылсын.

2. Қобалжулары өте жоғары оқушылармен психологиялық коррекциялық сабақтар жүргізу, сынып жетекші пән мұғаліммен бірігіп сабақ барысында сынып оқушыларының мазасыздық деңгейін төмендету үшін түрлі педагогикалық – психологиялық әдіс – тәсілдерді қолдану. Іс-шараларға белесене араластыру керек. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату. Оқушылар таза ауада жиі демалу керек, дұрыс тамақтану, жақсы лирикалық музыка тыңдау, жасерекшелігінен тыс жоғары мақсаттар қоймау керек.


3.Пән мұғалімдері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыны іс-шараларға тарту, мектепке деген оң көзқарас қалыптастыру.


Оқушылардың психикалық денсаулығына мониторинг жүргізу

Психикалық денсаулық мониторингін жүзеге асыру үшін: психикалық денсаулықтың жай-күйін бағалаудың бірыңғай критерийлерін, көрсеткіштері мен әдістемелерін пайдалану; психикалық денсаулықтың жай-күйін және оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын ұдайы зерттеп-қарау деректерін объективтендіру; қажетті ақпаратпен алмасуды жүзеге асыруға және дара деңгейден өңірлік және мемлекетке дейінгі барлық деңгейлерде барабар шешімдер қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық-талдамалық вертикаль құру қажет. 2022-2023 оқу жылына арналған суицид фактілерінің алдын алу, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-11 сынып оқушыларының психологиялық денсаулығын мониторингілеу үшін келесі әдістемелер қолданылды:

✓ Филлипс сынағы мазасыздық деңгейін анықтау

✓ Өзін-өзі бағалауды анықтау

✓ Адам,ағаш, үй.

✓ Сауалнама "психологиялық климаттың жай-күйін қалай анықтауға болады"
ІV. Кәсіби бағыттау бойынша жүргізілген жұмыстарға талдау /9 сынып/:

«Кәсіби тұлғалық типті бағалау» Д.Голлонд тесті алынды.

«Қызығушылық картасы» (Голомшток картасы) бойынша 174 сұрақтан тұратын тесті оқушылар өздері белгілеп, нәтижесі шығарылды. Алынған 3 тестінің нәтижелері бір-біріне сәйкес шықты. «Таңдаған мамандығым жайлы не білемін?» атты сауалнама мен тренинг жүргізілді.Кәсіптік іс-әрекеттің түрлі бағыттарын анықтау мақсатына 9-10-11 сыныптарымен Профиль әдістемесі жүргізілді.

9 - сынып оқушыларын психологиялық қолдау оқушылардың ОЖСБ және мемлекеттік емтихандарды тапсыруға дайындық кезіндегі сүйемелдеу жұмыстарымен байланысты болды. ОЖСБ-ға дайындық барысында арнайы жоспар жасалынып, төмендегі жұмыстар қамтылды:

1.Оқушылардың танымдық үрдістерінің даму деңгейін зерттеу тесттері;

2.Оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, кәсіби бағдарларын зерттеу тесттері;

3.Суицидтің алдын-алу бағдарламасы;

4. Оқушылардың мазасыздық деңгейлерін төмендетуге арналған аутогенді жаттығулар, релаксациялық жаттығулар кешені.


9 – сынып оқушыларының танымдық үрдістерінің даму деңгейін сипаттайтын болсақ, есте сақтау бойынша жоғары 25%, ортадан жоғары 30%, орта 25%, ортадан төмен 14%, төмен 6%, ойлау үрдісі бойынша жоғары 30%, ортадан жоғары, орта 20%, ортадан төмен 10%, төмен 5%, зейін үрдісі бойынша жоғары 20%, ортадан жоғары 20%, орта 45%, ортадан төмен 15%, көрсеткіштер көрсетті.

Психологиялық сүйемелдеу және 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық кезінде көмек көрсету

Оқу жылы үшін ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша өткізілген іс-шаралар:

1. Оқушылардың ата-аналарының контингентін зерттеу.

2. Стресске төзімділік деңгейін анықтау

3. 10-11 сыныптарға тестілеу өткізілді мектептегі ақыл-ой дамуының тесті (ШТУР)

4. "Емтихандағы стрессті қалай жеңуге болады" тренингі өткізілді

5. Оқушылармен әңгімелесу "емтихандарға қалай қарау керек?»

6. Талаптардың деңгейін анықтау (В. Гербачевскийдің сауалнамасы, бейімделген)

7. Мотивацияны талдау және оқытудың жетекші мотивтерін анықтау. Алынған нәтижелер негізінде "мотивтер мен мақсаттар"тренингі өткізілді.

8. Есте сақтау, оқыту жаттығуларына арналған дамыту жаттығулары өткізілді
Құқық бұзушылықтар мен девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу:

Құқық бұзушылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында әкімшілік кеңесте іс-шаралар жоспары бекітілді. 2022-2023 оқу жылында мектеп психологтары ауытқу белгілері бар балалардың дамуының жеке ерекшеліктерін зерттейді. Ол үшін білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған бірыңғай диагностикалық құралдар туралы 2015 жылғы 05 қарашадағы №849 ережемен бекітілген әдістемелер пайдаланылады.

8 сынып оқушыларына арналған "Эмоцияларды басқара білу" тренингтері, "Адамгершілік тәрбие, бұл не?». Есірткі заттарын қолдану мен таратуды анықтау бойынша 8-10 сыныптарға сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелерін талдай отырып, есірткі заттарын қолдану және тарату фактілері анықталған жоқ деген қорытынды жасауға болады. Сынып жетекшілері салауатты өмір салты, нашақорлықтың зияны, алкоголь туралы үнемі әңгімелеседі.

Мектеп инспекторы оқушылармен кездесулер, есірткіні қолдану мен таратудың алдын алу бойынша семинарлар өткізді. 8-11 сынып оқушылары арасында экстремизмнің алдын алу бойынша мониторингке талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері оқушылардың экстремизмнің не екенін жақсы білетінін және дұрыс түсінетінін көрсетті.